Автомобиль жолының құрылысына жер бөлу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 08:09, курсовая работа

Описание

Автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер қозғалысына арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және олардың үстіндегі белгіленген көлем шегіндегі әуе кеңістігі;

Работа состоит из  1 файл

Автомобиль жолына жер бөлу Ақтөбе.doc

— 86.50 Кб (Скачать документ)

Өндірістің, транспорттың, қалалардың, елдімекендердің және басқа ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің дамуы көптеген ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге беруге әкеледі. Бұл жағдай жер бөліп беру жобасын қатал негіздеуді және ауылшаруашылық жер пайдалануының үстемдігін қатал орындауды талап етеді.

Ауылшаруашылығы жер пайдалануының үстемділігі ҚР жер кодексімен келесідей қамтамасыз етіледі:

      ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке мүмкіншілігіне қарай ауылшаруашылығына жарамсыз және құнарлылығы төмен жерлер беріледі;

      бұл қажеттіліктерге ерекше құнды өнімді жерлер берілмейды;

      тек ерекше жағдайларда ғана кадастрлық құны орташа аудандық деңгейден жоғары ауылшаруашылық алқаптарын ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге беріледі;

      ұзын сызықтық объектілерге жерлер қазіргі кездегі бар жолдарды және ауыспалы егіс танаптарының шекараларын бойлай беріледі;

      орман қоры жерлерінен ағаш баспаған және құнсыз екпелер өсетін жерлер беріледі. Тұрақты және уақытша пайдалануға жерлер берілгенде ауылшаруашылық және орман шаруашылық шығындарын қайтару;

      ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің құрылысын жүргізуде және олардың өндірістік іс барысында пайда болатын жер пайданушылардың құқықтардың шектеулер жерді пайдаланудағы және иеленудегі ыңғайсыздықтар жерлердің сапасының төменденуіне байланысты жер пайдаланушылардың және жер иеленушілердің шығымдарын қайтару;

      ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің құрылысын жүргізудегі жер қыртысының бұзылуын қайтадан орнына келтіру, рекультивациялау;

      ауылшаруашылығы қажеттілігінде жер қыртысының, топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алып сақтау және кейін пайдалану;

      ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлудегі шешетін негізгі мәселелер тұрақты және уақытша пайдалануға бөлінетін жерлердің ауданын анықтау, жер пайдаланушылардың және жер иеленушілердің шығындарының мөлшерін анықтау және оларды қайтару тәртібін белгілеу;

      ауылшаруашылық өндірісінің шығындарын анықтау;

      бұзылған жерлерді рекультивациялау жайында ұсыныстарды белгілеу;

      жерге төлемақы мөлшерін анықтау және жобаны заңды рәсімдеу.

Сызықтық ұзын объектілердің: автомобиль жолдарының, темір жолдардың, құбырлардың, байланыс және электр жүйелердің құрылысына жер бөлудегі тұрақты және уақытша жолақтардың ені жоғарыда аталған объектілердің техникалық мінездемелеріне сай нормаларымен бекітіледі. (СН 467-74, СН 465-73, СН 461-74, СН 452-73).

Мысалы автомобиль және темір жолдардың жер бөліну ені олардың техникалық сипаттамаларына сай анықталынады. Электр тасымалдау жүйелеріне бөлінетін жердің ені және оның қуаттылығына байланысты болады.

Жоба планында қорғау санитарлық зоналардың және кері әсерін тигізу зоналарының шекаралары белгіленеді.

 

Бонитет балын есептеу

Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс нышандарымен  сан жүзінде сипатталатын топырақ топтары кейін эконокмикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Топырақты бонитеттеу мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отыра, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде маңызы зор.

Жалпы, топырақтарды бонитеттеу жұмыстары екі сатыдан тұрады:

1. бонитеттеу шкаласын құру;

2. бағалау шкаласын бағаланатын  жерлерге салу (жеке суарылатын, суарылмайтын егістер, табиғи мал азықтық алқаптар және көпжылдық екпелер). Бағалау объектісі ретінде топырақ түрлері алынады.

