Ферменттердi медицинада қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 17:17, курсовая работа

Описание

Қазіргі кезеңде, басқа да ғылым салаларымен бірге қарқынды дамып келе жатқан өзінің зерттеулерінің қолданбалы нәтижелері және жетістіктері жердегі бүкіл тіршілік иелері үшін аса маңызды биохимия ілімінің бір бөлімі ферменттер болып табылады.

Содержание

I.Кіріспе
Ферменттерге түсінік
II.Негізгі бөлім
a) Ферменттерді медицинада пайдалану
б) Энзимодиагностика
с)Ферменттерді емдеу барысында қолдану
III.Қорытынды
IV. Әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

ферменттер медицинада тукибаева .ppt

— 1.33 Мб (Скачать документ)

Ферменттердi медицинада қолдану .

 

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ атындаҒы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Кафедра:

             Презентация

Тақырыбы:

 

Орындаған:Тукiбаева А.Ж

Факультет: Жалпы медицина 

Курс:2

Топ: 020-1 к

Оқытушы:

 

Алматы 2012-2013 оку жылы

               Жоспар:

 

I.Кіріспе

Ферменттерге түсінік 

II.Негізгі бөлім

a) Ферменттерді медицинада пайдалану

б) Энзимодиагностика

с)Ферменттерді емдеу барысында қолдану

III.Қорытынды 

IV. Әдебиеттер тізімі 

  Ферменттерге кіріспе

  • Қазіргі кезеңде, басқа да ғылым салаларымен бірге қарқынды дамып келе жатқан өзінің зерттеулерінің қолданбалы нәтижелері және жетістіктері жердегі бүкіл тіршілік иелері үшін аса маңызды биохимия ілімінің бір бөлімі ферменттер болып табылады.
  • Ферменттердің тірі ағзаларда өтетін химиялық реакциялардың жү­ру барысын реттеп, белгілі бір тәртіппен өткізуі сол ағзаның тіршілік ету қабілетінің сақтауының, тұрақты болуының, ұрпақ жал­ғас­ты­ру­ының кепілі.
  • Қандай да бір реакциялардың жүру барысының өзгерісі міндетті түрде метаболиттік процесстердің өзгеруіне әкелетіні, сол себепті, ағзада зат алмасуының бұзылатыны күмән келтірмейді.

 

Ферменттерді медицинада  пайдалану

 

  •  адам ағзасындағы әртүрлі патологиялық қалыптың (аурудың) пайда болу себептері мен дамуы механизмдерін (этиопатогенезді),
  • емдеу жолдарының стратегиясы мен тактикасын құруды және емдеуді,
  • емдеу барысының тиімділігін бақылау тәріздес аса маңызды проблемаларды шешуге жоғары дәлдікпен көмектеседі.
  • Сонымен бірге, аурудың диагностикасы үшін маңызды, қазіргі қоғамда дені сау ұрпақ жалғастыру үшін алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін саланың бірі – энзимопатология – тұқымқуалаушы және жүре пайда болатын аурулардың себептері мен даму механизмдерін айқындап, адамның қоғамдық және жеке басындағы мәселелерді шешіп бере алады.

Энзимологияның медициналық  аспектілері.

Ағзалардың оның жасушаларының  тіршілік етуі үшін ферменттер  өте қажет. Мыңдаған биохимиялық  реакциялардың қатаң түрде дұрыс  жүруінің бұзылуы жасуша компоненттері  мен қызметінің бұзылуына, ағзаның  гомеостазының өзгеруіне әкеледі. Медицина үшін энзимоло­гияның  ғылыми жетістіктерін ағзаның  сау және патологиялық қалпын  анықтау, диагностикада, терапияда  қолданудың маңызы зор. Сондық­тан, қазіргі кезде, бұл медицинаның  көптеген салаларында кең пайдаланылады  және жақсы нәтижелер беруде.

Ферменттерді медицинада қолдану  үш негізгі бағыттармен (энзимопатия, энзимодиагностика, энзимотерапия) айқындалады.

Энзимопатия — деп ферменттердің мүлде болмауы немесе оның белсенділігінің күрт төмендеуінің нәтижесінде ағзадағы өтетін метаболиттік процесстің бұзылуынан болған ағзадағы патологиялық қалыпты айтады.

Энзимопатия туындау жолдарына  байланысты екі үлкен топқа  бөлінеді:

1. Тұқымқуалаушы энзимопатия,  (бірінші ретті);

2. Жүре пайда болған, (екінші  ретті).

Себебіне қарай тұқымқуалаушы  энзимопатияны үш топқа бөледі:

а) ферменттердің біреуінің немесе  бірнеше түрлері жетіспеушілігі;

б) ферменттердің бір немесе  бірнеше топтарының жетіспеушілігі;

в) ферменттердің бір немес  бірнешеуінің құрылысының өзгеруі  нәтижесінде.

