Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:09, реферат
Минерал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, өзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі элементтен құралған табиғи қосындылар. Ал кейбір минералдар кейде жеке элементтер түрінде де кездеседі.
І – бөлім. Кіріспе.
ІІ – бөлім. Негізгі бөлім.
Минералдар туралы жалпы түсінік.
Минералдар бөлімдері мен формалары.
Тау жыныстары.
Тау жыныстарының түрлерінің бөлімдері.
ІІІ – бөлім.
Қорытынды.
магмалық тау жыныстары
шөгінді тау жыныстары
метаморфтық тау жыныстары
Минералдардың барлығы «мономинералды» және «полиминералды» болып екіге бөлінеді. Мономинералды дегеніміз — тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы, кварц, пирит), ал полиминералды дегеніміз — бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым көпшілігі) тұратын минерал. Минералдар жиынтығының құрылуының бірнеше жолы бар:
Жер бетіндегі үдерістердің
кезіндегі шөгінді тау
Атпалы тау жыныстарын құрайтын магманың кристалдануы; және
Сыртқы жағдайдың (мысалы, қысым мен температура) өзгеруі нәтижесінде метаморфозды тау жынысын құрайтын заттың қатты күйіндегі қайта кристалдануы.
Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.
Шөгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:
Дәнаралық шөкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер;
Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін саз минералдардың ұсақ жиынтықтары;
Дәндердің арасында түзу шеттері
мен үштік жалғастарды
Кәлситтің кесекаралық шөкпесі немесе ұсақ кесекаралық лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;
Органикалық заттың жиынтығы (мысалы, лигнит немесе көмір).
Барлық атпалы тау жыныстар
байланыспалы текстурасын көрсететін
минералдардың жиынтығымен
Метаморфозды тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:
Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін кристалды минералдардың жиынтықтары;
Теңмөлшерлі және еркін бағытты теңмөлшерлі емес минералдардың кристалды жиынтығы;
Жапсарлы, ангедралды, кейде сорайған минералдардың өте ұсақ дәнді жиынтығы.
Тау жыныстарының шығу тегіне
жалпы шолу жасап көрейік. Жердің
үстіңгі қабатындағы тас
Тау жыныстарының үгітіліп
ұсақталған түйіршіктері суға еріп, химиялық
әр түрлі қосындыларға айналып, тұнып,
тығыздалып, бірігіп, басқа түрлі
минералдарға және тау жыныстарына
айналған. Мұнан кейін олар екінші
рет қайта өзгеріп, тағы басқа
тау жыныстарының түріне айналған.
Жердің жүздеген миллиондаған ұзақ тарихы
бойында осы әрекет көп қайталанып
отырған. Сонымен қатар бертін келе-келе
тау жыныстары мен
Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үлкен үш түрлі топқа бөлінеді:
магмалық тaужыныстaры,
шөгінді тау жыныстары
метаморфтық тау жыныстaры.
Жер астынан балқып шыққан тас заттардан, яғни магмадан қатайып пайда болған тау жыныстарын магмалық деп атайды. Мысалы, бұған жоғарыда айтылған гранит т. б. жатады. Тау жыныстарының ұсақ кесек, қиыршық құмдарынан, саздарынан, судағы химиялық ерітінділер тұнбасынан, жануарлар мен өсімдіктер қалдығынан құралған тау жыныстарын шөгінді (тұнба) тау жыныстары дейді. Бұлай аталу себебі осы айтылған ұсақ кесектер мен қиыршық құмдар сумен ағып келіп, желмен ұшып келіп, өздерінің салмақтарына қарай тұнады. Мысалы, кұм, құмтас, тұздар, саздар, т. б. Метаморфоза — өзгеру деген сез. Тау жынысы өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналса, оны метаморфтық тау жынысы дейді. Мысалы, бор (элемент емес) жер астының қысым күшіне және ыстық температурасына ұшыраса, ол тығыздалып кристалды ізбестасқа немесе мраморға айналады. Мрамор метаморфтық жыныс. Бұл айтылған үш түрлі тау жыныстарының ішінен ең көп кездесетіні қайсысы деген сұраққ а екі түрлі жауап беруге болады. Жердің ең үстіңгі қыртысын алатын болсақ , онда шөгінді тау жыныстары басымырақ : мұнда 75% шөгінді жыныстар, қалған 25% магмалық және метаморфтық жыныстар. Егерде жердің 16 километрлік қалың қабатын алатын болсақ , ондағы басым көпшілігі магмалық тау жыныстары, яғни онда магмалық тау жынысы 95% шамасында, қалған 5% шөгінді және магмалық тау жыныстары. Жердің онан арғы терең қабаттарындағы жыныстардың барлығы дерлік магмалық жыныстар. Тау жыныстарын зерттеуші петрография ғылымының негізгі маңызы мен мақсатына және зерттеу әдісіне келетін болсақ , ол мынадай. Петрография ғылымы — тау жыныстарының минералдық және химиялық (элементтік) кұрамын, құрылысын, жаратылысын, сырт бейнесін, геологиялық және географиялық таралуын, өз ара қарым-қатыстарын, осыларға байланысты кен байлықтарын зерттеуші ғылым. Демек, бұл аса күрделі және пайдалы ғылым. Осы аталған мақсаттарына қарай петрографияның өзіне тән әдістері бар. Осы әдістердің бірсыпырасы жоғарыда айтылған минералдарды зерттеу әдістерімен бірдей немесе соларға ұқсас. Өйткені петрография зерттейтін тау жыныстары минералдардан тұрады ғой. Сонымен қатар петрографияның өзгешелік әдістері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, көбірек тарағаны — оптикалық (микроскоптық ) , минералдық , эксперименттік және геологиялық әдістер. Оптикалық әдіс минералогия бөлімінде айтылған минералдық әдістер арқылы тау жыныстарының құрамы мен құрылысын ажыратады. Қандай заттың болса да құрамы мен құрылысы оның жаратылыс жағдайына байланысты, сондықтан тау жыныстарының да жаратылысын білуге болады. Эксперимент жасағанда тау жыныстарын кептіру, қыздыру, еріту, балқыту, ұсату-жаншу сияқты әр түрлі термодинамикалық , физикалық және химиялық әдістер қолданылады. Бұл әдістердің арқасында, бірінші жағынан, тау жыныстарының қандай жағдайларда құрылғандығы айқындалса, екінші жағынан, оларды қалай пайдалануға болатындығы көрсетіледі, үшінші жағынан, техникалық петрография әдістеріне жол ашылады. Техникалық петрография ғылымның жаңа тарауы. Сондықтан бұған біраз тоқталып өтейік.
Қолдан жасалған көп заттар кұрамы мен құрылыстары жағынан табиғи тау жыныстарына өте жақын келеді. Мысалы, әр түрлі керамика, фарфор-фаянс, шыны сияқты заттар силикатты тау жыныстарына жақын. Цемент жасау, кірпіш ертеу сияқты істерде де табиғи тау жыныстарында болатын жағдайлар кездеседі. Ал металдар қорытатын заводтардан шығарылатын шлактарды алатын болсақ , олар вулкандық тау жыныстарына өте ұқсас. Қысқасын айтқанда қазіргі техникада көптеген жыныстар қолдан жасалады. Оларды техникалық петрография зерттейді. Техникалық петрография әдістері мен табыстары табиғи петрографияға да қолданылады. Демек, бұл да петрографиянын эксперименттік әдісінің бір түрі деуге болады.
Петрографияның геолгиялық
зерттеу әдісіне келетін
Жоғарыда айтылған тау жыныстарыньщ өзіне тән сырт белгілері болады, оған бір түсініп, көзі қанық қ а н адам оларды оңай ажырата алады. Мысалы, магмалық тау жынысының жер астында қатайған интрузивтік (тереңдік) түрі болса, ол түгелдей кристалл түйіршіктерінен тұрады (гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т.б.). Магмалық тау жынысы жер бетіне шығып төгілген лавадан пайда болса, яғни эффузивтер болса, олардың кристалдары жай көзге көрінбейді, олар тұтас шыны немесе шлак сиякты болады (вулкандық жыныстар). Кей жағдайларда эффузивтік шынынық ішінде кристалдары бар аралас шұбар түрлері болады, оларды порфирлер дейді.
Шөгінді жыныстардың арасында
сумен немесе желмен тұнған қабат- қабат
тақталы іздері білініп тұрады. Сонымен
қатар олардың арасында өсімдіктер
мен жәндік қалдықтары немесе көл
суынан пайда болатын тұз қабаттары
кездеседі. Шөгінді жыныстардың
кейбір бірігіп тығыздалған кесекті
түрлері, мысалы кейбір құмтастар, кейде
түйіршікті магмалық жыныстарға ұқсайды.
Бірақ магмалық жыныстың кристалл түйіршігі
мен кесекті шөгінділердің
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
«МУНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» ІСІ ФАКУЛЬТЕТІ.
Тақырыбы: Минералдар мен тау жыныстары.
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН: Нұрдаулетов Бахыт.
Астана 2013жыл
Жоспар:
І – бөлім. Кіріспе.
ІІ – бөлім. Негізгі бөлім.
ІІІ – бөлім.
Қорытынды.
Қорытынды.
Минерал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, өзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі элементтен құралған табиғи қосындылар. Ал кейбір минералдар кейде жеке элементтер түрінде де кездеседі.Минерал деген термин латын тілінде “минера”— руда деген мағынада қолданылады. Жер қыртысында кездесетін минерал-ардың жалпы саны ~2500-ден астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Сондықтан оларды тау жыныстарын құрайтын минералдар деп атайды.
Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде жиі кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана сұйық (су, сынап) және газ күйінде (көмір қышқыл газы) болады.Қатты заттар жоғарыда айтылғандай көпшілік жағдайда кристалдық минералдар түрінде болумен қатар, кейде аморфтық (грекше “аморфос” — пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы, опал) түрінде де кездеседі.Кристалдық заттар (аморфтық заттармен салыстырғанда) өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды құрайтын бөлшектер (иондар, атомдар) белгілі бір заңдылық бойынша және белгілі бір ретпен орналасып өзіндік геометриялық жеке пішіндерге бірігеді (ішкі кристалло-химиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты).Ал аморфты заттарды құрайтын бөлшектер ретсіз орналаскан. Сондықтан олардың өзіндік пішіні болмайды.
Жер қыртысын құраушы минералдық
бір тектес заттарды тау жынысы деп
атайды. Жердің сыртқы қыртыс қабаттары
көбінесе қатты тастардан тұрады.
Сол себепті тау жыныстарын анайы
түсінікпен атағанда тастар деуге болады.
Тастардың жер бетіне шыққан айқын
күрделі түрлері тауларда кездеседі.
Тау жыныстары деген сөздің өзі
сол тастардың тауда кездесу
түсінігінен шыққан. Олай болса тау
жыныстарының орнына тастaр деген
түсініктің өзін алуға да болар еді.
Расында петрография деген