Іздеу жұмыстар нәтижелерін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 14:34, отчет по практике

Описание

Іздеу жұмыстарын жүргізгенде көптеген пайдалы минералдардың біліну белгілері анықталынады: олар аномалиялар, аномалиялық зоналар, білінген пайдалы минералдадну мен кенбілінімдері. Осы кендену белгілерін тексеру және бағалау өз кезегінде бірнеше әдістермен жүргізіледі. Тұрақты және шашыранды шөгінді түзілген бөлікшелердегі аномалия мен аномалдық зоналар алғашқы кезекте оның табиғаты және пайдалы минералдардың біліну, жарамсыздық ерекшелігі тексеріледі.

Работа состоит из  1 файл

Іздеу жұмыстар нәтижелерін бағалау.doc

— 26.50 Кб (Скачать документ)


Іздеу жұмыстар нәтижелерін бағалау

1.Аномалиялар, аномалиялық зоналар, білінген пайдалы минералдадну мен кенбілінімдерін бағалау тәсілдері.

Іздеу жұмыстарын жүргізгенде көптеген пайдалы минералдардың біліну белгілері анықталынады: олар аномалиялар, аномалиялық зоналар, білінген пайдалы минералдадну мен кенбілінімдері. Осы кендену белгілерін тексеру және бағалау өз кезегінде бірнеше әдістермен жүргізіледі. Тұрақты және шашыранды шөгінді түзілген бөлікшелердегі аномалия мен аномалдық зоналар алғашқы кезекте оның табиғаты және пайдалы минералдардың біліну, жарамсыздық ерекшелігі тексеріледі.

Алғашқы білінген пайдалы минералдану зонасы алдынала бағалануға жатады және негізгі мақсаты оны жарамсыз деп санау немесе  келесі дәрежедегі кенбілініміне ауыстыру. Барлық анықталған кенбілінімдері жете бағалауға  ұсынылады өйткені олардың потенциалды кенорны бола алама деген мүмкіндікке байланысты  қарастырылады.

Іздеу жұмыстарын жүргізген соң міндетті түрде бірінші кезекте  лито-, атмо-, гидро-, биохимиялық аномалиялар мен зоналар тексеріледі.

Осы алға қойылған мақсаттың орындалуына байланысты бөлікшелердегі аномалиялар мен аномалды зоналар маңында мысалыға (масштабы 1:2000) ірімасштабты сұлбалық геологиялық карталар мен қималар құрастыру үшін міндетті түрде қосымша геологиялық бақылаулар жүргізіледі.

Аномалия контурын және оның алаңын орнату үшін тыңғылықты түрде жекелеген іздеу әдістері жүргізіледі. Осылар анықталғаннан кейін максималды түрде барлық белгілері бар бөлікшелер ауданына түпкілікті тау жыныстар қабатына дейін бұрғылау ұңғымалары мен таукен үңгімелері жүргізіледі.Осы ұңғымалар мен таукен үңгімелері арқылы аномалия белгілерінің өзгеру ерекшеліктері, геофизикалық параметрлері алынған геологиялық қималарда көрсетіледі.

Дұрыс оң бағаны - табиғаттағы пайдалы минералдану белгілері табылған аномалиялар иемденеді сонымен қатар алғашқы бақылауларды шлихты ореолдар мен аллювиалды шөгінділерден бастайды - себебі, суағынымен жоғары қарай бойлап, келесі кезекте делювиалды шөгінділер арқылы бағаланып өзен аңғарларның ірі дельталарын контурлаумен жалғастырылады.Ореолдарды контурлағаннан соң тұпкілікті жыныстар ашылымымен байланысты пайдалы минералдану белгілерін анықтайды.

Алдынала пайдалы минералдану белгілері арқылы анықталған бағалаудың бірден бір мақсаты төмендегі жұмыстарды жүргізумен сипатталады:

-Жете құрылымдық-геофизикалық бақылау;

- 20х10 м торы бойынша геохимиялық іздеу жүргізу;

-Жер бетіндегі таукен үңгімелері мен ұңғымаларын жүргізу;

-Таукен үңгімелері мен бұрғылау ұңғымаларына геохимиялық және қатардағы сынамалау жұмыстарын жүргізу;

- сонымен қатар келешекте петрографиялық, петрофизикалық және минералды-геохимиялық зертеулер жүргізу үшін үлгілер алынады;

Осы жүргізілген жұмыстар нәтижелері бойынша минералданған жыныстар бөлікшелері мен магниттік, гравитациялық, электр өрістері өзгерген учаскелердің бір бірі мен тығыз байланысы анықталынады. Кенденудің минералдық және пайдалы элементтер құрамы анықталынады.

Учаскелерден алынған нәтижелер оң болған жағдайда, сол жерлерде бір-екі іздеу бағалау ұңғымалары бұрғыланады, тереңдігі ондаған метрден жүздеген метрге жетеді. Анықталынған пайдалы қазбаны жете бағалауға іздеу-бағалау жұмыстарының барлық түрлеріне жүргізіледі Осы жүргізілген бағалау жұмыстар нәтижелері кенбілінімін толық өнеркәсіптікке тиімсіз немесе потенциалды кенорын ашылуы мүмкін деген дәлел келтіруге және алдынала барлау жұмыстарына жолдама беруге болады.

 



Информация о работе Іздеу жұмыстар нәтижелерін бағалау