Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 13:27, реферат
Көрерменіне әрдайым күлімсіреп, сахнада өзінің әлсіздігін көрсетпей, көрерменіне адал, дара тұлға – Роза Қуанышқызы Рымбаева. Сахнаны талғамай, стадион болсын, үлкен сарайда да, ауылдық мәдениет үйінде де тамаша өнер көрсететін әнші.
Кривопалов С.Г.
Реферат
Роза Рымбаева
Салтанат Муратовна
Көрерменіне әрдайым күлімсіреп, сахнада өзінің әлсіздігін көрсетпей, көрерменіне адал, дара тұлға – Роза Қуанышқызы Рымбаева. Сахнаны талғамай, стадион болсын, үлкен сарайда да, ауылдық мәдениет үйінде де тамаша өнер көрсететін әнші.
Сонымен қатар, қарапайым әйел, балаларының сүйікті анасы. Нәзік мүсінді, қайсар мінезді, зор дауыс иесі. Бұл – Роза Рымбаева. Ол Кеңес Одағының және қазақ эстрадасының тірі аңызы. Биыл әнші шығармашылығының 35 жылдығын атап өтуде. Оның орындаған әндері Отандық музыкалық өнердің алтын қорына енді. Ол бүгінде әдемі әрі талантымен тамсандырады. Роза Рымбаева – Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы (барлығынан тек «Бас жүлде», «Парасат», «Құрмет», «Тарлан», «Астана», «Звезда созидания» ордендерінің иегері, Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры.
Роза Қуанышқызы – 1957 жылдың 28 қазанында Шығыс Қазақстан облысы, Жаңғыз-төбе станциясында теміржолшылар отбасында өмірге келген. Әншінің өнердегі алғашқы үлкен қадамы, ҰОС – ның 30 жылдығы қарсаңында өткен ән байқауында жеңімпаз атанады. Сол байқауда белгілі дирижер, музыкант , «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері – Тасқын Оқапов байқап, «Гүлдер» ансамбіліне шақырады.
Розаның есімі барша Кеңес Одағына, қазақ тіліндегі «Әлия» әнін орындаған соң кең тарайды. Әнші София Ротару, Алла Пугачевадан кейінгі үшінші орында тұрады. 1974 – 1975 Республикалық әншілер байқауында жеңімпаз атанады.1976 – 1979 – «Гүлдер» ансамблінің әншісі.1977 – Бүкілодақтық «С песней по жизни» байқауында «Бас жүлдені» жеңіп алады. (Мәскеу, Ресей)1977 – «Алтын Орфей» халықаралық байқауының «Бас жүлдесі» (Болгария)1977 – «Сопот-77» халықаралық байқауының «Бас жүлдесі» (Польша)1979 – Тасқын Оқаповтың басқаруымен «Арай» ансамблін құрады1979 – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді1979 – 1984 –Театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.1981 - Ленин комсомолының сыйлығы берілді.1983 – «Гала-83» халықаралық байқауында «Бас жүлде» (Куба)1984 - Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді1986 – Қазақстанның халық әртісі атағы берілді1986 – «Алтын микрафон» халықаралық байқауында «Бас жүлде» (Түркия)1995 – Эстрада – цирк колледжінде сабақ береді2000 – «Эстрада өнер» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атанады2000 – Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.2004 – Мемлекеттік сыйлықтың лаураеты атанады.2005 – Мәскеудің даңқ алаңында тұңғыш рет әншінің есімі ашылады2007 – «30 жыл сахнада» шығармашылық мерейтойы2008 – Пекин Олимпиадасының алауын алып жүред2008 – Қарағандыда әншінің есімі даңқ алаңында ашылады2008 – «Қазақстан әйелі» жобасының жеңімпазы атанады2008 – «Көктем шақырады, Роза шақырады» атты концерттік бағдарламасына 10 жыл толды2011 – VII Азиада ойындарының әнұранын орындайды2011 – «35 жыл сахна төрінде» әншінің шығармашылық мерейтойы2012 – Халықаралық турне. (ТМД, Жапония т.б елдеріне)
Әншінің өмірлік, шығармашылық тағдыры ауыр болды. Ең үлкен қасіреті, 23 жыл өмірлік жары болған, әрі ұстазының өмірден өтекені. Бірақ әншінің қайсар мінезі мен тынымсыз еңбекқорлығының арқасында Роза бұрынғысынша халықтың зор мақтанышы, аяулы әншісі. Шығармашылығына 30 жыл толғанда әншінің есімі Мәскеудегі «Жұлдыздар алаңында» үлкен салтанатпен ашылады.