Ренессанс (Қайта өркендеу дәуірі 1450-1670)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 23:14, реферат

Описание

Реннесанс дәуіріне байланысты адам сенгісіз жағдайдалар өте көп. Мысалы Ортағасырлық христиан әлемі мен қазіргі заманғы еуропалық өркениеттің арасын ажырату, христиан әлемі мен мұсылман әлемі арасын бөліп қарастыратын ойлау жүйесі осы кезде пайда болды делінеді. Бірақ бұл ойлау жүйеснің нақты қашан пайда болғанын ешкім айта алмайды. Және өркениеттердің арасында ерекшелік бар екен деп тұрақты түрде адам баласы мына уақыт депте ешкім көрсете алмайды. Осылайша ойлану еуропада азғантай ғана интеллектуалдық элитаның өзара талқылауында ұзақ уақыт жүрді.

Работа состоит из  1 файл

реннесанс.doc

— 32.50 Кб (Скачать документ)

РЕНЕССАНС

(Қайта өркендеу дәуірі 1450-1670)

 «История Европы»  Норман Дэвис 343 бет

 

Реннесанс дәуіріне байланысты адам сенгісіз жағдайдалар өте көп. Мысалы Ортағасырлық христиан әлемі мен қазіргі заманғы еуропалық өркениеттің арасын ажырату, христиан әлемі мен мұсылман әлемі арасын бөліп қарастыратын ойлау жүйесі осы кезде пайда болды делінеді. Бірақ бұл ойлау жүйеснің нақты қашан пайда болғанын ешкім айта алмайды. Және өркениеттердің арасында ерекшелік бар екен деп тұрақты түрде адам баласы мына уақыт депте ешкім көрсете алмайды. Осылайша ойлану еуропада азғантай ғана интеллектуалдық элитаның өзара талқылауында ұзақ уақыт жүрді. Біз қайта өрлеу және реформация деп атайтын кезеңде олар азшылықты құрады. Еуропа қоғамының тұтас әлеуметтік топтары және еуропаның түпкір түпкір аудандарының тұрғындарына реформация мен қайта өрлеу дәуірінің ешқандай ықпалы болмады. әйтеуір қалай десекте Қайта Өркендеу дәуірінің ең бір жарқын белгісі саналатын ойлау жүйесінің шығуы негізінен күнделікті саяси, қоғамдық және мәдени өмірмен байланысты болмады.сондықтан да бұл өркендеу дәуіріне жатпайтын тыс дүние.

Осындай ерешеліктеріне байланысты Қайта  өркендеу заманын зерттейтін тарихшылар бұрындары ұстанып келген бағыттарынан айнып жатыр. Олар бұрын сол замандағы  таңдаулы адамдардың өміріне көп үңіліп, соларды мадақтвап, материалдық қандай игіліктерге қол жеткізгенін зерттейтін. Енді олар бұл жайлы өте аз жазады. Сонымен бірге бұрынғыдай гуманистік идеяларға, ұлы географиялық ашылулардың маңызына көп тоқталмайтын болды. Енді оның орнына сол кездегі халықтың сенімі қандай болғандығы жөніне баса назар аударуға көшті. Тарихшылар магияны, халықтың қалайша адасқандығын, отар елдердің халқын қырып жою қалай жүргендігін, эпидемиялық аурулардың таралуын зерттейтін болды. Мүмкін ғылымдағы осы бір бетбұрыс дұрыс та шығар. Дегенмен Леонардо До Винчиді, Лютерді қалайша ұмытамыз. Олардың орнына қазір бұрын елеусіз болып келген Нострадамусты, Фриуланы қоятын болдық. Егер біз ХҮІІ ғасырдағы Еуропаның ХҮ ғасырдағы Еуропадан айырмашылығы неде екендігін білгіміз келсе онда біз жоғарыдағы дәстүрлі сұрақтаорға міндетті түрде тоқиталатын боламыз. Оқырманға тағы бір айтып өтелік: ренессанс дәуірі мен Реформация кезеңі астрологияның, қара магиның, сиқырдың, неше түрлі ғажайыптардың, феялардың, неше түрлі елестердің кең қанат жайған уақыты болды. Магия дінменен ғылымның ең басты қарсыласына айналған еді. Шындығында да адамдардың өмірінде магия  ұзақ уақыт бойына үстемдік етті. Екі ғасыр бойы адамдардың ішкі жан дүниесінде магия мен ғылым, дін үшеуі күресіп жатты. Мынадай қорытынды жасауға болады. Біз жаңа заман деп атайтын заманда ешқандай жаңалық болмаған. Бұл кездің орта ғасырлық кезеңнен еш айырмашылығы болмады. Еуропаның өзгеруі ағартушылықтан кейін барып жүзеге асты.

 Қайта өрлеу дәуіріне анықтама беру өте қиын. Американ тарихшыларының бірі: «600 жыл бұрын Ренессанс өзін өзі ойлап шығарып еді. Міне содан бері бұған анықтама беру үлкен дауға айналып отыр» деген. Қайта өрлеу дәуірі класикалық өнер мен ғылымға деген қызығышылықтың артуын ғана білдірмейді. Өйткені ХІІ ғасырдан бастап Еуропада классикалық өнер мен ғылымға деген қызығушылыық артқан. Қайта өрлеу дәуірі ортағасырлық құндылықтардың бәрінен бас тартып, Греция мен Рим кезеңіндегі Анткалық құндылықтарға қайта оралу дегенді білдірмейді. Ренессанс адамдардың ақылмен ойлау арқылы діннен бас тартуы дегені де жалған. Керек десеңіз «renatio» өркендеу сөзінің түбірі, грек тіліндегі діни термин «palingenesis», «рухани жаңғыру» деген мағынада қолданылатын сөзінен шыққан. Ренессанстың негізгі мәні қайтадан бір классикалық өркениеттің ашылуында емес еді. Мәні классикалық модел түсінігіне мәдениет пен ғылымды жатқызуда болды. Бұл процессті түсіну үшін ортағасырлық Шіркеудің адамдар өміріндегі ролін ескеруіміз қажет. Шіркеу барлық мәселе бойынша ең авторитет саналды. Бірақ бұл кезде шіркеудің тек жаманшылықпен ғана аты шықты. Бұл жағынан алып қарағанда ренессанс діни реформалық қозғалыстармен ұштасып кетеді. Ренессанс еуропаның интеллектуалды эволюциялық дамуының алғашқы сатысы еді. Ренессанс реформацияны тудырып, кейіннен ғылыми революяцияға айналып, ақырында ағартушылық дәуірдің шығуына ықпал етті. Ренессанс ортағасырлық өркениеттің іргесін шайқалтып, жойылуына әсер еткен рухани күш болды. Соның нәтижесінде қазырні заманғы Еуропа пайда болды.   

 


Информация о работе Ренессанс (Қайта өркендеу дәуірі 1450-1670)