Бас миының гистологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 16:58, творческая работа

Описание

Работа содержит презентацию по дисциплине "Медицина"

Работа состоит из  1 файл

Д-рісті- ма-саты Бас миыны- гистологиясымен таныстыру Д-рісті- ж.ppt

— 2.61 Мб (Скачать документ)

Дәріс тақырыбы:

 

Бас миының гистологиясы.

(Ми сабауының гистологиясы.  Мишық. Бас миы қыртысының гистологиясы)

 

Қарағанды мемлекеттік медициналық  университеті

Гистология кафедрасы

 

Жүйке жүйесі модулі

Дәрістің мақсаты 
Бас миының гистологиясымен таныстыру

 

Дәрістің жоспары

  • Жүйке жүйесінің даму сатылары
  • Жүйке жүйесінің онтогенездегі дамуы
  • Бас миының дамуы
  • Бас миының құрылысы
  • Бас миының жасушалық құрамы
  • Қыртыстың колонналық (модульдік) құрылысы
  • Гематоэнцефалдық тосқауыл
  • Мишықтың құрылысы
  • Мишықтың жасушалары

Бас миының дамуы

 

  • 1. Үш ми көпіршігінің сатысы. Бұл сатыда бас түтікшесінің алдыңғы бөлігі үш кеңейме түзейді (эмбриогенездің 4 аптасы) алдыңғы ми (прозенцефалон), ортаңғы ми (мезенцефалон) және ромб тәрізді ми (ромбэнцефалон).
  • 2. Бес ми көпіршігінің сатысы. Эмбриогенездің 5 аптасында алдыңғы ми 2 бөлікке бөлінеді: ақырғы (телэнцефалон) және көз көпіршіктерімен аралық ми (диэнцефалон). Ромб тәрізді ми артқы миға және миелэнцефалонға бөлінеді. Ақырғы мидан көпір және мишық пайда болады. Миелэнцефалоннан сопақша ми түзеледі.
  • 3. Орын ауыстыру сатысы. Эмбриогенездің 5-10 апталарында өтеді. Бұл мезгілде ақырғы мидың тез өсуі және дифференциялануы басталады, қыртыстық және қыртыс асты орталықтар түзеледі.
  • 4. Ми құрылымдарының ішкі дифференцировка сатысы. Эмбриогенездің 10-20 апталарында жүреді. Бас миында жартышарлар оның ең үлкен бөлігіне айналады, негізгі бөлімдердің; йірімдер мен жалдардың түзелуі жүреді. Мишықтың құрылысы дефинитивті сипатқа енеді. Бас миының қарқынды миелинденуі, тікенекті аппараттың қалыптасуы өтеді. Олардың құрылысының қалыптасуы нәресте туғаннан кейін аяқталады.

 

Эмбриогенездің  6-шыаптасынан 12-ші аптасына дейін ми жартышарлары қарқынды өсіп, басқа бөлімдерді жаба бастайды.

1 – нәрестеде  2 - 3 айлық балада 3 – 15 айлық балада 4 – 2 жастағы балада

 

Балалардың ми қыртысында нейрондардың дамуы

ҮЛКЕН МИ ЖАРТЫ ШАРЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

 

Үлкен ми жарты шарлары ақ және сұр заттардан тұрады. Сұр заттың қалыңдығы 1,3 мм-ден 4,5 мм-ге дейін болады.

Үлкен жарты шарлар мидың филогенездегі  ең жас, бірақ ең күрделі бөлігі, ол экрандық типті жүйке орталығы болып табылады.

 

Қыртыстың қызметі

 

1. сенсорлық мәлімет өңделеді 

2. оған жауап қалыптастырылып 

3. қимыл бұйрықтары

4. құлық пішіндерінің интеграциясы  жүреді

5. жоғары жүйкелік әрекетке  жауапты (сана, ойлау, есте сақтау,  эвристика тағы басқалар)

бас миының сүйек ішінде орналасуы  оның қыртыстанып, қатпарланып қалыптасуына себеп болды. Ми қыртысының жалпы  ауданы 2200 см2, жалпы көлемі 300 см3; 30 %-йірімдердің үсті, 70 %-олардың бүйірлік беттері. Осы жерде 109-1010 санды нейрондар, олардан 10 есе көп глиалды жасушалар  орналасады.

Қыртыстың нейрондарының бәрі мультиполярлы, пішініне байланысты екі топқа бөлінеді: пирамидалық және пирамидалық емес. Кейінгілерге жұлдыз тәрізді, ұршық  тәрізді тағы басқа нейрондар  жатады.

Бас миы қыртысының цитоархитектоникасы

 

Жоғарыда аталған нейрондар  қыртыста қалыптасқан тәртіптен  орналасқан, олар бойлай орналасқан (горизонталды) алты қабатты түзейді

 

   1. молекулярлық қабат

   2. сыртқы түйіршікті қабат

   3. пирамидалық қабат

   4. ішкі түйіршікті қабат

   5. ганглионарлық қабат

   6. полиморфты жасушалар қабаты

Қыртыстың миелоархитектоникасы дегеніміз ондағы жүйке талшықтардың орналасу сипаты.

Қыртыстың жүйкелік талшықтары келесі топтарға бөлінеді:

проекциондық (эфференті және афференті) - қыртысты мидың төмен жатқан бөліктерімен байланыстырады

ассоциативті - бір жартышардың әртүрлі аймақтарын байланыстырады

комиссуралды - бір деңгейдегі екі жартышарларды бір-бірімен байланыстырады.

Гематоэнцефалдық тосқауылдың  келесі қызметтерін ажыратады:

1). Аутоиммунды процесті бастауға  қабілетті иммунокомпонентті жасушаларды  және зиянды заттарды өткізбеу

2). Нейрондарға қоректі және  реттеуші заттардың жеткізілуін  жеңілдету.

 

Гематоэнцефалдық тосқауыл қабаттары

 

  • капиллярлардың эндотелиі
  • үзіксіз капиллярлардың базальдық мембранасы
  • астроцитті макроглияның өсінділерінен құралған сыртқы глиалдық шекаралық мембрана
  • микроглия
  • мантиялық глия және астроциттердің өсінділерінен құралған нейрондардың денесінің сыртындағы қабықшалар

 

Мишықтың 

құрылысы

 

 

1 - Молекулярлық  
2 - Ганглионарлық  
3 – Түйіршікті  
4 – Пуркинье нейрондары  
5 – қыртыс жырасы  
6 – ақ зат  
7 – Пуркинье нейрондарының дендриттері  
8 – жұлдыз және себет тәрізді нейрондар

11 – түйіршік тәрізді нейрондар  (жасуша-түйіршіктер)  

  • жұлдыз тәрізді нейрондар
  • 2. себет тәрізді нейрондар

3. алмұрт тәрізді нейрондар  (Пуркинье жасушалары)

4. түйіршік жасушалар 

 

Мишықтың жасушалары


Информация о работе Бас миының гистологиясы