Бас сүйегі мен ми травмаларындағы психикалық бұзылыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 19:21, реферат

Описание

Бас сүйегі мен ми травмаларындағы психикалық бұзылыстар түрлері: тез ағымды травматикалық психоз, психопатизациясымен травматикалық энцефалопатия.
Бас сүйек жарақаты мидың экзогенді зақымдануының неғұрлым кең таралған түрі болып табылады. Бас сүйек жарақатының салдарлары ең бір алуан түрлі, тез және толық сауығудан жүйке-психикалық қызметінің ауыр бұзылуына дейін болуы мүмкін. Бұл көптеген себептерге: жарақаттың ауыр-жеңілдігіне, механизміне, асқындырушы әсерлердің болу-болмауына, жасқа, т. б. жағдайларға байланысты.
Бұзылыстардың клиникалық ерекшеліктері мен ақырына жарақаттың сипаты (босану, тұрмыстық, даладагы, келіктік, өндірістік жарақат) өз таңбасын қалдырады.

Работа состоит из  1 файл

Бас сүйегі мен ми травмаларындағы психикалық.docx

— 23.26 Кб (Скачать документ)

Бас сүйегі мен  ми травмаларындағы психикалық  бұзылыстары  

 

Бас сүйегі мен ми травмалары ашық және жабық болып бөлінеді.

Психикалық бұзылыстар ауыртпалығы  үш деңгеймен шартты белгіленеді.

Бас сүйегі мен ми травмаларындағы  психикалық бұзылыстар түрлері: тез  ағымды травматикалық психоз,  психопатизациясымен травматикалық энцефалопатия.

Бас сүйек жарақаты мидың  экзогенді зақымдануының неғұрлым кең таралған түрі болып табылады. Бас сүйек жарақатының салдарлары ең бір алуан түрлі, тез және толық  сауығудан жүйке-психикалық қызметінің ауыр бұзылуына дейін болуы мүмкін. Бұл көптеген себептерге: жарақаттың ауыр-жеңілдігіне, механизміне, асқындырушы  әсерлердің болу-болмауына, жасқа, т. б. жағдайларға байланысты.

Бұзылыстардың клиникалық ерекшеліктері  мен ақырына жарақаттың сипаты (босану, тұрмыстық, даладагы, келіктік, өндірістік жарақат) өз таңбасын қалдырады.

Бас сүйек ми жарақатын  ашық және жабық түрге бөлу қалыптасқан. Бас сүйектің ашық жарақаттарының ішінде жұмсақ ткані, бас сүйектің сүйектері  бұзылған жарақатты, сонымен бірге  мидың қатты қабығының бұзылуын бөліп керсетуге болады. Жабық  жарақаттарды ми шайқалу мен миды соғып алуға бөледі. Алайда бұл  бөліну жарақатты зақымның сипатындағы, патогенезді механизміндегі елеулі ерекшелігін, жүйке-психикалық қызмет кеселін дұрыс анықтағанмен де шартты бөліну болады. Айталық, бас сүйек  зақымданбаған ашық жарақат (жұмсақ тканьдер бұзылған) өзінің ерекшелігі жағынан соғып алуға (контузияға) ұксас. Сонымен бірге контузия кезінде  коммоция (ми шайқалу) болса, ал коммоцияда миды іштей соғып алу болады.

Жоғарыдағы көрсетілген  ерекшеліктерге байланысты мидың жарақатты  зақымдануының әр түрлі барысында  жүйке психика бұзылыстарының дамуы  жалпы ұқсас келеді.

Мұның өзі мидың органикалық  зақымдануының бас шеніндегі  қарқындылыққа байланысты кеселдің жедел дамуынан көрініп (егер ауру жарақаттан соң өліп қалмаса) толық сауығуға немесе қалдық құбылыстардың азды-көпті  айқын байқалуына әкеледі.

