Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2012 в 12:11, реферат
Жануарлар - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі - өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы — 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортанын эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялык өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен үштасады.
Жануарлар бейімделушілігін сипаттайтын келесі тұжырым - Глогер ережесі немесе оны үшінші ереже деп те атайды. Бұл ереже бойынша суық және құрғақ климатты аудандардағы жануарлардың түсі ылғалды аудандармен салыстырғанда ашығырақ болады. Солтүстік және оңтүстік аумақтардағы түлкі жануарын салыстырсақ, оңтүстік түлкісінің түсі қоңырқай, сәйкесінше солтүстік түлкісі ақ түсті болып келеді.
Солтүстіктің ақ түлкісі
сурет 1
Жануарлар анатомиясы (грекше
аnаtоmе — кесу, бөлшектеу) — жануарлардың
жеке органдарының, орган жүйелерінін
және организмнің бітімі (формасы) мен
құрылысы туралы ғылым. Жануарлардың тұқымдық
ерекшелігін — тұқымдық анатомия;
органдардың орналасуы мен
Жануарлар генетикасы (грекше
gеnеsіs – шығу, пайда болу, тек) —
жануарлардың тұқым қуалаушылық
және өзгергіштік қасиеттерін
Жануарлар морфологиясы (грекше
mоrрһе - пішін) — денесінің пішіні
мен құрылысы, олардың жекеше және
тарихи эволюциялық дамуы туралы
ғылым. Бұл анатомия, гистология, эмбриология,
цитология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Қазақстанда эволюциялық
Жануарларды сұрыптау (латынша sеlесtіо - таңдау, сұрыптау) — малдың жаңа тұқымдарын шығару және оларды жақсарту тәсілдері туралы ғылым; зоотехния саласы. Мұның мақсаты: малдың өнімділігін және түрлі ауруға төзімділігін арттыру, тіршілік мерзімін ұзартып, қазіргі өндіріс технологиясына бейімдеу. Қазақстанда өнімді аз беретін жергілікті мал тұқымдарын сұрыптау, іріктеу, оларды мол өнімді тұқымдармен будандастыру арқылы малдың жаңа тұқымдарын шығару іске асырылды. Республика селекционерлері тұқым таңдау, жұптастыру, аса бағалы генотиптерді іріктеп, оларды сұрыптауда пайдалану, алынған тұқымдардың қоршаған ортаға бейімделуі, алыс-текті будандастыру мәселелерімен айналысты. Қазақтың акбас сиыры, Әулиеата, Алатау сиырлары, Қазақтың биязы жүнді қойы, Оңтүстік қазақ мериносы, Солтүстік қазақ мериносы, Биязылау жүнді дегерес қойы, Қазақарқар-мериносы, Кеңес жүндес ешкісі, Қостанай, Көшім жылқылары, жабы тәріздес Қазақ жылқысы, сонымен қатар үйректің "Медеу", тауықтың "Алатау" түрлері, т.б. шығарылды. Сондай-ақ, Қырдың қызыл, Галловей, Санта-гертруда сиырларының тұқымын жақсарту әдістері ұсынылды. Айршир, Қалмақ сиырларының таңдаулы табындары мен Кроссбред қойының отарлары құрылды, биязылау жүнді және құйрықты қой типтері шығарылды.
Жануарлар физиологиясы (грекше
рһуsіs — табиғи) — жануарлар организмінің,
оның жеке клеткалары, тіндері мен
органдарының, қызмет жүйелерінің тіршілігі
туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты
— адамның мұқтажына, талабына сәйкес
үй хайуанаттарының тіршілік әрекеттерін
зерттеп, олардың өнімділігін, өнімінің
сапасын арттыру. Жануарлар физиологиясы
негізінде малдың қоректік заттар мен
энергияға деген мұқтаждығы анықгалып,
нормативтер белгіленеді; төл өсіру
мен малды күтіп-бағудың ғылыми
негіздері ұсынылады; мал өсірудің
тиімді жолдары анықталып (қолдан ұрықтандыру,
ұрықты көшіру, т.б.) практикада әр түрлі
техниканы қолдануға жол
Жануарлар экологиясы - экологияның
бір саласы. Бұл салада экожүйедегі
популяцияның тірші-лік ету заңдылықгары
анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға
бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада
болып жатқан антропогендік факторлар
жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті
кейбір түрлерінің жойылып кетуіне
әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген
іс-әрекетінін нәтижесінде, сондай-ақ
технологиялық қалдықтар мен
радиоактивтік заттардың, әр түрлі
табиғатта болып жататын
Информация о работе Жануарлардың тіршілік формалары және сыртқы ортаға бейімделуі