Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 19:42, реферат
Дүнген ұлттық әйелдер киiмi Жетiсу тұрғындарын жиi сүйсiндiрдi. Әсiресе дүнген қалыңдығының киiмi әдемі. Жiбек кестелi шапаны - нор, кестелі шұлықтар - xуа возы, кестелi туфлилер-хуа хэ, өзiндiк сәндi шашы пен гүлдер әсем көрiнедi. Жергілікті әр түрлі ұлттардың әйелдеріне қарағанда (өзбек, тәжик, түркмен әйелдері) дүнген қалыңдықтары бетті жаппайды. Олар басын мүлдем ашық қалдырады, тек қана қолдардарында зерлi немесе кашемир орамалын, мiндеттi түрде қызыл түстісін ұстайды, бұл түс қуаныш және атрибут ретінде, үлкен кісіге тәжiмде қажетті.
Дүнген ұлттық әйелдер киiмi Жетiсу тұрғындарын жиi сүйсiндiрдi. Әсiресе дүнген қалыңдығының киiмi әдемі. Жiбек кестелi шапаны - нор, кестелі шұлықтар - xуа возы, кестелi туфлилер-хуа хэ, өзiндiк сәндi шашы пен гүлдер әсем көрiнедi. Жергілікті әр түрлі ұлттардың әйелдеріне қарағанда (өзбек, тәжик, түркмен әйелдері) дүнген қалыңдықтары бетті жаппайды. Олар басын мүлдем ашық қалдырады, тек қана қолдардарында зерлi немесе кашемир орамалын, мiндеттi түрде қызыл түстісін ұстайды, бұл түс қуаныш және атрибут ретінде, үлкен кісіге тәжiмде қажетті.
Дүнген әйелдерінде, сонымен қатар жергiлiктi ұлттардың әйелдерiнде, салтанатты, демалыс және күнделiктi киiмдері болады. Салтанатты киiмдерін жiбек матадан, ал күнделiктi- мақта матасынан тігеді.
Дүнген әйелдерiнде бiрнеше комплект киімдері болады: жазғы, маусымдық және қысқы.
Негiзiнде әйел киiмi мен еркек киімімен ұқсас болады, бiрақ кейбiр бөлшектермен айырмашылықтары болады. Ол жеңсiз жейдеден тұрады - шынщян санзы, қынамалы болып келеді; жейде жоғарғы жағы - санзы кестелi жағамен және кеуде жағында тiк тiлікті; тобыққа жететін шалбар және оның төменгі жағын арнайы орамдармен аяқты дәкелейдi.
Киiмнiң түсi жас шамасымен анықталады, жас қыздарда қызыл түсті жаға мен жеңінде түрлі түсті гүлдермен кестеленген, ал егде әйелдерде- ол бір түсті болып келеді.
Дүнген әйелдерінде кең тараған киімі ұзын шапан- нор болып келеді. Ол кез-келген жастағы дүнген әйелдерінің сырт киімі болып табылды.Пішімі бойынша тиімді, жеңі тар немесе кең, тік жағалы болып келеді.Бұл шапанның үлгiсi бiздiң күндерге дейiн жеттi.
Дегенмен, егде әйелдер ұлттық киiмдерiн сақтайды.Масанчин Милянфан, Кенбулун, Александровка, Ирдык, Хунчи сияқты дүнген ауылдарында әлі де әйелдердiң көпшiлiгi дәстүрлi ұлттық киiмдерін киеді: шалбар, кәжекейлер және жаңартылған түймеліктермен өңделген күртешелер.
Сонымен қатар қазiргі кезде егде дүнген әйелдері жiбектен және мақта матасынан тігілген кең етектi ұзын көйлектер киеді. Түс бiргелкi болып келеді: ақ, сұр, қара немесе көгілдір. Пішімі бойынша егде қырғыз және қазақ әйелдерінің көйлектеріне ұқсас келеді.Көйлектері кең, тік жағалы, 3 түймелі, жеңі ұзын және кең, жеңұшы жоқ болып келеді.
Дүнген ұлттық киiмiнiң қажетті заты тозбайтын мата шұлықтар болып табылады- вазы. Олар ол да маусымдыға бөлшектенедi.Олардың түсі мысалы: қалыңдықтар мен қыздарда міндетті түрде ашық түсті:көгiлдiр, сары, қызылғылт.
Дүнген қалыңдықтары дене бітімінің сызықтарын айқын бейнелейтін шапан тігеді. Оны жiбек және түсi ашық мақта матасынан тігеді. Қазіргі кезде норды тек қалыңдыққа киеді. Фабрика әйел киiмiнiң молшылығы ұлттық киімді ығыстырады. Дүнген қыздары көбінесе еуропалық киiмдерін киеді.
Қалыңдықты тойы көйлегіне сәндейдi - кеудесіде жасыл гүлдермен өңделген, қызғылт немесе қызыл түсті көйлек.Той көйлегi шапан түрінде болады - солдан оңға қарай ілгектенеді. Қалыңдықтың көйлегі шұлықтан, шалбардан тұрады.
Қалыңдық 2 орамал ұстап тұруы қажет жасыл және қызыл түсті- ол үлкен кісілерге тәжім жасау үшін керек.
Оның бұрыңғы шалбар үстiнен жаңа шалбар кигізеді, оның шапанына жаңа шапан кигізеді, және де ол қарама-қарсы бағдарлаған,яғни оңнан солға қарай ілгектенеді.
Сосын қалыңдықтың басына қызыл түсті орамал тастайды.
Ұлттық дүнген әшекейлерін келесi топтарға бөлуге болады: шашқа арналған әшекейлер, сырға, бiлезiк және сақина.
Дүнген әйелiнiң әшекейлер бөлiмінде күмiстен,алтыннан сән ұлттық бұйымдары жиналған.
Әрбiр әшекей нақты жас шамасына сәйкес келдi. Мысалы, шпилька күмiстен жасалған тек қана қалыңдық шаш үлгісіне арналған- да пын ту, ал ханчер атты шпилькаларды тұрмысқа шыққан әйелдер таққан.
Дувар атты шпилькаларды қалыңдықтар,тұрмысқа шыққан жас әйелдер және балалар таққан.
Сырғалар жас қыздарға, әйелдерге және егде кісілерге формасына және өлшеміне қарай түрлі болды. Олар күмістен, нефриттен және алтыннан жасалды.
Ба лён дуар йин Жуэзы- күміс білезігін тек қана қалыңдықтар тақты.Жасыл түсті нефритті білезіктерді қалыңдықтармен, тұрмысқа шыққан жас әйелдер тақты.
Күзгi және көктемдегi жаңбырлы күндерiнде еркек пен әйелдер мата туфлилердің үстiненiн арнайы ағаш кебiстерiн киген-ни дизы хэ, олар жапон ағаш өкшелері бар туфлилеріне ұқсас болып келеді. Егде кісілердің айтуы бойынша Пiшпекте, Жаркенте, Токмакта сонымен қатар дүнген ауылдарында кебістер жасайтын арнайы адамдар болған.
Дүнген әйелiнiң аяқ киiмi ресiмдеу бойынша әдемі және түрліше.Салтанатты кестелi аяқ киiмi ұлттық киімімен сәйкес болса ғана әсем көрiнедi. Әйел аяқ киiмi матасы жiбек және мақта матасынан жасалады, және де олар қара бархадан тігілген аяқ киімді киеді.
Әйел аяқ киімі еркек аяқ киiмiнен қарағанда қатал тағайындауы бойынша ерекшеленеді. Осылай, годир хэ(биiк табаны бар аяқ киiм,)тек қана қалыңдық үшiн арналған,
ал цун цизы хэ- жас қыз үшін арналған. Дәулеттi жанұядан шыққан қыздар-йуанбо хэ- аяқ киімін киді(туфлидің табаны күміс маньчжу ақша бірлігіне ұқсас болады)-юань бо.
Әйел киiмiнде кесте тiгуi, аяқ киiм және қажет заттар гүл және де түстермен ерекшеленеді. Киiмнiң әшекейлерi және кесте тiгу сәндiк панноларың жасауы үшiн қолданылды. Әсiресе әйел және бала туфлилерін, кофталарын, көйлектерін,сонымен қатар жастық тыстарын әшекейлеу үшін қолданылған.
Қорытынды
Қорыта келгенде, ұлттық киiмнiң тез жоғалуы дүнген тұрғынының Ош тобында байқалды.
Әйелдер киімі қолданудан шықты, себебі бұл отбасылық-тұрмыстық ферган және жергiлiктi халығы бар Ошта аз санды дүнген халығының араласып кетуiне байланысты.
Егде адамдар әлі ескiше киінеді, мысалы: қамзолдар, шапан, кәлөштер мен мәсiлер, ал қыстыгүнi - жергiлiктi өндiрiстiң тонын киеді.
Дегенмен соңғы кезде атап өтсек, егде дунгендер фабрика бұйымындарын кие бастады, төсек-орыннан бастап костюмдармен және пальто. Қазіргі таңда, дүнген әйелдері европалық сән үлгі бойынша киінеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. http://dungane.kz\