Ми жарақаттарының типіне байланыссыз жаракат кеселі дамуындағы мынадай негізгі кезеңдер беліп  көрсетіледі. Олар: 1) алғашқы кезең; 2) жедел кезең; 3) кейінгі кезең; 4) алыстаған кезең деп аталады. Алғашқы кезеңге әр түрлі ақыл алжасуы тән. Жедел кезеңде сананың  айқындығы қалпына келеді, жүйкелік-психикалық. кеселдер тұраксыз болады, психоздар  пайда болуы да мүмкін. Сонымен  бірге бұл кезде жергілікті органикалық  симптомдар айқын көрінеді. Кейінгі  кезеңде жедел кезеңдегі бүкіл  құбылыстар біртіндеп реттеледі. Бұл  кезеңде аурулардың көпшілігі сауығуға бет бұрады, алайда жарақат едәуір ауыр болғанда толық сауығу болмай, бас сүйек ми жарақатының алыстаған  кезеңіне ауысу өтіп жатады. Бұл  кезеңнің әркайсының ұзақтығы, сол  сияқты клиникалық ерекшелігі жарақаттың әр типі мен ауырлығынын әр қилылығына байланысты сан алуан болып келеді.

Ашық жарақатты тері жамылғысы, сүйек пен мидың қатты қабығы бұзылған және мидың қатты қабығының  тұтастығы бұзылмай, тері жамылғысы  мен бас сүйек сүйегі зақымдалған  жарақат деп бөледі. Тері жамылғысы  зақымданған бас сүйек жарақаты өз ерекшелігі жағынан контузияға жақын  келеді.

Алғашқы кезеңде әдетте сананың  терең алжасуы (коматозды күй) жарақатты  естен тану құбылысымен ұштаса жүреді. Ауру сыртқы ортаның қандай бір тітіркеуіне  жауап берместен санасын толық  жоғалтады, жүзі құп-қу немесе көгеріңкі  келеді, сезімталдығы толық жойылады, көз қарашығы ұлғаяды, жарыққа жауап  бермейді, бұлшық ет тонусты шұғыл  әлсірейді, тамыр соғысы баяулайды  немесе жиілейді, денесін жабысқақ тер Сасады, қан қысымы азаяды. Енді басқа бір ауруларда сананың, алжасуы неғұрлым терең болады, сопороздық, күй немесе есеңгіреу байқалады.

Жоғарыда сипатталған  кеселдер ашық бас сүйек ми жарақаты барысының кейінгі кезеңіне қатысты. Нәтиже әр түрлі болуы мүмкін. Ол әбден жүдеу түріндегі жеңіл  қалдық құбылысынан айқын білінетін  табиғи кем ақылдыққа соқтыруы мүмкін. Бұл жерде жүйке жүйесінің  өте икемділігімен бұзылған функциялардың елеулі түрдегі қалпына келу мүмкіндігін ескеру керек.

Ашық бас сүйек ми жарақаты ауруының барысы ми мен оның кабығының  инфекциясына байланысты асқынуы мүмкін (әсіресе   жедел және   кейінгі кезеңдерде). Миға инфекцияның өтуі бас сүйек пен қатты ми кабығының бұзылуы, миға тері бөліктерінің, сүйек сынықтары мен өзге заттардың енуі    салдарынан болады.    Инфекцияның енуі қатты ми қабығы тұтас сақталғанда да болуы мүмкін.   Менингит,   менинго-энцефалит   немесе ми абсцесі түріндегі асқыну әдетте жараланған соқ бірден болмай, біраз уақыттан соң, кейде хал-жағдай жақсарып қалған кезде болады. Аурудың жағдайы   кенет   нашарлап, температурасы көтеріледі. Пирамидалық симп-томдар, желке бұлшық еттерінің ригидтілігі пайда болады.    Ми    абсцесі    дамыған    кезде    бұрын    байқалған неврологиялық, жергілікті симптомдар туындап, мидың ісінуі салдарынан    ми пролапсы дамиды.    Психикалық күй кілт өзгереді. Осы кезеңде елес түріндегі типтік экзогенді (инфекциялы) психоздар пайда болады. Антибиотиктермен емдеу әдетте ауру ошағы жойылып науқас сауыға бастайды.

Жарақаттық астения. Жарақаттық    астенияға көтеріңкі қалжыраушылықтың жалпы  иперпатиямен, вегетативтік бұзылыстармен, тітіркенушілікпен ұштасып келуі тән. Ауру тез шаршайды, оны бас ауруы, бас айналуы, әсіресе, дене қалпын шұғыл өзгерткен кезде жиі мазасыналады. Ол қатты дыбыс, өткір жарықты жақтырмайды, ауыруға нашар төзеді  (шаншудан    жиі бас тартады), шыдамсыз, ашуланғыш келеді. Сонымен бірге тез шаршайды, ашудың тұтануы дәрменсіздікпен, жылаумен жиі аякталады. Тамыр соғысы тұрақсыз, сәл толқыса шұғыл жиілей соғады. Тым тершең болады. Бетті жиі қан кернеп, жүзінің қуаруына ұласады. Ауру ыстықка нашар төзеді, моншаға бара алмайды, тек жылы сумен ғана жуынады. Барометрлік қысымның ауысуына көтеріңкі сезімталдық байқалады. Ауа райы шұғыл өзгерер алдында көңіл күйі әдетте нашарлай түседі, бас ауыруы күшейеді, жалпы әлсіздік, дел-салдық сезімі болады. Жарақаттық астенияға артериялық гипотония неғұрлым тән, алайда жекелеген ауруларда артериялык кысымның жекелеген ауытқуы болады. Жарақаттық астенияда ұйқы көп бұзылады. Ұйқы терең болмай, көбіне шым шытырық түс көрумен ұласады. Ертеңгісін сергіген сезім болмай, көбіне күндіз ұйқы басады.

Жарақаттық астения құбылысының  барысы да ауытқымалы келеді. Едәуір айқын  нашар күй біршама қолайлы  кезеңмен алмасады. Ауру барысының  неғұрлым қолайлы типінде жарақаттық астения құбылыстары жалпы қосымша  зиянды әсерлермен ғана айқындалып, кейде  бас сүйек жарақатының, кейінгі  кезеңі өткеннен соңғы көп немесе аз уақыт аралығында алғаш рет  пайда болған ұқсап көрінеді. Аурудың  неғұрлым ауыр барысында астения  құбылыстары тұрақты болып, косымша  зиянды әсерлердің ықпалымен шұғыл  күшейе түседі.

Көңіл күйдің нашарлауына  ықпал ететін факторларға әр түрлі  инфекция, эмоциялык күш түсу және психикалық жарақаттар мен шаршап қалжырау жатады. Алайда бұған маскүнемдікке  салыну айрықша зиянды әсер етеді. Бұл  жағдайда жарақаттық астениямен ауырған  науқас көтеріңкі сезімталдық төзбеушілік  танытады. Астенияның құбылыстары кейде  есалаңдықпен, орынсыз мінезбен даукұмарлыққа  бейімділікпен ұштасады. Ипохондриялық  идеялар да аз билемейді. Кейде дамитын  тұрақсыз идеялар аурудың шыдамсыздығына, ашушаңдығына байланысты оның маңайындағы  адамдармен нақты жанжалдасуына  орай туындайды. Мынаны ескеру керек: жарақатты  астениямен ауырған адамда болатын  айқын психогенді реакциялар, әдетте, жарақаттың алыс кезеңіне тән симптомдардың  асқынуымен қоса жүреді. Бұл кезде  бас ауруы, бас айналуы, вегетативтік бұзылыстар және т. б. күшейе түседі.

Жарақаттық энцефалопатия. Жарақаттық эниефалопатия ми жарақаттарының кейінгі салдарларының неғұрлым ауыр түрі болып табылады. Бұған  ми тканінің жарақаттану кезінде  неғұрлым қатты бұзылуы мен үлкен  тыртық түріндегі өзгерістердің  қалуы себепші болады. Сондықтан  да жарақаттық энцефалопатиянын клиникалық көрінісі неврологиялық бұзылыс  ретінде де, сондай-ақ психикалық бұзылыс  ретінде де едәуір айқын байқалады. Алайда мынаны ескеру керек: неврологиялық  және психикалық бұзылыстар көрінісінін, арасында қатаң сабақтастық жоқ. Психикалық қызметтің неғұрлым терең  бұзылуы онша айқын білінбейтін  неврологиялық бұзылыстарда да байқалады. Ал сонымен бірге жекелеген ауруларда  айқын неврологиялық симптоматика болғанда психикалық бұзылыстар азын аулақ болуы мүмкүн.


Информация о работе Бас сүйегі мен ми травмаларындағы психикалық бұзылыстары