Қазақстандағы мұнай кен орындары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 20:08, доклад

Описание

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Работа состоит из  1 файл

munai.docx

— 23.40 Кб (Скачать документ)

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде  жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр  қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазір "Қара алтын" деп  бағаланатын мұнайдың өзіндік мол  тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнай-газ кендері

 

Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.

Оқшауланған жеке кендер өте  сирек, көбінесе топталған иірімдердің  жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.

Эпигерциндік платформа  құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды  облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі  бордан төменгі юраға дейінгі  шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдасы

 

Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар  май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.

Химия мен мұнай-химия  өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына  байланысты мұнайға деген сұраныс  жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері  үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.

Қашаған –  Қазақстандағы алып мұнайгаз кен орны, Каспий теңізінің солтүстігінде, Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Бұл кенішке ХІХ ғасырда Маңғыстау облысында дүниеге келген қазақтың танымал ақыны Қашаған Құржыманұлының есімі берілген.  30 маусым 2000 жылы «Восток-1» ұңғысымен ашылған   Қазақстанның бірінші аса ірі кенорны, ақырғы 40 жылдың ішінде ашылған әлемдегі аса ірі кен орныдарының бірі және әлемдегі теңізде орналасқан ең ірі мұнай кен орны.

Шығыс Қашаған 2000 жылы жазда  ашылды, Батыс Қашаған – 2001 жылы, Оңтүстік – Батыс Қашаған – 2003 жылы ашылды.

Кеніш үлкен пластты қысыммен сипатталады (850 атмосферге дейін). Мұнай өте нарықты - 46° API, бірақ үлкен газды факторымен және күкіртті сутектің және меркаптанның қосылысымен. Оның тәулікті дебиді 600м³ мұнай, 200 мың м³ газ. Екінші скважина (Запад-1) Батыс Қашағанда 2001 жылы мамыр кезінде бірінші скважинадан 40 км-де бұрғыланды. Оның тәуліктік дебиті 540 м³ мұнай, 215 мың. м³ газ.

Шығыс Қашаған. Үлкендігі  замкнуттый изгопис бойынша – 5000м, 40 км құрайды. Ауданы – 930 км³, амплитудалық көтерілуі – 1300м. Мұнайлылықтың ауданы – 650 км², мұнай қаныққандығының орташа қалыңдығы - 550м.

Батыс Қашаған. Батыс Қашаған  Шығыс Қашағанмен субмеридиональды құрылымды уступ бойынша шекараласады және тектоникалық бұзылушылықпен байланысты. Ауданы – 490 км², амплитудасы – 900м, мұнайлылықтың ауданы – 340 км², мұнай қаныққандығының орташа қалыңдығы – 350 м.

Оңтүстік-Батыс Қашаған. Ол  негізгі алаптан алшақтау орналасқан. Ауданы – 47 км², амплитудасы – 500м. Мұнайлылықтың негізгі ауданы – 33км², мұнай қаныққандығының орташа қалыңдығы – 200м.

Қашаған қоры.

Мұнай қоры 1,5 – 10,5 млрд тонна арасында. Соның ішінде Шығыс Қашаған 1,1-ден, 8 млрд тоннаған дейін, Батыс Қашаған – 2,5 млрд тоннаға дейін және Оңтүстік – Батыс Қашаған – 150 млн. тонна.

Қазақстанның геологтарыныңы бағалауынша геологиялық мұнай  қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланады.  

Оператордың мәліметі бойынша  мұнай қоры 38 млрд баррел немесе 6 млрд тонна, оның ішінде өндіре алатын – 10 млрд баррел. Кашағанда ірі газ қоры бар, 1 трлн м³ - ден көп.

Кашаган проектінің  қатысушылар: Eni, KMG Kashagan B.V (КазМунайГаз компаниясының кәсіпорны), Total, ExxonMobil, Royal Dutch Shell 16,81 % - дан, ConocoPhillips — 8,4 %, Inpex — 7,56 %.

Теніз – Қазақстандағы Атырау облысындағы мұнайгаз кен орны. Оңтүстік – Шығысқа  қарай Атыраудан 160 км. Прикаспий мұнайгаз провинциясына жатады. 1979 жылы ашылды.

Теңіз кен орынның тұңғыш ашушылары Жолдаскали Досмухамбетов, Булекбай Сагингалиев, Булат Еламанов, Асабай Хисметов, Кумар Балжанов, Валентин Авров, Махаш Балгимбаев, Орынгазы Исказиев Қазақстан Республикасының ұлттық премиясымен марапатталды.

1991 жыл 6 сәуір күні  Теңіз мұнайгаз өңдеуші мұнайгаз  комплексі эксплуатацияға енгізілді.

Көмірсутек 3,8 – 5,4 км тереңдікте жатыр. Ол көлемді, рифоген құрылымды.Мұнай шөгінділері ортаңғы – кейінгі таскөмірді және девон периодымен байланысты.

Мұнайлық коэффиценті  – 0,82. Бастапқы газ факторы 487 мэ/мэ, бастапқы дебит 500м³/тәл. 10мм штуцер кезінде. Бастапқы пласт қысымы 84,24 МПа, температурасы - 105°С. Мұнай тығыздығы 789 кг/м³. Құрамындағы күкірт - 0,7%, парафиндық - 3,69%, малосмолисттық - 1,14%, 0,13% -  асфальтеновтан құралады.

Өндіре алатын мұнай қоры 750 млн-нан 1млрд. 125млн тоннаға дейін бағаланады. Геологиялық мұнай қоры 3 млрд. 133 млн. тонна,  ілеспелі газ қоры 1,8 трлн. м³-ға бағаланады. 2010 жылы Теңіз кен орнында 26 млн. тонна мұнай өндірілді.

Доссор мұнай  кені , Атырау облысының Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан; Қазақстанда ашылған ең алғашқы өндірістік маңызы бар мұнай кені. Доссор мұнай кені 1860 – 87 жылы орыс геологтары Н.А. Северцев, Д.В. Кирпичников, М.М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылдан өндіріліп келеді. 1911 – 17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 – 40) тұзкүмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944 – 45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 – 82 жылдары ғана нақтыланды. Кен орны тұз күмбезінің үстіндегі юра кезеңінің шөгінділерінде қалыптасқан. 30 – 300 м тереңдікте 6 мұнайлы қабат ашылған. Бұл қабаттардың қалыңдығы 2,4 – 26,7 м аралығында, ашық кеуект. 24 – 30,9%, өткізгіштігі 0,128 – 4,76 мкм2, ұңғыманың бастапқы өнімд. 1,7 – 132,6 м3/тәул., қабат қысымы 14,4 – 33,6 МПа, температурасы 19 – 27°С. Мұнайдың тығыздыздығы 0,84 – 0,88 г/см3, құрамындағы күкірті (0,2 – 0,22%), шайыры (7%), парафині (0,2 – 2,07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан (77,1 – 93,8%), этаннан (7,17%) және пропаннан (0,4 – 5,1%) тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы мұнай кен орындары