әлем елдерінің дәстүрлері. Африка.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 14:44, реферат

Описание

Африкада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда бала туу 1 мың тұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.

Содержание

Африка халықтары,тұрмыс жағдайлары.

Ұлттық дәстүрлері және олардың мәндері.

Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

Африка.doc

— 68.50 Кб (Скачать документ)

Әлем  елдерінің ұлттық дәстүрлері .

Африка  халықтарының дәстүрлері.

 

Жоспар:

 

  • Африка халықтары,тұрмыс жағдайлары.

 

  • Ұлттық дәстүрлері және олардың мәндері.

 

  • Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Африка  халықтары,тұрмыс жағдайлары.

 

     Африкада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда бала туу 1 мың тұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.

     Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болып отырғанымен, оның халқы өте тез өсуде және болжам бойынша 2000 ж. қарай ол 900 млн. адамға жетпек. Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын, жұмысқа орналасу; білім беру, дeнcayлық сақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Буған қоса, Африкадағы халықтың "сапасы" да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз, СПИД – пен ауыратындар да көбейіп барады.

     Аса ала-қулалығымен көзге түсетін Африка халқының этникалық  құрамына  байланысты  бірқатар проблемалар бар. Этнограф – ғалымдар континенттен 300-500 этносты бөліп көрсетеді. Олардың кейбіреулері, әсіресе Солтүстік Африкада қазірдің өзінде ірі ұлттарға айналған, бірақ көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған; рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталуда.

     Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлық шекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралық жанжалдар мен жер дауын туғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі) , "этникалық босқындар" санының артуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.

     Африкада халықтың орташа орналасу  тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ормандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтарлықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болып келеді. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оның бүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұрады, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін   құрайды. Бұл осында 1 км-ге 1300-1400 адамнан келетінін, ал шөлде - 1 адамға да жетпейтінін көpcедi. 

    Урбандалу  деңгейі жөнінен Африка басқа  аймақтан әлі де көп артта  қалып отыр. Мұның қала халқының  үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллионер" қалалардың санына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбандалу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардың халқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.

    Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұмсай бастады. Табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудың, аграрлық реформаны жүзеге асырудың, экономикалық жоспарлаудың, ұлт кадрларын дайындаудың ерекше зор маңызы болды. Осының нәтижесінде даму қарқыны жеделдеді. Шаруашылықтың салалық және территориялық құрылымы қайта құрыла бастады.

     Бұл жолда тау – кен өнеркәсібінде зор табыстарға қол жетті. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіру жөнінен Африка шетелдік дүниеде маңызды, кейде ерекше орын алады. Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүниежүзілік рынокқа шығарылатындықтан, нақ өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың халықаралық географиялық еңбек 6өлінісіндегі орнын айқындайды.

     Африканың дүниежүзілік шаруашылықтағы opнын айқындайтын экономиканың екінші саласы – тропиктік  және  субтропиктік  егіншілік. Оның да айқын байқалатын экспорттық бағыты бар.

     Бірақ, тұтас алғанда, Африка өзінің дамуында өте артта қалып келеді. Ол индустрияландыру деңгейі, аyылшaруашылық дақылдарының түсімі жөнінен дүние жүзі аймақтарының ішiнде coңғы орын алады.

     Елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін шаруашылықтың салалық құрылымының отарлық түрі сақталуда. Оның айырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен және қызмет көрсетумен шектелуі.

     Шаруашылықтың территориялық құрылымына өткен отарлық дәуірден сақталған жалпы артта қалушылық пен өте сәйкессіздік тән. Аймақтың экономикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі.

     80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше нашарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол континент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шарпыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады. 

     Африканың көптеген елдері экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығының басты себептерінің бірі болды. Көптеген елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дaқыл өндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы.

     Бір дақыл дегеніміз - бұл табиғи ғана емес, сонымен бірге тарихи, әлеуметтік құбылыс. Ол Африка елдеріне отарлау кезеңінде-ақ таңылған болатын. Қазір де осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған елдердің бүкіл тіршілігі олар экспорттайтын бір-екі тауарға дуние–жүзілік сұранымға тәуелді болып қалуда. Бір дақылды елдер көп салалы экономика құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аздаған елдер ғана табысқа жетті. 

     Оңтүстік Африкада тұңғыш алмасты 1869 ж. бақташы бала тапқан. Бір жылдан кейін осында Кимберли қаласының негізі қаланады да, кейін құpaмындa алмас кездесетін байырғы жыныс кимберлит деп атала бастады. Кимберлиттегі алмастың мөлшері өте аз - 0,0000073%-тен аспайды, бұл әрбір 3 т кимберлитте 0,2 г немесе 1 карат. алмас бар деген сөз. Қазір алмас өңдірушілер қазған тереңдігі 400 м алып қазаншұңқыр Кимберлидегі көрікті орыңдардың бірі.

