Моданың жетегінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 09:06, реферат

Описание

Мода ағымы қалаларымыздан бастап, кішігірім қыстақтарымызға дейін еркектің киіну барысына мейілінше әсер етті. Бүгінде тек әнші, әртістер ғана емес, «жетістім» деген еркектің дені моданың даусына құлақ түріп, киім дүкендеріне уақытын бөлуде.

Работа состоит из  1 файл

Моданың жетегінде.doc

— 89.50 Кб (Скачать документ)

Моданың жетегінде...

 

 

Мода ағымы қалаларымыздан бастап, кішігірім қыстақтарымызға дейін еркектің  киіну  барысына мейілінше әсер етті. Бүгінде тек әнші, әртістер ғана емес, «жетістім» деген еркектің дені моданың даусына құлақ түріп, киім дүкендеріне уақытын бөлуде.

Елден артық көрінем деп жас жігіттер моданың дегеніне көніп, киім үлгілерінің неғұрлым көзге түсетінін, әсіре менмұндалап тұрған үлгісін таңдайды да, ақырында өзі сияқты киініп алған сәнқойсымақтың арасында көптің бірі, «бір жердің» кірі болып қалады. Ия, ия бауырым. Сенің ойыңша, жіңішке галстуктер, лакталған қызыл красовкалар, жып-жылтыр былғарысымақ күртелер, жылтыр «тастармен» көмкерілген футболкалар, бедері бар белі тар көйлектерді, қырмыж-қырмыж джинсы мен ромбылы жемпірді шіреніп киіп жүргендердің саны қанша?Жүздеген? Мыңдаған? Дәл қазір тек Қазақстанда миллионнан аса адам киетініне сенімдімін.

Сөз жоқ,  сәнді , модаға сай жарқын да жарасымды киінуге тырысу мақтауға тұрарлық қасиет. Бірақ, шын мәнінде стильді  киіну  анау ойлағандай оңай шаруа емес. Яғни ережесін білсең оңай, бірақ жарнамадағыдай емес. «Жарасқан нәрсені кисең жеткілікті!» деген псевдо-кеңесті көшедегі бомж да бере алады. Алайда «жарасымдылық» деген мына біз сияқты қарапайым адам түсінбес бұлыңғыр ұғым емес, өлшеп, пішуге болатын, өз жазылмаған заңдары бар дүние екенін бәріміз естен шығарып аламыз. Оның қарапайым ғасырлар бойы қалыптасқан, мызғымас шарттары жадыңызда жүрсе, ешқашан да «талғамсыз» деген нашар атаққа қалмайсыз. Өйткені көбіміз киім таңдауда бұқаралық ағымға ұласқан модельерлердің біркүндік қиялының құлы болумен әлек болып, талғаммен киінудің бұлжымас заңдарын естен шығарып аламыз. Супер соңғы  сән  ағымы саналатын заттар тек бүге шүгесіне дейін ескерілген біртұтас бейне күйінде ғана іске жарамды, онда да қақиған қуыршаққа жарасқан шүберектің біздің де бойымызға қона қалуы шарт емес. Алайда классикалық киімдердің бір бірімен үйлесуі оңай. Ондай киім сән ағымының шыңына қалай тез өрмелеп шықса, дәл солай тез сырғып түседі. Осының бәрін ескермеу, имиджіңізге қауіп төндіреді.

Ізгі ниетпен,

Асқар (Gasta) Базарбай

2010 жыл

Информация о работе Моданың жетегінде