Энзимодиагностика

 

    Қазіргі заманғы клиникалық биохимия тіндердің, жасушалардың, биосұйықтықтардың ферменттерінің белсенділігін анықтаудың әртүрлі тәсілдерін кең қолданады. Бұл ағзаның диагностикасы үшін аса маңызды және көптеген аурулардың дамуының механизмі мен дифференциалды диагностикасы үшін ыңғайлы әдістерді береді.

 

Энзимодиагностика тәсілдері екі түрлі аспектіге бөлінеді:

 

1. Зертханалық диагностикада ферменттерді аналитикалық реагент ретінде пайдалану. Бұл жолдар арқылы глюкозаны, этанолды, зәр қышқылын және т.б. анықтауға болады. Анықтау кезінде иммобилденген ферменттерді (ферменттер ерітілген күйде болады) мембранамен байланысқан ферменттерді пайдаланады. Олар биохимиялық автомат­тардың құрам бөліктеріне жатады.

     Глюкозаны анықтау

2. Биологиялық материалдардағы ферменттердің белсенділігін анықтау.

 

Әртүрлі мүшелерге әртүрлі ферменттік  құрамы тән болғандықтан, оларды, мүшеспецификалық ферменттер ретінде  қарастыруға болады. Сондықтан, сол  мүшелерге тән ферменттік өзгерісті  анықтаған соң бір науқастың  бауырының зақымдалғанын, ал келесі  науқастың басқа бір мүшелерінің  бұзылатынын анықтауға болады. Және  бұл клиникалық белгілерінсіз  ақ түсініксіз диагнозды анықтауға  мүмкіндік береді.

Энзимодиагностика өте сезімтал  және ауруды ерте анықтауға  ықпал жасайтын ерекше әдіс. Биологиялық  материал ретінде қан, несеп, сілекей, асқорыту сөлдері, пунктаттар, биоптаттар пайдаланылады.

Әртүрлі ауруларда фермент белсенділігінің  өзгеруімен бірге, белгілі бір  мүшеге жатпайтын ферменттің, зақымданған  жасушалардан шығып, басқа тін  мен мүшелерден табылуы байқалады.

 

Қанның ферменттік спектрін  зерттегенде келесі өзгерістер  байқалған: 1) қанда қалыпты жағдайда тұрақты түрде кездесетін ферменттердің белсенділігінің тө­мендеуі және мөлшерінің көбеюі;

2) гистогематикалық кедергі өткіз­гіштігі бұзылуы себебінен сау ағзаның қанында кездеспейтін фер­менттің пайда болуы. Бауыр ауруларында қанда фруктозо-1-фос­фа­тальдолазаның, глюкозо-6-фосфатазаның, гистидазаның, уро­ки­на­за­ның концентрациясының жоғарлауы байқалады.

Фермент белсенділігін анықтау

Энзимотерапия 

 

Ферменттерді, оның құрамдық бөліктерін белгілі бір ауруларға қарсы емдеу құралы ретінде қолданудың әдістері мен тәсілдері, механизмінің негізін қалайды. Қа­зіргі кезеңде көптеген ферменттер ауруға қарсы дәрілік препарат ретінде кең қолданылады. Мысалы, асқорытуды жақсарту үшін асқа­зан сөлі құрамындағы пепсиннің мөлшерлерінің төмендеуінен болатын асқазан ауруларында, фестал, мезим препараттарын емдеу үшін қол­данады (орынбасушы терапия әдісі). Ұйқы безінің жұмысының жетіс­пеушілігінде оның протеолиттік ферменттері трипсин, химотрипсин ферменттері және ұйқы безінің құрғатылған сөлі панкреатин (липаза, амилаза, трипсин ферменттері қоспасы), химопсиндерді (химотрипсин, трипсин қоспасы) емдеуде қолданады.

Трипсин жараның бетінен трофикалық  жаралардан өлген тіндерден тазарту  мақсатында және күйгенде емдеу  үшін, қою секреттерді, экссудаттарды  қан ұйымаларын сұйылту үшін  және ісікке қарсы препарат  ретінде қолданады.

 

цирроз

 

Трипсин өкпе эмфиземасы және  бауыр циррозы кезінде азаяды

 

Трипсин мөлшері панкреатитте

 және асқазан жолдары

ауруларында  көбейеді 

 

Қан сарысуындағы фермент белсенділігін анықтау

 

Қан сарысуындағы

 ферменттердің

белсенділігі

 

жасушалардың«қартаюы»,

олардың жойылуы 

 

Мембрананың 

зақымдануы

 

 тін некрозы

 

Жоғары биосинтез

 

каталитикалық

 активтілігінің өзгеруі

 

Тамыр ішілік

инактивация

 

 ретикулоэндотелиальдық

жүйенің жасушаларды

 сіңіруі

 

  Экскреция

(несеп, нәжіс т.б)

 Ағзадағы диагностикалық  маңызды ферменттердің орналасуы

 

Фермент

 

Кездесетін мүшелері

 

 

Патологиялық процесс

 

 

Альдолаза

 

Қаңқалық бұлшықеттер, бауыр

 

Бұлшықеттер ауруы

 

АЛТ

 

