Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:58, реферат
Аристотель (384-322) мен Аристокл Платонның (427-347) шәкірті және Теофарст (Титрам) өз отанының және басқа жерлердің 500-ден астам түрлері өсімдіктерін жинап, оларды ағаштар, бұталар, шөптер деп жіктеді. Сонымен қатар құрлықтағы өсімдіктерді жапырақ түсіретін және мәңгі жасыл, ал суда өсетін өсімдіктерді ; тұщы су өсімдіктері және теңіз өсімдіктері деп бөлген. Теофарст өсімдіктерді жүйелеуде олардың тіршілік формаларын ескерді және өз классификациясының негізі етіп экологиялық көрсеткішті қолданды. Сөйтіп, ол « Өсімдіктер тарихы » « Өсімдіктердің себебі туралы» атты бағалы еңбектерін қалдырды. Тефарст еңбектерінде өсімдіктердің географиялық жағдайларға қарай таралуы, биологиялық негізгі қасиеттері, келтіретін пайдалары, қолдан өсірудің жолдары баяндалады.