Қазақстан Республикасының жер қоры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 00:30, лабораторная работа

Описание

Қазақстан Республикасының жер қоры
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ортасында аса көлемді аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында Еділ (Волга) өзенінің сағасынан бастап – шығысында Алтай тауларына дейін 3 мың километрге дейін және солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан, оңтүстікте Солтүстік Тянь-Шянь тауларынан Іле Алатауына дейін 1,6 мың километрге созылып жатыр. Республика алаңы жағынан дүние жүзі елдерінің ондығының құрамына кіреді. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен құрылықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 13 392,6 км, оның ішінде Ресей

Работа состоит из  1 файл

0қстан Республикасының жер қоры.docx

— 53.88 Кб (Скачать документ)

            Қазақстан Республикасының жер қоры

        Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ортасында  аса көлемді аумақты 272,5 миллион гектарды алып жатыр. Ол батысында Еділ (Волга) өзенінің сағасынан бастап – шығысында Алтай тауларына дейін 3 мың километрге дейін және солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан, оңтүстікте  Солтүстік Тянь-Шянь тауларынан Іле Алатауына дейін 1,6 мың километрге созылып жатыр. Республика алаңы жағынан дүние жүзі елдерінің ондығының құрамына кіреді. Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен құрылықтағы шекарасының жалпы ұзындығы 13 392,6  км, оның ішінде Ресей Федерациясымен – 7 591,0 км, Өзбекстан Республикасымен – 2351,4 км, Қытай Халық Республикасымен – 1 241,6 км, Қырғыз Республикасымен – 1 241,6 км, Түрікменстан Республикасымен 425,8 км. құрайды.

       Қазақстан Республикасы жер балансының 2011 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымының жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала, 161 әкімшілік аудандар, 231 облыстық, аудандық маңыздағы қалалар мен кенттер және 6789 селолық ауылдық елді мекендер және 2453 ауылдық (селолық) округтер кіреді                (1 кесте).

1 кесте

       2011 жылғы 1 қараша жағдайындағы облыстар бойынша жер көлемі,

       әкімшілік аудандар мен елді мекендердің саны

Облыстардың атаулары

Жерлердің алаңы,

мың га

Әкімшілік-территориялық бірліктердің саны

 

Аудандар (қаланың ішіндегі аудандардан басқа )

Қалалар және кенттер

Ауылдық елді мекендер

Ауылдық (селолық) округтер

 
 

Ақмола

14 621,9

17

26

616

236

 

Ақтөбе

30 062,9

12

8

410

141

 

Алматы

22 391,1

16

28

723

251

 

Атырау

11 863,1

7

8

166

71

 

Шығыс Қазақстан

28 322,6

15

34

773

252

 

Жамбыл

14 426,4

10

14

378

153

 

Батыс Қазақстан

15 133,9

12

6

456

155

 

Қарағанды

42 798,2

9

48

384

192

 

Қызылорда

22 601,9

7

5

225

143

 

Қостанай

19 600,1

16

13

633

256

 

Маңғыстау

16 564,2

5

6

55

43

 

Павлодар

12 475,5

10

9

407

169

 

Солтүстік Қазақстан

9 799,3

13

5

698

204

 

Оңтүстік Қазақстан

11 724,9

12

19

865

187

 

Алматы қаласы

33,2

-

1

-

-

 

Астана қаласы

71,0

-

1

-

-

 

Барлығы (аумақ)

272 490,2

161

231

6 789

2 453

 

 

  Ескерту: ауылдық (селолық) округтердің саны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 1 шілдедегі деректері бойынша келтірілген. 

 

       Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы

 

            Жер қорының санаттар бойынша бөлінуі 

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес нысаналы мақсаты бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2) елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер ;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

5) орман қорының жері;

6) су қорының жері;

7) босалқы жер.

       Жер балансының 2011 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша Қазақстан Республикасының аумағы 272,5 млн гектарды құрайды, оның 11 317, 3 мың гектар жерін Ресей Федерациясы Байқоңыр ғарыш айлағы және әскери полигоны ретінде ұзақ мерзімге жалға пайдаланылады, сонымен бірге Өзбекстан Республикасының аумағынан 0,9 гектар жер Қазақстан Республикасына «Шымған» санаторий үшін берілген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының пайдаланып отырған жер қоры 261 173,8 мың гектарды құрайды.

        Республиканың жер қорын жер санаттары бойынша бөлу және олардың динамикасы 2-кестеде көрсетілген.

          Жер қорының жер санаттарының бойынша динамикасы

мың. га

Жер санаттарының атауы

1991 ж.

2010 ж.

2011 ж.

өзгерістер (+, - )

2011 жылы

1991 жылға

2011 жылы

2010 жылға

1. Ауыл шарашылығы мақсатындағы жерлер

218 375,8

93 387,6

93 727,4

-124 648,4

+339,8

2. Елді мекендер жері

3 747,2

23 217,0

23 684,1

+19 936,9

+467,1

оның ішінде:

         

қалалар және кенттер

2 053,5

1 789,7

2 311,0

+257,5

+521,3

селолық ауылдық округтер

1 693,7

21 427,3

21 373,1

+19 679,4

-54,2

3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер

18 796,8

2 663,8

2 688,0

-16 108,8

+24,2

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

775,1

5 651,6

5 755,7

+4 876,5

+104,1

5. Орман қорының жері

10 179,2

23 048,4

23 029,0

+12 849,8

-19,4

6. Су қорының жері

819,9

4 096,1

4 108,5

+3 288,6

+12,4

7. Босалқы жер

18 952,3

109 109,3

108 181,1

+89 228,8

-928,2

Барлық жерлер

271 646,3

261 173,8

261 173,8

-10 472,5

-

Оның ішінде, республика аумағынан тыс пайдаланылатын жер

149,8

0,9

0,9

-148,9

-

Басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер

993,7

11 317,3

11 317,3

+10 323,6

-

Республика аумағы

272 490,2

272 490,2

272 490,2

-

-


 

      

        Қазақстан Республикасының территориясы табиғи-климаттық, топырақ жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген.

Республика жерінің үлкен  ауданы құрғақ далалы – 62386,8мың.га, шөлейт - 37258,8мың.га, далалық -26448,0 мың.га аумақта орналасқан. Ең үлкен егістік аудандар: далалық -26448,0 мың.га және құрғақ далалық - 10768,0 мың.га аймақтары орталығында орналасқан. Республиканың жалпы егістік ауданы -26610,7 мың.га, ал ауыл шаруашлық алқаптарының ауданы -222568,7 мың.га құрайды.

 

 

  

 

 

  

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының жер қоры