Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:36, доклад
Кіріспе
Геологиялық процестер - Жердің құрамын, құрылымын, бедерін және ішкі құрылысын үнемі өзгертіп отыратын процестер жиынтығы. Бүл процестер тарихы жер қыртысының құрамы мен құрылысында немесе жербедер өзгерістерінде сақталған сол процестердің нәтижелерін зерттеу арқылы анықталады; қазіргі өтіп жатқан Геологиялық процестерді жан-жақты зерттеу де маңызды, өйткені өткен кезеңдер мен дәуірлердегі Геологиялық процестердің болмыс-бітімі осы зерттеу нәтижелерімен салыстыра саралау арқылы ұғынылады. Геологиялық процестер: эндогендік процестер және экзогендік процестер болып екі топқа жіктеледі; геологиялық нысандар бұлардың біреуінің ғана немесе екеуінің қосарлана әрекет етуі нәтижесінде де қалыптасуы мүмкін.
Гренвиль қатпарлығы шамамен 880 – 800 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Ол Канада қалқанының оңт.-шығыс бөлігі мен Аппалач тауларының палеозойлық құрылымдарын жанамалай орналасқан. Байкал қатпарлығы (1100 – 900 млн. жыл бұрын) Шығ. Еуропа платформасының солт. жиегін, Сібір платформасының батыс өңірін (Турухан белдемі, Енисей Бұйраты, Шығ. Саян, Байкал қатпарлы алқабы) қамтиды. Байкалидтердің тектестері Үндістанда, Араб түбегінде, Таяу Шығыстың кристалдық іргетас көтерілімдерінде ұшырасады.
Мезозой қатпарлығы — мезозой эрасын қамтыған тектоникалық қозғалыстар жиынтығы. Оларды киммерий немесе Тынық мұхит қатпарлығы деп те атайды. Қатпарланудың алғашқы лектері триаспен юра кезеңдерінің шегінде (көне киммерий), ең күшті қатпарлану юра соңында (жаңа киммерий немесе анд, невада), ақырғы қозғалыстары бор кезеңінде (австриялық, субгерцин) өтті. Мезозой қатпарлығы негізінде Тынық мұхиттың солтүстікүстік жарты шардағы жағалауларында қазіргі Жоғары Яна-Чукча, Сихотэ-Алинь, Үндіқытай-Тибет, Кордильера геосинклинальдары орнында ірі, биік қатпарлы жас тау жүйелері (киммерийдтер) пайда болды; құрлықтар өсіп, жер бедері өзгерді. Мезозой қатпарлығы Анд, Альпі, Карпат, Кавказ, Памир аймақтарын да қамтыды, олардың шыңдары дүркін-дүркін теңіз деңгейінен жоғары көтерілді. Көне заманда құрлықтың ішкі өлкелерінде пайда болып, нығайған платформалар жұрнағы саналатын ортаңғы массивтер (Колыма, Охота, Бурея, Ханка, тағы басқа) де мезозой қатпарлығына жатады. Ірі тау жүйелері құрылған геосинклиналдардан тыс көне платформалы аймақтарда, әсіресе Азияда, қалың құрлық шөгінділері мен андезитті жанартау жыныстарына толған үлкенді-кішілі опырықтардан тұратын мезозой қатпарлығы мен байланысты ойыстар (Моңғол-Охота, Байкал сырты белдеулері, тағы басқа) түзілді. Қытай платформасы мен Үндіқытайдың жоғары жамылғы қабаттарында да қатпарлы белдеулер пайда болды. 10
Мұндай құбылыстар тек Қытай тектоникалық құрылымына ғана тән ерекшелік болғандықтан, кейде бұл аймақ “яньшань” қатпарлығы деп жеке бөлінеді. Мезозой қатпарлығы ықпалынан жер қыртысы жарылып, Үнді, Атлант мұхиттары қазіргі қалпына келді, теңіз құрлыққа ойысты. Үлкен аймақтарда магма тасып, трапп жыныстары тарала бастады. Мезозой қатпарлығы жер қыртысының жоғары қабаттарына гранит интрузияларының енуіне себепші болды. Тынық мұхиттың екі жағалауындағы көп мөлшердегі қалайы, алтын, вольфрам кендерінің белдеулері осы интрузиялармен тығыз байланысты.
