Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:12, реферат

Описание

Салицил қышқылы - ароматты оксикарбон қышқылы. Табиғатта бос күйінде, (түймедағы гүлінде, кейбір жемістерде) және гликозид, гликозид эфирлері, (эфир майларында) түрінде кездеседі. Салицил қышқылының натрий тұзы және ацетилсалицил қышқылы, (аспирин) дәрілік зат ретінде қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

Салицил қышқылы.doc

— 104.50 Кб (Скачать документ)

Салицил қышқылы - ароматты оксикарбон қышқылы. Табиғатта бос күйінде, (түймедағы гүлінде, кейбір жемістерде) және гликозид, гликозид эфирлері, (эфир майларында) түрінде кездеседі. Салицил қышқылының натрий тұзы және ацетилсалицил қышқылы, (аспирин) дәрілік зат ретінде қолданылады.[1] о-оксибензой қышқылы, HOC6H4COOH – монооксикарбон қышқылына жататын, ароматты оксиқышқыл; балқу t 157°С, қайнау t 211°С, түссіз ине типтес кристалдар түзетін ұнтақ, суда, күкірт карбидінде (CS2) нашар еріп, органик. еріткіштерде (спирт, эфир) жақсы ериді

 

 

Пара-салицил қышқылы

    Пара-салицил қышқылы — (ПАСҚ) туберкулезді емдеуге арналған синтетикалық препараттардың алдыңғы қатарында болды. 1940 жылы Бернгейм қоректік ортаға салицил қышқылын қосқанда түберкулезді бактериялардың оттектің қабылдауы өседі екен айтып кеткен. Сонымен қатар оған жақын заттар мұндай әсер көрсетпейді.

    Салицил қышқылын туындыларының ішінде пара-аминобензол қышқылына ұқсас туберкулез бактерияларының өмірге қабілеттілігін төмендететін және әр түрлі биохимиялық үдерістерді тудыратын заттар бар екені болжамдалды. Леман 50 салицил қышқылының туындыларының зерттеуге салып, ПАСҚ туберкулез микобактерияларына қауіп тудырады, бірақ амино-салицил қышқылдарының изомері мұндай қасиетке ие емес. Дәрілік зат ретінде ПАСҚ 1946 жылы ғылымға енді.

    Препарат туберкулез бактерияларына қарсы ғана бактериостатикалық қасиеттері ие. Кокк флорасы не басқа микробтарға ПАСҚ белсенді емес. Салицил қышқылынын туындысы болғанымен, дәрілік зат ыстық түсіруші дәрілер қатарына жатпайды. Туберкулез бактерияларына бактерицидтік әсер көрсетпейді.

    Пара-аминобензол қышқылы туберкулез таяқшаларының өссуіне тежеуіш әсерінде ПАСҚ-қа бәсекелес болады. Сонда, пара-салицил қышқылының туберкулез таяқшаларына әсер ету механизмі сульфаниламидтің басқа бактерияларына әсеріне ұқсас екенін айтуға боады. Басқа химиотерапевтік препаратар сияқты ПАСҚ-пен емдеу барысында бактериялардық дәріге тұрақтылық формалары қалыптасады. ПАСҚ-тың сіңірілуі асқорыту жүйесінде жүзеге асады. Қандағы терапевтілік концентрациясы 10мг шамасында. Осындай концентрацияны сақтап қалу үшін тәулікке 12-18 г ПАСҚ берілуі тиіс.

    Қазіргі кезде туберкулезді емдеуге арналған дәрілердің бірнеше топтары болғандықтан, ПАСҚ стрептомицин және фтивазид сияқты дәрілік заттармен қатар колданылады. Бақылаулар көрсеткендей, дәрілік препарат микробтың резистентциясын дамуы кешірек мерзімге немесе тіпті мүлдем орын алмайды, сонда әр түрлі препараттар микроорганизмнің ферменттік жүйелеріне әр қилы әсер етіп, оның дамуына күрделі өзгерістер енгізеді. Мұндай жағдайда ағзаның қорғаныштық қызметіне қолайлы жағдайлар туындауға мүмкіндік болады. Дәрілерді бірге немесе бірінен кейін бірін емдеуге қо арттырдыүлданады. Бірінші әдіс негізделіп қолданылады. Ерекше қиын жағдайларда үш препаратты (ПАСҚ, фтивазид, стрептомицин және басқа комбинация) бірден қолданылады.

    Соңғы кездерде ПАСҚ-тың натрий тұзының сұйытылған (3%) ерітіндісін тәулігіне 30-40 г енгізу жақсы жетістіктермен қолданып жүр. Мұндай терапия күрделі туберкулездік зақымдану кезіндеде жақсы нәтежелер көрсетеді.

    ПАСҚ туберкулездің әр түрлі формаларында қолданылады. Терапевтік қасиет атуберкулезбен ауыратын адамның жалпы жағдайын жақсартуға, температураны тұрақтандыруға, салмақтық көтерілуіне, туберкулездік бактериялардың бөлінуінің тоқталуына және туберкулезбен зақымдалған органдарының терісінің ауысуына мүмкіндік береді.

    ПАСҚ-ты қолдану, басқада химиотерапевтік препараттар сияқты, туберкулездің хирургиялық емдеуін де қарастырады. Сондай-ақ, туберкулезге қарсы дәрілерді қолдану керекті жағдайларда хирургиялық араласу мүмкіндігін арттырды.

    ПАСҚ-ты қолдануында келесі кері әсерлерде байқалады: тәбеттің жоғалуы, құсу, асқазандағы ауырлық, ішөтпе, бөрткендер және т.б. Сондай-ақ ПАСҚ қалқанша безінің қызметін тежейді. Пара-аминосалицил қышқылының кейбір туындылары, мысалы пара-бензоламиносалицил қышқылы ПАСҚ-ке ұқсас терапевттік қасиеттерге ие.

 

САЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ГИДРАЗИНОЛИЗІН ИОНИТТІ КАТАЛИЗАТОР ҚАТЫСЫНДА  ЗЕРТТЕУ

   Карбон қышқылдарының гидразидтері және олардың туындылары халық шаруашылығының әртүрлі саласында физиологиялық  активті заттар, өсімдіктер өсуінің реттегіштері, мономерлер және жартылай өнімдер т.б заттар ретінде ауқымды қолданысқа ие.

    Бензой және сірке қышқылының гидразидтері каучук вулканизациясының жеделдеткіштері ретінде ұсынылған. Гидразиннің екі негізді қышқылдармен конденсациясының нәтижесінде ыстық пен суыққа, еріткіштер әсеріне, иілу мен майысуға төзімді талшықтар түзетін полигидразидтер түзіледі. Полиакрил және метакрил қышқылдарының гидразидтері цементті композициялардың пластификаторлары ретінде қолданылады.

    Малеин қышқылының гидразиді өсімдіктер өсуін реттеуші тиімді  зат ретінде қолданылады. Оны картоп пен сарымсақ өніп кетпеуі үшін, жемісті ағаштардың ерте басталған аяз алдында гүлдеп кетуін тежеу үшін, мақта сабағындағы жапырақтардың өсуін тежеу үшін қолданылады.   Сульфоқышқылдардың гидразидтері инсектицидті және фунгицидті қасиеттерге ие [1].

    Салицил қышқылының гидразідінің түзілуіне әртүрлі факторлардың (гидразингидрат мөлшері, температура, реакция ұзақтығы) әсерлері зерттелді.

 

    Гидразингидрат мөлшері (С0гг) 1г салицил қышқылына (СҚ) алғанда 0.48 – 0.96 г аралығында өзгертілді. 0.72г гидразингидрат мөлшерін қосқанда гидразидтің шығымы жоғары болды. Ары қарай гидразингидрат мөлшерін көбейту жанама конденсация реакциясының жүруіне байланысты гидразид шығымының төмендеуіне алып келеді.

 

Процеске әсер ететін факторлардың бірі – реакция ұзақтығы. Реакцияның толық аяқталуына 2 сағат жеткілікті болады, өйткені жанасу уақытын ары  қарай ұзарту гидразид шығымының елеулі өзгерісіне алып келмейді.

    Процестің жүруіне елеулі әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып температура өзгерісі табылады. Температураны 65 0С- тан 95 0С-қа дейін жоғарылатқанда, салицил қышқылының гидразидінің шығымы жоғары болды. Температура төмендеген сайын гидразид шығымы төмендейді және жанама өнімдердің түзілуі байқалады. Сондықтан гидразидті жоғары температураларда синтездеу қолайлы болады.

    Сонымен салицил қышқылының гидразидін синтездеу үшін әрекеттесуші заттардың массалық қатынасы СҚ:ГГ:Kt:Н2О=1:0.72:2:12 болатындай етіп алынады, температура 950С, реакция ұзақтығы 2 сағат.

    Синтездің бастапқы заты ретінде салицил қышқылы, ал соңғы өнімі ретінде салицил қышқылының гидразиді алынғандықтан олардың таза күйіндегі ИҚ-спектрлері түсірілді.

    Салицил қышқылының ИҚ спектрінде  2800-3800 см-1  жиіліктегі интенсивті жолақтар С-Н, О-Н  топтарының валенттік тербелістеріне жатады. 1611см-1, 1657см-1 жиіліктегі жолақтар – СОО-  тобының валенттік тербелістерін көрсетеді. 1000-1500 см-1  жиіліктер арасындағы жолақтар О-Н тобының деформациялық тербелістерін білдіреді.

    Салицил қышқылы гидразидінің ИҚ-спектрінде 3326, 3269см-1 жиіліктегі сіңіру жолақтары N-H тобының валенттік тербелістеріне жатады. 1626 см-1 жиілікте интенсивті жолақтар байқалады. Олар С=О тобының валенттік тербелістеріне сәйкес келеді. Сонымен бірге мұнда 1600-1400 см-1 сіңіру аймағындағы жолақтар бензол сақинасының скелетті тербелістеріне,        3000-2800 см-1 сіңіру аймағындағы жолақтар NH2 тобының валенттік тербелістеріне жатады. 1000-1500 см-1  жиіліктер арасындағы жолақтар             N-H тобының деформациялық тербелістерін білдіреді.

    Сонымен бастапқы зат және реакцияның соңғы өнімін ИҚ-спектроскопиялық әдіспен зерттегенде олардың спектрлері стандартты заттардікіне сәйкес келетіндігі анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі реакция:

 

 COOH CH3CO COOH


 +  O  +                                                


                                                                                      CH3COOH

CH3CO

OH OCOCH3

салицил қышқылы

 

 

    Әр ару күнделікті косметиканың бірнеше түрін қолданады. Алайда біз көп жағдайда оның құрамында не бар екені жайлы ойланбаймыз. Келесі жолы косметика сатып алуға барғанда жарнамаға сенбей, крем этикеткасын оқып, ақылмен таңдаңыз.

    Түрлі кремдердің құрамына көптеген теріге пайдалы заттар қосады. Алайда олардың арасынан өзіңізге керек, ең пайдалысын таңдай біліңіз.

 

Сонымен, косметикалық құралдардың құрамында болатын заттар.

    Антиоксиданттар. Олар күннен қорғаныс пен реңк беруші кремдер құрамында, күнге күюге арналған косметикада болады. A, C, E дәрумендерімен қатар кездесіп, жүзім сүйектері экстрактында көп болады.

    Ретинол мен А дәрумені әжімдерді емдеуге арналған кремдерде жиі кездеседі. Ол теріні берік қылып, әжімдердің алдын алады.

    Алоэ косметикалық құралдар өндірушілермен кең қолданылады. Ол теріні ылғалдандырып, жұмсартады. Сонымен қатар алоэнің антибактериалды эффекті жараларды емдейді.

    Гиалурон қышқылының ылғалдандыру қасиеті өте жоғары. Сол себепті оны ылғалдандырғыш кремдер мен жара емдейтін гельдерге қосады.

    Авакадо майы пайдалы май қышқылдарының қайнар көзі. Сол себепті ол жұмсартқыш, жасушаларды қалпына келтіру қасиетіне ие.

    Май адсорбенттері: салицил қышқылы, шалфей, камфор майы, триклозан, балауыз бен лаванда майы теріні терең тазартып, жасартады.

    Цинк пен кальций. Бұл компоненттер терідегі зат алмасуға жауап береді. Цинк майлы теріні залалсыздандырып, құрғатады. Кальций теріге беріктік береді.

 

Безеулі теріге арналған тоник

 

    Құрамында спирт және салицил қышқылы бар түссіз мөлдір тоник тазарту процесін аяқтайды. Тері бетінде майдың пайда болуын бақылайды. Майлы жылтыр мен артық майды кетіреді. Ақ жəне қара безеулердің санын азайтады. Жаңа безеулердің пайда болуынан сақтандырады. Белсенді қосындысы - салицил қышқылы (2 %)

 

 

 

Өнім сипаты

-Жеңіл химиялық пиллинг сезімтал теріні қуаттайды

-Май мен тері тесігіндегі жасуша қалдығын ерітуге көмектеседі

-Коллаген синтезін, терідегі эластин талшығын қолдайды

-Жасуша жаңаруын жетілдіреді

-Тері түсі мен ашықтығын жақсартады

-Манделик қышқылы құрамын күю мен тітіркенуді алдын алады

-Аталмыш өнім кәсіби қолданысқа мақсатталған

 

Дәрілік затты  қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық

                             Салицил қышқылы

 

 

 

Саудалық атауы

Салицил қышқылы

 

 Халықаралық  патенттелмеген атауы

Салицил қышқылы

 

 Дәрілік  түрі 

2 % спиртті ерітінді

 

Тазалық - саулық негізі

 

Тазалық - саулық негізі демекші, бет терісінің саулығы мен сымбатының басты кепілі - оны дұрыстап тазалау. Мына кеңестерді қолданып, табиғи көріктігіңізді ұзаққа сақтап қалыңыз.

    Бет пен мойын терісін күніне 2 рет: таңертең және кешке тазалаңыз. Ұйқы алдындағы бет терісін тазалау дауасын ерекше мұқият өткізіңіз. Тіпті макияж қолданбасаңыз да, күніне бетке шаң-тозаң қонып, ұсақ тесіктерге жиналады.

    Бетіңізге шыққан безеуді сығуға, тіпті оған тиюге де болмайды. Кір саусақпен қабынып тұрған безеуге тисеңіз, ішіне инфекция кіргізіп, жағдайды қиындата аласыз. Безеуге құрғататын гель жаққан дұрыс. Алайда мұндай гельдің бір тамшысын ғана жағыңыз, егер оны шамадан көп қолдансаңыз, тері майды көбірек шығара бастайды, ал бұл жаңа безеулерге әкеле алады.

    Шыдамай, безеуді сығып қойсаңыз, артынан оны  залалсыздандыруды ұмытпаңыз. Кейін арнайы сығылған безеулерді емдейтін крем жағып қойыңыз.

    Бет терісіне арналған косметика таңдағанда, құрамында бензоил пероксид, азелин не салицил қышқылы бар түрлеріне көңіл бөліңіз. Бұл қосылыстар қабынуға қарсы. Күнделікті креміңіз теріні ылғалдандыруы керек, бірақ тым майлы түрін таңдамаған жөн.

    Құрамында ретиноидтар бар кремдер тер құрамында коллагеннің бөлінуін қадағалап, әжімдерді тартып, теріге жақсы әсер көрсетеді.

    Макияж бен косметиканы ұқыпты пайдаланыңыз. Түрлі макияж құралдары мен бет терісіне арналған косметиканы тым жиі қолданбаңыз. Бұл теріні зақымдап, тері бетіне бөлінетін майдың жұмысын бұзады.

    Дем алуға уақыт табыңыз. Стресс пен шамадан тыс шаршау терінің аса нәзік болуына әкеледі. Табиғи балансы бұзылған теріде су мөлшері азайып, жағдайы нашарлайды. Сондықтан уақытыңыз тығыз болса да, дем алып, өзіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

 

Жидектерде салицил қышқылы бар

Таңқурай жидектердің  ішіндегі пайдалы элементтерге ең толы жидек. Құрамында А, Е, С, РР, В2 дәрумендері, мыс, салицил қышқылы бар. Таңқурай, әсіресе, аяғы ауыр және емізетін әйелдерге пайдалы. Йод жетіспеушілігімен зардап шегетіндерге диетолог мамандар күніне 1 кесе таңқурай жеу керек деп кеңес береді. Жүрек, өкпе, қан диабеті ауруларға қажетті ем бола алады. Сондай-ақ, терінің түр-түсін жақсартып, денеде ісіктің жойылуына жол ашады.

 


Информация о работе Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық