Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 12:28, курсовая работа

Описание

Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.

Работа состоит из  1 файл

агро.doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)
 

     4 – кесте бойынша ЖШС «Батырдың» іс-әрекеттен алған табысы жылдан-жылға төмендегенін көреміз. Бұл ауылшаруашылық өнімін өндіруші, жеке сектордан келіп түсетін өнім өндірісі қызметтер үшін негізгі шикізаттың аз болуынан. Бұл табыс жеке кәсіпкерлерден туындайтын конкуренция әсерінен де болады. Конкуренция жағдайында маңызды орынды жұмыстың сапасы алады. Ал, негізгі құралдардың құны жылдан-жылға өскенін көреміз. Бұл негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты. Жұмысшылар саны үш жылда көп өзгере қоймаған. Орташа айлық еңбекақы 2006 жылы 3014 теңгені құраса, 2007 жылы 2680 теңгені құрайды. Бұдан кәсіпорынның орташа еңбекақысы мемлекетпен кепілденген кіші еңбекақыға қарағанда 13 пайызға жоғары екенін байқаймыз. Міне, осыған сай еңбекақы қоры  2005 жылы 35668 мың теңгені құраса, 2007 жылы 43401 мың теңгені құрайтынын көруге болады.

      Серіктестік қатысушысының негізгі  құқықтары:

1) Серіктестік  іс-әрекетінен табыс алу;

2) Серіктестік  іс-әрекеті туралы және құжаттары  туралы ақпарат алу;

3) Жарғымен  анықталған ретте серіктестік  ісін басқаруға қатысу;

4) Кредиторлармен  есеп айырысқаннан кейін қалған  мүлік бөлігінің құнын серіктестік  ликвидация жағдайында алуға  құқылы.

       Серіктестік қатысушысы міндеттері:

1) Құрылтайшы  құжаттарын талап етуге,

2) Салымды  мерзімінде, ретте, тәсілдер мөлшерінде құрылтайшы құжатымен қаралған ретте енгізуге;

3) Серіктестіктің  коммерциялық құпиясы бар мәліметін  жарияламауға міндетті.

      

2.2    ЖШС «Батырдың»  экономикалық  қызметін  жетілдіру  жолдары. 

     Кәсіпорынның  қаржы жұмысы –экономикалық қызметтің  басты бөлімі болып табылады.

    Кәсіпорынның қаржы жұмысының  негізгі мақсаты  ұлғаймалы   ұдайы өндіріс процессін қаржы  ресурстармен қамтамасыз ету  және бөлінген қаражаттың дұрыс  пайдалануына бақылау жасау.

    Кәсіпорынның қаржы  жұмысының  негізгі бөлімдері мынадай:

1. Қаржы  жоспарлау. Бұл жерде  қаржылық  жоспарының  баланстық жоспары,  кіріс пен шығыс жоспары,  ақша  қозғалысы жоспары,жасақталады. 

2. Жабдықтаушылармен   есеп айырсу. Бұл жерде  жабдықтаушылармен  келісім-шарт жасақталып, олармен  есеп айырсуды жүргізу барысындағы қажетті құжаттар  толтырылады.

3. Қаржы  органдармен есептесу. Бұл жерде  бюджетпен есеп айырысу бойынша,  бюджеттен тыс қорлармен есеп  айырысу  операциялары бойынша  мәселелер жүргізіліп, құжаттар  толтырылады.

4. Айналым  қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражатын пайдалану тиімділігімен айналымдылығын үдету көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.

5. Несиелендіру. Мұнда несиені алу және қайтаруға  байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.

6. Кассалық  операциялар. Мұнда кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, олардың қаржы жағдайына байланысты болады

      Кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастыру  - бұл бухгалтерлік есепті жүргізудің  белгілі бір тәсілін нақты  бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың  тәртібін белгілеу.

       ЖШС “Батырдың“ қаржылық және  өндірістік есебін, салық есебі  мен ішкі аудитін ұйымдастыруда  Қазақстан Республикасының заңдылығын  есепке алады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының  “бухгалтерлік  есеп туралы”, “салық кодексі”, “аудиторлық  қызметі туралы”, “бухгалтерлік есеп стандарты” , тағы да басқа заңдылық нормативтік актілерді жатқызуға болады.

      ЖШС “Батырда” бухгалтерлік  есеп жұмыстары енді ғана компьютерлендіруге  көшіріліп жатыр. Қаржы есебі  қаржылық көрсеткіштерді өлшеумен  байланысты олардың элементтері:  табыс пен шығыстар болып табылады.Өнімді сатудан түскен түсімнен, олардың өндірістік өзіндік құнынан кезең шығындарын шегерген соң, қалған айырмасы табыс (зиян) болып есептеледі.

