Бейнемонтаж

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:28, реферат

Описание

Бүгінде «бейнеөңдеу» және «цифрлік бейне» сөздерімен ешкімді таң қалдырмайсың. Соңғы он жылдықта бейнесигналды өңдеу құрылғылары дамудың үлкен жолын өтті. Жаңа терминдер мен бейнесуреттерді өңдеудің әртүрлі әдістері пайда болды.
Кез келген түсірілген бейнематериалды эфирге беру алдында, бейнеролик немесе бейнефильм жазу алдында монтаждау керек, яғни “артық бейнесюжеттерді алып тастап, бейнематериалдың бөлек бөліктерін қосып, олардың арасына өтулерді жасап, спецэффекттер мен титрлерді қосу.

Работа состоит из  1 файл

Конференция.doc

— 65.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

 

  

 

 

 

Ғылыми конференция

 

 

Тақырып «Бейнесабақ жасау»

 

 

Мамандық 050704 – «Есептеуіш техникасы және бағдарламамен

                                                 қамтамасыз ету»

 

 

 

 

 

 

Орындаған:                                                                                                                                                  Елтаева М.Ж., 3 курс күндізгі бөлім

                                                                                                                                                                           студенті

                                                                                                                                                                           Боранбаева А.Д., 3 курс күндізгі бөлім

                                                                                                                                                                            студенті

 

                                                                      

Жетекші:                                                                                       Сатмаганбетова Ж.З., аға оқытушы  

                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай   2012

 

Кіріспе

 

Бүгінде «бейнеөңдеу» және «цифрлік бейне» сөздерімен ешкімді таң қалдырмайсың. Соңғы он жылдықта бейнесигналды өңдеу құрылғылары дамудың үлкен жолын өтті. Жаңа терминдер мен бейнесуреттерді өңдеудің әртүрлі әдістері пайда болды. 

Кез келген түсірілген бейнематериалды эфирге беру алдында, бейнеролик немесе бейнефильм жазу алдында монтаждау керек, яғни “артық бейнесюжеттерді алып тастап, бейнематериалдың бөлек бөліктерін қосып, олардың арасына өтулерді жасап, спецэффекттер мен титрлерді қосу. 

Бейнемонтаждың түрлері: сызықты, сызықты емес, гибридті.          

Сызықты – бейнематериалдың екі (немесе бірнеше) бейнекөзден бейнеқабылдағышқа (бейнежезушы құрылғы) керек емес жерлерін кесіп, керектерін “жабыстырып”,  эффекттер  қосып қайта жазу.  Кемшілігі – сапаның жоғалуы, көп еңбекті қажет етушілік және бейнеаппатратураның көп мөлшері. 

Сызықты емес – мамандандырылған компьютерлік жүйелер базасында жүзеге асады. Алғашқы жазылған бейнематериалдар бірінші «компьютерге» енгізіліп, содан соң монтаж жұмыстары жасалады. Жетістігі – бейнесюжеттерді бірнеше қайта орын ауыстыруынан сапаның мүлде жоғалмауы, бейнеаппаратураның айтарлықтай үнемділігі. Кемшіліктері – жұмыс нақты уақытта емес, бейнематериалды өңдеудің көп уақыт алуы, көп еңбекті қажет етушілік, компьютерге енгізілетін бейнематериалдың шектеулі көлемі. 

Гибридті – өзіне алдыңғы екі түрдің құндылықтарын үйлестіреді (сызықты емес бейнемонтаждық жүйе бейнекөз ретінде орын алады). Кемшілігі – әдетте бағасы әлдеқайда жоғары.

Бейнесабақ – жаңа оқу бағдарламаларын игеруге арналған жеңіл және ыңғайлы әдістің бірі.

 

1 Бейнемонтаж жасауға арналған бағдарламалар

 

Ulead VideoStudio —игеруге оңай және тиімді бейнередактор, нақтырақ айтқанда үй жағдайында бейнематериалмен нәтижелі  жұмыс жасауға арналған бағдарламалар пакеті. Бағдарлама бейнені барлық негізгі форматтарда жазуға, күрделі бейнені спецэффекттерді қолданып, проектке музыкалық файлдарды немесе аудиоCD-мен  дыбыстық жолдарды  қосып монтаждауға мүмкіндік береді.

Plus версиясы жаңа технологияларды қолдайды, онымен қоса дисктерді HD DVD форматында жазуға, HD-бейнені көлемі аз файлға конверттеуге, бір мезетте алты эффектіге дейін «суреттің ішінде сурет» қосуға, Dolby Digital 5.1 Surround Sound қолдануға және т.б. мүмкіндік береді. Ulead VideoStudio Plus-та алдын-ала белгіленген   көптеген шаблондар мен эффектілер бар, бейнені камерадан тікелей DVD-ге көшіруге болады.

