Емдеу алдын-алу мекемелерінің емдеу-қорғау тәртібі. Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:48, реферат

Описание

Залалсыздандыру (дезинфекция )– адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды , көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.

Содержание

Кіріспе
Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі дезинфекция
ІІ.Негізгі бөлім
1. Залалсыздандырудың тәсілдері
2. Асептика
3. Антисептика
4. Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі дезинфекция.Асептика. антисептика.
5. Медициналық құрал-саймандарды және материалдарды залалсыздандыру түрі және әдісі.
6. Азопирам-ол дұрыс стерилизация
7. Фенолфтолейндік тексеру
8. Стерилизация бөлмесі
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі дезинфекция. Медициналық құрал-саймандарды және материалдарды залалсыздандыру түрі және әдісі..doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

 

Оңтүстік  Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

 

Мейірбике ісі негіздері және  реанимация-анестезиология кафедрасы

 

 

 

 

Тақырыбы:Емдеу алдын-алу мекемелерінің емдеу-қорғау тәртібі.Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері.

 

                                              Орындаған:Ускенбаева А.

Тобы:101-Б МІК.

Қабылдаған:Рамазанов Ж.

 

Шымкент 2013ж

 

 

Жоспар

І.Кіріспе

Емдеу алдын-алу  мекемелеріндегі дезинфекция

ІІ.Негізгі  бөлім

  1. Залалсыздандырудың тәсілдері
  2. Асептика
  3. Антисептика
  4. Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі дезинфекция.Асептика. антисептика.
  5. Медициналық құрал-саймандарды және материалдарды залалсыздандыру түрі және әдісі.
  6. Азопирам-ол дұрыс стерилизация
  7. Фенолфтолейндік тексеру
  8. Стерилизация бөлмесі

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Емдеу алдын-алу мекемелеріндегі  дезинфекция.Асептика. антисептика.

Залалсыздандыру (дезинфекция )– адам  мен  жануарларда, өсімдіктерде   ауру   қоздыратын  микроорганизмдерді   жоюға бағытталған   шаралар   жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың  кең   таралып   кетуін   болдырмау   шараларының бірі. Қазақ   халқы залалсыздандыру тәсілдерін   ерте   заманнан бері   қолданып   келген. Мысалы, ауырған   адамның ыдыс-аяғын   бөлек   ұстап қайнату,   науқастан түскен   шашты, тырнақты   көміп   тастау   немесе   өртеп   жіберу;   мал шарушылығында – қораларды , көң-қоқысты   тазалап   отыру, дәнді   дақылдарды   күнге   кептіріп   алу, т.б. 
Қолдану   мақсатына   қарай   залалсыздандыру  екі түрге ажыратылады:  сақтық (профилактикалық)   залалсыздандыру және   ошақтық    залалсыздандыру (күнделікті  немесе  ағымдық және  қорытынды).

Сақтық   залалсыздандыру – алдын-ала   тағамдық өнімдерді дайындайтын   және   сақтайтын   жерлерді, малдан   алынатын   шикізат немесе   тағамдық заттар   сақтайтын   мекемелерді, мал   қораларын, астық   қоймаларын,   емхана   және   ауруханаларды, әжетханалар   мен қоқыс  жинайтын   орындарды   арнайы   тәсілдер   қолданып   өңдеу. 
 
Ошақтық    залалсыздандыру – ауырған адам   мен   малдың   қасында болып, олар   сауығып   кеткенге   дейін   күнделікті   бақылау   жүргізіп отыру, ауруды   емдеуге   алып   кете   салысымен   және   аурудан   жазылып   кеткеннен   кейін   немесе   ауру (адам  не  мал) өліп   қалғаннан кейін   бірден  (көп   кешікпей) ауру  орнын   толық  өңдеуден   өткізу.

Қорытынды   залалсыздандыру  жүргізіледі:  (науқас   ауруханаға  жатқызылғанан соң , қайтыс   болған   кейін    залалсыздандыр  у шаралары   жүргізіледі)   жұқпалы ауру   ошақтарында   жән    елистериоз , тырысқақ,  қайталама   сүзек, Брилль ауруы, Ку   қызбасы, сібір   жарасы, туберкулез, жоғарғы    контагиозды   вирустық гемррагиялық  қызбасы, іш   сүзегі, паратиф, сальмонеллез,  лепра, орнитоз (пситтакоз), дерматофитиялар (микроспория , трихофития, руброфития, фавус) күдікті   аурларына   науқастар   үшін    жүргізіледі. Ұйымдасқан   ұжымдарда (бала-бақшаларда, балаларға   арналған   жабық   мекемелерде, медициналық мекемелерде) сары   ауру   тағы   басқа   энтеровирустық   жұқпалар , ішек иерсиниозы, қантышақ, жіті   ішек   жұқпасы, қышыма, педикулез   жұқпалы аурулар   тіркелгенде.

Залалсыздандырудың тәсілдері 

Механикалық   залалсыздандыруда  үй  ішін  шаңсорғышпен тазалап, сабындап  жуып, желдетеді, мал  қораны  су шашып сыпырады, малдың тұрағының   құрал-жабдығын  тазартады.

Физикалық  залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу,  бумен немесе  ыстық ауамен өңдеу, т.б.  пайдаланылады.

Химиялық  залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориды, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.

Жараға  жұқпаның  түсуі  кез  келген  жараның  жиі  кездесетін жөне  кауіпті   асқынуларының   бірі   болып  табылады. Міне, сондықтан   да   барлық   хирургиялык   жұмыстардың  негізгі жара  жұкпасынын    алдын алу (сактандыру)   қағидасына тіреледі.  Жараның   беткі кабатына   тиетін   нөрсенін барлығында   ауру   туғызатын   микробтар   болмау   керек, (стерильдену   кажет), сондай-ақ   жараға  түскен  микробтарды барышпа   әлсірету  кажет. Жара  жүқпасының   алдын   алу   жөне онымен   күресу   үшін   қазіргі   заманда   хирургияда   жұқпадан сақтандырудың   біртұтас   жүйесін   кұрайтын   асептика   мен антисептиканың    әр    алуан   тәсілдері    қолданылады.

 

 

 

 

Асептика

Микробтарды  жараға  түскенге  дейін   жоюға  бағытталған, сөйтіп, оны   жұкпаға   ұшыраудан сақтайтын   іс-шаралардың (жара   жұкпасынан сақтандыру   өдістері)   жиынтығы   асептика  деп аталады. Асептиканың  негізгі   заңы:  жараға  тиетін нөрсенің  бәрі   микробсыз, яғни  стерильді болуы тиіс. Асептикаға  қол   жеткізу   үшін, негізінен, микробтар   үшін   қатерлі   жоғарғы   температура (бумен, қайнату   аркылы   стерильдеу) және  кейде әр түрлі химиялық  заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы   сәулелену пайдаланылады.

Антисептика

Жарадағы  микробтар  санын   азайтуға  немесе оларды   жоюға   бағытталған   іс-шаралар   жүйесі антисептика деп  аталды.

Антисептиканың   төмендегідей  түрлері  бар: механикалық (жұқпа түскен  жараны алғашкы хирургиялық  өндеуден  өткізу, яғни  микробтар  мен өлі  тіндерді  алып   тастау   мақсатында   жараның түбімен   шеттерін  ойьш   кесу):

физикалық  (жараға  ылғал тартқыш макта-дәке   таңғышын салу,  кептіргіш   ұнтақ,  тампон,  білте, дөкенің   ұзын   жолағы түріндегі   тампон   немесе   резина   немесе   пластмасса   түтік түріндегі   білтені   пайдаланау,   сондай-ақ   жараны    ауа көмегімен   емдеудің   ашык  әдісімен   кептіру). 
Осылайша   микробтардың   өмір  сүруі   мен  көбеюіне    кедергі    келтіретін   қолайсыз   жөне  тіндердің   ыдырау өнімдерімен    улы   заттар   токсиндерінің   сіңуін   азайтатын жағдайлар   жасалады.

Химиялық  (бактериологиялық   әрекетті   микробтардың   дамуы   мен   кебеюін   басып   тастайтын   және   бактерицидті әрекеті —  олардың   енуін   қамтамасыз   ететін   антисеп-тикалық   заттар   колдану). 
  Биологиялық – антибиотиктер, бактериофагтар   қолдану, тіршілікке   қабілетсіз   жасушаларды   лизистеу   үшін протеолитикалық   ферменттер    қолдану.

 

    Стерилизация –барлық микроорганизмдерді, сонымен қатар бактериялардың,(патогенді,патогенді емес ) спораларын түгелдей жою болып табылады. Стерилизацияға барлық қанмен жұмыс істеген құралдар,инекциялық препараттар және диагностикалық құрал-саймандар түсуі керек. Стерилизация сатылары:

     1. Қабылдау-сараптау  бөлімі

     2. Құралдарды  жуатын бөлме (дезинфекциялық  ерітіндіде)

     3. Таза аймақ

     4. Стерилизация  бөлмесі 

     5. Экспедиция  бөлмесі                                                                                             І. Қабылдау-сараптау бөлімінде қолданылған құрал-саймандарды,мақта қалдықтарын,шприцтер тағы басқа заттарды арнайы қапшықта немесе бикске салып әкеледі. Қолданылған құралдарды тиянақты орап,әр орамнан кейн индикатор қалдырып отырады. Бикстің немесе қапшықтың сыртында қай бөлімшеден келгені жазылып қояды. Қабылдау-сараптау бөліміндегі медбике оны арнайы тіркеу журналына қай бөлімшеден келгенін,қанша құрал-сайман барлығының санын тіркейді. Және де сол жерде қолданған құрал-сайманды салған бикстің сыртын ультра-хлорантин дезинфекциялаушы ерітіндісімен өңдейді.

Жуатын бөлмеде құрал-саймандарды  өңдеу 3-сатыдан тұрады:

1.Арнайы «қайнатқыш апаратында»  дезинфекциялық ерітіндіде t-50 С-де 15 минут қайнатады. 

1л ерітінді 97,8 % су.

1% Сутегі асқын тотығы (Перекис водорода) 5г порошок.                                                                                                                2. Арнайы ағынды дистилденген суда құрал–саймандардың барлығын тиянақты жуып шығады.

3.Арнайы қайнатқыш  аппаратта 15минут дистилденген  суда құрал-саймандарды тұссыздандырыды. 

    Одан  кейін барлық құрал-саймандарды  әр бөлімшенің арнайы аты жазылған  ыдыста терезе (окошка) арқылы келесі  бөлмеге береді.

   Таза  аймақта құрал-саймандарды терезе арқылы қабылдап алғаннан кейін арнайы «кептіргіш шкафта» кептіріп алып, қанға және порошокқа тексеру жүргізеді. Оны арнайы индикаторлық ерітіндіде жүргізеді. Мыалы: қанды-азопирам индикаторымен, ал порошокты фенолфтолейн индикаторымен тексереді.

    Азопирам-ол дұрыс стерилизация жүргізілмеу нәтижесінде стерилизацияланған құрал-саймандардағы қанды тексеру  индикаторы болып табылады.

    Құрамы:10% амидопирана,0,10-0,15% тұз қышқылдық  анилиннен тұрады.

    Қолданылуы:Ерітіндіні дайындау:1л азопирам ерітіндісін дайындау үшін,таразыға 100г амидопирим және 1-1,5 тұз қышқылы анилині қолданылады. Оны өлшегіш ыдыспен өлшейді және 1л 95% этил спиртінің көлеміне дейін әкеледі.Реактивтің қолданылуы: Тексеруші құралға пипетка арқылы 2-3тамшы тамызады.Әсіресе шприцтің темірі мен шынысы арасында қан қалып кетеді. Міне сол жерге ерітіндіден 3-4 тамшы тамызып ,шайқайды. Ерітіндіні шприцте 0,5-1,0 минутқа қалдырады. Одан кейін ерітіндіні марлыға сүзіп алады.

 

    Фенолфтолейндік тексеру-бұл стерилизацияланған құралдағы порошоктың немесе басқа ерітінді заттардың қалдықтарын тексереді. Реакцияға 1%-фенолфтолейн қолданылады.    

    Қолданылуы: тексеруші құралға 2-3 тамшы ерітінді  тамызып,оны тампонмен сүртіп  тастайды. Егер де тексеруші құралдарда  ашық қызыл түс пайда болса,онда құрал дұрыс стерилизация жүргізілмеген болып табылады.

     Бұдан  кейін құралдарды терезе арқылы  келесі бөлме яғни стерилизация  бөлмесіне жібереді.

Стерилизация  дегеніміз – бұласпаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың  спораларын толық жою болып  табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтырылады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк жәнебасқа инфекцияларды дамыта алады. 
Біздің елімізде Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және  стерилизациялаутараулық стандарты енгізілді. Осы стандартпен дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді. Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелері ( ОЗБ ) ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды залалсыздандырып, алдын–ала тазарту. ОЗБ-ның құрылымы 2 блоктантұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған блокта залалсыздандыру алдындағы тазартуды,залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бустерилизаторларын, құрға қауа-шкафтарын дайындау жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа  стерильденген материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерді залалсыздандыруға болмайды.Ашық түрде құрғақ ауа шкафында залалсыздандыруға болады. 
Мысалы:вирусты гепатит пен ауырған  науқастарға процедуралық кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған шприцтер мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болуы керек. 
Майлы шприцтер мен инелергекрафт-пакеттер немесе екі қабатты бөз орағыштар арналады. Майлы ерітінділерді енгізуге арналған шприцтерді басқа шприцтермен араластырмайды. ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда процедуралық мейірбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, себебі олар бөлек салынады. 
Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі. Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан,тағы басқаластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады: 
Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек. 
Суағымымен 0,5 минут жақсылап шаяды. 
Биолот жуғыш затына 15 минут қабатырады,0,5 минут сумен жуады. 
Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шаяды. 
Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді. 
Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту  сапасын бақылау жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды. 
Амидопириндік сынама 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сіркеқышқылының 3% сутектің асқынт отығымен  бірдей мөлшерде араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады,осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді. 
Азопириндік сынама – азопирамреактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қандыдаққа 2-3 тамшытамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды. 
Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі. 
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. 

     Стерилизация бөлмесі-бұл жерде барлық хирургиялық құралдар,ыстыққа төзімді шприцтер, шыны ыдыстар және басқа да медициналық құралдар жоғары температурада қыздырылады. Стерилизация 80 С-де 1-сағатқа созылады. 

   «Ауалы  стерилизатор» (Стерилизатор воздушной ГЦ-10МО)

    Экспедиция бөлмесі-стерилизацияланған барлық құралдар осы бөлмеде арнайы шкафтарға әкеліп қойылады. Ол жерде барлық бөлімшенің аты жазылған шкафтар орналасқан. Құралдарды өздерінің бикстеріне рет-ретімен арнайы маталарға орап салады. Және де бағана айтқан индикатор қағаздарына қара сызық сызылады бұл құралдар стерилизациядан өтті деген мағынаны білдіреді.Және де ол жерде адамға зияндығы жоқ арнайы лампалар орнтылған.

    Осы  экспедиция бөлмесінен стерилденген  бикстерді белгілі уақытта әр  бөлімшенің медбикелері келіп  есік арқылы емес, терезе арқылы  алып кетеді.

    Қорытындылай  келгенде Орталық Стерилдеуші  Бөлімшенің құрылысы осындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.В.Бетина «Микробтар  әлеміне саяхат» Алматы «Қайнар» 1982 ж  
 
2.К.Мұханбетжанов «Генетика және селекция негіздері» Алматы,Санат,  
1996 ж.  
 
3. Т.Қасымбаева, К. МҰханбетжанов «Жалпы биология» мектеп,2010 ж.  
 
4. М.М.Құлдыбаев «Микробиология» Қайнар 1987 ж. 
 
5.Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы “Медициналық микробиология” Алматы  2010. 
 
6. INTERNET   www.yandex.kz


Информация о работе Емдеу алдын-алу мекемелерінің емдеу-қорғау тәртібі. Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері