Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:29, реферат
10 жылдан кейін Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Тіл мәселелері бойынша мемлекеттік тілді дамыту туралы нақты бағдарлама даярлау керек. Атап айтқанда, онда биылғы жылы, алдағы жылы, сондай-ақ 10 жылдан кейін не істейтіндігіміз туралы барлығы қарастырылуы қаж
10 жылдан кейін Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Тіл мәселелері бойынша мемлекеттік тілді дамыту туралы нақты бағдарлама даярлау керек. Атап айтқанда, онда биылғы жылы, алдағы жылы, сондай-ақ 10 жылдан кейін не істейтіндігіміз туралы барлығы қарастырылуы қажет», деп атап өтті Үкімет басшысы.
«10 жылдан кейін еліміздің әрбір азаматы қазақ тілінде еркін сөйлеуі тиіс. Бұл - біздің мақсатымыз», деп түйіндеді өз сөзін К. Мәсімов.
Үкімет отырысында «ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша ҚР Үкіметінің іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қаулы жобасы мақұлданды.
Қаулы жобасы бойынша баяндама жасаған Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альбер Рау «Ол бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шара жоспарын бекітуді көздейді. Іс-шаралар жоспарының жобасы құпталды және барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, әкімдермен, «Самұрық-Қазына» қорымен, «ҚазАгро» холдингімен келісілді. Осыған орай Қаулы жобасын Үкімет мүшелеріне дауыс беруге ұсыну мүмкін деп санаймыз», деді.
Жоспарда стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың шектеулі саны белгіленген.
Үкімет Қаулысы мақұлданғаннан кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов«Осы құжатқа қол қойылғаннан кейін оны іс жүзіне асыру қажет. Себебі бұл нақты маңызы бар құжат. Оны әкімдермен, бизнеспен, сондай-ақ кеше селекторлық кеңесте талқыладық. Бұл жоғары деңгейде қарастырылған құжат. Сондықтан енді оны орындау керек», деді.
Отырыс барысында Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау республикалық Индустриялық картаға 6,8 трлн. теңгенің 101 жобасы енгізілгендігін хабарлады.
«Қорытындылай келе біз жобалардың соңғы тізімін айқындадық. Республикалық картаға 6,8 трлн. теңгенің 101 жобасы енгізілді. Осының нәтижесінде тұрақты түрде 87 мың жұмыс орны құрылатын болады», деді А. Рау.
Бұған дейін республикалық картаға 98 жоба енгізілген болатын. Нәтижесінде республикалық карта тағы 3 жобамен толықты.
Ал өңірлік картаға 580 миллиард теңгенің 139 жобасы іріктелінді.
Сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Денсаулық сақтау, Білім беру және тілдерді дамыту туралы бағдарламалар жан-жақты зерделеніп, әзірленуі тиіс деп атап өтті.
«Қазір алдымызда маңызды 2-3 бағдарлама тұр. Олар белсенді түрде экономикалық саясат жөніндегі кеңесте талқылануда. Енді оны сараптамалық топтарда, қоғамда қарастырудың фазасы жақындап келеді. Бұл - Білім беру, Денсаулық сақтау және Тілдерді дамыту бағдарламалары», деді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр алға қойылған мақсаттар аясында барлық 3 бағдарлама да нақты әрі маңызды түрде, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен, 2020 Даму бағдарламасымен, Индустриялық бағдарламасымен өзара байланысуы тиіс екенін жеткізді.
Сонымен бірге К. Мәсімов Білім беру бағдарламасы еліміздің барлық жоғарғы оқу орындары мен техникалық білім беру мектептерімен өзара септесуі тиіс екенін айтып өтті.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау бағдарламасында жоғарғы және тиісті талаптар қамтылуы керек екенін қадап айтты.
Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бекітілді.«Премьер-Министрдің кеңсесіне «Жол картасын» қабылдау туралы қаулыны маған қол қоюға енгізуді тапсырамын. Бұл бағдарлама аясындағы қаржыға ертеңнен бастап қол жетімді болсын», деді отырыста Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.
Экономика және сауда министрі Жанар Айтжанованың айтуынша, 2010 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 30 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау сынды үш бағыттан тұрады. Бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру мынадай механизмдер арқылы іске асырылады: сыйақы ставкасын субсидиялау; сыйақы ставкасына кепілдік беру; өндірістік инфрақұрылымды дамыту; бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету. Бірінші бағыт аясында субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін жаңа несиелер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады. Банктер қарыз алушылар үшін сыйақы ставкасын 12 пайызға дейін төмендетеді. Оның 7 пайызын борышкер төлейді, 5 пайызын мемлекет компенсациялайды.
Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру кәсіпкерлікті сауықтыруға бағытталған. Оның аясында мынадай қолдаулар көрсетілмек. Борышкер-кәсіпорынның банктерде бар несиелерінің пайыздық ставкалары және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір несиелік желі аясындағы жаңа қарыздар субсидияланатын болады. Сонымен қатар, борышкерге үстемақыны қоспастан салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеуді 3 жылға дейін кейінге қалдыруға мұрша беріледі. Бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші бағыты сыртқы нарықтарға өнімдерін экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. 2010 жылы банктердің сыйақысы ставкасы 12 пайыздан аспауы тиіс. Бұл ретте эскпортшы оның 4 пайызын төлейтін болады, ал 8 пайызын мемлекет компенсациялайды. 2011 жылы субсидиялау мөлшері банктің сыйақы ставкасының 70 пайызын құрайтын болады. «Тұтастай алғанда бағдарламаны жүзеге асыру индустрияландыру үдерісінде шағын және орта бизнестің рөлін күшейтуге, өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыруға, шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайтуға ықпал ететін болады», деді Ж. Айтжанова.
Сонымен қатар сол күнгі Үкімет отырысында Үкімет пен кәсіпкерлік ұйымдар арасында бірыңғай үйлестіруші кеңес құрылғандығы жөнінде белгілі болды.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл өткен жылы жұмыс істеген және өзінің тиімділігін көрсеткен дағдарысқа қарсы кеңестің заңды жалғасы болып табылады. Аталмыш кеңестің құрамына бизнес қоғамдастықтардың, қаржыгерлер қоғамдастығының, «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының, Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының және Үкіметтің өкілдері еніп отыр. «Бұл біз шұғыл режімде шешім қабылдай алатын жұмыс органы болып табылады. Яғни, біз кәсіпкерлермен және банктік ортамен өзара іс-әрекет жасайтын жұмыс «организмін» құрдық», деді К. Мәсімов.
ҚазАқпарат
01 қазанның 2010 ж.
Қыркүйек айының соңында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық тобы құрамында еліміздің өңірлерін аралады
Агенттік Төрағасы М.Т. Есенбаев екі күн бойы Қызылорда облысында болды.
Агенттік Төрағасы Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарда болып, жергілікті халық пен еңбек ұжымдарымен көптеген кездесулер өткізіп, Мемлекет Басшысы қойған міндеттердің қазір орындалғандары туралы баяндап өтті.
Агенттік Төрағасы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «УАД» ЖШС асфальт зауыты өкілдерімен кездесу барысында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы басымдық берілген салаларды дамыту мен индустриялық жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсету шараларын айқындап бергендігіне тоқталып, өңірде мемлекет экономикасын қарқынды дамыту және модернизациялауға бағытталған оншақты жаңа инновациялық жобаларды ашуға мүмкіндік ашқанын атап көрсетті.
Агенттіктің Жауапты Хатшысы Н.Ә. Әбді Атырау облысын аралады. Іс-сапар барысында Агенттіктің Жауапты хатшысы «Констракшн KZ» ЖШС, «КазТурбоРемонт» ЖШС зауыттары және қалалық әкімдік өкілдері , қала тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар Жұмыскер кентіндегі И.Тайманов атындағы орта мектебі ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Агенттіктің Жауапты хатшысы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қазір іске қосылған алдыңғы қатарлы технологиялар мен құрылғылардан жабдықталған кәсіпорындарға тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан монополияға қарсы органның қызметіне қатысты сұрақтар қойылып, көкейтесті сұрақтарға нақты жауаптар берілді.