Аутоиммунитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 18:16, реферат

Описание

Иммунопатология-әр түрлі формадағы жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялармен көрінетін тіндердің өзгерісін сипаттайды.Иммунды жүйе — барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрициев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Иммунопатологиялық үрдістер
2. Иммунды тапшылықтар
3. Жергілікті аллергиялық реакция
3.1. Гиперсезімталдық реакциялар
3.2 Реакцияның пайда болу механизмі
4. Аутоиммунды аурулар
5. Иммунды кешеннің пайда болуы
III.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Аутоиммунитет дегеніміз ауырып тұрған кездегі сәт.docx

— 93.82 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.   Иммунопатологиялық үрдістер

2.   Иммунды тапшылықтар

3.  Жергілікті аллергиялық реакция

3.1. Гиперсезімталдық реакциялар

3.2  Реакцияның пайда болу механизмі

4.   Аутоиммунды аурулар

5.   Иммунды кешеннің пайда болуы

III.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Иммунопатологиялық үрдістер

    Иммунопатология-әр түрлі формадағы жоғары сезімталдық пен аллергиялық реакциялармен көрінетін тіндердің өзгерісін сипаттайды.Иммунды жүйе — барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрициев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.                                                 

     Кемік майы кабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол ағзада өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

     Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер ағзаға тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам ағзасында 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Т-лимфоциттерорганизмдегі жасушалы иммунитетке жауап береді.

  • Т-хелперлер(help-жәрдем) В-лимфоциттердін плазмалық жасушаларға айналуына жәрдемдеседі.
  • В-лимфоциттер өмірі қысқа, отырықшы жасушалар қатарына кіреді.
  • Т- немесе В-лимфоциттерден басқа таңбасы(маркері) жоқ лимфоциттер де болады. Олар жалпы лимфоциттердің 10-20% құрайды.
  • Организмде иммундық реакциялар қалыпты жүруі үшін иммундық жүйенің осы негізгі екі жасушасы- Т- немесе В-лимфоциттер мен үшінші жасуша- макрофактар(А-жасуша) бірлесіп қызмет ету керек.

Ісіктегі Т-лимфоцит

 

 

Иммунопатологиялық  үрдістердің типтері:

- Иммунды тапшылықтар

- Аллергия

-Аутоиммунды аурулар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Иммунды тапшылық

      Иммундық тапшылық (ИТ) иммунды жауап механизмінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: біріншілік (туа пайда болған), екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Сонымен бірге иммундық жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т- клеткалық лейкемия). Иммундық тапшылық симптомдары, иммунитет ақауының тереңдігі мен сипаты кең ауқымды өзермелі. Жаңа жіктелуі иммундық ақаудың басымырақ орналасуына және иммундық жүйенің маңызды бөліктеріне сәйкес біріншілік иммунды тапшылық жағдайлары негізгі 4 топқа бөлінеді:

      - антиденелер  өндіру ақаулары;

      - біріккен  иммундық тапшылықтар;

      - фагоцитоз  ақауы;

      - комплемент  жүйесінің ақауы;

     Біріншілік  иммундық тапшылық дамуына жауапты  көптеген гендер анықталды. Бір  иммундық тапшылық жағдайының  клиникалық көінісі  бір отбасы  мүшелерінің ішінде әртүрлі болып  кздеседі. Бұл жағдай гендер мутациясымен  түсіндірілген, бірақ зерттеулер  нәтижесінде науқастар фенотипі  мен генотипінде нақты ауытқулар  анықталмады.   Барлық иммундық тапшылық жағдайының ішінде (симптомсыз жүретін IgА жеткіліксідігінен басқа) В-жасушалық антидене өндіру ақауы - 50%, Т-жасушалық ақау – 18%, фагоцитоз жүйесі – 18% және комплемент жүйесі – 2%.  Иммундық тапшылық жағдайының формаларының жалпы жиілігі 1: 10 000.

      Иммундық  тапшылық жағдайының диагностикасы  бірінші  ретте ауру тарихына, науқас өміріне, отбасылық анамнезіне  иммунологиялық жеткліксіздіктің  клиникалық көрінісіне және иммунологиялық  ақауды анықтауға негізделеді.

