Бактериялар экологиясы.микробиология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 15:48, реферат

Описание

актериялар— тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар квптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан.Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түс

Работа состоит из  1 файл

актериялар.docx

— 44.94 Кб (Скачать документ)

актериялар— тек  микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар квптеген әр алуан аурулар туғызады. Ғалым Антон Левенгук ашқан.Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бакреия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада ([[–190ӘС-та, ал споралары –253ӘС-та]]) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+100ӘС-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына қатысады. Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары аммиакқа айналады. Ал топырақтағы нитрификациялаушы бактериялар аммиакты азот қышқылы тұздарына дейін тотықтырады. Бактериялар топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады. Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран, мыс, алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 ж. американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+, Se2-, Sb3+, U4+ элементтерін қышқылдығы (рН) 1,0 – 4,8, температурасы 5 – 35Ә болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958 ж.АҚШ-та мысты T. ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда бактериялардың тиондық түрі – T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен қышқылдылықты (рН-ты 1,5 – 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия клеткаларының саны 109–1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 г/л, мырыштан 1,3 г/л; қалайыдан 0,2 г/л өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 — 80 сағат ішінде 90% пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe2+) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ105 есе жылдамдатады. Ашық әдіс үш валентті (Fe3+) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының (H2SO4) судағы ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым – екі есе төмен болады. Бактериялық сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат, Николаев кеніштерінде қолданылды.

 

Virus.Мазмұны  [жасыр]

1 Микроорганизмдердің морфологиясы және экологиясы

2 Микроорганизмдардың генетикасы мен физиологиясы

3 Медициналық микробиология

4 Микробтық жасуша

5 Азот жиғыш бактериялар

6 Тағы қараңыз

7 Пайдаланылған әдебиет 

[өңдеу]

Микроорганизмдердің морфологиясы және экологиясы 

Микробиологияның дамуының негізгі кезеңдері. Микроб әлемін танудың физиологиялық және морфологиялық кезеңдері, микроорганизмдердің ашылуы. Биология және медицина ғылымының бөлігі ретінде микробиологияның қазіргі заманғы даму кезеңдері; жетістіктері және оның әрі қарай дамуының негізгі бағыттары. Микроорганизмдердің классификациясы және жүйелілігі туралы түсінік. Прокариоттар әлемі, номенклатуралық сипаттамасы. Түр-микроорганизмдердің жүйелігінің негізгі бірлігі ретінде. Штамдар, таза өсінді, клондар туралы түсінік. Микроорганизмдердің негізгі морфологиялық формалары: кокктар, таяқшалар, қисық варианттар; олардың сипаттамалары. Бактериалдық жасуша құрылысы, оның негізгі құрылымдық элементтері. Жасуша ішілік пайда болулардың, цитоплазмалық мембраналардың және жасуша қабырғасының химиялық құрамы мен құрылысы. Бактериалдық жасушаның тұрақты және тұрақты емес құрылымдық компоненттері (капсула, споралар, жіпшелер, қосындылар). Сферопластар, протопластар. Цитоплазманың ұйымдасуы. Капсула, оның химиялық құрамы, бояу әдістері, атқаратын қызметі. Споралар, олардың физиологиялық рөлі, химиялық құрамы, бояу әдістері, роль в жизнедеятельности микробтардың өмірсүруіндегі қызметі. Бактериалдық қосындылар сипаттамасы, волютиндік дәндер, олардың физиологиялық рөлі, бояу әдістері. Спирохеталар, актиномицеттер, микоплазмалар, риккетсиялар және хламидиялар. Жасуша ішілік құрылымның морфологиялық ерекшеліктері, оларды бояу әдістері. Олардың негізгі биологиялық қасиеттері. Адам патологиясындағы маңызы. Антибиотик өндірісінде актиномицеттер және саңырауқұлақтардың атқаратын рөлі. Категориясы бойынша туыс саны[1]:Категория — Саны

Туыс жалпы саны 35

Бактериялар 21

Мицелиалді саңырауқулақтар 8

Ашытқылар 4

Актиномицеттер 2 

 

Nazik_ktl. 

Категориясы бойынша  түр саны[1]:Категория — Саны

Туыс жалпы саны 81

Бактериялар 56

Мицелиалді саңырауқулақтар 15

Ашытқылар 6

Актиномицеттер 4 
 

Категориясы бойынша  штаммдар саны[1]:Категория — Саны

Туыс жалпы саны 186

Бактериялар 139

Мицелиалді саңырауқулақтар 31

Ашытқылар 9

Актиномицеттер 7 
 

Үлгілердің саны[1]:Категория — Саны

Туыс жалпы саны 2565

Бактериялар 1950

Мицелиалді саңырауқулақтар 333

Ашытқылар 170

Актиномицеттер 112 
 

Микроорганизмдердің экологиясы. Экожүйелер, экологиялық қуыстар. Популяция, биотоп, микробиоценоз. Симбиотикалық бірігулер ретіндегі микроорганизмдер: мутуализм, комменсализм, паразитизм, антагонизм. Топырақ, ауа, су микрофлорасы. Адам организмінің қалыпты микрофлорасының негізгі бөлімі ретінде - тұрақты (тәуліктік) және кездейсоқ (транзиторлық) микрофлора болып табылады. Топырақ, су, ауаға микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіштері; биологиялық қасиеттері, анықтау әдістері. Сүт және сүт өнімдерінің микрофлорасы; ет және шұжық өнімдерінің микрофлорасы; сусындар мен шырынның микрофлора.

 

By Nazik_ktl.

[өңдеу]

Микроорганизмдардың генетикасы мен физиологиясы 

Микробтық жасуша – тұқым қуалаушылық және жаңа өңделулердің негізі ретінде. Тіршілік иесінің жасушалық және жасушалық емес формасының ұйымдасуы. Ядро құрылысы, оның тұқым қуалаушылықта атқаратын қызметі. Плазмидтер мен бактериалды хромасомалардың ұйымдасуының молекулярлық негіздері. Хромасомдардан тыс генетикалық детерминантаның сипаттамасы, олардың түрлері және қасиеттері. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік. Генотип және фенотип, геном туралы тусінік. Жасушалық метоболизмде гистондар және ДНҚ, РНҚ атқаратын қызметі. Мутация және рекомбинация (коньюгации, трансдукция и трансформация). Гендік ауытқушылықтың молекулярлық механизмі, генетикалық қадағалау. Мутагендер, олардың әсер ету механизмдерінің ерекшеліктерінің пайда болу классификациясы. Гендік инженерия. Селекция, генитикалық негіздері. Селекция. Эволюцияның генетикалық негіздері және популяция генетикасы, сұрыптау, өзгергіштік, реттілік. Микроорганизмдердің қоректенуі. Қоректену механизмі мен түрлері, қоректену элементтері, биосинтез процесіне кеткен шығын мен жетіспеушілігінің маңызы. Гетеро- және автотрофтар, ауксо- және прототрофтар; өсу факторлары (дәрумендер, аминоқышқылдары, нуклеопротеидтер, майлар және т.б.). Қоректік орталар: қарапайым және күрделі, қоректік орта құрамы, оларды қолдану. Құрамы, белгіленуі, консистенциясы бойынша қоректік орта классификациясы. Ажыратып-балау орталары, негізгі және элективтік. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Стерильдеу әдістері: физикалық факторлардың әсер етуі, ультра күлгін сәулелері, радиациялық сәуле шығару, автоклавтау. Микроорганизмдердің тыныс алуы, тыныс алу түрлері. Аэробты және анаэробты тыныс алу жолдары. Энергетикалық алмасудың физиологиясы: энергияберуші үрдістерді жасушалармен қолдануы, олардың тиімділігі және орта шарттарына тәуелділігі. Субстрат ассимиляциясының негізгі жолдары: ақуыздар, майлар, көмірсулар, амин қышқылдары, көмірсутектер, спирттер, органикалық қышқылдар, минералдық компоненттер. Гликолиз және ашу. Кребс циклы, цикл жүйесіндегі ферменттер белсенділігін қадағалау. Ферменттер, олардың микроорганизмдер тіршілігінде атқаратын рөлі. Ферменттердің химиялық құрамы, әсер ету механизмі бойынша классификациясы. Конституитивті және индуциябелді ферменттер, эндогендік және экзогендік ферменттер, олардың сипаттамасы. Биокатализ механизмінде белсенді ортаның химиялық табиғаты. Коферменттер және дәрумендер, ферменттердің қалыптасуында кофактор және металдардың рөлі. Жасушада ферменттердің жиналуы. Орта компоненттерінің микроб жасушасына тасымалдануы: белсенді тасымалдау, диффузия. Мембраналық потенциал. Биологиялық жүйелердегі редокс-потенциалдар. Заттардың мембрана арқылы ауысуы. Мембраналық теңдік. Дониандық теңесу. Ферменттерді инактивтеу, ферменттердің белсенділігіне сәйкес рH және температура. Өсінді ортасы мен микроб жасушасының қарым – қатынасы, микроорганизмдердің өсуі мен биосинтезіне физико – химиялық және сыртқы физикалық факторлардың әсер етуі.

Жойылу физиологиясы. 

Құрылым мен қызмет байланысы. Функционалды цитология, дифференциация сұрақтары және оны тудыратын шарттар. Табиғаттағы элементтердің циклы және зат айналу туралы түсінік. Биосфера туралы ұғым. Микроорганизмдер топырақ өзгеруінің биохимиялық агенті. Микроорганизмдердің мұнай, торф, көмірге әсер ету шарттары.Микроорганизмдердің топырақ қалдықтарының органикалық деструкциясы және деполяризациясына қатысуы (ақуыздар, нуклеин қышқылдары, полисахаридтер, лигнин және т. б.), химиялық байланыстарды бұзу мүмкіндігі, ауылшаруашылық қалдықтары және тұрмыстық, органикалық синтез өнімдерін бұзу мүмкіндігі. Микроорганизмдердің халық шаруашылығында, ветеринария және медецинада қолданылуы.

 

Nazik_ktl.

Информация о работе Бактериялар экологиясы.микробиология