Диатез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 06:17, реферат

Описание

Диатез – терінің аллергиялық қабыну сырқаты. Оған көбінесе тектік бейімдігі бар балалар шалдығады. Бұндай тектік бейімдікті «атопия» деп атайды. Нәресте шақта атопия көбіне атопиялық дерматит түрінде көрініс береді. Оны бұрын «экссудативті диатез» деп атайтын. Атопия көптеген аллергендерге қатысты болуы мүмкін: тағамдық, шаң-тозаңдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық, вирустық аллергендер

Работа состоит из  1 файл

Педиатрия.docx

— 22.17 Кб (Скачать документ)

Диатез

 

 

Диатез – терінің аллергиялық  қабыну сырқаты. Оған көбінесе тектік бейімдігі бар балалар шалдығады. Бұндай тектік бейімдікті «атопия» деп  атайды. Нәресте шақта атопия көбіне атопиялық дерматит түрінде көрініс  береді. Оны бұрын «экссудативті  диатез» деп атайтын. Атопия көптеген аллергендерге қатысты болуы  мүмкін: тағамдық, шаң-тозаңдық, дәрі-дәрмектік, бактериялық, вирустық аллергендер, т.б.

 

Диатез жүре келе аллергияның  ауыр түрлеріне ауысуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық тұмау немесе қолқа  демікпесіне. Балада аллергияның бұл  түрлерінің бәрі қатар жүруі мүмкін, бұл ауру түрін, «аллергиялық триада»  деп атайды.

 

Ағымы. Сәбидегі диатез оның өмірінің алғашқы айларынан басталуы мүмкін. Сырқаттың ағымы үш кезеңге  бөлінеді: нәрестелік, балалық және жасөспірімдік немесе ересек кезең. Бұл кезеңдердің бәрі аурудың  асқынуымен, одан соң бәсеңсуімен  өтеді. Жасөспірім шақта балалардың көбі диатезден біржолата құтылады.

 

Нәресте диатезі сәби өмірінің алғашқы айларынан бастап екі  жасқа дейін созылады. Сулы немесе құрғақ диатез түрінде өтеді.

 

Диатездің сулы түрі терінің  қатты қышуымен, ісінуімен, беті томпақ бөртпемен немесе көпіршіктермен көрініс  береді. Бөртпелер мен көпіршіктер  кейін жарылып, сулы аймақтар құрады. Ол аумақтар бетте, бөкседе, аяқ-қолда  орналасады. Кейде осының бәріне инфекция қосылып, теріде іріңдіктер пайда болады.

 

Диатездің құрғақ түрі терінің  құрғауымен, қызаруымен, кей жерде  ісінуімен сипатталады. Тері бетіне қатты қышитын, сәл томпиған бөртпе шығып, қасығанда қабыршақтар мен  ойық жаралар пайда болады.

 

Кейде диатездің құрғақ және сулы түрлері аралас болады немесе бір түрі екіншісіне ауысады.

 

Аурудың балалық шақтағы  түрі екі жастан бастап 10-12 жасқа  дейін созылады. Табиғи бүгілетін  жерлердегі теріде тығыз ісік, қызару, қышитын ұсақ бөртпе, қатты қабыршақтанған жерлер пайда болады. Көбіне бұл  ауру ошақтары симметриялы орналасады.

 

Жасөспірім шақтағы диатез көбіне 14-15 жасқа қарай мүлде жоғалады. Кей балаларда ғана ол ересек кезеңге  өтіп, нейродермит деп аталатын болады. Асқыну кезінде терінің кей жерлері  қатты қышиды, тері құрғайды, бұрынғыдан гөрі қалыңдайды, тері суреті айқынырақ  болады. Бұл көрініс лихенизация  деп аталады, көбіне мойында, шынтақ пен тізе астында, бөксенің ішкі бөлігінде, аралықта байқалады.

 

Емі. Балалардағы диатез тек тері ауруы емес, бүкіл организмнің  сырқаты. Сондықтан бала кешенді  ем алуы тиіс. Емнің басты мақсаты  – диатездің асқынуына жол  бермеу.

 

Ең алдымен, зерттеу кезінде  анықталған аллергендерден және аллергендігі жоғары тағам өнімдерінен баланы аулақ ұстайды. Ата-ана дәрігермен кеңесе отырып, балаға бірнеше ай бойы дербес гипоаллергенді емдәм құрады. Одан әрі осы емдәмге жекелеген  тағам өнімдерін қосады (бір ғана өнімнен және аса сақтықпен!).

 

Аллерголог-дәрігер балада аллергия тудыруы мүмкін заттардан  оны сақтау керектігін түсіндіреді. Үйді артық заттардан тазартып, күн  сайын ылғал шүберекпен сүртіп, кітаптар мен киімді жабық шкафтарда сақтау, үйді үнемі желдетіп тұру керек. Сондай-ақ үй өсімдіктерін, жануарлар мен балық ұстауға болмайды, бұларды тазалағанда көгертетін саңырауқұлақтардың өсуін тоқтататын ерітінділер қолдану, бала жастанатын жастықты жыл сайын ауыстыру қажет.

 

Диатезбен ауыратын баланың  емін тек дәрігер ғана жүргізе  алады. Тері күтіміне үлкен мән беріледі: баланы күн сайын хлордан ажыратылған  суға (суды бұлауда 1-2 сағат тұндырып, үстіне ыстық су құяды) шомылдыру  керек. Жуындыру кезінде ысқыш қолдануға  болмайды, жуатын құрал рН бейтарап (5,5) болуы шарт, жуынып болған соң  теріні ыспай, орамалды жеңіл ғана басып, ылғалды сіңіріп алады, терінің  қатты құрғаған тұстарына диатезі  бар балаға арналған крем жағып қояды.

 

Қажет болған жағдайда, маман  дәрігер дәрі-дәрмектер тағайындайды.

 

Диатез көбіне тұқым қуалайды, алайда дәрігердің барлық ұсыныстарын  орындау арқылы аллергияға төтеп  беруге әбден болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛАРДАҒЫ РАХИТ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ

 

 

Рахит – жалпы ағза ауруы болып табылады. Ең негізгі белгісі болып ауру кезінде сүйектердің өзгерісі болуы. Бұл ауру балаларда екі жасқа дейін көп кездеседі. Көбінесе күзде, қыста туылған балалар жиі ауырады. Жасөспірім шағында аурудың салдарынан бойының өсуіне әсер етеді.

 Рахиттің әсерінен кальцийдің, фосфордың, магнидің ағзаға сіңірілуі бәсеңдейді. Сонымен қатар имунитеттің төмендеуі, асқазанның ас қорытылуы бұзылып, іш қату, өт жолдарының, 12 ішектің дискенезиясына және остеопороз, остемаляция, остеопения көбінесе омыртқаның қисаюына, тістердің бұзылуына, қан аздыққа әкеледі.

 Рахиттің дамуына әкелетін негізгі себептер:

-Теріде холикальциферолдың жеткіліксіз дамуы;

-Бауыр бүйрек ішектегі фосфор кальций алмасуының бұзылуы;

-Тағам мен витамин Д жеткіліксіз түсуі;

 Рахиттің дамуына әкелетін қосымша себептер:

-Балалардың туылу мерзімі (көбінесе күз және қыс айлары)

-Шала туылуы;

-Салмағы үлкен болып туылуы (4 кг жоғары);

-Алғашқы 3-айында жас нәрестенің салмағының өте көп қосуы;

-Ерте қосымша тамақтандыру;

-Таза ауада жеткілікті серуендемеу;

-Жеткіліксіз қозғалыс (қатты орауы);

-Перинатальды энцефалотапия бас мидағы үшінші қарыншаның зақымдануы;

-Тері бүйрек бауыр аурулары, мальабсорбция синдромы;

- Жиі (ЖРВИ) Жедел Респираторлы Вирустық Инфекция;

- Жиі тырысуға қарсы дәрілерді қабылдау;

 Жиі рахитпен өте жас аналардан туылған және 35 жастан асқан аналардан туылған балаларда кездеседі.

 Рахиттің дамуында қатер тобына жататын:

-Түрлі мүшелердің патологиясы;

-Мальабсорбция синдромы (целиакия, тағамдық аллергия, эукссудативті энтеропатиялар);

-Тырысу синдромы бар балалардың тырысуға қарсы дәрілер қабылдауы;

-Созылмалы бауыр ауруы, өт жолдарының, бүйректің аурулыры;

 Рахиттің емделу шаралары:

-Балалар кундеікті таза ауада екі – үш сағаттан кем емес серуендеуі және бала бөлмесі жиі желдетіліп туруы керек;

-Баланың тамақтануы жасына сай болу керек;

 Рахиттің ауырлығына байланысты витамин Д 2000-нан 5000 ХБ 30 – 45 күн беріледі. Содан кейін 2 жыл бойы жаз айынан басқа айларда 500 ХБ мөлшерінде, 3-і жылы тек қыс айында тағайындалады. Қатер тобындағы балаларға 1-і курс емі біткен соң 3 айдан кейін витамин Д 2000 – 5000 ХБ мөлшері 3 – 4 аптаға беріледі.

 Антенатальды алдын алу шаралары:

-Міндетті түрде жүкті әйел күндізгі және түнгі ұйқы уақытын сақтап, таза ауада серуендеу;

 Постнатальды алдын алу шаралары:

-Міндетті түрде емшекпен емізу;

-Жасанды тамақ сүті ана сүтіне 100 пайыз ұқсас болу керек;

-Витамин Д тағайындау. Дені сау балаларға алдын алу мөлшері 400 – 500 ХБ тәулігіне. Бұл мөлшер баланың өмірінің 4 – 5 аптасынан бастап беріледі (күз, қыс, көктем айларында).

 Қатер тобына жататын балаларға витамин Д 1000ХБ мөлшері күз, қыс, көктем айларында алғашқы екі жыл, ал шала туылған балаларға өмірінің 10 – 14-ші күннен бастап 400 – 1000 ХБ күнде жаз айынан басқа айларда беріледі. Рахиттің алдын алу үшін және емдеу үшін көбінесе витамин Д3 сулы ертінде түрінді аквадетрим қолданылады. Қалпына келтіру еміне массаж, ЛФК жатады және тұзды ванналар дәрілік ем бастағаннан соң екі аптадан кейін тағайындалады. Рахитпен ауырған балалар әр 3 ай сайын бақылауда болады. Рентген тек қана өте қажеттілік болған кезде ғана жасалады.

 Қорытынды:

 Рахиттің алдын алу мақсатымен витамин Д ерте уақытысында тағайындау нәтижесінде рахит ауруы едәуір төмендеді. Ата – аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жақсы нәтижелерге жеткізді.


Информация о работе Диатез