       Біріншілік  иммундық тапшылық жағдайының  клиникалық көрінісі көп жағдайда балалық кезеңде алғаш анықталады, бірақ кейбір формалары кешірек анықталады, негізінен жалпы вариабельді иммундық жетіспеушілік.

       Иммундық  тапшылық жағдайының клиникасы  келесі симптомды комплекстер  түрінде кездеседі: инфекциялық,  аллергиялық, аутоиммундық, онкологиялық.  Иммундық тапшылық жағдайының  көпшілік клиникалық белгілері  жиі ауыр жүретін инфекциялармен  байланысты және бірінші ретте  ЛОР және бронх-өкпе жүйесінің  жедел және созылмалы аурулары  – бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, отиттер, синуситтермен бірігіп  жүреді. Тері және шырышты қабаттардың  инфекциялық заымданулары жиі  кездеседі. Науқастар созылмалы  асқазан – ішек ауруларына  жоғары дәрежеде бейім келеді. Сирек жағдайда остеомиелит, энцефаломиелит, сепсис, менингит сияқты ауыр  инфекциялық аурулардың  дамуы  мүмкін. Қоздырғыш түрі иммунологиялық  ақау сипатымен анықталады. Мысалы, антиденеөндіру ақауына антибактериалды  препараттарға төзімді, жоғары  патогенді инкапсулирленген флора  ( пневмония стрептококкты, алтын  түсті стафилакокк, гемофильді  таяқша) тән; шартты – патогенді  бактериялар кейбір жағдайда  ауыр бактериалды аурулардың  негізгі этиологиялық факторы  болуы мүмкін. Т - жасушалық жетіспеушілігі  басымырақ науқастарда инфекция  қоздырғыштары вирустар (цитомегаловирус,  Эпштейн - Барр вирусы ж.б.), саңырауқұлақтар  (Candida albicans), қарапайымдылар (P. Carinii)  болып табылады. Фагоцитоздық ақауларда  – стафилококктар, грамтеріс бактериялар, Candida albicans, Aspergillus; комплемент жүйесінің  бірқатар компоненттерінің жетіспеуінде  – іріңді бактериялар, Neisseria.

               Иммундық тапшылық жағдайымен  науқастардағы патологиялық жағдайлардың  ерекшеліктері болып бірнеше  ауыр созылмалы және қайталамалы  инфекциялық аурулардың болуы.  Инфекциялық аурулар ауыр барысымен  және микробқа қарсы емнің  әсері жеткіліксіз болуымен сипатталады.  Бірақ созылмалы аурулардың тұрақты ремиссиясына барлық жағдайда жетуге болады, ремиссиялары ұзақ емес, аурулар үздіксіз қайталамалы сипат алуы мүмкін.

              Иммундық тапшылық жағдайында  аллергиялық реакциялар IgA - ның таңдамалы  жетіспеушілігі және Вискотта - Олдрич  синдромы сияқты формаларына  тән. 

              Иммундық тапшылық жағдайымен  науқастарда әртүрлі аутоиммундық  синдромдар: жүйелі қызыл жегі, Шогрен  синдромы, созылмалы белсенді гепатит,  пернициозды анемия, гемолитикалық  анемия, тромбоцитопения және нейтропения  ж.б.  қалыптасуы мүмкін. Иммундық  тапшылық жағдайымен  науқастар  тобында  қатерлі ісіктер бірнеше  рет жоғары, әсіресе атаксия –  телеангиоэктазия, Вискотта – Олдрич  синдромымен науқастарда жиі  кездеседі. Ісіктер типі жалпы  популяциядан өзгеше, ең жиі лимфоретикулярлы  ісіктер кездеседі.

           Иммундық тапшылық жағдайының  көпшілік формаларына екі немесе  одан да көп созылмалы аурулардың  бірігуі, созылмалы интоксикация  синдромы, физикалық дамудың тоқтауы,  аутоиммунды типті аурулар, шеткері  қандағы ауыспалы немесе тұрақты  өзгерістер ( анемия, лейкопения, тромбоцитопения  ж.б.) тән. Лимфоидты тіннің гипо  немесе гиперплазиясы жиі анықталады.

