Электромагниттік өрістің адам ағзасына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 16:44, реферат

Описание

Күн суыта келе жұртшылық түрлі жылыту құралдарын, қысқа толқынды пештерді көп қолдана бастайды, теледидар алдында жиі отырады. Сондай-ақ кейінгі жылдары тұрмысымызда компьютерлер, көбейту, көшірме құралдары, ойын автоматтары, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі төмен және жоғары жиіліктегі физиотерапевттік электроқондырғылар, тұрғын үйлердің, мекемелердің төбесіне орнатылған қабылдау-тасымалдау мобильді, спутниктік байланыс антенналары, тұрмыстық техникалар, тағы да басқа электромагниттік өріс туындататын құрылғылар үнемі қолданыста болып келеді.

Содержание

1. Электормагнитті толқындардың жұмысшының ағзасына әсері, олардың еңбек жағдайы.
2. Электормагнитті толқындардың патогенетикалық әсері.
3. Емі.
4. Профилактикасы.

Работа состоит из  1 файл

Электромагниттік өрістің денсаулыққа әсері.docx

— 1.49 Мб (Скачать документ)

                 Электромагниттік өрістің адам ағзасына әсері.

Жоспары:

  1. Электормагнитті толқындардың жұмысшының ағзасына әсері, олардың еңбек жағдайы.
  2. Электормагнитті толқындардың патогенетикалық әсері.
  3. Емі.
  4. Профилактикасы.

 

Күн суыта келе жұртшылық  түрлі жылыту құралдарын, қысқа толқынды пештерді көп қолдана бастайды, теледидар алдында жиі отырады. Сондай-ақ кейінгі жылдары тұрмысымызда компьютерлер, көбейту, көшірме құралдары, ойын автоматтары, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі төмен және жоғары жиіліктегі физиотерапевттік электроқондырғылар, тұрғын үйлердің, мекемелердің төбесіне орнатылған қабылдау-тасымалдау мобильді, спутниктік байланыс антенналары, тұрмыстық техникалар, тағы да басқа электромагниттік өріс туындататын құрылғылар үнемі қолданыста болып келеді.Аталған құрал-жабдықтар арқылы қоршаған ортаға берілетін үзілісті, үзіліссіз толқындар биоэкосистемаға әсер етеді. Оның белгілі дәрежеде адам ағзасына да тигізетін зияны бар, ол толқынның жиілігіне және қуатына тікелей байланысты.  Мысалы, электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құрсағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал.     Біріншіден, аталған қондырғыларды тұйықтау жүйесіне міндетті түрде енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдалану уақыты сақталынуы тиіс. (Күндік тиісті уақыты – 5 сағат).      Пайдалану барысында үлкендер әрбір сағат сайын, балалар әр 30 минут сайын үзіліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнындағы электромагниттік өріс деңгейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұруы қажет.         

  

Әр түрлі диапазондағы электромагнитті толқындар өндірісте, ғылымда, техникада және медицинада кеңінен қолданылады. Оларды металл, ағаш және басқа материалдарды өндіруде, радиохабарлама, теледидар, қыздыру  және  диэлектриктерді дәнекерлегенде пайдаланады. Радиолокация, радиометеорология, радиоастрономия, радионовигация, ғарыштық зерттеулерде, ядролық физика және т.б. жоғарғы жиіліктегі электромагнитті  толқындары қолдану кең орын алды.Радиотолқындардың  сәулелену көзі-ламполы генераторлар. Олар тұрақты ток энергиясын өзгермелі  өте жоғары жиіліктегі токқа айналдырады. Қазіргі кездегі цехтарда электровакуумдық зауыттарда, электр лампасын шығаруда, жоғарғы жиіліктегі генераторларға мөлшерленген. Жоғарғы жиіліктегі токтар металл бөлшектеріндегі қалдық газдарды жояды.Радиотеледидар станциясының жұмыс орнында жоғарғы жиілікті өрістер көзі болып табылатын белоктардың дұрыс қозғалмауы бөлгіш фильтрлер болып табылады. Физиотерапевтикалық кабинеттерде медициналық аппаратпен жұмыс барысында электромагнитті өрәстер пайда болады және оның әсері персоналға қауіпті. Айқын биологиялық әсерді өте жоғарғы жиіліктегі өрістер береді. Сантиметрлік және миллиметрлік толқындар терімен сіңіріліп, рецепторлар арқылы организмге рефлекторлы әсер етеді. Дециметрлік толқындар 10-15 см тереңдікке еңіп, ішкі ағзаларға тіке әсерлеседі.   Радиотолқындар-радиожиілікті электромагнитті өрістер-көлемді электромагнитті спектрдің бірнеше миллиметрден, бірнеше километрге ұзарған бөлігі. Олар электр зарядының тербелісі нәтижесінде туындайды. Тербеліс жиілігіжоғарлаған сайын, толқын ұзындығы қысқарады. Толқындарды ажыратады: қысқа толқындар (ҚТ), ультра қысқа толқындар (УҚТ), жоғары толқындар (ЖТ) және ультра жоғары толқындар (УЖТ). Электромагниттік толқындар жарық толқындарының жылдамдығымен таралады.Электромагнит өрісінің қуаты (ЭӨҚ) мекемеде генератор күшіне, экрандық деңгейі мен металл жабындыларының болуына байланысты кең көлемде (100-500 /м2) тербелсе, көзі жойылуына байланысты төмендейді.     Емдеуі. Жалпы сауықтандыру терапиясы. Седативті және ұйықтататың дәрі-дәрмектәк заттарды тағайындаудан тұрады. Гистаминге қарсы препараттар: супрастин, пипольфен, димедрол, глутамин қықылы (күніне 0,25г 3 рет). Аздап транквилизаторлар: үшоксозин, хлордиазепоксид (эленкум); глюкоза аскорбин қышқылы,  биогенді стимуляторлар-женьшень тұнбасы, қытай мемоннигі, элеутерококк; ОЖЖ қызыметі бұзылса (астениялық синдром және вегетативті дисфункция) және шеткері қандағы өзгерістермен сипатталса В6 –витаминің тағайындау қажет.Жұмысқа қаблеттілікті тексеру. Патологияның ерте белгілерін анықтағанда еңбекке қаблеттілігі сақталған кезде, белсенді терапия және оны санаторий-профилакторияларда өткізген дұрыс. Амбулаторлы емдеу-жекелеген алдын-алуды орындағанда жақсы нәтиже береді және еңбекке қаблеттілігі бұзылмайды. Одан да айқын жағдайларда уақытша басқа жұмысқа ауыстырылуы керек және ол жерде ЭМТ болмауы қажет. Осы жағдайда науқасқа 1-2 ай уақытқа ауруханалық парақ беріледі. Ем тиімді болған жағдайда бастапқы кәсәбәне оралып, қатаң дәрігерлік бақылауға алынады. Науқас уақытымен емделмесе және айқын формаларда (өткір астенизация, айқын нейроциркуляторлық бұзылыстар, диэнцефальдік жеткіліксіздік) сәйкес емдік-профилактикалық шаралардан кейін басқа жұмысқа ауыстырылуы керек.

Профилактика. Алдың-алудың негізгі әдісі-радиосәулелену деігейін тексеру қажет. Жұмысқа кірер алдында және кезеңді медициналық тексерілуді жүргізу керек. ЭМӨ радиожиілік (мм, см, дм) көздерімен жұмыс жасайтын адамдар 12 айда 1рет медициналық бақылаудан өтеді. Ультракүші жоғары, төмен, өте төмен ЭМ сәулелер көзімен жұмыс жасайтындар 24 айда 1рет өтеді. Медициналық тексеруді терапевт, невропатолог, окулистің қатысуымен өтеді. Гемоглобинді, лейкоциттер мен СОЭ мөлшерін анықтау керек. Көрсеткіштері бойынша электрокордиографиялық зерттеулер өткізеді. Жұмысқа қабылдауға қарсы көрсеткіштер: вегетативті дисфункция, катаракта, наркомания, токсикомания, созылмалы алкоголизм, шизофрения және т.б. эндогенді психоздар. Кешенді ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-сауықтандыру және емдеу-профилактикалық шаралар әске асыру сырқаттанушылықтың төмендеуіне себеп болады.

 

 

 

    • Әдебиеттер:

негізгі:

  1. Карабалин С.К. Медицина труда. – Алматы. 2010. -372 б.
  2. Мамырбаев А.А. Основы медицины труда. – Актобе. 2010. -705 б.
  3. Жұмабекова Б.К., Жаппарова Б.Т., Ғазалиева М.А. Кәсіби аурулар бойынша дәрістер курсы. Қарағанды, 2007ж.

       қосымша:

  1. Құлмағамбетов И.Р., Алиханова Н.А. Руководство по классификациям заболеваний. Караганда: Глассир, 2009. -540 б.
  2. Артамонова В.Г., Мухин Н.А. Профессиональные болезни. М: Медицина, -2006. -432 б.
  3. Косарев В.В., Лотков В.С. Профессиональные болезни. М., -2009. 349б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 


Информация о работе Электромагниттік өрістің адам ағзасына әсері