Абразия(латынша: abrasіo -қыру, жону) — мұхиттардың, теңіздердің, көлдердің, өзге де су қоймаларын жағалауларындағы түп жыныстардың толқын мен ағын әсерінен механикалық бұзылуы мен мүжілуі. Әсіресе теңіз (мұхит) жағалауларының соқпа толқындар әсерінен Абразияға ұшырауы жиі кездеседі. Түп жыныстардың мүжілуі толқын күшінен ғана емес, сол толқын қозғалтқан тастар мен құм түйіршіктерінің соққылауы салдарынан да болады. Абразияға теңіз (мұхит) қайраңы да ұшырайды, алайда қайраңдағы Абразия жағалаулық Абразияға қарағанда бәсеңдеу жүреді. Теңіздер мен көлдердегі қайраңдық Абразия ондаған метр тереңдікке дейін байқалса, мұхиттарда бұл процесс 100 метрден астам тереңдіктердегі белдемдерде болады. Абразия түсінігін геологиядағы шайылу ұғымымен шатастырмау керек, себебі, шайылу барысында түп жыныстар емес, тек борпылдақ, болбыр жыныстар бұзылуға ұшырайды.
Абразия - Тау жыныстарының соқпа толкын немесе ағын күштерінен бірте-бірте мүжілу процесі.
11
Қасиетті Елена жанартауындағы лахар 1982 жылы түзілген.
Лахар — жанартау беткейлерінде сынықты жанартаулық материалдың кратерлік көл суларымен, жауын-шашын не еріген қар суларымен араласуынан түзілетін лай ағыны көптеген түрлері бөлінеді. Мысалы: спессартит, керсантит, минетға, вогезит, т.б. Зерттеулерге қарағанда Л-дің түзілімі тереңдік жарылымдар мен мантия затының балқуымен байланысты.
Метаморфизм – геологиялың денелердің температура, қысым, газ бен сүйық ерітінділер ықпалынан өзгеріске ұшырау үдерістері. бұл өзгерістер пайдалы қазба денелерінің жатые жағдайлары мен морфологиясына, таужыныстар мен пайдалы қазбалардың құрылымы мен бітіміне, минералдық және химиялық құрамына әсер етеді. Темір гидроксидтері метаморфизм кезінде магнетитке, 12
пиролюзит пен манганит - браунитке, боксит - корундца, опал - кварнца, фосфорит - апатитке түрленеді; органикалың зат гранит тенеді; сазды тақтатастар анартас-слюдаларға өзгереді. Метаморфизм үдерістерінде қалыптасқан минералдар (магнетит, гематит, браунит, корунд, кварц, графит, анартас) жаңа физикалық-химиялың жағдайларда түрақты болады. Сонымен бірге экзогендік жағдайларда орнықты көптеген минералдар (күкірт, гипс, алунит, малахит, темір гидроксидтері) белгілі, бірақ олар метаморфизмде сақталмайды. Пайдалы қазба денелерінің пішіні жалпақтанады. Тұтас және секпілді кеннің қабат тәрізді, линза тәрізді, таспа тәрізді және желі тәрізділері басым таралады. Денелердің өлшемдері көбінесе ірі болады - ұзындығы мен ені бойынша ондаған километрге, қалыңдығы ондаған және жүздеген метрге жетеді. Метаморфогендік кенорындар метаморфталған және метаморфтық түрлерге бөлінеді. Метаморфталған кенорындар деп аймақтық және термалық жапсарлас метаморфизм үдерістерінде бұрын болған пайдалы қазба кенорындар бойынша қалыптасқандарды айтады. бұл үдерісте пайдалы қазба денелері де, сыйыстырушы таужыныстар да, пішіні, құрамы мен құрылысы бойынша метаморфтық белгілерді иемденеді, бірақ минералдық шикізаттың өнеркәсіптік қолдануы өзгермейді.
Кенорындар
Метаморфтық кенорындар таужыныстардың
және көбінесе бүрын өнеркәсіптік маңызы
болмаған кенорындардың метаморфизмге
үшырау үдерісінде пайда болады. Сонымен,
бұл жағдайда пайдалы қазбалардың
өзі метаморфизм үдерістерінің
нәтижесі болып табылады. Екі класс
кенорындары да метаморфизмнің негізгі
түрлеріне сай аймақтық-
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
Вулканизм………………………………………………………
Эрозия……………………………………………………………
Қатпарлар……………………………………………………
Абразия……………………………………………………………
Лахар…………………………………………………………………
Метаморфизм…………………………………………………
Экзарация………………………………………………………
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланған әдебиет………………………………………..15
Пайдаланған әдебиет
1. Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет.
2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007. — 264 бет.
3.Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев
4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.
15