Бұғы шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 13:55, научная работа

Описание

Бұғы шаруашылығы – бұғы өсірумен айналысатын шаруашылықтың бір саласы. Бұғы (марал, теңбіл бұғы) мүйізінен дәрі жасалады, сондай-ақ еті, терісі пайдаланылады. Солтүстік Бұғы шаруашылығы (солтүстік бұғыларды өсіреді) және панталық.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми-жұмыс.doc

— 71.00 Кб (Скачать документ)

К І Р І  С ПЕ

 

Бұғы шаруашылығы  – бұғы өсірумен айналысатын шаруашылықтың  бір саласы. Бұғы (марал, теңбіл бұғы) мүйізінен дәрі жасалады, сондай-ақ еті, терісі пайдаланылады. Солтүстік  Бұғы шаруашылығы (солтүстік бұғыларды  өсіреді) және панталық.

 Бұғы шаруашылығы (теңбіл бұғылар, марал, изюбрь өсіріледі) болып бөлінеді.Солтүстік Бұғы шаруашылығы Ресейде, Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Канадада, АҚШ-та (Аляска), ал панталық Бұғы шаруашылығы Ресейдің Алтай, Красноярск, Приморье өлкелерінде, Қытайда, Кореяда, Моңғолияда, Қазақстанда дамыған. Қазақстанда бұғылар 19 ғасырдың басынан қолда өсіріледі. Қатонқарағай ауданында 8 бұғы өсіретін шаруашылық ұйымдастырылған. Онда 11300 марал өсіріледі (1999). Мұндағы бұғылар жазда арнайы темір сыммен қоршалған кең алқаптарға жайылады, қыста қыстауларда бағылады. Жас төлге арналып жеке қора салынады. Қыс кезінде бұғылар әр түрлі жемшөп (сүрлем, концентраттармен) қоректендіріледі. Мүйізі жылына 1 рет кесіледі. Әр бұғыдан 6 – 7 кг-ға дейін мүйіз алынады. Ол арнайы әдіспен қайнатылып кептіріледі. 14 – 16 жастан аспаған маралдың мүйізі өте жоғары бағаланады. Бұғының әлі сүйектенбеген, ішіндегі қаны жас мүйіздерінен өте құнды пантокрин дәрісі алынады. Қазақстанда «Ақсу» акцион. қоғамы, «Ақсу-ДЭЕН» бірлескен кәсіпорны пантокрин дәрісін жасап, экспортқа шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛТЫН БЕСІГІ, АТА ЖҰРТЫ

 

            Түркі жұртының «алтын бесігі, ата жұрты» саналған Алтай  ғажайып табиғатымен, ерекше аң-құстарымен  әлемге әйгілі. Әсіресе, Алтай  кербез, тәкәппар кербұғысымен ерекшеленеді. Алтай, оның ішінде Катонқарағай ауданы марал шаруашылығының отаны болып саналады. Елімізде маралдар ең алғаш осы жерде қолға үйретілген.

Ал, қолдарыңыздағы басылымнан өлкемізде осы маралдың қолға үйретілуі мен бұғы шаруашылығының ұйымдастырылу тарихы және маралды азықтандыру жайы, маралдан алынатын панты өнімі мен оның адам ағзасына тигізер пайдасы, болашақта бұғы өндірісінің даму жолдары туралы мағлұмат алуларыңызға болады.

Басылым осы  тақырыпқа қызығушылық танытқан барлық оқырмандарға арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БҰҒЫЛАРДЫҢ ТІРШІЛІГІ  ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

 

Ежелгі қытай  аңыздарында, құдайларды сапар шеккенде тарғыл бұғылар ұдайы қолдап жүрген, бұғы медициналық құндылықтардың нышанын  білдірген. Ересек  еркек-бұғы –  молшылық күннің белгісі болып есептелінсе, оның тармақталған мүйізі  Өмір ағашын, күн сәулелері – ұзақ өмір мен жаңаруды білдірген. Марал – табиғаттың күш-қуат беретін белгісінің бірі.

Марал – Евразиядағы  асыл текті бұғылардың ең ірі өкілі. Маралдар алтайлық және тянь-шаньдық  деп екі түрге бөлінеді. Тянь-шаньдық түрі – азиалық маралдардың ішіндегі ең ірісі. Ересек марал аталығының бойы шоқтығында 160 сантиметрге жетеді, салмағы –  300-350 килограмм. Ұрғашы маралдар біраз кіші болады. Бұқалары үнемі ұрғашысын іздейді, және шектен тыс мазасыз болады: желкесі күжірейіп, көзі қанға толып, тамақты аз ішеді, өте өткір иіс шығарады. Еркек бұғылар арасында төбелес те аз болмайды. Күйек басталарда ұрғашы жас бұғылар мінездерінің өзгеруін онша білдіртпейді. Бірақ, содан соң, біртіндеп өкірген өгіздерге қарай жылжи бастайды, дауысы зор және мүйізі күшті дамыған, ең қуаттыларын таңдайды.

Қазан айының соңы мен қарашада асылтекті бұғылар  көбіне қысқы қонысқа топтала  бастайды. Маралдардың қоныстанатын орыны – қары онша көп емес жерлер, олар  негізінен жылғалары мен  өзендері бар таулардың көлеңкелі жағына үйренген. Кейбір қоныстары қары аз болатын таудың күн шуақты оң баурайында орналасқан. Көптеген басқа жануарлар сияқты маралдардың да, қонысқа деген  түйсігі айтарлықтай айқын байқалады, олар өздеріне тиесілі жер көлемін ұстап тұруға тырысады, ал егер аяқ астынан қауіп-қатер төнсе немесе жарақаттанса – өз туған жерлерінен пана іздейді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында асылтекті бұғылар  бұрын қоныстанған көп аудандардан  жойылып кетті. Бұл әсіресе Алтайда  және осы солтүстік Тянь-Шаньда  байқалады. Бұндай жағдай есепсіз қыру мен  тиісті күзеттің болмауының салдары еді. Қазіргі уақытта маралдар Қазақстанның бірыңғай таулы аудандарында кездеседі. Әлемнің көптеген елдерінде маралдар Қызыл кітапқа енгізілген, бақытына қарай, Қазақстандағы маралдардың қауіп-қатерсіз өмір сүретін жерлері көп.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           МАРАЛ — аша тұяқтылар отрядына жататын сүт қоректі жануар. Дене тұрқы 250—265 см, биіктігі (шоқтығынан) 135—155 см, салмалмағы 300—340 кг. Ересек бұңасының тармақталған, сүйекті, бітеу мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз болмайды, құйрығы қысқа. Мекендейді Баттыс Европада, Солтүстік Африка (Алжир, Тунис, Марокко), Иран, Ауғанстан, Монғолия, Оңтүстік-Шығығыс Қытай, Тибетте, Солтүстік Американың қоңыржай аймағында таралған. СССР-де Белоруссия, Карпат, Воронеж, Кавказ, Алтай, Шығ. Сібір, Қиыр Шығыс, Тянь-Шань т. б. Жерлерде кездесетін 7 түр тармағы бар. Бұның бірі Қазақстанда Алтай, Саур, Тарбағатайда, Ортлық Тянь-Шаньда, Жоңғар, Күнгей, Теріскей,Іле Алатауында, Кетпентауда, Нарын-қол ауднда кездеседі. Іле, Жоңғар Алатауында, Орт. Тянь-Шаньда, Шығыс Қазақстанда мал өсіретін совхоздар ұйымдастырылған. Мүйізінен панты алады. Марал тоғайлы, тайғалы орман, субалпілік, қоңыржай аймақтарды мекендейді. Марал— шөп қоректі жануар. Үйірімен топтанып жүреді, полигамды.Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі, август—сентябрьде қашып, май —июньде туады. Маралдың жыл сайын қыстың ортасында ескі мүйізі түсіп, жаңа мүйіз шығады. Маралдың сүйектенбеген жас мүйізінен — пан- 
ты алынып, одан пантокрин дәрісі жасалады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ О Р Ы Т  Ы Н Д Ы

 

           Сонымен қоршаған ортаның белгілі  бір бөлігінде жануарлыр қорының  молайып, сол қалпында сақталуы  ең алдымен көбіне сол жердің  жергілікті адамдарының қоршаған  орта мен оның табиғатына деген  көзқарасы мен жанашырлығына байланысты болатынына толық көзіміз жетті. Сондықтан да адамдардың табиғатңа жанашыр болуы болашақ ұрпақтарына жаны ашығандығы болып табылады. Өйткені, бүгінгі мол табиғат байлығы — ертеңгі таусылмас халық қазынасы, бар игіліктің бастауы.Сондай-ақ жоғарыды келтілген мысалдардың барлығы кәсіптік маңызы бар жануарлар,


Информация о работе Бұғы шаруашылығы