DV-to-DVD Wizard функциясының көмегімен қолданушылар DV-материалдарды бейнекамерадан DVD-ге жылдам конвертілеуге мүмкіндік алады. VideoStudio пакеті DVD-дискі құруға арналған қажетті функциялармен қамтылған және тышқанның бірнеше шертуімен қарапайым DVD, сондай-ақ мультимедиалық менюі бар HD DVD алуға болады. Тәжірибелі қолданушыға бағдарлама мол мүмкіндігі бар меню құруға мүмкіндік береді, онымен қоса Corel SmartScene технологиясының көмегімен интерактивті DVD-меню құруға болады.

Жүйелік талаптар:

        Windows XP SP2 Home Edition/Professional/XP Media Center Edition/XP Professional x64 Edition/Vista; Pentium IV;

        Қатты дисктегі қажетті орны : 1 Гб

        Жедел жады: 512 Mb;

        Бейнекарта: 512 Гб;

        Разрядтылығы: 64bit

        Нұсқасы: 11 Plus

        Шыққан жылы: 2009

        Көлемі: 514 Мб

        Шығарушы: Ulead systems

 

Camtasia Studio - экраннан бейне жазуға арналған бағдарлама, бейнені түзетіп әрі ойнататын Macromedia Flash (SWF) құралымен жабдықталған.

Мүмкіндіктері:

• Бағдарлама көмегімен түсірілген бейнелерді - AVI, SWF, FLV, MOV, WMV, RM, GIF, CAMV форматтарына экспорттауға болады. Camtasia Studio сонымен қатар видео мен оның бөліктеріне эффекттер, түзетулер енгізумен қатар, өзімен бірге орналасқан ойнатқышта ойната алады.

• Camtasia Studio өзімен қоса төрт утилита ұсынады: Camtasia MenuMaker, Camtasia Player, Camtasia Theater и Camtasia Recorder.

• Экрандағы жағдайлармен қоса, вэб-камера жазбаларын, дыбыстар, жүйелік дыбыстар және т.б. жағдайларды барынша жоғары нәтижемен жазуға

• Көптеген визуалды эффекттер қосуға

• Жазып алуларды алдын ала қарастыруға

• Видео-клиптерді қосуға, қиюға, байланыстыруға

• Аудиоларды қосуға және өңдеуге мүмкіндік береді 

• Camtasia Studio елуге тарта жағдайда өзінің тиімділігін жоғары екендігін көрсетіп отыр. Мәселен, түрлі фирмалық презентациялар, ойын, бағдарламалармен таныстыру роликтері және т.б.

Жүйелік талаптар:

* Процессор: 1.0 ГГц;
* Жад: 512 Mb;
* Видео-карта: 512 Mb;
* Көлемі: 165,12 Mb
* Нұсқасы: 7.0.0 жинақ 1426
* Шыққан жылы: 2010

 

Pinnacle Studio 12 – бейнемонтаж дамуының болашағына үлкен қадам басу. Бұл бағдарламалық өнім ең қуатты да, ең қарапайым болып табылады. Қазіргі уақытта Pinnacle Studio үй бейнежазбаларын редактрлеуге арналған ең танымал, ыңғайлы әрі оңай бағдарлама.

Pinnacle Studio әлемде ең қуатты бейнередактор деп танылған, жоғары сапалы бейне, керемет эфектілер, тамаша өтулер және Dolby Digital 5.1 дыбысының қолдауы, оған қоса бағдарлама өте оңай, онымен қарапайым қолданушылар да жұмыс істей алады. Ол ең жаңа аудиофарматтар мен бейнеформаттарды, бейнекамералардың барлық типін қолдайды. 

Жүйелік талаптар:

        Windows XP SP2 немесе SP3, Windows Vista немесе Windows Vista SP1, Windows 7;

        Intel Pentium немесе AMD Athlon 1.8 ГГц (2.4 ГГц немесе одан жоғары);

        Жедел жады: 1 Гб; Windows Vista, 7 немесе AVCHD-видео жұмыс істеу үшін 2 ГБ

        Қатты дисктегі қажетті орны : 320 Мб

        Бейнекарта: DirectX 9 немесе 10 қолдайтын, 64 Мб жады (128 Мб және одан жоғары)

        Шыққан жылы: 2009

        Шығарушы: PINNACLE

        Нұсқасы: 12.0.0.6163

 

2 Бейнемонтаж экономикасы

 

«Ulead VideoStudio бейнередакторымен танысу» бейнесабағының құнын есептейік:

 

Атауы

Бағасы, тг

1

Заставканы қосу (фильмнің басында фондық суретте немесе бейнефрагментте қозғалатын мәтіні бар)

2000

2

Фильмнің соңында қозғалатын титрлер қосу

2000

3

Бейнемонтаж

// Бейнемонтажды жасау мерзімі оның күрделілігіне байланысты. Бейнероликтің 1 минутын монтаждау 30 минуттан (ең жеңіл) 10 сағатқа (күрделілігі жоғары монта) дейін уақыт алады.   

1500 / монтаждау сағаты

 

/ 15мин*30мин=7.5сағ

1500тг*7.5сағ=11250тг /

4

Музыкалық сүйемелдеу + кадр артындағы дауыс

3000

 

 

18250тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Бейнемонтаж