     Амазонкаға қарағанда Конго өзені суды мұхитқа бес есе кем жеткізгенімен, оның су энергетикалық қуаты едәуір жоғары. Бұл оның 32 сарқырама мен тік құздар кездесетін төменгі aғыcының 300 километрлік кесіндісінде өзеннің құламасы 275 м болатынына байланысты. Мұнда қуаты 80-90 млн. кВт су электр станциясын тұрғызуға болады, бұл шамамен АҚШ су электр станцияларының бүкіл қуатына тең келеді. Осы жерде орасан зор бөгет пен Инга СЭС-ін салу жобасы бар.

Осындай шаруашылығы бар  Африка халқы соңғы уақытқа дейін  ертеден қалған ата-дәстүр тұрмыс салттарымен  өмір сүруде. Десек те жаңа заман ағымына ұмтылған да халықтары жоқ емес...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық  дәстүрлері және олардың мәндері.

 

Алға қарыштап ұшып,дамудың шегіне жетіп қалған өркениетті заманда сырт әлемнен  бей қам, өз бетімен , ата дәстүрлерімен , сол баяғы қаз қалпында тұрмыс кешіп жатқан Африка тайпаларының көп сандысы  осы күнге дейін сақталған. Діндері мен наным сенімдерінде екі дүние деген жоқ көрінеді, олар үшін Құдай сипаты түрлі табиғат күштеріне негізделген. Салт-жоралғы, діни шараларды өткізу бақсы, көріпкел, тіптен тайпа көсемнің құзырында болады. Еркектің құдіреттілігіне басты маңыз қойған, патриархат көрінісі. Сенімдерінде жақсылық пен жамандық, тозақ пен жұмақ түсініктері жоқ. Адам тірі жүреді және ол өлген соң өмірі аяқталады деген сеніммен ғана шектеледі. Бір тайпа бір отбасы болып есептеледі. Тіптен терімшілікпен ғана айналысып, табиғаипен етене жақын өмір сүріп жүрген де тайпалар жетерлік. Африка халықтары негізге тоғыз түрлі тектен таралған деседі, бірақ тайпалар саны мыңдап артылады. Солардың ішінде зулу, коса, банту халықтары көптеп тараған.

Енід сол  халықтардың өміртіршілігінен алынған  бірнеше салт-ғұрыптарына ден  қояйын.

 

Puberty,Byale – жас бойжеткен қыздардың ересек өмірге қосылу дәстүрі. Өтпелі кезеңге жасы жеткен қыздарды келешек тұрмыстық өмірге дайындау жоралғысы болып табылады. Сырт көзге қатыгездеу кқрінгенмен бұл салттағы жасалатын шаралар бойжеткендерге өздерінің есейгендерін түсіндіреді. Суда тәулік бойы ұстау, түрлі жан қинайтын ауыр сынақтар қыздардың төзімділігін көрсетеді.  Сабыр мен төзімділік келешек өмірде басты қажеттілік екенін Африка халықтары жақсы түсінеді. Таң атысымен шөп-жапырақтардан тігілген киімдерін киіп, түрлі ауыр жұмыстар жасайды мысалы : бір ақпен жүріп секіру, жерден ұсақ тастар жинау, тіптен сиырдық жай тезегін де жегізетін тайпалар бар. Бұл ауыр сынақ кезінде қыздар өздерін өте сыпайы, пысық, көнпіс ұстауы керек. Егер дәстүрге қайшы, немесе қате жасалған жағдайда ауыр жазаланады. Күні бойы сынақтан өткен қыздарды кешке қарай мерекелік ойын-сауық, ән мен би күтеді.

 

Көптеген тайпалар жас қыздар мен бозбалалардың  жыныс мүшелерін сүндеттеу арқылы түрлі ауру, зиянды әрекеттерден қорғайды. Африка тайпалар үшін қыз баланың  пәктігі өте маңызды, ол бір жанұяның, яғни тайпаның, ар-намысы болып табылады. Бір үйленген жұбайлар көсемнің рухсатынсыз ажыраса алмайды. Дәл солай тұрмысқа шығатын қызға да үйленем деген ұлға да ең алдымен көсемнің рухсаты керек. Түрлі ауру, түрлі діни жоралғыларды өткізу, дайындау шараларына бақсы-көріпкелдер жауап береді. Түрлі дәрілік шөптер, ем-дом әдістерін атадан балаға үйретіп қалдырады емшілер.

