Ауру туғызатын бактериялар микроша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2012 в 09:11, реферат

Описание

Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тарамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеле неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады.Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.

Работа состоит из  1 файл

Ауру туғызатын бактериялар микроша.doc

— 191.00 Кб (Скачать документ)

Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тарамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеле неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады.Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.

Бактериялар.

Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиологияөнеркәсібінде микробтармен күресу шаралары табылды. Ауру туғызатын бактерияларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға қарсы қолданылатын дәрілер алынды. Ауырған кезде адам түрлі дәріні пайдаланады. Дәрі адам денесіндегі бактерияларды өлтіреді, сөйтіп адамның ағзасын жұқпалы микробтардан тазартады. Қазіргі кезде жұқпалы ауруларға арналған дәрілердің жаңа түрлері өндірілуде.

Жұқпалы аурулардың алдын  алудың негізгі жолы - тазалық ережелерін сақтау. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны тынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу йод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау және т. б. (Ауасы тазартылған бөлмеле бактериялар саны 13 есе азаяды.)

Бактерияның басқа түрлері  сары ауру, қызамық, қуздама (ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактерия түрлері де ауа арқылы таралады.

Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл аурулы қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.

Қантышқақ (дизентерия) ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғарғы температурада қайнатқаннан кейін де сақталады. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да, улы заттар бөледі. Мұндай тағам адамдарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адам қазаға ұшырауы да мүмкін.

Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пенициллин, ампициллин, бисептол сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол аурулы антибиотиктердің көмегімен 2-24 сағат арасында жазып жіберуге болады. Ертеде (VI ғасырда) Қытайдан басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен қалаларда) он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.

Адам, өсімдіктер мен жануарларды  ауруға шалдықтыратын бактериялар  бар, олар ауру туғызатын бактериялар  деп аталады. Ауру туғызатын бактериялар  ауада, сула, тағамда тіршілік етеді. Адамға солар арқылы оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек,баспа, қантышқақ, құздама ауруы жұғады. Адамның жаппай ауруы індет деп аталады. Ал өсімдіктердің бактериялық ауруы - бактериоз, мақтаның бактериялық ауруы - гоммоз (шайыр ағу). Аурудан сақтану жолы - тазалық сақтау.

Қазақтың біртума шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауруларға өзінше атау берген. Оның ұсынуы бойынша: тышқақ - сатқа, қантышқақ - сатқақ, құздама - сорбуын

 

Анаэробты қоздырғыштар жөніндегі анықтамалар. 

 

