Өсімдіктер кадастрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:46, реферат

Описание

Қазақстан аймағы өте сирек, ерекше шөл даладан биік тауларға дейін жəне ішкі теңіздер экожүйесін құрайтын ландшафтық кешен жиынтығына ие. Ел экономикасының қарқынды дамуы жəне табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі өзекті мəселелердің бірі бола отырып, болашақта да табиғатты аймақтық қорғау жүйесін жетілдіре түсу мемлекеттің биологиялық əртүрлілігі болып табылады. 1997 жылы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы жарияланды, бұл бағдарлама бойынша Қазақстан 2030 жылға дейін мөлдір суы, таза ауасы бар жасыл жəне таза елге айналуы керек.

Работа состоит из  1 файл

Өсімдіктер кадастрі.pptx

— 2.47 Мб (Скачать документ)

Өсімдіктердің сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан, некендік және жергілікті түрлері

 

Облыстың өсімдіктер жамылғысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің сирек, жоғалып бара жатқан, некендік және жергілікті түрлері кездеседі.

Құрып кету қаупі төнген түрлер:

 1. Таспа боз - Stipa anomala P.Smirn. (Poaceae) – өте сирек кездесетін жоғалып бара жатқан жергілікті түр.  Көпжылдық, қалың шым қабат құрайды. Сабақтары жалаңаш, буындары түкті, биіктігі 50 сантиметрдей. Жапырақтары енсіз, әдетте сабақты бойлай бүктелген, кедір-бұдырлы, қысқа тілшелі. Гүл шоғыры тар, қысыңқы. Өскіні ұзын, ұзына бойы жоғары жағында 7 мм дейін мұртшалары бар қанатты болып келеді. Жалпы Сырт үстіртінің сарғылт топырақты жазықтығында кездеседі. Ксерофильді далалық өсімдік.

2. Бор рияны - Rubia cretacea Pojark. (сем. Мареновые-Rubiaceae) – өте сирек кездесетін, жайылып бара жатқан жергілікті түр. Мекені – борлы таулардың баурайлары және шлейфтері. Ксерофит. Жем өзені мен Солтүстік үстірттің орта ағыстарындағы бор жұрнақтарында кездеседі.

 

Сирек кездесетін түрлері:

3. Қатты жапырақты шисабақ - Koeleria selerophylla P. Smirn. –Қазақстанда сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр.Көпжылдық өсімдік, мамыр-маусымда гүлдейді. Жалпы Сырттың сілемінде, борлы шоқылардың баурайларында және шлейфтерінде кездеседі. Ксерофильді өсімдік.

4. Татар катраны - Crambe tatarica Sebeok (Brassicaceae) – саны тез азайып бара жатқан сирек кездесетін түр.Жалпы Сырттың сілемдерінде кездеседі. Мекені – далалар, төбелердің тасты - қиыршық тасты баурайлары, борлы ашылымдар. Ксеромезофит.

Қазақстанда кеңінен тараған, бірақ  сирек кездесетін түрлер:

 

16. Шренк қызғалдағы   - Tulipa schrenvii Regel. (Liliaceae) – кеңістігі тарылып келе жатқан түр. Көпжылдық баданалы өсімдік. Далалыққа айналған шабындықтарда, тасты - қиыршық тасты және сазды баурайларда өседі. Қорлары жерді жыртудың және далалық жерлерді игерудің, тұрғындардың қарқынды жинап алуының нәтижесінде қысқарып келеді.

 17. Телпек сүйсін - Orchis militaris L. (Orchidaceae) – Қазақстандағы саны қысқарып келе жатқан сирек кездесетін түр. Көпжылдық өсімдік, биіктігі 20 см шамасында, түйнегі тұтас сопақша немесе ұзынша келеді. Сабағы біршама жуан, қабырғасы жұқа, негізінде ақ түсті үлдір қынабы бар. Мамыр-маусымда гүлдейді. Тұқым арқылы көбейеді. Шабындықтарда, орман алаңқайларында, өзен аңғарларында кездеседі. Мезофильді өсімдік. Мұғалжарда, Орқаш табиғи межесінде өседі.

18. Қатпар баршынгүл - Gladiolus imbricatus L.(Iridaceae) – Қазақстанда сирек кездесетін түр. Көпжылдық түйнекбаданалы өсімдік. Сәндік. Тұқым арқылы көбейеді. Мамырда - шілдеде гүлдейді, шілде-тамызда жеміс береді.Мезофильді өсімдік сулы шабындықтарда және өзен аңғарларында өседі. Жайық өзенінің жайылмасында, Мұғалжар жотасында кездеседі.

 19. Жабысқақ қандыағаш - Alnus glutinosa (L.) Jaertn. (Betulaceae) – Қазақстанда сирек кездесетін түр.Тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Сәуір - мамырда гүлдейді. Ағашы бағалы, сәндік.Мекені – өзен, көлдердің жағасы, сулы шабындықтар, өзендер жағаларындағы қайың ағаштар арасында өседі. Гигромезафильді ағаш. Облыстың солтүстігіндегі Елек, Қобда, Сазды, Теректі өзендерінің аңғарларында кездеседі.

20. Ақ тұңғиық   - Nymphaea alba L. (Nymphaeaceae) – европалық түр, Қазақстанда батыс шекара маңында кездеседі. Мекені – ескі аңғарлар, көлдер, өзендер мен тармақтардың шығанақтары. Гидрофит. Шағын шоғырлармен кездеседі. Қоры тапшы.


Информация о работе Өсімдіктер кадастрі