Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2012 в 06:36, реферат
Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек оң салдарын алу мақсатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады. Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұқсат етілмеген әрекеттерді-тыйымдарды жасағаны және өз міндеттерін заңға сәйкес орындауға тиіс субъектінің кері, негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады.
Негізгі бөлім:
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі
Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
Қорытынды
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар бойынша жер заңдарының басқа да талаптарын орындамау және дер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өз міндеттерін орындамауы жер құқық бұзушылығы және әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде жер заңдарын бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың келесі түрлері көзделген:
Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза ҚР ӘҚБК ережелерімен нақты сәйкестікте, бапта осы құқық бұзушылық үшін көздеоген шекте тағайындалады. Әкімшілік жаза әділ және құқық бұзушылықтың сипатына, оны жасаудың жағдайларына, құқық бұзушылықтың тұлғасына сәйкес болуы тиіс. Әкімшілік жазаны тағайындау тұлғаны орындамаған міндеттерін орындаудан, зиянды өтеуден және құқық бұзушылықтардың салдарын жоюдан босатпайды. Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін жасалған тұлғаны егер ол құқық бұзушылық жасағаннан кейін келтірілген зиянды ерікті түрде өтесе немесе құқық бұзушылықтан келген зиянды басқа жолмен жойса, сот, әкімшілік, құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті орган әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтан келген зиян жеңіл болған жағдайда сот, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны ауызша ескерту жасай отырып, әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жауаптылық жауаптылықтың мейлінше ауыр нысаны болып табылады және ол әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа қарағанда соттың кінәлі тұлғаға қоғамдық қауіптің жоғары деңгейін білдіретін әрекеті үшін қолданылатынымен ерекшеленеді. Қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі болып қылмысты, яғни ҚР Қылмыстық кодексімен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие әрекетті немесе әрекетсіздікті жасау болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Сол себепті, жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық ҚР қылмыс кодексінің қылмысты жазалаушы нормаларына сәйкес жер құқығы қатынастары саласындағы қылмыстық жазаланатын қылмыстық әрекеттер үшін туындайды. Жер заңдары өзінің қорғаушылық нормалары оң-позитивтік нәтижелер беру үшін жер учаскелері меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың және басқа да тұлғалардың міндеттерін және оларға қатысты тыйымдарыд бекіткен. Тұлғалардың әрекеті немесе әрекетсіздігі жер заңдарының жер-қорғаушылық нормаларына кері әсер ететін және қылмыстық жазаланатын әрекеттің барлық белгілерімен қоса қоғамға қауіпті сипатты иеленген жағдайда қылмысты жасаған тұлғаны жазалауға бағытталған ҚР Қылмыстық кодексінің механизмі іске қосылады.
Қорытынды
Меншiк құқығы мен жер
пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнде және Қазақстан
Республикасының басқа да заң
актiлерiнде көзделген
1) жер мемлекеттiк қажеттерге меншiк немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатындай етiп алып қойылған (сатып алынған);
2) жер пайдаланудың ерекше
режимiнiң белгiленуiне
3) меншiк иелерiнiң немесе
жер пайдаланушылардың
4) топырақ құнарлылығының
бүлiнуiне әкеп соғатын, су
5) осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жердi алып қою жағдайларында толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Шығынды өтеу тәртiбi. Меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығын оны келтiрушiнiң есебiнен өтеледi. Мемлекеттiк билiк органының, өзге мемлекеттiк органның заңдарға сәйкес емес акт шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгі) салдарынан меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығынды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк өтеуге тиiс. Өтемақы мөлшерiн айқындау кезiнде оған:
1) жер учаскесiнiң немесе
жер пайдалану құқығының
2) жемiс ағаштары мен
көпжылдық екпелердi қоса алғанда,
учаскедегi жылжымайтын
3) жер учаскесiн игеруге,
оны пайдалануға, қорғау iс-шараларын
жүргiзуге, топырақ құнарлылығын
арттыруға байланысты
4) меншiк иесiне немесе
жер пайдаланушыға үшiншi тұлғалар
алдындағы өз мiндеттемелерiн
мерзiмiнен бұрын тоқтатуына
5) алынбай қалған пайда енгiзiледi.
Жер учаскесiн алып қою кезiнде меншiк иелерiне нeмece жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығынды, сондай-ақ олардың өтемақы мөлшерiн айқындау тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Жер учаскелерiн алып қою немесе оларға уақытша орналасу нәтижесiнде суару, құрғату, табиғат қорғау, эрозияға және селге қарсы объектiлер мен құрылыстардың (жүйелердiң) жұмысы жартылай немесе толығымен бұзылатын жағдайда шығындар, жобалау-зерттеу жұмыстарының құнын қоса алғанда, объектiлер мен ғимараттарды (жүйелердi) жаңадан салу немесе жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жаңғырту үшiн жасалатын жұмыстың құнына негiзделiп айқындалуы мүмкiн. Жердi пайдалану кезiндегi қолайсыздықтардан (су қоймаларын толтыру кезiнде аралдардың пайда болуы, көлiк байланыстарының бұзылуы, аумақты коммуникациялармен бөлiп тастау және басқалары) туындаған шығындар (шығыстар) жобалау-зерттеу жұмыстарына, бөгеттер, көпiрлер, жолдар, кiрме жолдар, басқа да құрылыстар салуға, су қоймаларының түбiн тазартуға, сондай-ақ қайықтар, катерлер, паромдар мен өзге де көлiк құралдарын сатып алуға кеткен бiржолғы шығыстардың сомасымен айқындалуы мүмкiн. Жердiң нашарлаған сапасын қалпына келтiру үшiн қажеттi шығындарды (шығыстарды) айқындау кезiнде топырақты зерттеу, агрохимиялық және басқа арнайы тексерулер мен зерттеулердi, сондай-ақ жердiң сапасын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүргiзуге шыққан шығыстар енгiзiлуi мүмкiн. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына әкеп соғатын шешiммен келiспеген жағдайда, дау сот тәртiбiмен шешiлгенге дейiн ол шешiмдi жүзеге асыру мүмкiн болмайды. Дауды қарау кезiнде меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген шығындарды өтеудiң барлық мәселелерi де шешiледi. Жер даулары. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады. Жер заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық . Жер заңдарының бұзылуына кiнәлi жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Информация о работе Таукен заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері