Гигиенаның қалыптасу және даму тарихы. Қоршаған орта факторларымен байланысты аурулардың алдын алудың негізі ретінде гигиеналық нормала

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:36, реферат

Описание

Гигиена (грек. Hygieinos – дені сау, денсаулық әкелуші) денсаулықты сақтау, аурулардан, қоршаған ортаның түрлі зиянды әсерлерінен алдан ала сақтану туралы ғылым, медицинаның саласы. Гигиена сөзінің пайда болуы Эпиона мен Асклепийдің қызы, ежелгі гректегі денсаулық құдайы Гигиея атымен байланысты. Ол қолында жыланмен оралған ыдысты ұстап тұрған әдемі қыз ретінде бейнеленеді. Ежелгі гректерде жылан данышпандықтың белгісі болатын. Жыланға оралған ыдыс қазіргі күнге дейін медицина эмблемасы ретінде сақталып келе жатыр.

Содержание

Кіріспе
1. Гигиенаның даму тарихы
2. Тәжірибелік гигиенаның даму тарихы
3. Гигиеналық нормалау
4. Гигиеналық нормалаудың принциптері
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

гигиена срс.pptx

— 2.32 Мб (Скачать документ)

 « Астана Медицина Университеті» АҚ  
Жалпы гигиена кафедрасы

 

 

Тақырыбы: « Гигиенаның қалыптасу және даму тарихы. Қоршаған орта факторларымен байланысты аурулардың алдын алудың негізі ретінде гигиеналық нормалау»

 

                                   Орындаған: Айтбаева Б. М.

Топ: 316 ОМ

 Қабылдаған: Абилдаева А. К.

 

Астана 2013

 

СӨЖ

Жоспар 

 

    • Кіріспе
    • 1. Гигиенаның даму тарихы
    • 2. Тәжірибелік гигиенаның даму тарихы
    • 3. Гигиеналық нормалау
    • 4. Гигиеналық нормалаудың принциптері
    • Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

 

    • Гигиена (грек. Hygieinos – дені сау, денсаулық әкелуші) денсаулықты сақтау, аурулардан, қоршаған ортаның түрлі зиянды әсерлерінен алдан ала сақтану туралы ғылым, медицинаның саласы. Гигиена сөзінің пайда болуы Эпиона мен Асклепийдің қызы, ежелгі гректегі денсаулық құдайы Гигиея атымен байланысты. Ол қолында жыланмен оралған ыдысты ұстап тұрған әдемі қыз ретінде бейнеленеді. Ежелгі гректерде жылан данышпандықтың белгісі болатын. Жыланға оралған ыдыс қазіргі күнге дейін медицина эмблемасы ретінде сақталып келе жатыр.

1. Гигиенаның даму тарихы

 

    • Гигиенаның эмпирикалық дамуы кезеңінде адамдар инстинкт арқылы өздерінің денсаулығын және өмірін сақтауға тырысатын. Археологиялық зерттеулер мен қазбалар ежелгі дәуірден бастап адамдардың денсаулықты сақтау жөніндегі ережелерді білгендігін және де тамақтануға, жеке бас гигиенасына, тұрмыс жағдайларына көп көңіл бөлінгенін анықтайды. Әсіресе гигиенаға көп көңіл бөлген индустар, қытайлар, вавилондар, мысырлықтар және де ортаазиялық тұрғындар болып саналады.

Б.з.б 1500 жылы Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін, табиғи факторлардың адам денсаулығына әсерін сипаттайтын “Ауа, су және елді-мекендер туралы” еңбегінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқанд, Отырар, Тараз т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. 

    • Гигиена қазіргі кезде кең түрде дифференциалданған ғылым ретінде сипатталады. Бастапқыда жалпы гигиена ретінде пайда болып, ары қарай зерттелетін мәселелердің және қоршаған орта объектілерінің кеңеюіне байланысты жеке бөлімдерге мынадай бөлініп дами бастады; еңбек гигиенасы, коммуналды гигиена, тағам гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы және т.б.
    • Капиталистік кезеңде түрлі ірі мануфактуралардың, өндірістің дамуына байланысты 1700 жылы итальян дәрігері Б.Рамаццини өзінің “Рассуждение о болезнях ремесленников” деген еңбегінде сол кездегі барлық мамандықтар жайлы, соған байланысты пайда болатын кәсіптік аурулар және оларды болдырмау туралы айтқан.
    • 1741 жылы неміс пасторы Зюссмилых адам өлімі мен балалардың сау болып тууы көп мөлшерде қоршаған орта жағдайларына,табиғатқа, әлеуметтік және тұрмыстық шарттарға байланысты екеніне көңіл аударған.
    • Гигиена  ғылым ретінде XVII ғасырдың соңында құрыла бастады.1788 жылы П.Франканың “Полная система медицинской политики” дген еңбегі жарыққа шықты.Онда сол кезеңдегі санитария туралы мәліметтер және де бірінші рет болып денсаулықтың маңызы,оны қорғау мақсатында түрлі мемлекеттік шаралар жүргізу керектігі туралы ойын білдірді.
    • 1797 жылы неміс ғалымы Гуфеланд жеке гигиенаға қатысты мәселелерді қозғаған өзінің  “Макробиотика или искусство продления жизни” атты еңбегін басып шығарды. Кітапта салауатты өмір-салтын сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға және өмірді ұзартуға болатыны жайлы нұсқаулар берілген.
    • Бұл кезеңдерде гигиена эмперикалық ғылым ретінде қалды,яғни тек бақылауға ғана бағытталған болатын.  
    • XIX ғасырдың орта кезінде гигиенада қоршаған ортаны зерттеудің экспериментальды және статистикалық әдістері қолданыла бастады. Бұған биология, физика, физиология және т.б. ғылымдардың дамуы әсер етті. Бірақ ең басты рөлді жұқпалы аурулар қоздырғыштарының адам ағзасына ену жолын зерттеген және олармен нәтижелі түрде күресуге мүмкіндік берген Л.Пастер, Р.Кох, Н.Ф.Гамалей, И.И.Мечников т.б. ғалымдардың ашқан жаңалықтары атқарды.
    • Экспериментальды гигиенаның дамуына көп үлес қосқан М.Петтенкофер болды. Ол өзінің көп жылғы лабораториялық және статистикалық  зерттеулерінің нәтижесінде гигиенаны нақты ғылымға айналдырды. Осы кезеңде көптеген елдерде бірінші қоршаған орта факторларын зерттеумен айналысатын гигиеналық басқармалар, лабораториялар пйда болды.
    • Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар ертеден белгілі. Атап айтқанда XV ғасырда жазылған Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты энциклопедиялық анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту, тазалық сақтау туралы көп мәліметтер келтірілген. Х.Досмұхамедұлының “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Адамның тән тіршілігі” атты еңбектерінде айтылған.
    • Қазақстанда гигиеналық зерттеулер 1925 жылы Қызылорда қаласында Өлкелік санитарлық бактериология иституты ашылғаннан кейін басталып, Қазақ ұлттық мемлекеттік медицина университетінің санитарлық гигиеналық факультетінде, Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Астана қалаларындағы медицина унивеситеттерінің гигиена кафедраларында дамытылды. Гигиена мәселелерімен гигиена және эпиемиология ғылыми-зерттеу орталығымен қатар ҚР денсаулық сақтау агенттігінің Еңбек физиологиясы жіне гигиенасы зеттеу институты, Тағамтану институты шұғылданады.