      Өндірістік мақсаттағы негізгі  құралға өндірістік емес негізгі құралға қарағанда алатын үлесі бірнеше есе жоғары. Ең көпүлесті алатын негізгі құралдар болып – көлік құралдары мен машина және құрал – жабдықтар табылады, ал ең аз үлесін басқалай негізгі құралдары алып отыр

      Кәсіпорында қаржылық жұмыс бойынша жасалған үлкен кқзқараспен  қарастырылады. Осы қаралған жұмыстың барлығы кәсіпорынның қаржылық жағдайына байланысты болады.

     Қаржы жұмысының негізгі тапсырмасы  болып табыстың жоғарлау жолдарын  іздестіру  және рентабельділігінің  жоғарлауы, салымдар және  басқа да шаруашылық кәсіптер, қаржылық органдардың алдындағы міндеттерді уақытында және толық орындау , сонымен қатар қаржы органдарының банктің жабдықтаушылардың, жұмысшылардың еңбекақы бойынша міндетті түрде уақытылы және толық орындау міндеті, мекемелер есебінен рационалдық басқару, басқару мен және тұлғалармен, қолданылған, алынған құралдар қаржылық реттеу және несиелендіру толық белгілеу, айналым қорларын сақтандыруды қамтамасыз ету және олардың қолданылу әсері, кассалық және қаржылық және қаржылық операцияларды ереже бойынша қалыптастыру.

         ЖШС «Батырдың» шаруашылық іс-әрекетінің  соңғы мақсатты нәтижесі болып  пайда табылады. Салық және өзге  де төлемдерді төлегеннен кейін  кәсіпорынның таза пайдасы қалыптасады.  Осылардың үш жылдағы мөлшерін білу үшін қаржылық нәтижесінен 5-кестеден көре аламыз. Сонымен ең соңғы көрсеткіш – ЖШС «Батырдың» қаржылық нәтижесіне тоқталайық.

                                                                                                                     

5 – кесте

ЖШС «Батырдың» қаржылық нәтижесі. (мың теңге) 

       Көрсеткіштер   2005 жыл 2006 жыл    2007 жыл
1 Өнімді өндіруден  түскен табыс (сатудан)         

          438613

      

        437613

       

         328502

2 Өндірілген  өнімнің өзіндік құны  
          417823
 
        356830
 
         247849
3 Өнімді сатудан  түскен таза табыс  
       368434,9
 
     367594,9
 
      275941,7
4 Жалпы табыс             20790           80783            80653
5 Жиынтық табыс            49388        10764,9         28092,7
6 Кезең шығындары                      37756           80616            79755
Соның ішінде: жалпы және әкімшілік шығындар  
              8370
 
          25556
 
           31904
7 Өндіру шығындары             22276           54031            47196
8 Пайыздық шығындар                 -             1029                655
9 Негізгі іс-әрекеттен  алынған кіріс (зиян)  
           -16966
 
              167
 
               898
10 Негізгі емес іс-әрекеттен  алынған кіріс (зиян)  
            41560
 
               -
 
              -866
11 Салық салуға дейінгі  кәдімгі іс-әрекеттен кіріс (зиян)  
            31704
 
              167
 
                 32
12 Корпоративтік табысқа салық               9511              50,1                 9,6
13 Салық салудан  кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен  кіріс (зиян)  
         22192,8
 
           116,9
 
              22,4
14 Төтенше жағдайлардан алынған кіріс  
                -
 
              -
 
             -
15 Таза кіріс, пайда          22192,8            116,9               22,4
 

      Өнімді өндіруден түскен табыс  жылдан-жылға өсетінін көреміз.  Жалпы табысын табу үшін: Жалпы  табыс = өнімді өндіруден түскен  табыс - өндірілген өнімнің өзіндік  құны. Ал, өнімді сатудан түскен  таза табысты анықтау үшін  әуелі өнімді өндіруден түскен табыстан ҚҚС ұстаймыз. Яғни, 438613*15% = 70178 мың теңге, содан соң өнімді сатудан түскен таза табыс = 438613 – 70178 = 368434,9 теңгеге тең. Жиынтық табысты анықтау үшін = өнімді сатудан түскен таза табыс - өнімнің өзіндік құны = 368434,9 – 417823 = - 49388 мың теңгеге тең. Негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс немесе зиянды жабу үшін = жалпы табыс – кезең шығындары = 20790 – 37756 = - 16966 мың теңгеге тең. Салық салуға дейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған табысты анықтау үшін = негізгі іс-әрекеттен алынған кіріс + негізгі емес іс-әрекеттен алынған кіріс = - 16966 + 41560 = 31704 мың теңге. Корпоративтік табысқа салықты анықтаймыз  31704*30% = 9511 мың теңге. Салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен алынған кіріс (зиянды) табу үшін 31704 – 9511 = 22192,8 мың теңгені құрады. Таза кіріс немесе пайданы табу үшін салық салудан кейінгі кәдімгі іс-әрекеттен кіріс – төтенше жағдайлардан алынатын кіріс = 22192,8-0 = 22192,8 мың теңге.

