Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 12:07, дипломная работа
Дипломдық жұмыста (жобада) практикада жинақтаған мәліметтерге сүйене отырып, Грядовое кенорнындағы мұнай мен ертілген газ қорын
есептеу барысындағы жұмыстар қарастырылады.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Геологиялық тапсырма
Компания алтын кен орындарын барлаумен және қазбалаумен айналысады.
Шығыс Қазақстан облысындағы үш кен орны – Үбі, Ашалы және Қожабұлақ учаскелерінің келісімшарттық иелері болып табылады.
Компанияның қызметінің бөлек бір бағыты – геологиялық кеңестеме беру қызметтерін көрсету.
Тау-кен өндірістерін жобалау мен іске пайдалануға берілген лицензиясы бар.
1.1.1 Жобаланатын жұмыстардың мақсаттық тағайындалуы, нысанның кеңістікті шекаралары, нысанның негізгі бағалау параметрлері
1.1.2 Геологиялық тапсырмалар, шешудің жалғасымдылығы және негізгі әдістері
Қожабұлақ учаскісіндегі алтын кенін барлау үшін келесідей әдіс қолданылады: УКС құрылғысымен бурғылауды 100-200 м арақашықтықта жүргізу, С1-С2 санатындағы алтын қорларды есептеу.
1.1.3 Жұмыстың болжанатын нәтижелері және орындалу мерзімі (есепті құжаттамалардың формаларын көрсету арқылы)
1.2 Жұмыстың географиялық-экономикалық мінездемесі
1.2.1 Кенорынның (нысанның) орналасу орны
Әкімшілік жағдайға байланысты зерттелетін аймақ Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданынында орналасқан. Аймақ ауданында бірнеше ірі елдімекендер (ең ірісі – Былқылдақ ауылы) орналасқан, және олар өзара ауыларалық пен жақсартылған грунтты жолдар арқылы байланысқан. Зерттелетін аймақтың маңында (оңтүстік-батыста) Семей-Алматы теміржолы өтеді, ал түйінді бекеттері (Шар және Жанғызтөбе) де жақын ауданда орналасқан. Жұмыс аймағының солтүстігіне қарай Шығыс Қазақстан облысының облыстық орталығы Өскемен қаласы 150 километр қашықтықта орналасқан.
Географиялық орналасуына байланысты зерттелетін аймақ Қалба жотасының даму ауданын алады, және солтүстік-батыста Қалбатау-Көкпекті көлік жолымен, оңтүстік шығыста Жанасу жотасымен, солтүстік-шығыста Сентас қыстағымен Байбура тауының аралығымен және оңтүстік-батыста Шар өзені үсті мен Айшақар бұлағы жазықтығының аралығымен шектеледі.
1.2.2 Бедер
Қалба жотасының субөлімі солтүстік-батыс бағытқа ие, ал одан ұсақ жоталар, таулы массивтер, және жота топтары әр түрлі бағдарға ие.
Одан жоғары Қалба жотасының аймақтары оңтүстік-шығыста орналасқан, және оның абсолютты белгілері 1000-1200 метрге дейін жетеді. Солтүстік-батыс бөлікте тау бөлімдері төмендейді, және оның абсолютті белгілері 600-900 метрге дейін жетеді. Таулы шатқалдармен бірге Қалба жоталарының маңында жоталы бедерлер де кездеседі.
1.2.3 Гидрографиялық желі
Аймақтың орографиялық ерекшеліктері оның өзендер желісіне де әсер етті. Аймақтың барлық өзендері Ертіс өзенінің бассейнына жатады, олар жоғарғы жылдамдықты ағысқа ие және үлкен көлемде өлшенген және шөгінді мателиалды тасымалдайды. Қалбаның гидрожелісі жақсы дамыған. Ағыс бағыты және Шар өзені және оның ағымдары Қалба тау беткейінің субөлігіне байланысты болуымен, олар оңтүстік өзендер тобына жатады.