Бұл өте  қауіпті асқынулардың бірі, көбінесе қол-аяқтың терең сүйекпен қоса зақымдануында  сонымен қатар алғашқы жараны сапасыз емдеуді жүргізген жағдайда пайда болады. Алғашқы көрінісі жарақаттанғаннан кейін бірнеше сағаттан, бірнеше күннің арасында болуы мүмкін. Аяқ-қол (көбінесе аяқ) ісінеді, тіндер өлуі өршиді, жалпы жағдайы нашарлайды: токсинмен ағзаның улану белгілері пайда болады. Дер кезінде көмек көрсетпесе (көбінесе зақымданған аяқтың бөлігн амплутациялау) өлім қауіпі туады. Процес басталуынан және ағзаның өлуіне дейін өте тез (сағаттар), жедел (тәуліктер) және баяу ағымда (бірнеше күннен аптаға дейін) дамиды. 
Гангренаны бактерияның клостридий түрі шақырады. Олар сыртқы ортада тұрақты, ал споралары қайнатқанда да өлмейді.Жарада оттегі түспегенде дамиды. 
Анаэробты қоздырғыштарға (инфекцияларға) сіреспе, газды гангрена және ботулизм жатады.олар жаралар инфекцияланғанда және организмнін басқа да зақымдалуларында жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы бөлімде жан-жақты айтылады. 
2. Сіреспе (лат., ағыл., фр.-tetanus; нем.- starrkrampt; орыс.- столбняк) – сапрозоонозды бактериалды қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен бұлшық еттердің сіресуімен асфекция дамуы мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру. 
Аурудың маңызы ауыр клиникалықағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, кең таралғандығына, инфекцияның сапрозоонозды (инфекция көзінің көптүрлілігі) сипатына байланысты. 
Этиологиясы. Сіреспе қоздырғышы- Clostridium tetani Bacillaceae туысына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Аэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді. Спора қоршаған ортада жылдар бойы сақталады. Анэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетативті цормаға айналады. Вегетативті формадағы қоздырғыштар грам оң боялады, қоғалады (талшықтары арқылы). О- және Н – антигендік топтармен сипатталады, Н- антигеніне байланысты 10 серологиялық варианттарға бөлінеді. 
Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, кілегей қабаты арқылы сіңіріле алмайды.Сіреспе эндотоксині 3 бөліктен құралған:тетаноспазмин, тетаногемализин және ұсақ молекулалық бөлік. 
Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өледі. 
Вегетативті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3-6 сағатта жойылаы. 
Инфекция көзі. Шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер,құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан-ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетативті формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді . осы құбылысқа қарай сіреспені сапроантрозоонозды инфекцияларға жатқызуға болады. Ауру адам қауіпсіз. 
Қоздырғыштың берілу механизмі – жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының клегей қабаты арқылы да өтуі мүмкін. Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медицинада,өндірісте. Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсікпен босану кезінде болады. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң ластанған әр түрлі тұрмыс эаттары, хирургиялық, акушерлік құралдар. 
Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 6-14 күн. 
Эпидемиялық процестің сипаты. Сіреспе кең таралған ауру. әсіресе субтропикалық, тропикалық аймақтар жаппай иммундауға дейін эпидемиялық ошақтар болады. Ауру негізінен жылдың жыллы, ыссы мезгілдерінде байқалады. Бүкіл ауруға шалдыққандардың 90% дейіні ауыл тұрғындары. Балалар ересектерге қарағанда 2,5 есеге дейін жиі ауырады. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді. 
Сіреспенің патогенезі мен клиникалық көрінісі. 
Қоздырғыштың организмге ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетативтің формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Потологиялық процесс осы экзотоксиннің әсерінен дамиды. 
Процестің өліммен аяқталуы 35-40% дейін жетеді. 
Сіреспе клиникасына сыртқы тітіркендірулердің әсерінен әуелі шайнау еттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкі (ауызбен күлу) пайда болуымен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуіненомыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық «бағана тәрізді жағдайға» түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған. 
Жаңа туған нәрестелер сіреспе болғанда сору етінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшық еттерінің сіресуінен «тарбақ-қа» тәрізді болып жатады. жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді. 
Емдеу принциптері. Аурудың ақыры емдеу шараларына байланысты, сондықтан емдеу шаралары кешіктірілмеу керек. Ем экзотоксинді нейтралдаушы сіреспе сарысуымен, иммуноглобулинмен жүргізіледі. Сонымен қатар жарақатты хирургиялық өңдеу, сіресуге қарсы дәрілер, симптоматикалық ем жасалынады. 
Лабораториялық диагностикасы клиникоэпидемиологиялық маңызды ша-ра болып табылмайды. Күнделікті қолданыс үшін жолға қойылған тәсілдері жоқ. Қоздырғышты бөлу үшін анаэробты жағдай жасалып, қынап, құрсақ, жарақат материалдары себіледі. Қаннан экзотоксин бөлінбейді. Өсіндідегі экзотоксин сіреспе иммуноглобинімен жанама гамагглютинация реакциясын қою арқылы анықталады. 
Профилактикасы. Арнамалы емес алдын алу шаралары тұрмыстағы жарақаттың ластануын болдырмау,дер кезінде медициналық көмекке жүгіну. 
Сіреспеде антимикробты иммунитет қалыптаспайды. 
Сіреспеге қарсы жедел иммундау ҚР ДСМ 15.10.97 ж. №526 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жедел иммундау АС-анатоксинмен сіреспеге қарсы адам иммуноглобулинімен (ПСЧИ) және тазартылған сіреспеге қарсы жылқы сарысуымен жасалынады. Препаратты таңдау, оның дозасы жарақаттанушының иммундық статусына байланысты жүргізіледі (схема бойынша). 
3. Газды гангрена (грек.-gangraina, жегі жара син.-анаэробты жарақат инфекциясы)- сапронозды анаэробты, қоздырғыштары жанасу механизмі арқылы берілетін, ауру жалпы интоксикациямен жергілікті ісікпен газ түзілумен, некрозданумен сипатталатын жұқпалы ауру. 
Аурудың маңызы ауру ағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, қоздырғыштарының табиғатта кең таралғандығына байланысты. 
Этиологиясы. Қоздырғыштар Clostridium тустығына жататын спора түзуші бактериялар. Газды гангрена көп жағдайда жарақаттың C. pertringens, C. novgi, C. septicum, одан гөрі сирегірек C. Histolyticum, C. lifermentans, C. ramosum, C. sporogens, C. fallax, C. sordelli түрлерімен ластануына байланысты дамиды. Ең кең таралған С. pertingens ( лат.pertingono, бұзу, жару) А,В,Е,І токсиндерін түзу қабілетіне қарай алты сероварианттарға (А,В,С,D,E,F) бөлінеді. Адамда аура туғызатын негізінен А типі. Ауру газды гангрена (жарақаттанғандарда) немесе тағамдық токсиконфекция түрінде дамиды. 
Газды гангренаның дамуы токсиндермен байланысты. Споралар қайнатқанда бірнеше минутта жойылады. Вегетативті формалары әдетте қолданылатын дезенфектанттармен жойылады. 
Инфекция көзі. Клостридиялардың резервуары шөп қоректі жануарлар, адам. Споралар топрақта және онымен ластанған кез-келген объектілерде сақталады. 
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылады. 
Қоздырғыштардың берілуі: сіреспе қоздырғышы тәрізді жарақатты газды гангрена қоздырғышы да әр түрлі факторлардың (жарақат, күйік, үсік) әсерінен зақымдалып езілген, жыртылған тері арқылы енеді.жарқат орны ластанумен қатар терең тесіліп, онда қалта тәрізді өзек болуы керек. Қоздырғыштар жарақатқа топырақпен шаңмен түседі. Асептика ережелері сақталмаған жағдайда медициналық мекемелерде де залалдану болу мүмкін. Қоздырғыш жарақатқа абиотикалық ортадан спора түрінде түседі. 
Аурудың патогенезі мен клиникалық көрінісі. Жарақатқа түскен клостридиялар газ түзе отырып жарақатталған тінде некроз туғызуыүшін ол жерде қоздырғыштардың көбеюіне жағдай жасалуы керек. 
Жергілікті инфекциялық процес әуелі ісіну, сосын тіндердің ферменттермен токсиндердің әсерінен некроздануымен жүреді. Организмнің аса күшті бактерия токсиндерімен некрозданған тінмен улануы қатар жүреді. 
Емдеу принциптері: жарақатты сапалы алғашқы хирургиялық өңдеу, поливалентті газды гангренаға қарсы сарысу енгізу, анаэробты флораға әсер етуші антибактериалды препараттар, жергілікті анаэробты инфекцияға қарсы ем жүргізу. 
Лабораториялық диагностикасы. Аурудың лабораториялық диагностикасы шешуші роль атқармайды. Себебі жарақаттан алынған материалдан клостридияларды ңбөлінуі, инфекцияның анаэробты екенінің, олардың табиғатта кең таралуына байланысты дәлелі бола алмайды. Бактериологиялық зеріттеу үшін жарақат тіні, ісік сұйықтығы, топырақ, дәке т.б. алынады. Микробиология-лық зеріттеу клостридияларды бөлумен идентификациялауға бағытталған. 
Профилактикасы. Ең алғашқы, нәтижелі профилактикалық шара жарақатты хирургиялық өңдеу. Газды гангрена дамуы мүмкіндігіне күдік туған жағдайда поливалентті антитоксикалық сарысу енгізу. Сонымен қатар арнамалы бактериофаг, антибиотиктер, антитоксикалық иммунитет үшін анатоксин қолданылуы мүмкін.анатоксин сіреспе анатоксині сияқты нәтиже бермейді, сондықтан жие қолданылмайды. 
4. Ботулизм (барлық Европа халықтарының тілінде ботулизм) - тағамдық токсиконфекция тобына жататын, нәжісауыз механизмімен берілетін, ботулоток-синнің синапстардан қозудың өтуін тежеуіне байланысты көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттердің парез, параличімен сипатталатын ауру. 
Аурудың маңызы ақырының науқастың өмірі үшін аса қолайсыздығына (өліммен аяқталу 20%-дан 70%-ңа дейін жетеді) қоздырғыштың табиғатта кең таралуына, спора түзуіне орай, абиотикалық ортада ұзақ сақталуына, тұрмыстық жағдайындағы тағамды консервілеудің, ыстаудың, тұздаудың кең қолданылуына орай эпидемиологиялық бақылаудың қиындықтарына байланысты. 
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы клостридиялар тұқымдасына жататын СІ. Botulinum (лат. botulus –шұжық, botulism- шұжық уымен улану). Қоздырғышты 1896 жылы Голландияда Э. Ван Эрменгем ашқан. 
CI. botulinum ірі (4,4-8,6 х 0,3 мкм),ұштары доғал келген, әлсіз қозғалатын, грам оң боялатын, тек анаэробты жағдайда ғана өсетін таяқшалар. Спора түзеді. Түр 7 серологиялық варианттарға бөлінеді: A,B,C1,C2,D,E,F,G. 
Барлық сероварлар анаэробты жағдайда, негізінен абиотикалқ ортада, 35-40°С температурада экзотоксин түзеді. Экзотоксин – нейротоксин мен гемагглю-тининнен тұратын улы, кешенді қосылыс. Токсин қайнатқан кезде (100°С) 20 минутта ыдырап, нейтралданады. 
Ботулотоксин ең күшті биологиялық у, оның кристалданған түрінің 1 граммы милиондаған адамды өлтіруге жеткілікті(биологиялық қару түрінде). Токсин тек асқазан - ішек жолдары арқылы түскенде ғана улы әсер етеді. 
Қоздырғыштың көзі және табиғаттағы резервуары сиыр, шошқа, жылқы, тауық, қоян, егеуқұйрық сияқты үй және жабайы жануарлар, балық, су құстары. Ауру адам эпидемиологиялық қауіпсіз. Жануарлардың тасмалдаушылығы кейде өмір бойына созылуы мүмкін. 
Инкубациялық кезең орташа 4-6 сағат. Бұл кезең 2 сағаттан 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Кезеңнің ұзақтығы залалдау дозасына байланысты. Алғашқы 24-36 сағаттың ішінде қандағы консентрациясы ең жоғарғы деңгейіне жетеді. 
Берілу механизмі - нәжіс-ауыз. Берілу жолы - алиментарлы (тағам жолы). Берілу факторлары ботулизм қоздырғышымен контаминацияланған көкөніс, саң-ырауқұлақ, ет, балық консервілері, шұжық.топырақта немесе жануарлар нәжісі-мен ластанған кез-келген тағам түрінде CI. botulinum споралары болуы мүмкін. Бірақ тек анаэробты жағдайда сақталып, сақталу температурасы 35°С деңгейінде болса ғана экзотоксин түзіліп, ауру дамиды. 
Тағамдық уланудан өзге ботулизм қоздырғышы түскен анаэробиоз жағдайы жасалған жарақатта да ботулизм дамуы мүмкін. 
Эпидемиялық процестің көрінісі. Ботулизм спородиялы немесе топталып ауруға шалдығу түріне көрінеді. Үй тағамдық консервілеу дәстүрге айналған елдерде кездеседң. 
Ботулотоксинге адамдардың сезімталдығы жоғары. Қазақ халқы ет тағамдар-ын тұздап, кептіріп, ыстап сақтайды, сондықтан анаэробиоз жағдайы көп туында-майды. Қазақстандағы қала тұрғындары арасында көкөніс, саңырауқұлақ консер-вілерін үйден дайындау (әсіресе орыс, кәріс т.б. ұлт өкілдері арасында) тарал-ған.Осыған байланысты ауруға шалдығу споройдиялық түрде тіркеліп отырады. 
Аурудың потогенезі мен негізгі клиникалық белгілері. Ботулизм токсикоинфекция тәрізді өтеді. Ботулотоксин асқазан –ішек жолдарынан қанға тез сіңіріледі. Инфекциялық процеске тән процестер болмайды. Ботулотоксин орталық жүйке жүйесіне әсер етіп нейроциттердегі синапстарда импульс тасмалдаушы ацетилохиннің бөлінуін тоқтатады. Сөйтіп, көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттерде қозу мен жиырылу тоқтайды, яғни парез, паралич дамиды. Ауру мионеврологиялық симптомдармен көрініс береді, әр түрлі ағым варианттарымен басталады (гастроэнтериттік, «көз» варианты, жедел тыныс жетіспеушілік), қай вариант болса да қалыпты температурада, ақыл-естің бұзылуынсыз өтеді. Аурудың ауыр ағымында сырқат 3-4 сағатта тыныс, жүрек параличінен өледі. 
Өліммен аяқталу 85% дейін жетеді. Дер кезінде көп валентті антитоксиндік сарысу енгізу өлімді 15-20% дейін төмендетеді. 
Емдеу принциптері. Уланудың алғашқы уақытында асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу. Ең басты ем ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшықетке немесе көк тамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейі сәйкес сары су енгізіледі. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер қолданылады. 
Лабораториялық диагностикасы. Лабораториялық зеріттеу ботулотоксинді, оның типін анықтау және CI. botulinumді табу мақсатында жүргізіледі. Бактериологиялық зеріттеу үшін күдікті тағам, аурудан нәжіс, құсық, шайынды алынады. Ботулотоксин, оның типі биологиялық сынама жасау арқылы анықталады. Сынама ақ тышқандарға жүргізіледі. Олардың әр қайсысына сынама алдында антитоксикалық сарысудың әр түрлері енгізіледі. Содан кейін аурудың зәрін немесе қанын тышқандарға жібереді. Антитоксикалық сары су типі сәйкес келген тышқан тірі қалады. 
Профилактикасы. Ботулизмнің алдын алу шаралары тағамды өңдеу, тасмалдау, сақтау барысында санитарлық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты. Ерекше технологиялық, сонитарлық назарда консервілеу, кәсіпорын-дарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақлау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұрыс жұмыс істеуі т.б. ұсталады. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі- тасмалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Балық өнімдерін өндіру, кәсіпорындары балықты өңдеу тәртібін, тұздауды сақтау керек.

 

 

 

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар.

Кіріспе.

1. Ауру туғызатын бактреиялар. 
2. Анаэробты қоздырғыштар жөніндегі анықтамалар. 
2.1 Сіреспе ауруы туралы толық мәлімет. 
2.2 Газды гангрена.

2.3 Ботулизм туралы мәлімет

3. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолдары.

Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Бактерия (грекше «бактерион» - таяқша) - біржасушалы ағза. Бактериялардың пішіндері таяқша, шар, цтір, оралма тәрізді болады. Оның әрбір жасушасы қабықша мен ңитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Оқшауланған ядросыболмағанымен, цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарыл, бактерияның пішінін қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нәруыз және май заттары бар.

Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі.

Бактериялардың талшықты тобы болады. Олар өте тез қозғалады. Ылғалды орта мен +10+40оС температура аралығында жақсы дамиды және қолайсыз жағдайға ұзақ шыдай алады.

 

Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса (мысалы, қорек, ылғал  жеткіліксіз болса, температура  күрт тәмендеп немесе көтеріліп кетсе), бактериялар спора түзеді. Спора (грекше «спорос» - сеппе, екпе) - тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора күйінде бактерия қоректенбейді және қозғалмалы, тыныштық күйде сақтала береді. Өйткені споралары қорғаныштық қызмет атқарыл, бактерияларды сыртқы орта жағдайына (қатты суық, құрғақшылық, суға қайнату және т. б.) өте төзімді етеді. Ол топырақта 20-30 жылға дейін тіршілік ете алады. Қатты соққан желдің әсерінен споралар алыс жерлерге таралады. Қолайлы жерге түссе, қоректеніп, бактерияға айналады. Осылай спораларға айналу арқылыбактериялар өз тіршілігін сақтайды.

Бірақ бактерия спораларының көбеюге ешқандай қатысы жоқ. Бактериялар барлық жерде: ауада, сула, тарамда, топырақта, өлі денелер  мен тірі ағзаларда кездеседі. Суық болса да Арктика, Антарктида, өте  ыстық Сахара шөлінде де, 80оС ыстық  қайнарларда да, жерасты суларында да кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Бактериялар табиғатта орасан көп мөлшерде кең таралған. Ірі қалалардың 1 м2 ауасында 10-15 мың, ал сапалы сүтте 500 мыңға дейін бактериялар болады.

Антарктиканың 1г мұзынан 100-ге дейін бактерия табылған.

Жыртуға арналған жердің 1 г топырағында 1 миллиардтан 20 миллиардқа дейін микроағзалар болады.

Бактериялардың көпшілігі 0оС-де өмір сүруін тоқтатады, бірақ тіршілігін жоймайды

Басқа ағзалар  сияқты бактериялар да айналадағы сыртқы орталан қоректік заттарды сіңіру арқылы қоректенеді. Жасушасынаенген қоректік заттардың бір бөлігі цитоплазманың құрамына енеді. Екінші бөлігі энергиялы қор заттарын құрайды.

Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер  және паразиттер деп екі топқа  бөледі.

Сапрофит (грекше «сапрос» - шіріген, «фитон» - өсімдік). Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің денесінде мекенден, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетінбактериялар паразиттер (грекше «параситос» - басқаның есебінен қоректену) деп аталады. 

бактериялардың көпшілігі дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Табиғатта бактерияларға қорек болмайтын зат жоқ десе де болады. Олар: асфальт, мұнай, ағаш, пластмасса және т. б. заттармен де қоректене береді.

Оба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. СебебіҮеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, дуа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.[1]

Табиғатта түрлі  кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға  кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологыА.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ауру туғызатын бактериялар микроша