Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:05, творческая работа

Описание

Алғашқы дәрігерлік көмек — алғашкы дәрігерлік көмек жасактары, зақым ошағы займағында аман қалған емдік-профилактикалық мекемелердің дәрігерлері көрсететін көмек. Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі міндегтері: жара инфекциясыдамуының алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру; шок профилактикасы және онымен күрес, тіршілік көрсеткіштері жағынан закымданғандарға химиялық жәрдем көрсету, сәуле шарпуы мен улағыш заттардың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту

Работа состоит из  1 файл

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.pptx

— 313.77 Кб (Скачать документ)

Алғашқы дәрігерлік көмек     көрсету

 

Аманжолова  Айгерим 

ТМО 12-11

Алғашқы дәрігерлік көмек — алғашкы дәрігерлік көмек жасактары, зақым ошағы займағында аман қалған емдік-профилактикалық мекемелердің дәрігерлері көрсететін көмек. Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі міндегтері: жара инфекциясыдамуының алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру; шок профилактикасы және онымен күрес, тіршілік көрсеткіштері жағынан закымданғандарға химиялық жәрдем көрсету, сәуле шарпуы мен улағыш заттардың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету  принциптері мыналардан құралады:   
1) оқиға орнын қарау;  
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;  
3) жедел жәрдем шақыру;  
4) екінші рет қарау.  

Алғашқы медициналық көмек көрсету  принциптері мыналардан құралады:   
1) оқиға орнын қарау; 
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету; 
3) жедел жәрдем шақыру; 
4) екінші рет қарау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Оқиға орнын қарау  
* Сіз үшін қауіпті емес пе?  
* Не болды?  
* Зардап шеккендер қанша?  
* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.   
 
 

Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:  
 
1) есін тексеру (ми жүйесі);  
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;  
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);  
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысын)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есін тексеру   
- Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.  
- Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.  
 
Сіздің келесі әрекеттеріңіз:  
 
Тыныс жолдарының демалысын тексеру  
Пульсін тексеру   
 
Жедел жәрдем шақыру   
Жедел жәрдемді келесі кез келген жағдайларда шақыру керек:  
 
- ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;  
- тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);  
- үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;  
- пульстің болмауы;  
- көп қан кетуі;  
- іштің қатты ауыруы;  
- қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;  
- улану;  
- сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;  
- бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.

Қол аяғы сынған кездегі алғашқы көмек:  
Есіңізде сақтаңыз, қол-аяқ сынғанда шалт қозғалтуға болмайды, оны тартуға немесе бұруға рұқсат берілмейді. Сүйектері ашық сынып тұрған кезде жарақатқа итермелеуге тыйым салынады. 
Қол-аяқ зақымданғанда ыңғайлы жағдайға келтіру керек. Ашық сынған кезде жарақатқа таза салфетка немесе қол орамал жабу қажет. Зардап шегушіге ауыртпайтын дәрі беру (жасына сәйкес). 

Электр  тогы ұрған кездегі алғашқы көмек:  
Көмек көрсетуші электр тогы ұрған кісіге жақындамас бұрын, өзінің қауіпсіздігін қамдау керек қуат көзін өшіру, зардап шегушінің денесінен ағаш затпен ток өткізгішті алып тастау және т.б.). Егер қарау кезінде зардап шегушінің ұйқы артериясында пульс жоқ болса, тез арада жүрекке тік емес массаж және жасанды тыныс беру керек. Егар ЕС-түссіз, бірақ тамыр соғып тұрса, басын бір шетке бұрып, аузын тазалап, басына суық басып, сондай-ақ жарақатын таңу қажет.  

ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТОҚТАУЫ

 

Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.

 

Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.

  • келесі қолыңның алақанын, қойылған қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс; - қолдарды созып денеңнің салмағын қажетті нүктеге тіктеп түсір, күш созылған қолдар арқылы берілетін болсын. Қысу тәртіптері: Үлкендерге - минутына 60 - 70 -тен кем болмауы тиіс; Жас өспірімдердің кеуде клеткасын 4 см-ге дейін (70-80 рет) қысады; Балаларға - үлкендердің бір қолының күші жеткілікті (100 рет); Нәрестелерге - екі саусақтың күші жеткілікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҰРМЫСТЫҚ КҮЙІКТЕР

 

Белгілері: І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады.

ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады), ауру жанына қатты бата бастайды.

ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады.

ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан байқалған.

 

- Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.

Есіңде болсын! Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.

Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қарал. Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыр.


Информация о работе Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету