Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 17:26, реферат
Мамандардың пiкiрiнше, ауру негiзiнен құрамы үйлесiмсiз және микроэлементтерi аз тағамдарды тұтыну салдарынан болып отыр.
Қаназдық
(анемия) – қан құрамындағы эритроцит
деп аталатын қызыл қан түйіршіктерінің
азайып кетуі кезінде пайда болатын ауру.
Оның пайда болуының түрлі себептері бар.
Ол көбінесе басқа аурулармен қосарланып
келеді немесе сол аурулардың симптомы
(белгісі) болып табылады.
Қаназдықтың
диагнозы қан талдауының нәтижесінде
ғана белгілі болады. Ал себептерін білу
үшін бірнеше рет қосымша анализ тапсыру
керек.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымының критерийі бойынша қаназдық
көрсеткіші 40% деңгейден асып кетсе, елдегі
жағдай аса қауіпті деген сөз. Қазақстанда
шамамен 6,5 миллионға жуық адам (41%) қаназдық
ауруымен ауырады екен. Әсіресе, бүгінде
бала туатын жастағы қыз-келіншектердің
45%-ы, жүкті келіншектердің 80%-ы аталмыш
кеселге шалдыққан.
Аурудың белгiлерi:
Мамандардың пiкiрiнше, ауру негiзiнен құрамы үйлесiмсiз және микроэлементтерi аз тағамдарды тұтыну салдарынан болып отыр.
Терi мен шырышты қабықтардың қуқыл тартып бозаруы, ал қан азаю деңгейi күрт төмендеп кеткенде талып қалу, демiгу пайда болуы мүмкiн. Қабақ үстi терiсiнiң өңi кетiп бозарады. Тiс қызыл етi қаны қашып ағарады. Тырнақ ағарып кетедi. Науқас тез әлсiреп, шаршағыш келедi. Қан көп кеткенде немесе аз-аздап, бiрақ жиi-жиi аға берген жағдайда, жарақаттанғанда, мұрыннан, асқазаннан, жатырдан, тiк iшектен қан кеткенде, сондай-ақ дұрыс тамақтанбағанда темiр құрамының аздығы, тағамда дәрумендердiң жетiспеуiнен болады. Ағза әлсiрететiн созылмалы сырқатқа шалдыққанда құрт ауруы, iш ауруы және тағы басқа аурулармен ауырғанда, уланғанда (саңырауқұлақтан, кейбiр дәрiлерден) қан аздық болады.
Ауыр түрi болса аяқ iсiнiп, жүрек соғысы жиiлейдi, топырақ, бор жеуге әуестенедi. Қан аздық тұқым қуалауы да мүмкiн.
Эритроциттердің
құрамындағы темірге бай
Темір жетіспеушілігінен болатын қаназдық
барлық қаназдықтың 80%-ын құрайтын ең көп
таралған анемиялық синдром болып табылады.
Қаназдықтың бұл түрі тым ауыр сырқат
емес, алайда ол иммундық жүйені әлсіретіп
тастауы мүмкін. Соның салдарынан ағза
түрлі жұқпалы аурулардан қорғана алмайды
және сауығу үрдісі көпке созылуы мүмкін.
Сонымен қатар, ол белсенділіктің төмендеуіне
және әлсіздікке әкеледі.
Анемиялық синдром
кезінде науқастарда әлсіздік, жүректің
қағуы және денеге көп күш түскенде ентігу
пайда болады.
Сидоропеникалық синдром тәбеттің төмендеуі,
белгілі бір тамаққа қалыптан тыс әуес
болушылық түрінде көрінеді (мәселен,
бор, балшық, құрғақ макарон жеуге, т.б).
Циркуляторлық –
гипоксиялық синдромның белгілері – бас
айналу, талып қалу, есте сақтау қабілетінің
төмендеуі.
Қан аздықпен ауырған адамның қаны сұйылып кетедi. Бұл аурудың сипаты — адам денесi қан деңгейiн қалыпқа түсiрiп үлгергенше, қанның азайып немесе жойыла бастауымен байланысты айқындалады. Үлкен жарақат алғанда немесе асқазан жарасының аузы ашылып кеткенде, iш сүзегiмен сырқаттанғанда (дизентерия) қанның тоқтамауы қан аздық ауруына шалдықтыруы мүмкiн. Қанның қызыл түйiршiктерiн жойып жiберетiн безгек (малярия) ауруы да — қан аздық дертiн қоздырушы.
Күнделiктi
тамақ құрамында темiр тектес заттардың
болмауы да ауруды ушықтыра түседi.
Емделу және сақтану шаралары:
Құрамы темiрге бай тағамдармен тамақтану қажет. Әдетте, ет, балық және тауық етi құрамында темiр мөлшерi көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), көкөнiстерінде де темiр бар.
Сондай-ақ
тағамды шойын ыдыстарға
Қан аздықтың қалыпты және ауыр түрiмен ауырғанда темiр қоспалы дәрi-дәрмектер қабылдау қажет. Мәселен, темiр сульфатты дәрiлер. Мұны, әсiресе, қан аздықпен зардап шегетiн жүктi әйелдер iшуi керек.
Қан аздықтың барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалы. Темiр қоспалы дәрiнi әдетте егу арқылы емес, дәрi түрiнде қабылдайды. Өйткенi ине салғызу қанша дегенмен де қауiптi және әсер ету күшi жағынан да iшетiн дәрiден артықшылығы жоқ.
Егер қан аздық iш сүзегi салдарынан, безгек зардабынан пайда болса, онда осы ауруларға қарсы емделу қажет. Қан аздық ауруынан емделуге болады. Ол үшiн ауру адамға қан құяды, қажеттi дәрi-дәрмек бередi. Дұрыс тамақтану мен ұйықтау мерзiмдерiн сақтау, таза ауада көбiрек демалған дұрыс.
Ауру белгiлерi байқалысымен оны анықтау және тиiсiнше ем қабылдау үшiн дереу дәрiгерге қаралу керек.
Темір препараттарын қабылдап жүрген кезде тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Темірдің сіңімділігін арттыру үшін, құрамында С витамині бар тағамдарды молырақ пайдаланыңыз. Олар: цитрус жемістері, қызанақ, түрлі-түсті қырыққабат, т.б. Итмұрын сусыны құрамында С витамині мол болады. Бірақ итмұрын тіс эмалін бұзатын болғандықтан, оны түтікше арқылы ішу керек.
Қан аздығына шалдығудың алдын алу үшiн қансыраудың нелiктен болатынын анықтап алып, дәруменге бай тамақ iшудiң, режимдi дұрыс сақтаудың, дене шынықтырумен, спортпен шұғылданудың, демалысты жақсы ұйымдастырудың маңызы зор.
Ұсынылатын дәрі-дәрмектер:
Ферроплекс (Венгрия), драже түрінде берілген, құрамы: темір сульфаты (50мг немесе 10мг жай темір), аскорбин қышқылы (30мг). Тамақтан 30-40 минут бұрын қабылданады.
Ферро–Фольгамму® (Германия) капсула түрінде берілген, құрамы: темір сульфаты (112 немесе 37 мг жай темір), фолио қышқылы (5мг), цианокобаламин (10 мкг), аскорбин қышқылы (100мг). Тәулігіне 3 капсуладан тамақтан 30-40 минут бұрын қабылдау қажет.
Сорбифер
Дурулес (Венгрия). Таблетка түрінде
берілген, құрамы: темір сульфаты(320 немесе
100 мг жай темір), аскорбин қышқылы (60мг).
Тәулігіне 2 таблеткадан тамақтан бұрын
30-40 минут бұрын қабылдау керек.