Ұн өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 00:11, реферат

Описание

Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық ретінде пайдаланғаннан бастап, оны сақтаумен айналысып келеді. Өсімдік дәндері, әсіресе, мәдени дақыл дәндері жылдың бір мезгілінде ғана өнім беретіндіктен және сол өнімді жыл бойы тұрақты түрде бір қалыпты тұтыну қажет болғандықтан өнімді сақтау мерзімін арттыруға, оның сапасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілген. Азықтық бұл түрін сақтау үшін әртүрлі жер асты қоймалары, ағаштан, тастан жасалған жер бетіндегі қоймалар пайдаланылады. Оларға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау арқылы сақтау мерзімін арттырып отырады. Ол туралы мәліметтер қазба жұмыстарын жүргізу барысында көптеп табылған.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
А) Астықтың қоймаға қабылдауда жүргізілетін дайындық жұмыстар
Б) Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
В) Сақтау кезінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

астык сактау.docx

— 24.70 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім:

А) Астықтың  қоймаға қабылдауда жүргізілетін дайындық жұмыстар

Б) Астық сақтаудың негізгі  тәсілдері

В) Сақтау кезінде астық  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Адамзат өсімдік өнімдерін, тіпті жабайы өсімдік дәндерін азық ретінде пайдаланғаннан бастап, оны  сақтаумен айналысып келеді. Өсімдік  дәндері, әсіресе, мәдени дақыл дәндері  жылдың бір мезгілінде ғана өнім беретіндіктен  және сол өнімді жыл бойы тұрақты  түрде бір қалыпты тұтыну қажет  болғандықтан өнімді сақтау мерзімін арттыруға, оның сапасын жетілдіруге  бағытталған жұмыстар жүргізілген. Азықтық бұл түрін сақтау үшін әртүрлі жер асты қоймалары, ағаштан, тастан жасалған жер бетіндегі қоймалар пайдаланылады. Оларға мүмкіндігінше  қолайлы жағдай жасау арқылы сақтау мерзімін арттырып отырады. Ол туралы мәліметтер қазба жұмыстарын жүргізу  барысында көптеп табылған.

 Солардың бірі ретінде  осыдан 700-800 жыл бұрын қаптауында  жер астында көмілген жалпы  сиымдылығы 750 т болатын, көлемі  әртүрлі 80-нен астам қыш құмыраларды айтуға болады. Құмыралардың кейбірінде бидай мен арпа дәндері сақталып қалған. Бұл құмыралардың ерекшеліктері – арнайы саз балшықтан жасалып, отқа күйдіру арқылы ылғал өтпейтін затқа айналдырылады, ішіне кептірілген, таза дәндерді салған соң құмырадағы ауаны шығару арқылы ауасыз орта жасалыпғ аузы нығыздап жабылған. Осылайша дәннің сақталуына қолайлы жағдай жасалған.

 

 

 

 

 

 

АСТЫҚТЫҢ ҚОЙМАҒА  ҚАБЫЛДАУДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Астық қоймаға қабылдауға дайындық жұмыстары жауапты әрі  күрделі жұмыс. Егін орағы басталғанға  дейін шаруашылықта қоймаға салынатын  астықты қолайлы әрі тиімді жағдай жасау мақсатында дайындық жұмыстары  жүргізіледі. Астықты қоймаға қабылдау барысында әрбір шаруашылық келесідей  жұмыстарды атқаруға тиіс:

  1. Даұылдың түрі, сорты, сорттық тазалығы, стандарт бойынша тұқымдық класы, ылғалдылығы, қоспаның түрі мен көлемі ескеріле отырып, тұқымдық материалдарды орналастыру жоспарын жасау. Бұндай мақсаттағы астыққа арнайы тұқымдық қоймалар бөлінуі тиіс.
  2. Қоймаға қабылданған партия астыққатолтырылатын сорттық құжаттардың бланкаларығ ұсақ партия астықтарды бір-бірінен ажыратып тұратын бөлгіш қалқаншалар, қаптар, сақтау барысында астық сапасын бақылап тұруға арналған құрал – жабдықтар дайындалады.
  3. Астықты сақтауға арналған қоймалар мүмкіндігінше механикалардыруы, желдеткіш қондырғылар орнатылуы, уақытынша жөнделуі, дезинфекция жүргізілуі және барлық техникалық – санитарлық талаптарғы сай болуы тиіс.