     Таза кірістің бір бөлігі резервтік  капиталды қалыптастыруға және толықтыруға аударылады. Сондай-ақ , таза пайда немесе кіріс өткен жылда шыққан зиянды жабуға жұмсалады. 

    2.3 Облыстың агроөнеркәсіп  кешені экономикасының  қазіргі жағдайы 

    Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп  кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін  жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6,2 % болатын ауыл шаруашылығы құрайды.

    Облыстың  ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп - 2,7%, көкөніс - 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн - 0,7%, майлы дақылдар - 0,4%, бақша дақылдары - 0,4%,  жеміс-жидек - 0,5%, басқа  өнімдер – 13,7%-дан келеді.

    Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық өсу байқалады. 2000 жылмен салыстырғанда біршама жоғары қарқын 2002 жылы - 19,8%, 2003 жылы – 24,2% байқалынды,  2004 жылы  ауыл шаруашылығының даму қарқыны 11,8% -ға төмендеді, ал 2005 жылы 3,3% күтілуде (1 диаграмма).  
 
 

                                                                                                      1 –  диаграмма 

      

    Ауыл  шаруашылығы жалпы  өнімінің 2000 жылға  салыстырмалы бағамен  % -бен  физикалық көлем  индексі 

      

      
 
 
 
 
 

    Ауыл  шаруашылығы тауар өндірушілерінің экономикасы мен қаржылық жағдайының нығаюы ең алдымен, Аймақтық аграрлық азық-түлік бағдарламасы шараларын орындау есебінен  жүзеге асқандығын ескере кету керек. 2003 – 2005 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 7,4 млрд. теңгеден астам, соның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен – 5,1 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 0,7 млрд. теңге, басқа көздерден – 1,6 млрд. теңге бағытталды.

    Ауыл  шаруашылығы тауар өндірушілерін  көктемгі-далалық және егін жинау  жұмыстарын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау, жану-жағу материалдар, минералды тыңайтқыштар, жоғары репродукциялы тұқым құнын субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егіс алқаптарын жылдан жылға өсірулеріне мүмкіндік берді. 

    2005 жылы дәнді дақылдар алқабы 2000 жылмен салыстырғанда 81,9% -ға өсіп, 701,7 мың гектарды алды. Астықтың  жалпы түсімінің 2001-2004 жылдарда  орташа алғанда көлемі 492,5 мың  тонна немесе 2000 жылмен салыстырғанда  62,6 % -ға артты.  

    Сонымен қатар, астық өндірісі тұрақсыз қалпында қалуда, дәнді дақылдардың өнімділігі ауа-райы жағдайларына байланысты жыл сайын күрт құбылып, 2002 жылы – 9,2 ц/гектарды, 2003 жылы – 10,1 ц/гектарды, 2004 жылы – 5,7 ц/гектарды, 2005 жылы – 4,0 ц/гектарды құрады.  

    Мал шаруашылығында шошқаны қоспағанда, мал басы мен құстардың тұрақты өсу тенденциясы байқалады. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы - 6,3 %-ға, қой мен ешкі - 5,5% -ға, жылқы – 2,7% -ға, құс - 49,4% -ға өсті. Жемдік астықтың қымбаттауына байланысты шошқа басы – 21,5% -ға кеміді.

    Ірі қара малдың республика бойынша жалпы  мал басы санындағы үлес салмағы - 7,9 % -ды, шошқа - 2,1% -ды, қой мен ешкі - 5% -ды, жылқы – 4,5% -ды, түйе - 2,8 % -ды, құс - 3,4% -ды құрайды.

    Жүнді тұқымды қой басының қысқаруымен байланысты жүн өнімін азаюын қоспағанда, соңғы үш жылда мал шаруашылығының өнімі өсіп келеді. 2004 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында 66,0 мың тонна ет немесе 2003 жылдың деңгейінен - 103,6%, сиыр сүті – 208,8 мың тонна (103,5%), жұмыртқа - 52 млн. дана (128,9%), қой жүні - 1434 тонны (82%) өндірілді.

Информация о работе Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары