Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:54, творческая работа
Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттардың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін п е р и н а т а л ь д ы қ деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңа туылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Жасы
Жынысы
Генетикалық фактор
Ағзаның жағдайы
Тәуліктік ырғақтың маңызы
Физиологиялық қызмет үшін тәуліктік ырғақтың маңызды мәні бар. Сергектік және ұйқының ауысуы жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің белсенділігіне және оған сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізетіні белгілі.
Тәулік уақытына байланысты заттың әсері сандық өзгеріп қана қоймай, сондай - ақ сапалық та өзгереді. Көпшілік жағдайларда олардың айқындығы басым әсері максималды белсенділік кезінде байқалады (адамдарда – күндізгі уақытта, түнгі жануарларда – тәуліктің қараңғы уақытында). Атап айтқанда, адамдарда ауыру сезімін басатын морфин таңертеңге немесе түнге қарағанда күннің екінші жартысының басында көбіне белсенді болады. Анальгетикалық белсенділігі бар эндогенді пептидтердің өндірілуінің де тәуліктік ауытқуы байқалған. Стенокардия кезінде нитроглицерин күннің екінші жартысына қарағанда көбіне таңертең тиімді.
Дәрілік емнің негізгі түрлері
Профилактикалық
Қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді. Осы мақсатта дезинфекциялаушы , химиотерапиялық заттар және басқалар қолданылады
Этиотропты
Ем
аурудың себебін тоқтатуға
Сиптоматикалық
Емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды (мысалы ауруды) жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді.
Негізгі және жанама әсерлер
Дәрілік аллергиялар
I тип
Реакцияға антидененің қатысуына байланысты. Бұл есекжеммен, тамырлық ісінумен, ринитпен, бронхоспазммен, сульфаниламидтерді қолданғанда болуы мүмкін.
II тип
IgG, IgM антидене, комплемент жүйесін белсендіре отырып, айналып жүрген қан жасушаларына өзара әсерлеседі және олардың ыдырауын туғызады.
III тип
IgG, IgM, IgE антиденелері қатысады. Сарысу деп аталатын ауру пайда болады. Ол есекжеммен, артралгиямен, қызбамен көрінеді.
IV тип
Реакция сенсибилизацияланған Т лимфоциттер және макрофагтар кіретін иммунитеттің жасушалық механизмі арқылы жанама түрде жүреді. Затты жергілікті қолданғанда пайда болады және жанасқан дерматит түрінде көрінеді.
Дәрілік аллергиялардың ерекшеліктері
Дәрілердің ең аз мөлшерінен дамиды. Кейбір адамдарда аз мөлшердегі дәрілерден ауыр , басқаларында жеңіл көріністер байқалуы мүмкін.
Аллергияның
көріністері дәрінің
Кез келген дәрі аллерген бола алады.
Алл-қ серпілістер дәріні тек қайталап қабылдаудан дамиды. Тағам өндірісінде малдар мен құстардың індеттерінен сақтандыру үшін дәрілік қоспаларды кеңінен пайдаланады.
Жалған аллергия
Клиникалық көріністері аллергиялық серпілістерге өте ұқсас болып келеді. Бірақ олардан жалған аллергияның айырмашылығы болып, оның иммундық жүйенің қатысуынсыз өтуі есептеледі. Ол организмнің дәрілермен бір мәрте түйісуінен - ақ дамиды. Бұл кезде жалған аллергияның дамуында дәрілердің әсерлерінен лаброциттердің, қан базофильдерінің, комплемент жүесінің туа біткен немесе жүре пайда болған жауап қайтару ерекшеліктері маңызды орын алады. Осыдан дәрілердің әсерлерінен көрсетілген жасушалардан биологиялық белсенді заттардың (гистамин, серотонин, простогландиндер, лейкотриендер) босап шығуы артып кетеді.
Идиосинкразия - деп организмнің тегіне байланысты немесе белгілі бір дерттің зардабынан жүре пайда болған кейбір дәрілерге оның дерттік көтеріңкі серпілісін айтады.
Дәрінің фармакологиялық әсері бағытталмаған басқа жүйелерді өзгертулермен айқындалады.
Дәрілердің тіпті көп мөлшерінен емдік нәтиженің болар болмас - болуымен
Дәрілердің тіпті аз мөлшерлеріне адамның қатты сезімталдығымен
Уытты заттардың қанға сіңуін кідірту
Уытты затты ағзадан шығару
Күшейтілген диурез
Мәні – сулы жүктеме (көп су ішкізу, көктамырға сұйықтар енгізу), сонымен қатар белсенді зәр айдағыш заттарды (фуросемид, маннит) қолдану
Перитонеалдық диализ
Мәні ішпердесін электролиттік ерітіндімен жуу. Уланудың түріне байланысты затты құрсақ қуысына тезірек шығаратын белгілі бір диализдеуші сұйықтар қолданады.
Гемосорбция
Берілген жағдайда қандағы уытты заттар арнайы сорбенттерге адсорбцияланады (мысалы, қан белоктарымен жабылған түйіршіктелген активті көмірге).
Қан ауыстыру
Бұл жағдайда қан шығаруды донордың қан құюмен қатар жүргізеді. Бұл әдісті көбінесе қанға тікелей әсер ететін мысалы, метгемоглобинемия (нитриттер, нитробензолдар) түзілуін шақыратын заттармен уланғанда қолдануға көрсетіледі.
Сіңген уытты заттардың әсерін жою
Егер қандай затпен уланғаны анықталған болса, онда ағзаның
детоксикациялау антидоттардың көмегімен жүргізіледі.
Химиялық заттармен улануды арнайы емдеу үшін
қолданылатын заттарды антидоттар деп атайды. Оларға уларды
химиялық немесе физикалық өзара әсерлесу арқылы немесе
фармакологиялық антогонизмге байланысты инактивациялайтын
заттар жатады. Осылайша ауыр металдармен уланғанда, олармен
уытты емес кешен түзетін қосылыстар қолданылады. Жедел
улануды антидотармен емдеуді ерте бастаған сайын ол тиімді
болады. Ағзаның тіндері, мүшелері мен жүйелерінің зақымдалуы
дамығанда және уланудың терминалдық сатысында
антидоттармен емдеудің нәтижесі аз.
Жедел уланудың алдын алу
Ең басты мәселе – уланудың алдын алу. Бұл үшін дәрілік заттарды рецептке негіздеп жазып беру және оларды медициналық мекемелер мен үй жағдайында дұрыс сақтау қажет. Сонымен қатар медикаменттерді тағамдар тұратын шкафтарда және тоңазытқыштарда ұстамау керек. Дәрілік заттар тұратын орынға балалардың қолы жетпеуі керек. Қолданылатын препараттардың міндетті түрде тиісті этикеткасы атымен болу керек. Әдетте өз бетінше емделуге болмайды, өйткені ол жедел уланудың және басқа жағымсыз әсердің жиі себебі болады.
1
2