        Гуморальдық  иммунитет ақауы иммундық тапшылық  жағдайының жиі тараған формасына  жатады және иммунологиялық ақаудың  тереңдігі мен сипатына байланысты  бөлінеді: антиденелердің тотальді  жетіспеушілігі және қан сарысуындағы  иммуноглобулиндердің бөлек класстарының  болмауынан иммуноглобулиндердің  субкласстарының жетіспеушілігі  және спецификалық антиделердің  таңдамалы жетіспеушілігі.

       Біріншілік  иммундық тапшылық жағдайының  басқа да жіктелуі бар. Р.М.  Хаитов жеті типін бөлді:

       -  антидене  жетіспеушілігімен синдромы;

       -  Т  – лимфоциттердің жетіспеушілігімен  синдром;

       -  комплемент  компоненттерінің жетіспеушілік  синдромы;

       -  НК  клеткалық ақау синдромы;

       -  Фагоцитоздық  ақау синдромы;

       -  адгезия  молекулаларының  ақауы синромы;

       -   біріккен  Т және В  жетіспеушілігі;

       Р.В.  Петров және Ю.М. Лопухинмен  иммундық тапшылық жағдайының  оригинальді жіктелуі ұсынылды.

       Д.В.  Стефани және Ю.Е. Вельтищев  біріншілік және екіншілік иммундық  тапшылық жағдайын қосатын келесі  жіктелуін ұсынды.

        Біріншілік және екіншілік иммундық  тапшылық жағдайының жалпы жіктелуі

        А.  Тұқым қуалайтын иммундық тапшылық  жағдайы

2.1 Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В – лимфоциттер жүйесі )

        2.1.1. Агаммаглобулинемия, Брутон ауруы-бұл дерт Х- хромосомасымен тіркесіп ұрпаққа беріледі. Сондықтан көбінесе  тек ұл балалар ауырады.Оның даму жолдары әлі белгісіз. Болжам бойынша В-лимфоциттерінің аналық жасушасы деңгейінде гендік  мутациядан дамиды. Бұл дерттің ерте дамитын түрінде балалар бір жасқа толмай шейіт болады.Бұл кезде қанда В- лимфоциттер қатты азаяды, жұқпаларға қарсы антиденелердің ( гамма- глобулиндердің ) түзілуі болмайды.Аурудың кеш дамитын түрінде балалардың  2-3 жасқа дейін дені сау болады.Оның дамуы баланы емшектен айырған соң байқалады.Ауырған балаларда лимфалық түйіндердің гипоплазиясы , бадамша бездердің , ішектердің  лимфоидтық тіндердің атрофиясы байқалады.Қанда В-лимфоциттері  қатты азаяды,плазмалық жасушалар толығынан болмайды,иммуноглобулиндердің барлық түрлерінің өндірілуі қатты төмендейді.

Бұл кезде иммунитеттің жасушалық  көрсеткіштері өзгермейді.Сондықтан  вирустық жұқпаларға организмнің төзімділігі  сақталып қалады,бірақ бактериялық  жұқпаларға төзімділік қатты төмендейді.Осыдан мұндай балаларда жұқпала жиі  қайталанып өтеді.

2.1.2. Дисиммуноглбулинемия:

        А)  жалпы вариабельді гипогаммаглобулинемия;

        Б  ) ІgА – ның селективті тапшылығы

        В  )  IgG  және IgA  иммуноглобулиндердің  тапшылығы мен IgМ синтезінің  көбеюі (гипер IgМ – синдром)

        Г) IgG подкластарының тапшылығы ( IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 жоқ болуы ) және  IgМ деңгейінің  көбеюі неесе көбеймеуі. 

2.2. Жүре пайда болған иммунды реакциялары тапшылығы ( Т- лимфоциттер жүйесі )

Алимфоцитоз(Незелоф  синдромы) тұқым қуалайтын иммунитеттің тапшылығына жатады және иммунитеттің жасушалық факторларының болмауымен сипатталады.Бұл кезде қанда иммундық глобулиндер шамалы азайғанына немесе тіпті қалыпты мөлшерде болуына қарамай,лимфоциттердің сандық және сапалық өзгерістері болады.Негізінен Т-лимфоциттер бүлініп,В-лимфоциттердің өндірілуі бұзылмайды.Бұл дерт аутосомды-басыңқы түрде ұрпаққа беріледі,жаңа туған нәрестелердің бастапқы апталарында немесе айларында көріне бастайды және өте ауыр өтеді.Баланың бойы өсуі баяулайды,денесінің әр жерлерінде іріңді ошақтар пайда болуымен көрінетін созылмалы сепсистік процестер байқалады.Шеткері қанда лимфоциттер қатты азаяды,  иммундық  глобулиндер қалыпты мөлшерде болады.Көпшілік жағдайда ол баланың шетінеуімен аяқталады.Өлген балаларды жарып тексергенде, айырша без бен лимфалық түйіндердің гипоплазиясы мен атрофиясы анықталады.

Ди Джорджи  синдромы-айырша без бен қалқанша маңы бездерінің туа болмауы.Бұл ауру ұрық даму кезеңінде үшінші және төртінші жұтқыншақ қасындағы желбіршек қалталары қалыптасуының бұзылуынан дамиды. Осыдан тимустың және Т-лимфоциттерінің болмауымен қатар,баланың бет пішінінде,қалқанша және қалқанша маңы бездерінде,қанайналым жүйесінде ақаулар қалыптасады.

Қанда кальций азайып,ауыр тетаниялар,диарея,тыныс алу және несеп шығару жолдарында жұқпалар дамуы  осы ауруға тән көріністер болады. Бұл ауру кезінде антиденелердің түзілуі бұзылмайды.Бірақ сүйек  кемігінің бағаналы жасушасының  Т-жасушаларына нақтылануы бұзылған.Ди Джорджи синдромымен ауыратын балалардың организмі ауыстырылып қондырылған  тері трансплантатын тойтармайды,оларда баяу дамитын гиперсезімталдық дамымайды.

      Иммундық тапшылықтың швейцариялық түрі-аутосомдық-рецессивтік түрде беріледі және лимфоцитопения мен гипогаммаглобулинемия бала туғаннан кейін бірінші аптада-ақ байқалады.Бұл кезде тимус дамымай,оның сыртқы қыртысы мен милық қабаттары нақтыланбайды.Шеткері лимфоидтық ағзаларда лимфоциттер мен плазмоциттер қатты азайған болады.Ауыстырылып қондырылған тіндердің транспланттары тойтарылмайды,баяу дамитын гиперсезімталдық реакциясы болмайды.Қанда иммундық глобулиндер М және А мүлде болмайды,ал JgG өте аз мөлшерде болады.

      2.3. Құрама ИТ (ауыр құрама иммунологиялық тапшылық – АҚИТ ).

    1. Ретикулярлы дисгенезия;
    2. Тұқым қуалайтын алимфоцитоз, лимфоцитофтиз (Швейцарлық ИТ түрі);
    3. Жалаңаш лимфоциттер синдромы;
    4. Тимомамен жүретін ИТ

5)Вискотт – Олдрич синдромы-иммундық тапшылықтың тромбоцитопениямен және экземамен қабаттасады.Ұрпаққа жыныстық хромосомамен тіркесіп беріледі.Бала туғаннан соң бастапқы айларында жиі қайталанатын іріңді қабынулар,көк бауырдың ұлғаюы және қан кетулер байқалады.Шеткері қанда лимфоцитопения,тромбоцитопения,Т-лимфоциттері қызметінің төмендеуі,иммундық глобулиндер А және G қалыпты мөлшерде болғанымен,JgM азайып кетуімен көрінетін иммунитеттің гуморалдық тетіктерінің бұзылуы,лимфоидты тіндер мен тимустың гипоплазиясы байқалады.

 

2.4. Интерлейкиндер жүйесінің және клеткалар кооперацияларының иммунды жауабындағы бұзылыстары;

2.5. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия

2.6. Комплемент жүйесінің тапшылығы

2.7. Фагоцитоздың тапшылығы

  1. Хемотаксис, миграция және дегрануляция бұзылыстары:

Информация о работе Аутоиммунитет