 

Komana – жаңбыр жауғызу, біздің тілмен айтқанда тасаттық дәстүрі.Банту халыққтары түсінігінде адам өлген соң оның жаны басқа күйге өзгереді, жануар, табиғат мүшелерінің біріне айналады, аруақ болып қалады екен. Олар артта қалған тайпаларға қорғаушы, қолдаушы болып,үнемі демеп, жебеп жүретін көрінеді. Сонымен қатар тайпаны, болмаса ондағы бір мүшені салт-жоралғыға немқұрайлы қарағаны үшін,немесе аруақтарды ұмытқаны үшін жазалайды деген де түсінік бар. Аруақтар оларды еске алатын адамдар жоқ болғанға дейін өмір сүреді дейді. 

Кілең жас-жеткіншектер сапқа тұрып, дәстүрлі киініп алады. Сыннан өткен баллардың беттерін төрт жерден кесіп, тіліп қояды. Сосын  барып оларға тайпаның сыйқырлы мұрасы,қазынасы – сыйқырлы дауылпазды көрсетеді – жаңбыр шақыратын дауылпаз. Соны ұру арқылы жаңбыр жауғызамыз деген сенімдері бар. Егер жасалған шарадан қате кетсе, қандай да біреу теріс әрекет істеп қойса аруақтар оларды жазалайтын көрінеді. Салт кезінде үлкендер жастарға түрлі аңыздарды айтып үйретеді, жататтақызады. Атадан балаға ауыз-екі тілмен жететін мұра болып табылады. Аңыз бойынша айтылған уақиғалар арқылы салттардың нормасы бікітілетін болғандықтан оны жас ұрпақ ұмытпауы керек, және өздері де кейінгі ұрпаққа жеткізулері міндет.

Африка халықтары  үшін ер мен әйел арасындағы байланыс пен қатынастар өте маңызды. Түрлі  ырым мен нанымдар байланған. Дүниеге  келген сәбидің өзі табиғатқа  әсер етеді деп есептейді екен. Егер әйел адам түсік тастаса бұны жамандық деп қабылдап, тез арада керекті салт-дәстүр жасалып, құрбан шалынып, киелі күштердің ашуын тудырмауға тырысады. Егер әйел адам егіз тапса ол жыл құрғақ,жаңбырсыз болады деп санап егіздерді уақытша суы мол жерде өсіреді. Егер некесіз бала туылса ол тайпа үшін үлкен ұят болады, ауыр жазамен жазаланады. Қыз баланың арының таза болуын аналары қатты қадағалайды. Тұрмысқа шыққанға дейін қыздар өздерінің пәктігін сақтау керек. Тайпа өмірінің тыныш, ұрпақтарының дұрыс өсуіне тікелей әсер етеді деп есептелінеді бұл мәселелер.

Сонымен қатар көптеген наным-сенім салт-жоралғылар көптеп артылады. Тіптен кей біреулері Африкалық мемлекеттерде мемлекеттік мереке ретінде тойланып жатады. Табиғат күштеріне табынып,олардан күш-қуат сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

Африка халықтарында кездесетін әдет-ғұрып нормалары біздің халықтарға аздап ұқсап қалады. Сүндетке отырғызу, туыстар жақындығы, туысқандар арасында қыз алыспау, қыз тәрбиесі, той жасау дәстүрлері, қыздың қалың малы, жігіттерді ересек өмірге дайындау, елін қорғауға үйрету, тайпаның, жанұяның беріктігін ұстау. Тіптен сыңсу айту мен жоқтау айту да бар көрінеді. Бірақ бір айырмасы қандай да болмасын жоралғылар соңында міндетті түрде ән мен би болады екен. Әр дәстүрдің өзіндік билері мен ән әуездері болады.  Кейінге замандарда Африкадағы дамуға бағыт алған елдерде жаңа жыл тойлау, тәуелсіздікті тойлау сынды жаңаша сипаттағы мереке дәстүрлері қалыптасып келеді.  Миссионерлердің жұмыстары нәтижесінде ислам, христиан діндері көп тайпаларға насихатталып, өмір-тіршіліктеріне өзгерістер енгізіп жатыр. Діндес халықтармен ұқсас ырым-тиым, дәстүрлері де қалыптасуда.

 

Қандай өркениетті заман болмасын, ата дәстүрін арда тұтып, негізден нәр алып, аталар өсиетін  ұмытпай өмір сүретін халық қана тірі қалады!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  • www.safrica.ru
  • www.eliston.narod.ru
  • kuljturastran.ru
  • shepotkauri.ru
  • festival.1september.ru

Информация о работе әлем елдерінің дәстүрлері. Африка.