Бонитеттеу шкаласын құру үшін топырақ, мелиоративтік және басқа зерттеулердің сапалы мағлұматтары пайдаланылады. Бағаланатын топырақ мәліметтері ретінде:

1. 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері, %;

2. 0-50см қабатындағы жұтылған натрийдің орта салыстырмалы  мөлшері, % жұту сыйымдылығынан;

3. 0-50 см қабатындағы жұтылған магнийдің орта салыстырмалы мөлшері,  % жұту сыйымдылығынан;

4. 0-50 см қабатындағы тұздардың орта салыстырмалы мөлшері (%) және тұздану түрі;

5. Шағылдық (ұсақ тастақтық)

6. Тастақтық, топырақ түрі орналасқан жердің тастану дәрежесі;

7. Топырақ түрі орналасқан жердің гидроморфтік дәрежесі.

Әр топырақ түрінің бонитет негізі болып 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері (%)  бойынша есептеледі, ал барлық басқа қасиеттеріне түзету коэфиценттері енгізіледі.

Бонитет латын тілінен аударғанда «сапалылық» дегенді білдіреді. Топырақтың бонитеті - оның сапасының көрсеткіші.

 

II-2. Кестелер бойынша жобаланатын объектіге сипаттама беру.

II-2.1. Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі.

Кез – келген ауылшаруашылық емес мақсаттарға жер бөліп беру кезіндегі негізгі жұмыстардың бірі – бөлінетін жердің ауданын есептеу. Бөлінген жердің ауданын есептеген кезде, оның қандай алқап түрлері арқылы өтуін анықтайды. Өйткені ауылшаруашылық жерлеріне жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлген кезде олардың неғұрлым ауылшаруашылыққа жарамсыздығын және құнарлылығының төмен болуын ескерген жөн. Жол салу үшін бөлінетін жердің белгілі бір шаруашылық территориясынан алынатындығын, шаруашылықтың жерінің құнарлылық коэффицентін ескерілуі қажет.   

Курстық жұмыста автомобиль жолына бөлінетін жердің ауданы есептелген. Бөлінетін жердің құнын анықтау үшін топырақ түрлері жеке-жеке анықталған. Әр шаруашылық бойынша берілетін жерді жеке шаруашылық бойынша санау үшін әр алқаптар және топырақ түр тармақтары бойынша жеке-жеке есептеу үшін автомобиль жолына бөлінетін жерлер учаскелерге бөлінген. Жиырма екі учаске бар, әр учаскеге яғни шаруашылығы топырақ түрі және алқап түрі бойынша біріктірілген. Әр шаруашылықты жеке-жеке алып отырамыз. Жер пайдаланушы: “Батыс” шаруа қожалығы, жер учаскесі 1, бөлінетін алқап түрі шабындық, бөліп беру жолағының ені 51м, бөліп беру жолағының ұзындығы 960м, бөліп беру жолағының ауданы 4,896м.га.  Аудандарды есептеуде геометриялық тәсіл қолданылады. Бөлінетін жердің конфигурациясы күрделі болғандықтан, әр учаске бойынша жеке-жеке өлшенеді. Пайда болған конфигурацияның ауданын есептеу қажетті күрделі конфигурациялар жер учаскесін осыған ұқсас геометриялық дұрыс ауданын есептеуде формуласы белгілі, оның ауданың ауданы бірдей трапециямен алмастырдық. Геометриялық тәсілді қолданғаным жол беткейінің табаны жобадан шамамен, аздап ауытқуы мүмкін.

 

II-2.2. Алынатын жер экспликациясы.

Бөлінетін жердің ауданын есептеп шығарғаннан кейін, әр шаруашылық бойынша бөлінетін жер экспликациясы құралады. Бөлінген жердің ауданымен 6ipгe оның алтаптық құрамы анықталады. Яғни, әр шарушылықтан алынатын алқап түрі және оның көлемі көрсетіледі. Көрсеткіш әр алқап түрін жекелей және де әр шаруашылықтағы көлемін көрсетеді.

Экспликация бойынша жер бөлінді. 3 шаруашылықтың қосындысы – 62,7525га; әр шаруашылық бойынша: “Батыс” шаруа қожалығы – 25,1775га,оның ішінде егістік – 5,025, шабындық – 20,1525. ААҚ “Ақтөбе” – 21,225га,оның ішінде егістік – 10,585, шабындық – 10,64. АҚ “Жаңажол” – 16,35га, оның ішінде жайылым – 16.35.

 

II-2.3.Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскелердің ауданын анықтау.

Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынытын учаскелердің ауданын анықтауда  автомобиль жолына бөлінетін жердің құнарлы қабатының қалыңдығы топырақ картасының негізінде анықталған.

Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Кез – келген мақсатқа жер бөлген кезде, оның сапалық жағдайы ескеріледі. Ол топырақты зерттеп, оның бонитет баллын есептеу арқылы жүзеге асады. Топырақтың құнарлылық қабатын есептеу үшін бөлінген жердегі топырақ құрамын зерттеп, әр топырақ типтерінің ауданын есептеу қажет. Есептеу жол салуға бөлінген жер учаскесінің ұзындығы мен еніне байланысты. 

 

II-2.4. Жердің құндылығын анықтау

Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары /кластары/ түрінде бастапқы негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі топырақ топтары кейін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Яғни, ауылшаруашылық жеріне жатпайтын жер учаскесін бөлген кездегі, әр алқап түріне байланысты және әр шаруашылық территориясынан алынатын гумус қабатын есептейміз. Осы бөлінетін жердің ауыл шаруашылық жеріне жатпайтындығын, оның құнарлылығын анықтау арқылы көрсетеді. Жер құндылығын анықтау әр топырақ типінің көлемі мен бонитет баллына ба              йланысты анықталады.

 

II-2.5. Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының көлемін анықтау

Ауылшаруашылық жерлеріне жатпайтын жер учаскілерін қолданар алдында, оны толығымен құнарсыздандырады. Құнарсыздандыру жер учаскесіндегі топырақтың құнарлы бетін сыдыру арқылы жүзеге асады. Алынған топырақ бетін кейін басқа жерлерді рекультивация жасауға қолданады. Жол салу мақсатына бөлінген жер учаскесінен сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабаты топырақ қалыңдығы мен топырақ контурының ауданына байланысты.

 

II-2.6. Ауылшарушылық жерлерді ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге бергендегі ауылшарушылық өндірісінің шығыны

Жердің ауылшаруашылық айналымның тұрақты немесе уақытша тиіс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бip мөлшерде шығынға өкеліп соғады. Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті. Олар арнайы нормативтік тәсілдермен анықталады. Жол салуға бөлінген жердегі ауылшарушылық жеріне жататын участіктер болатын болса, онда оның шығынын есептейді. Ауылшарушылық өндіріс шығынын есептеу бонитет баллы, жаңа жер игеру құны және жердің нормативтік құнына түзету коэфицентін есептеу арқылы жүзеге асады.

 

II-2.7. Құрылыс нысандарын бұзғандағы өндіріс шығынын анықтау

Кез – келген мақсатқа жер бөлгенде ондағы орналасқан ғимараттар нысанын ескерген жөн. Жер учаскелерін бөлгенде, сол территорияда орналасқан ғимараттардың құны ескерілуі тиіс. Осы жол салу мақсатына жер бөлу жобасында қанша ғимарат нысандары бар екенін есептеп, оның өндіріс шығынын есептейміз. Олардың жарамдылық коэффиценті, бастапқы мен қазіргі бағасы, саны ескеріледі. Құрылыс нысандарын көшірген кезіндегі шығын көрсетілген нормативтік бағадан аспауы қажет.

 

 


км) жер бөлу жобасының түсініктемесі.

 



Информация о работе Автомобиль жолының құрылысына жер бөлу