Геокөріністердің

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:34, реферат

Описание

Барлық көптеген карталардың, суреттердің және басқа да осындай үлгілердің орнына «геокөрініс» термині және мына анықтама қолданылады: геокөрініс – жер нысандары мен үдерістерінің графикалық түрдегі кез келген кеңістік-уақыттық, масштабты, генерализацияланған үлгісі. Мұнда барлық геокөріністерге тән басты қасиеттері көрсетілген және олардың ерекшеліктері белгіленген – бұл Жер мен ғаламшарлардың суреті.

Работа состоит из  1 файл

геокөрініс - 2 срс.docx

— 213.96 Кб (Скачать документ)
p> 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай  келе, қазіргі кезде геокөрініс барлық карталар, пландар, фотокарталар, аэро- және ғарыштық фотокарталар және т.б. орнына қолданылады. Осыған сәйкес, геокөріністердің көптеген түрлері, типтері анықталуда және жылдан-жылға дамып жетілдіріліп жатыр. Геокөріністерді зерттейтін ғылым саласы – геоиконика.

Жаңа  ғылыми бағыт, геоиконика – Жер туралы ғылым теориясымен, анализ және кез келген геокөріністер: карталар, суреттер, фотокарталар, блок-диаграммалар, компьютерлік анимациялар және басқаларды қолданумен айналысады.

Геокөрініс  алу тәсіліне қарай үшке бөлінеді. Олар: жазық және екіөлшемді геокөріністер, көлемді және үшөлшемді геокөріністер, динамикалық үшөлшемді және төртөлшемді  геокөріністер. Геокөріністердің көптігі күрделі көп өлшемді геожүйелерді жан-жақты зерттеуді, олардың құрылымын, иерархиясын, динамикасын анықтауды қамтамасыз етеді.

Сонымен, осы жұмыс нәтижесінде жазық геокөріністер қатарына карталар мен пландар,әр түрлі масштабтағы арналуы мен мазмұны әр түрлі топографиялық, тақырыптық карталар, аэро және ғарыштық суреттер, теңіз түбінің фотосуреттері, телевизиялық, радиолокациялық, гидролокациялық, сканерлік суреттер және т.б. картографиялық туындылар кіретінін айқындадық. Олар нысандардың меншікті немесе бейнеленген шағылысуын тіркейді, сонымен қоса түсіріліс кадрлік, қатарлық және элементтік болуы мүмкін – осыдан суреттердің геометриялық қасиеттері мен рұқсаты байланысты.

Ал, геокөріністердің екінші классы көлемді геокөріністерге  әлемнің шынайы көлемін бейнелейтін  үшөлшемді графикалық үлгілгілер, яғни блок-диаграммалар, стереоскоптық үлгілер, физиографикалық панорамалар және рельефтік карталар мен глобустар, көлемді голограммалар, т.б. жатады. Осындай панорамалар мен пейзаждар  қазір компьютер экрандарында құрастырылуда, олар ландшафт архитектурасын жоспарлауда, оларға ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру өте ыңғайлы.

Анимациялар динамикалық геокөріністердің негізгі  түрі болып есептеледі. Динамикалық  геокөріністердің басты қызметі – кез келген нысанның уақыттық өзгерісін көруге, бақылауға және болжауға мүмкіндік беруінде.

Жоғарыда  қарастырып өткен барлық геокөрініс түрлері қазіргі кезде кез  келген салада қолданылатын негізгі  қажетті құрылғылардың бірі болып  есептеледі және олардың маңызы, міндеттері, мүмкіндіктері, қажеттіліктері күннен-күнге  өсуде, айқындалуда және біз, картографтар геокөріністердің Қазақстанда дамуына  өз үлесімізді қосуымыз қажет.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Берлянт А.М. Картография. «КДУ» баспасы, 2010. 249-252 беттер.
  2. Берлянт А.М. Виртуальные геоизображения. «Научный мир» баспасы. 2001. 12-15 беттер.
  3. Берлянт А.М. Картография. «КДУ» баспасы, 2010. 269-272 беттер.
  4. www.pereplet.ru/nauka/Soros/pdf/9904_065.pdf
  5. Берлянт А.М. Картоведение.  «Аспект Пресс» баспасы, 2003. 145-156 беттер.
  6. Кравцова В.И. Космические методы картографирования. «МГУ» баспасы, 1995

 

 


Информация о работе Геокөріністердің