 

3. Гигиеналық нормалау

 

    •    Гигиеналық нормалау – қоршаған орта факторларының адам өміріне зиянсыз және қауіпсіз деңгейлерінің заңды түрде қабылданған бекітулері. Оларға: шаң-тозаңдағы химиялық заттардың ШРЕК, физикалық факторлардың ШРЕД жатады.
    • Гигиеналық норматив – бұл зиянды фактордың ағза үшін максимальді физиологиялық қауіпсіз сандық деңгейі.
    • Қазіргі кезде гигиеналық нормалаудың көмегімен су арналарындағы суларда 1300 заттектің, атмосфералық ауада 600, тағамдық заттарда 100-ден аса, топырақта 100-ден аса, өндірістік орындар ауасында 1500 заттектердің бар екендігі дәлелденген.

  

    •    Заманауи деңгейде гигиеналық диагностика қарқынды дамуда. Оның негізгі мақсаты – қоршаған орта факторлары мен денсаулық жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау. Гигиеналық диагностиканың клиникалық диагностикадан айырмашылығы – гигиеналық диагностика қоршаған ортаны зерттеу мен бағалаудан басталады, ал адам денсаулығы популяциялық деңгейде қарастырылады. Гигиеналық диагностика ағзаның резервтік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жүзеге асатын жұмыста қызмет атқаратын жеке мамандық топтары арасында жоғары нәтижеге ие болуда. Гигиеналық диагностиканың маңызды аспектілерінің бірі – қоршаған ортаның ағзаға зиянды әсер етуінің қаупін бағалау.
    • Денсаулық үшін қауіп – бұл белгілі бір уақыт ішінде адамда қандай да бір аурудың пайда болу мүмкіншілігі. Қауіп дәрежесі тікелей қоршаған орта жағдайына байланысты.

  

3. Гигиеналық нормалау принциптері

 

         Қоршаған ортадағы зиянды химиялық заттектердің ШРЕК анықтау кезінде нақты гигиеналық нормалау принциптерін ұстану қажет, оларға:

1) кезеңдік принципі

2) табалдырықтық принципі

         Кезеңдік – нормалау кезінде зерттеудің сәйкес кезеңіне байланысты нақты реттілікпен атқарылады. Химиялық заттар үшін біінші кезең – аналитикалық.

  
   Аналитикалық кезең кезінде физико-химиялық қасиеттері бағаланады: химиялық заттың құрылымы, параметрлері – балқыту температурасы, қайнау нүктесі, суда ерігіштігі, өзге еріткіштерде ерігіштігі жөнінде мәліметтер. Аналитикалық зерттеулер жүрнгізу үшін анықтаудың спецификалық әдістері болуы талап етіледі. 

Екінші кезең – токсикометрия. Токсикометрия – өткір токсикометрия – салыстырмалы эксперимент – созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент.

Өткір токсикометрия – ең жоғары дозаларының қауіптілік деңгейін анықтау.

Салыстырмалы эксперимент – сандық және сапалық қасиеттерін, кумулятивті қасиеттерін анықтау. Нерв жүйесіне, АІЖ-не, ТАЖ-на, ЖҚЖ-ға әсерін анықтау.

 Созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент кезінде нормаланушы фактордың адам ағзасында өзгерістерді пайда ететін табалдырықтық конценирациясы анықталады. Созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент нәтижесі бойынша токсикалық әсері бар факторларға ШРЕК анықталады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

    • Пивоваров Ю. П. Гигиена и экология человека: Курс лекций. М.: ВУНМЦ МЗ РФ. 1999.
    • Ю. П. Пивоваров. Гигиена и экология человека. М., 1999.
    • Г. И. Румянцев. Гигиена. М., 2000.
    • Алексеев С. В., Усенко В. Р. Гигиена труда. − М.: Медицина, 1988. − 576с.
    • Габович Р. Д. Гигиена. − М.: Медицина, 1990. − 415с.
    • Общая гигиена: Учеб. для студентов сан.-гигиен. фак. мед. ин-тов / Румянцев Г. И., Воронцов М. П., Гончарук Е. И. и др. − М.: Медицина, 1990. − 288с.

Информация о работе Гигиенаның қалыптасу және даму тарихы. Қоршаған орта факторларымен байланысты аурулардың алдын алудың негізі ретінде гигиеналық нормала