Ол үшін жөндеу барысында  қойманың шатыры мен қабырғаларының су ақпайтындай бүтін болуы, есік – терезелері тығыз жабылуы ескеріледі. Еденді жер асты суы көтерілмейтін  етіп ағаш төселеді немесе асфальтталады. Қабырғасы кірпіштен қаланған қоймалардың  ішкі жағы міндетті түрде тегіс етіп сыланып, әктеледі. Терезелер әйнектеліп, ішкі жағынан «әйнек ұстағыш» ұсақ металл тор тұтылады. Электр лампаларының сыртынан қорғаныш – қалқаншалар  кигізіледі.

  1. Қойма ауласы мен оның маңайы барлық қоқыс – қолдықтардан тазаланып, қоршалады және астықты алғашқы өңдеуге арналған алаң асфальтталады.

Тұқымды сақтауға дайындау алғашқы өндеу, кептіру, қайталап өңдеу  және белсенді желдету секілді жұмыстарды қамтиды. Бұл жұмыстардың негізгі  мақсаты – астықты талапқа  сай деңгейге жеткізу, сол арқылы оның сақтау мерзімін ұзартып, жұмсалатын шығынның мөлшерін азайту.

Жаңа жиналған астықты  тазалау, кептіру және сорттау жұмыстарын шаруашылық қырманына алып келінген сіттен бастап жүргізіледі. Өйткені  кешіктірген сайын сапасы төмендеп, артық қаржы жұмсауға тура келеді. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше  төбесі жабылған, механикаландырылған, тазалағыш – кептіргіш қондырғылары бар қырман болуы тиіс. Жекелеген шаруашылықтар бұл жұмыстарды кешенді түрде жүргізіледі. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, өңдеу мерзімі ұзартып, астық сапасы төмендеп, шығынның көлемі артады.

Жинап алғаннан кейін астық  массасын өңдеу үшін шаруашылықтарда  толығымен механикаландырылған, өңдеу  мүмкіндігі сағатына 10,20,40т болатын, 14-18 % аралығындағы ылғал астықты  қоспадан тазалауға арналған ЗАВ-10, ЗАВ – 20 және ЗАВ – 40 астық тазалағыш  агрегаттары пайдаланылады.

ЗАВ-40 кешені екі ЗВС -20 астық  тазалағышынан, екі сепаратордан, екі  триер блогынан, автомобиль қорабындағы  астықты түсіргіштен және астықты  кешеннің жоғарғы жағына көтеретін  екі қондырғыдан тұрады, өңдеу мүмкіндігі: азық – түліктің астықтарды 40 т/сағ, тұқымдық мақсаттағы дәндерді 15 т/сағ. Кешенді бір адам басқарады.

 

 

Астықты орналастыруда  қойылатын талаптар

Қоймаға тұқымдық материалды қабылдауда тиісті сорттың құжаттар толтырылады. Құжаттардың барлық графалары  астықтан алынған үлгі арқылы сапасын  анықтай отырып, толтырылуы тиіс.

Элиталы және бірінші репродукциялы  тұқымдар міндетті түрде қаппен тасымалданып, қапта сақталады.

Қоймада тиімді пайдалану  мақсатында бір түрге, сортқ, жататын  сорттық тазалығы, ылғалдылығы, ластылығы  біркелі дәндерді біріктіре отырып, ірі партия құрайды. Ұсақ партияларды  біріктіру кезінде құжатқа сорттық  тазалық көрсеткіші ең төменгі нәтиже бойынша жазылады.

Элиталы, суперэлиталы және бірінші репродукциялы ұсақ партия дәндерін ірі партия құрау мақсатында бір – біріне қосып араластыруға қатаң тиым салынады. Сондай – ақ, басқа өңірден алып келінген атық пен жергілікті астықты, жаңа жиналған астық пен өткен жылдар астығын араластыруға болмайды.

Астықты қаппен сақтауда төмендегі  талаптар орындалады:

  • Еденді асфальталған немесе бетон қоймаларда қаптарды биіктігі 10-15 см болатын арнайы тұғырларда орналастырады;
  • Қаптарды «екілік», «үштік» немес «бестік» әдісімен жинайды;
  • Қаптарды аузын ішкі жағына қаратып, қырынан жатқызады;
  • Механикаландырылмаған қоймаларда астық тиегіштерге арналған ашық өткел қалдырылады;
  • Қатар ұзындығы қабылданған астықтың көлемі мен қойманың ұзындығына байланысты болады.