Қалбаның барлық өзендері көпсулы емес және кеме өтер емес. Таулы массивтердің қиылысуы кезінде олар таулы өзендердің мінездемесіне сәйкес, ал таулы түсірімде олар жазықтық мінездемеге ие болады. Таулы аймақта қазіргі өзен ені 3-10 метр, ал таулы түсірім мен жазықтықта – 10-20 метр. Сол себептен жазықтық ені 50-100 метрден 300-500 метрге дейін өзгереді, ал Шар өзені жызықтығының ені 1-2 километр. Орта есеппен судың шығысы 1-3 м3/с, ал көктемгі уақытта ол 20-30 м3/с дейін өседі. Таулы аймақтарда жазықтықтардың максималды еңістігі 0,01-0,03-ден 0,005-0,007-ге дейін өзгереді.
Өзендердің қоректенуінде атмосферлі жауын-шашындар және жерасты сулар үлкен рөл атқарады. Ірі өзендер (Жанама, Шар, Ағынықатты, Былқылдақ, Үлкен және Кіші Буконь) жыл бойы үстіңгі сулы айналымға ие, ал олардан кіші бұлақтар жиі құрғап қалады.
1.2.4 Ауа - райы
Аймақтың климаты – күрт өзгереді. Жаз – ыстық және құрғақ, қыс – қарлы және аязды. Мұз қату қарашада басталып желтоқсанда аяқталады. Қаңтардағы орта температура -200С, ең минимумы –440С. Шілдедегі орта температура +240С, ең максимумы +420С. Қар жамылғысы қараша ортасынан наурыз айының аяғына дейін тұрады. Қар жамылғысының орта тереңдігі 0,4-0,6 метр. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 160-400 милиметр жылына.
1.2.5 Облыстың тұрақтануы
Кенорынға ең жақын орналасқан тұрғылықты пункт Николаевка ауылы. Ландшафтының сипаттамасы бойынша аймақ өсімдік пен жануар дүниесі бар құрғақдалалық зонаға жатады. Жұмыс аймағы сейсмикалық қауіпсіз.
Тұрғылықты халықтың шаруасы – мал және жер шаруашылығы.
1.2.6 Облыстың экономикалық дамуы
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған, аумағы 283,2 мың шаршы шақырым, 2010 жылғы қаңтардың 1-іне халқы - 1 млн. 419 адамды құрайды, соның ішінде экономикалық белсенді халық - 765,1 мың адам. Облыс орталығы - Өсемен қаласы, халқы 300 мың адам. Облыстың әкімшілік бөлінісі: 6 облыстық маңыздағы қала, 4 аудандық маңыздағы қала, 15 ауылдық аудандар, 3 кенттік және 255 ауылдық округтер бар, олардың құрамына 763 елді мекендер мен 22 кент кіреді.
1.2.7 Транспорттық жағдайлар
1.2.8 Облыстың электрқуаттылығымен қамтамасыздануы
2 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Жұмыстың геологиялық, гидрогеологиялық, геохимиялық, геофизикалық сипатамасы
2.1.1 Стратиграфия
Оңтүстік – Батыс Қалбаның ұзақ мерзімді зерттелуіне қарамастан ол 1:200000 масштабты геологиялық түсірілімі бойынша зерттеліп келетін, мына ақырғы жылдарда ғана 1:50000 масштабты геологиялық түсірілім жасалынып жаңа стратиграфиялық ақпараттар пайда болды. Осындай жағдайды Қалба-Нарымдық синклиннің құмдық – жіктасты түзілімдердің бірқалыпты болуымен, изоклинальды жиырылымдардың, кливаждардың кең болуымен, және ерекшелейтін горизонттардың кең болумен сипатталады. Бұл факторлар, және нақтылайтын полеантологиялық қалдықтардың сирек болғандықтан 1:200000 масштабты геологиялық картадағы Шыңғыс-Саур және Рудно-Алтайск тізім легендаларындағы қабаттардың стратиграфиялық орналасуы және жасының диаметрлі-қарама-қарсы талқылауына әкеліп соқты.
Таскөмір жүйесі.
Төменгі бөлім. Жоғарғывизейлік-
Арқалық тастопшасы (C1v3-n1ar).
