Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында дарынды оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:32, реферат

Описание

Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге баулиды. Өнер қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр. Осыған сай менің проблемам «Өнердегі сұлулықты көре, түсіне, бағалай білетін , белсенді тұлғаны тәрбиелеу» бойынша алдыма мынадай мақсат қойдым «Әрбір баланың бойында жалпы және арнайы дарын көзін тауып оны дамыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даму кезеңдеріне сәйкес оқытудың және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін құру» Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мен сабақ беретін сыныптарымда төмендегідей тестілер арқылы оқушыларды танып, біліп алуға тырысамын.

Дарынды бала қандай?
1 . Көптеген дарынды балаларға тән және олардың орасан да қиын ақпаратпен
иемденуге мүмкіндік жасайтын жарқын ұзақмерзімді ес, қысқамерзімді естің
нәзіктігімен үйлеседі, сондықтан жаңа ғана атқанды қайталау оларға қиынға түседі.
2. Дарынды балалардың басқа біреудің оқыған мәтінінің негізін түсіну, әр баланың әріп пен сөздің қиындығы мен бастауышта ғана емес, сонымен бірге орта және жоғары буында да кездеседі.
3. Дарынды балалар компьютерді тез үйренеді, бірақ жиі әдемі жаза алмайды. Егер оқуды жалғастырғысы келіп жазба жұмысын тапсырса, оларға әдемі жазу үлкен қиындық туғызады.
4. Сөз байлығы мен сөз қоры тек ауызекі сөйлеуде ғана пайда болады, өз құрдастарынан ауызекі сөйлеуде ғана емес, жазба жұмыстарынан қалуы мүмкін.
5. Көп дарынды балалар күрделі және көп ойлауды қажет ететін жұмыстармен жақсы айналыса алады. Есте сақтау, қайталауға арналған жаттығуларды қиындықпен істейді. Олар білгіш келеді, бірақ өздеріне қызық емес материалды оқу қиындыққа әкеп соғады.
6. Дарынды балалар жақсы талдайды, бірақ тақырыптан ауып кетсе, олардың сөздері ойланбаған және қанағатсыз болып шығады.
7. Қиын емес есептерді шығара алмауына байланысты, мұғалім олардың математика қабілеттерін байқамауы да мүмкін, кейде дарынды балаларға көбейту кестесін және формулаларды жаттау қиынға соғады, оларға формуланы қайта жазғаны артық.
8. Жас ерекшеліктеріне қарамастан дарынды, ойшыл балалардың ұйымдастыру қабілеттері төмен болады. Олар белсенді ұзақ жұмыс істеу қабілеттері бола отырып, қысқа мерзімді жұмыс орындауға қабілеттері жоқ (тест, бақылау жұмыстары, емтихан).
9. Өздерінің жоғарғы сезімдеріне және байқампаздықтарына қарамастан, дарынды балалар сабақта өте аңқау келеді. Есте сақтау қабілеттері жақсы болса да, олардың тыңдау арқылы есте сақтаулары төмен болады, сондықтан көңіл қойып тыңдамайды, ал көру қабілеттері жақсы болғанымен, кейбір детальдарға көңіл аудармайды. Көптеген дарынды балалар геометрия, механика, техника, музыка, өнерде жақсы қабілеттер көрсетсе, шетел тілі және тыңдау, есте сақтау пәндерін игеру қиындыққа соғады.
10. Олардың әділқой, тапқыр сезімдері жоғары болып, адамдарды өз ықыласына көндіре алады, сондықтан басқа тәсілдер арқылы күштері жетпейтін жерлерден қашақтайды.
Соған орай зерттеушілер дарынды балалардың кемшіліктерін олардың абыройының жалғасы деп ойлайды. Мұндай балалардың прроблемаларының қандай екенін анықтауға өте қиын, себебі олар оны жақсы жасыра алады.