Қаңқалық бұлшықеттер, бауыр

жүрек

 

Бауырдың паренхиматозды ауруы

 

Амилаза

 

Сілекей бездер, асқазан асты  безі

 

Асқазан асты безі ауруы

 

АСТ

 

Қаңқалық бұлшықеттер, бауыр, жүрек, бүйрек, эритроциттер

 

Миокард инфарктісі , бұлшықеттер  ауруы,бауырдың паренхиматозды ауруы

 

 

γ-ГТП

 

Бауыр, бүйрек

 

Гепатобилиар трактінің патологиясы, алкоголизм

 

ГЛДГ

 

Бауыр 

 

Бауырдың паренхиматозды ауруы

 

Қышқылды фосфатаза

 

Простата, эритроциттер

 

Қуықасты безі ісігі

 

Креатинфосфо-киназа

 

Қаңқалық бұлшықеттер, жүрек

 

Миокард инфарктісі, бұлшықет патологиясы 

 

ЛДГ

 

Қаңқалық бұлшықеттер, жүрек,бауыр,эритроцит, тромбоцит

 

Миокард инфарктісі

 

Липаза

 

Асқазан сөлі

 

Асқазан сөлі жетіспеушілігі

 

N-ацетил-β-D-глюкоаминидаза

 

Бүйрек 

 

Бүйрек өзекшелерінің патологиясы

 

5`- нуклеотидаза

 

Гепатобилиарлы жол

 

Гепатобилиарлы жол патологиясы

 

 

 Сорбитолдегидро-

геназа (СДГ)

 

Бауыр 

 

Бауырдың паренхиматозды ауруы

 

 

Сілтілік фосфатаза

 

бауыр, сүйек ,ішек, плацента, бүйрек 

 

Сүйек тіні патологиясы

 

Диагностикада қолданылатын бауырдың негізгі ферменттері

 

Экскреторлық ферменттер

 

СФ, ЛАП, γ-ГТП

 

Секреторлық ферменттер

 

 

ХЭ, ЛДГ

 

Индикаторлық ферменттер

 А.цитоплазмалық

 Б. митохондриалық

 В. митохондриалы-цитоплазмалық

 

 

АСТ,АЛТ, ЛДГ

АЛТ, γ-ГТ,ЛДГ

ГлДГ

АСТ

 Ферменттің  аналитикалық реактив ретінде қолданылуы

 

Ферменттер

 

Қолдану мысалдары 

 

Глюкозооксидаза

 

Глюкоза концентрациясының қандағы  мөлшерін анықтау

 

Холестеролоксидаза

 

Қандағы холестерін мөлшерін  анықтау

 

Липаза

 

Қандағы триацилглицерин мөлшерін  анықтау

 

 

Уреаза

 

Қандағы мочевина мөлшерін анықтау

Ферментердің ауруды емдеуде қолданылуы

 

Ферменттер

 

Қолданылу мысалдары

 

Пепсин 

 

Асқазанда ақуыз қорытылуының  бұзылуы, синтездің бұзылуы

 

Трипсин, химотрипсин

 

Іріңді жараларды емдеуде

 

Гиалуронидаза

 

Тыртықтарды, жара орнын жазуда

 

Стрептокиназа,

 урокиназа.

 

 

Мүшелердің орнын ауыстырғанда  тромб түзілуін қамтамасыз етеді

 

Аспарагиназа, глутаминаза

 

Кейбір қатерлі ауруларда, лейкоздарда

 

Нуклеаза (ДНК-аза)

 

Вирусты конъюктивит, ринит, бронхит 

 

Уреаза

 

Мочевинаның “жасанды бүйрек”  арқылы ағзадан шығуы

  • Қазіргі күнде аурудың түрін анықтау үшін ферменттер, яғни энзимодиагностикалық әдістер кең пайдаланылады. Энзимодиагностиканың қажеттігі мынада: кейбір ауру пайда болғанда белгілі ферменттердің активтігі немесе мөлшері өзгеруі мүмкін. Сондықтан белгілі ферменттің активтігін анықтау нәтижесінде аурудың түрін, табиғатын анықтауға болады. Мысалы, инфаркт миокарда болғанда қан сары суында аспартатаминотрансфераза деген ферменттің мөлшері көбейеді (зерттеген аурулардың 97%-ында). Ферменттердің активтігінің өзгеруінің диагностикалық мағынасы өте жоғары және аурудың жазылуын бақылауға мүмкіндік береді.

 

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  • У.Сайпіл, С.М.Плешкова,С.А.Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы,витаминдер. Алматы.,2001
  • С.М.Плешкова.,К.К.Өмірзақова, С.А.Абитаева. Заттар алмасуы және оның реттелуі. Алматы,.2006
  • З.С.Сеитов.Биохимия., Алматы,2007
  • Т.С:Сейтембетов, Б.И:Төлеуов.,Биологиялық химия. Қарағанды.2007
  • www.google.ru
  • www.azz.kz
  • www.student.ru

 

 

18

 

19

 

21


Информация о работе Ферменттердi медицинада қолдану