Арқалық тастопшаның түзілімдері жұмыс аймағының орта аймағында, Батыс-Қалба жарылымның үстімен оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағыты бойынша жұқа сызыкпен, және жұмыс аймағының оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында жұқа сызықпен өтеді.
Жұмыс аймағында ескі жыныстар ашылмағандықтан, мұнда арқалық тастопшасы астында жатқан түзілімдермен қарым-қатынас жасамайды.
Литологиялық құрамы және құрылмыды-текстуралық қасиеті бойынша арқалық тастопшасының түзілімдері екі топқа бөлінеді: төменгі және жоғарғы.
Төменгі қабат (C1v3-n1arа) шөгінді-жанартаукластикалық жыныстармен көрсетілген.
Төменгі қабаттың литологиялық құрамы тек қана біртектілікпен сипатталады, ол ортатүйіршікті, ірітүйіршікті және кесектүйіршікті туффитармен, туфтықұмтастармен, және жиі полимиктті құмтастармен көрсетілген.
Төменгі және жоғарғы қабыт арсындағы литологиялық құрамының жылдам контарстіне байланысты екеуінің арсындағы байланыс жылдам, анық, түзусызықты және аймақта жақсы бақыланады.
Жоғарғы қабат (C1v3-n1arб) Батыс-Қалба жарылымының оңтүстігінде орналасқан. Қабат сазды алевролиттердің ұсақ және ірітүйіршікті кварц-далашпатты полимикті құмтастар мен туфтықұмтастартың қабатталуымен сипатталады.
Қиманың жоғарғы бөлігінде (Сардынкөл жарылым үстімен) әр түрлі түсті кремнийлі алевролиттер және ортатүйіршікті қара-сұр мен сұр түсті әктастар линзалардың кең таралған.
Сонымен бірге қиманың жоғарғы бөлігінде базальтты порфириттердің бүркемелері кездеседі.
Жоғарғы қабаттың төменгі бөлігінде қалыңдығы 50 метр, азқалыңдықты (0,1-0,3 м) және ұсақтүйіршікті қара-сұр түсті пелитоморфты әктастар линзалары бар, жұқа кейде массивті сазды және көмірлі-сазды алевролитті паралельді қабатты топтамен ерекшеленген. Сағалануы бойынша әктастар жылдам сүйірлене тамамдалады және әктасты немесе қара-сұр түсті жұқатүйіршікті алевроқұмтасты әктастармен алмасады.
Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс Батыс-Қалбада біржасты түзімдердің дамуына байланысты, олар бір бірінен литологиялық құрамы және қима сипаттамасы бойынша аздап айырмашылығы бар, яғни Батыс- Қалба тектоникалық бұзылым орта палеозойда таскелбеттердің таралу шекрасының қызметін атқарды.
Батыс-Қалба ашылмының солтүстік-шығыс бөлігінің жоғарғы қабаты қара-сұр түсті ұсақ және ортатүйіршікті кварц-далашпатты қабатшалары бар көмірлі-сазды және сазды алевролиттердің қабатталуымен сипатталады.
Мүшеленбеген намюр ярусы. Төменгі қабат (С1nа).
Намюр ярусының түзілімдері жұмыс аймағының солтүстік-шығыс (Батыс-Қалба ашылымының солтүстік-шығысында) және оңтүстік-батыс бөлігінде дамыған.
Намюр ярусының төменгі қабат түзілімдері қиманың екі түрімен сипатталады.
Қиманың бірінші түрі таскелбеттің Оңтүстік, ал екіншісі Солтүстік бөлігінде дамыған.
Таскелбетті облыстар шөгінделудің түрлі жағдайлармен сипатталуы мүмкін, яғни ол қима сипаттамасы және литологиялық құрамы бойынща ажыратылатын шөгінділердің түзілуіне әсер етті.
Оңтүстік таскелбетті облыстың төменгі қабаты массивті құрылымға ие және ұсақ және орта түйіршікті туффиттер, шоқты-сұр және көгілдір-сұр түсті туфті құмтастармен көрсетілген. Орташа мөлшерде полимикті құмтастар, сазды және кремнийлі сызықты алевролиттер кездеседі.
Солтүстік таскелбетті облыстың төменгі қабат қимасында сазды және көмірлі-сазды алевролиттер үлкен рөл атқарады. Қабат массивті-қабатты құрылымға ие және массивті ортатүйіршікті туфтіқұмтастар, туффиттер және жиіқабатталған алевролиттері бар құмтастар топтамаларының қабатталуымен көрсетілген.
Сағалануы бойынша солтүстік-батыс бағыттағы жанартаулыкластикалық жыныстардың массивті топтамалары нақтыланбаған, және олардың қималарында алевролиттер пайда болып топтама күрделі құрылымға ие болады, бірақ мұнда туффиттер туфтықұмтастар көбірек кездеседі.
Төменгі бөлім, жоғарғынамюр ярусасты – орта бөлім (С1n2-C2).
Түзілімдер көп таралмаған және жұмыс аймағының орта бөлігінде дамыған. Түзілім құрамында орта және ортаұсақ түйіршікті полимиктті және кварц-далашпатты құрамдас құмтастар, азқалыңдықты алевроллит қабатшалары бар сұр, қара-сұр түсті туфтіқұмтастар, гравелиттер және ұсақмалтатасты конгломераттар бар.
Неоген жүйесі.
Неоген жүйесінің түзілімдері қазіргі бедердің төменінде кішігірім «дақ» тәрізді дұрыс емес пішіндес түрде ашылып, аз таралған. Бұл түзілімдер қатпарлы палеозойлық негізде үйлесімсіз жатады және төрттік түзілімдермен жабылады. Викторовка өзенінің жоғарғы ағысында олар палеозой жыныстарының қызыл-сұр, қызыл-қоңыр тасмалталары бар саздар және үшкіртастармен көрсетілген.
Викторовка өзенінің сол ағысында неогенды түзілімде палеозой жыныстарының үшкіртастар мен тасмалталары бар сары-қоңыр саздармен көрсетілген. Сырт келбеті бойынша олар көрші ауданмен ерекшеленген жасыл саздарға ұқсас. Жасыл саздардағы фауна миоценді, мүмкін төменгі плиоценді уақытқа көрсетеді.
Плиоценді жаспен алынған сары-қоңыр және қызыл-қоңыр саздар арасындағы байланыс болмағандықтан, және зерттелген аймақтағы фаунаның болмауы байланысты, бұл түзілімдерді біржасты қабаттарға бөлінбейді, және олардың жасы мүшеленбеген неоген болып беріледі. Неогенді қабаттың көрінерлік қалыңдығы 2-3 метр. Ю. Я. Ретейдің іздеу бұрғылау мәліметтері бойынша Былқылдақ өзенінің жоғарғы бөлігінде олардың қалыңдығы 20-25 метрге дейін жетеді.
Төрттік жүйе.
Төрттік жүйе түзілімдері жұмыс аймағының кайнозойлық қалаптасулардың негізгі бөлігіне қосылады. Олар шұбар-ала литологиялық құраммен сипатталады. Және ол көлденең және тік бағытта өзгереді. Зерттелген аумақта палеонтологиялық қалдықтардың болмауына байланысты төрттік түзілім мүшеленуі геоморфологиялық әдіспен жүргізіледі, ал олардың жасы көршілес аймақтардың түзілімдеріне сәйкестіріліп алынған. Көршілес аймақта бұл шөгінділер фауналы сипатталады.
Төрттік түзімдер ішінде орта-жоғарғытөрттік, жоғарғытөрттік, жоғарғытөрттік-қазіргі және қазіргі қалыптасулар ерекшеленеді.
Орта-жоғарғытөрттік түзілімдер (QII-III).
Орта-жоғарғытөрттік түзілімдерге аллювиальды-деллювиальды және аллювиальды-проллювиальды шөгінділер және де үшінші терассадағы аллювийлер жатады. Ақырғы аллювий Ағынықатты өзені жазықтығында таралған және аздап кездеседі. Ол негізінде құмдақтар, дөңбектасты-малтатасты-