 

 

АСТЫҚТЫ САҚТАУДЫҢ  НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

Астықты сақтау тәсілдері  мен ережелері оның физикалық  және физиологиялық қасиеттеріне негізделген. Алайда, сақтауды ойдағыдай ұйымдастыруда  астық массасының әрбір қасиетінің маңызы мен мәнін білу жеткіліксіз. Астық массасы мен қоршаған ортаның  байланыстарын дұрыс пайдаланған  ғана өнімді сақтау барынша тиімді болады.

Астықтың сапасы мен сақталу  мерзіміне әсер ететін маңызды факторлар: астық массасы мен қоршаған ортаның  ылғалдылығы; астық массасы мен  қоршаған орта температурасы, астық  массасында ауа алмасу процесі. Аталған  факторлар сақтау ережелерінің негізін  құрайды.

Кез келген шаруашылықта сақтау тәсілін таңдау барысында төмендегі  жағдайлар есекерілуі тиіс:

  • Шаруашылықтың климаттық жағдайы;
  • Пайдаланылатын қойманың типі, оның сыйымдылығы;
  • Шаруашылықтың техникалық мүмкіндігі;
  • Партия астықты пайдалану мақсаты;
  • Қоймаға салған астықтың сапасы;
  • Қолданылатын сақтау тәсілінің экономикалық тиімділігі.

Ен тиімді өнім сапасын  қалыпты деңгейде ұстап тұратын  сақтау тәсілі болып – бірнеше  тәсілді кешенді түрде қолдану  табылады. Мысалы, кептірілген астықта  салқындатып сақтау.

Ауылшаруашылық өнімдерін  сақтаудың тәсілдері өте көп. Олардың ішінде, астық массасын сақтауда келесі үш тәсіл жиі қоладанылады. Олар:

  • Астықты құрғатып (кептіріп) сақтау;
  • Астықты салқындатып сақтау;
  • Астықты ауасыз (оттегісіз) ортада сақтау.

Астықтың құрғатып сақтау. Бұл тәсіл Я.Я.Никитинскийдің қағидасы бойынша ксероанабиозға негізделген. Өнім құрамындағы ылғалдың мөлшерін төмендете отырып, құрамындағы тірі компонеттеріннің тіршілігін тежеуге  болады. Зиянкестер мен микроорганизмдерде көбею процесі тоқтап, көпшілігі  мұндай ортаға төзімсіздік танытады.

Астықты кептіріп сақтау тәсілі ежелден қолданылып келе жатқан өнім сапасын түсірмейтін, тұқымның өнгіштік қасиеттерін сақтап қалатын, ұзақ уақыт сақатауда тиімділігі жоғары тәсіл болып табылады. Қоспадан тазартылып, улы заттармен өңделіп, салқындатылған құрғақ астықты бір орыннан қозғалмастан астық қоймаларында 4-5 жылға дейін, элеватор силостарында 2-3 жылға дейін сақтайды. Жақсы кептірілген астықты сапасын түсіретін алыс жерлерге тасмалдауға болады. дегенмен, ылғалдылығы қауіпті деңгейден төмен астықтар дұрыс қарамау салдарынан бұзылмауы мүмкін. Оған себеп – ылғал аз ортада тіршілік ете алатын жәндіктер мен кенелердің көбеюі.

Астықты кептіру тәсілі олардың  сорбциялық  қасиетіне негізделген. Дәннің ылғал бөлу мүмкәндігі оның анатомиялық ерекшелігі мен ірілігіне  байланысты болады. Кептірудің барлық тәсілдерін келесідей екі топқа  бөледі:

  • Арнайы жылуды қолданбай кептіру
  • Арнайы жылуды қолданып кептіру

Астықты күн көзінде кептіру  ауа – райы қолайлы өңірлерде, көлемі аз астықтың  ылғалдылығын азайтуда қолданылатын тиімді тәсіл. Бұл кезде  ылғал жайманың беткі қабатынан  бөлінеді де төменгі қабаттағы ылғал  мөлшерлері өзгеріссіз қалды.

Арнайы жылуды қолданып кептіру  тәсілі «кептіру агенті» болып табылатын  ауа температурасын жоғарылату арқылы оның жылу сыйымдылық қасиетін арттыруға негізделген. Осы мақсатта шаруашылықтарда әр түрлі астық кептірілгіштер қолданылады.

Астық массасын жоғары температурадағы  ауамен араластыру арқылы ылғалдылығын түсіруді сол астықтың бастапқы ылғалдылығын, пайдалану мақсатын, кептіру агентінің  температурасын және кептіру ұзақтығын  білу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САҚТАУ КЕЗІНДЕ  АСТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

  • Астықтың сақтау экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық, фитосанитарлық талаптарға жауап беретін, астық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін астық сақтау қоймаларға жүзеге асырылады.
  • Астық сақтау қоймаларының аумағы қоршаулы және атмосфералық жауын – шашын суағаруларға қатты болуы тиіс. Аумақтың каратиндік және басқа да зиянды организмдерден залалданған учаскелері залалсыздандырудан өтулері тиіс.
  • Астық сақтау қоймалары ғимараттарының құрылыс құрастырмаларының материалдары Қазақстан Республикасының қолдануға рұқсат етілуі тиіс.
  • Өндірістік үй – жайлар қабырғаларының, төбелерінің, ұстайтын құрастырмаларының, есіктерінің, едендерінің, сондай – ақ силостар мен бункерлердің қабырғалары томпақтарсыз, ойпақтарсыз, бүртіктерсіз болуы және оларды тазалау мен залалсыздандыру жеңіл жүргізуге мүмкіндік берулері тиіс.

Ағымалы технологиялық желі операциялардың мынадай дәйектілігін көдеу тиіс:

  • Келіп жатқанастықты өлшеу
  • Астықты механикаландырылған жолмен түсіру;
  • Астықты алдын – ала қалдық тазартқышта тазалау;
  • Дымқыл астықты уақытша орналастыру;
  • Дымқыл және су астықты кептіру;
  • Астықты айырғыштарда тазалау;
  • Тазаланған астық пен қалдықтарды өлшеу.

Астық сақтау қоймалары:

    1. Астықпен бірге басқа материалдар мен жабдықты сақтауға;
    2. Қоймалық үй-жайлардың ішінде астық тазалау, басқа да машиналарда іштен жану қозғалтқыштарын қолдануға;
    3. Қойманың екі жақ қақпасы жабық тұрғанда жылжымалы механизмдермен жұмыс істеуге ;
    4. Қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерде тез тұтынатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйық отынмен жұмыс істейтін факельдің көмегімен жағуға;
    5. Кептіргіштерде ақауы бар температура бақылау аспаптармен және оттықтағы от сөніп қалған кезде отынды беруі автоматты түрде тоқтататын қондырғысыз және электрлі тұтану жүйесімен немесе оларсыз жұмыс істеуге;
    6. Астықты транспортер лентасынан биік етіп үюге және транспортер тетіктерімен үйкелуіне жол берілмейді, кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде астық температурасын бақылауды үлгіні әр 2 сағатт сайын алу жолымен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Астықты сақтаудың алдын  – ала жасалған жоспары қойманы  тиімді пайдалануға, бір дақыл дәндерінің екінші дәндермен араласып кетпеуіне  сақтау барысында бұзілмауына мүмкіндік береді.

Азық – түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі халықаралық  ұжымдарының мәліметі бойынша сақтау кезінде жыл сайын болатын  шығындардың көлемі астық дақылында 15 %, ал картоп, көкөніс және жеміс  – жидек өнімінде 30 % құрайды. бұл  көрсеткіш дамыған, техникасы озық елдерде бірнеше есе төмен  көрсеткіш бірнеше есе төмен  көрсеткіш. Өзіндік үлес қосатындар сақтау саласының мамандары.

Өнімді  сақтау  саласының  алдындағы күрделі міндеттер  тұрғаны белгілі. Негізгілері:

  • Белгілі  бір шаруашылық жағдайында өнімді сақтаудың экономикалық тиімді тәсілдерін қолдану;
  • Сақтау кезінде болатын шығындарды (сандық және сапалық) барынша азайту;
  • Сақтау барысында өнім сапасын арттыру.

Информация о работе Ұн өндіру