Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:53, контрольная работа
Эпидемиялық процесс - спецификалық инфекциялық жағдайлардың халық арасында пайда болуы, таралуы және тоқталуы (тасымалдаушылық немесе клиникасы айқын көрініс жағдайлары)
Тақырыптың негзгі сұрақтары:
1. Эпидемиялық процесстің интенсивтілігі;
Сырқаттанушылық
Ошақтылық
2. Жұқпалы аурулардың уақыт бойынша таралуы:
Деңгейдің көп жылдық және бір жыл ішіндегі тербелістері. Деңгейлердің тербеліс түрлері: - жүйелі (трендтік)
- ретсіз (апериодты, импульсті)
- циклдік
Мерзімділік
3. Жұқпалы аурулардың аймақтар бойынша таралуы:
Сырқаттылық ареалы (сырқаттылық нозоареалы). Жұқпалы аурулар ареалдарының варианттары.
Жер шарының аймақтарына таралу ерекшеліктеріне байланысты сырқаттылықтың бөлінуі
4. Жұқпалы аурулардың халықтың әр түрлі топтарының арасында таралуы (қауіп қатер топтары)
Жасына байланысты
Жынысына байланысты
Кәсібіне байланысты
Тұрмыстық
Этникалық
Қала және ауыл тұрғындары
Эпидемиялық процесс - спецификалық инфекциялық жағдайлардың халық арасында пайда болуы, таралуы және тоқталуы (тасымалдаушылық немесе клиникасы айқын көрініс жағдайлары)
Паразитарлық жүйе - паразит популяциясы мен оның биологиялық иесінің өзара әсерлесуінен пайда болған өзін-өзі реттейтін биоценотикалық жүйе.
Инфекция қоздырғышының көзі (зақымдалу көзі)- қоздырғыштың табиғи өмір сүретін орны болып табылатын объект, ол жерден адамдар, жануарлар немесе өсімдіктер зақымдалуы мүмкін.
Қоздырғыштың беріліс механизмі- қоздырғыштың инфекция көзінен сезімтал адам немесе жануар организміне өтуінің арнайы және эволюция барысында заңды түрде құралған тәсілдер.
Қоздырғыштың беріліс жолдары- белгілі бір уақытта және орында қоздырғыштың сезімтал организмге енуін қамтамасыз ететін факторлардың (беріліс факторларының) бірігуі.
Қоздырғыштың беріліс факторлары- қоздырғыштың инфекция көзінен сезімтал организмге өтуіне керекті қоршаған ортаның абиотикалық элементі (су, ауа, тағам, тұрмыстық заттар және т.б.)
Эпидемиологиялық жағдай- ол инфекцияның эпидемиялық таралуын сипаттамайтын, қандай да бір инфекцияның таралуының потенциалды мүмкіндігі. (ол “санитарлық гигиеналық жағдай”, “Экологиялық жағдай” түсініктерінің аналогы)
“Эпидемиялық жағдай” – түсінігі эпидемияның бар екенін көрсетеді, яғни қолайсыз жағдай.
Ол, қолайлы (сырқатшылық жоқ)
қолайсыз (сырқаттанушылық эпидемиялық жағдай түрінде тіркелген) болып бөлінеді.
Сырқаттанушылық – халық арасындағы немесе оның кейбiр топтарындағы (жасы, жынысы, кәсібі бойынша) тіркелген аурудың деңгейін (жиілігін) сипаттайтын эпидемиялық процесстің өсiмдiлiк сандық көрсеткіші. Ол, белгілі бір кезеңде тіркелген сырқаттылық жағдайының саны мен (100, 1000, 10000, 100000) сол сырқаттылық анықталған халықтың санының қарым қатынасының көрсеткіші.
Эпидемиялық процесстің өсiмдiлiгi (интенсивтілігі)- ол сырқаттылықтың сандық сипаттамасы, яғни сырқаттылық көрсеткіші – абсолютті және интенсивті сипаттамасы.
Сырқаттанушылық деңгейі үш кезеңмен бағаланады:
Спорадикалық сырқаттанушылық - ол тіркелген сырқаттылықтардың бірен- саран болуы, яғни олардың арасында, сонымен қатар, ортақ инфекция көзі мен қоздырғыштың ортақ беріліс факторларының эпидемиологиялық байланысының болмауы, немесе бір- бірімен байланыссыз, әр жерде кездесетін, үнемі болмайтын бірен- саран сырқаттылық.
Эпидемия – жұқпалы аурулардың (елдің біршама аумағын немесе бірнеше елді қамтитын) кеңінен және интенсивті түрде таралуы, немесе үлкен аймақтарда бір- біріне қабатаса жүретін және өтпелі бұрқ етпелер, немесе белгілі бір аймақтағы сырқаттанушылық көрсеткiшiнiң қалыпты жағдайынан асуы.
Эпидемиялық сырқатылық- эпидемиологтар көбінесе қолданбайды. Ол “эпидемия” түсінігімен алмастырылған, яғни бұл халықтың біршама топтарының немесе оның жеке топтарының жұқпалы аурумен зақымдалуы.
“Эпидемиялық бұрқ етпе” немесе “топтық аурулар” бұлар шектелген халық топтарының арсында ортақ инфекция көзі немесе қоздырғыштың ортақ беріліс факторымен байланысты сырқаттылықтың қысқа мерзімде жоғарылауы.
Пандемия – бірнеше елдерге таралған эпидемия.
Эпидемиялық процесс көріністерінің әр түрлі формалары қаншалықты сапалы болса, жоғарыда аталған түсініктер оның ағымының интенсивтілік деңгейіне соншалықты сипат береді.
Эпидемиялық ошақ- қоздырғыш көзінің орналасқан орны, яғни ол инфекция көзі қоздырғышты сау адамдарға тарата алатын белгілі бір аймақты айтады.
Ошақтылық көрсеткіші эпидемиялық процесстің интенсивтілігін сипаттайды.
Әр түрлі инфекция топтарында, ошақтылық әр түрлі себептермен негізделген:
- ішек инфекциясында - қоздырғыштың ортақ берліс жолының іске асуымен
- тыныс жолдары инфекцияларында - зақымдалу жағдайларымен
- қан инфекцияларында - тасымалдаушының санымен, белсенділігімен және адамға жақындығымен.
Сырқаттанушылықтың уақыт бойынша таралуы.
1. Сырқаттылық деңгейінің көп жылдық тербелісі:
жүйелілік (трендтік) ұзақ уақыт бойы үнемі әсер ететін факторлардың әсіресе әлеуметтік факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырауы. Мысалы: халықтың жоспарлы егілуінің әсерінен қызылша, полиомиелиттің сырқаттылық деңгейінің тұрақты төмендеуі.
Ретсіз (импульсивті, апериодтық) тербелістер, табиғаты әр түрлі факторлардың кездейсоқ таралуымен детерминирленген. Мысалы: судың сапасына байланысты ішек инфекцияларымен сырқаттылықтың өсуі және төмендеуі. Тағамдық өнімдерді даярлау кезінде жіберілген қателіктер, сумен қамтамасыздау жүйесіндегі авариялармен негізделген ЖІИ-ның бұрқ етпелері.
Циклдік тербелістер, ол периодты әсер етіп тұратын факторлардың әсерінен пайда болатын, белгілі бір периодта қайталанып және кезектесіп тұратын, сырқаттылықтың көтерілуі мен төмендеуі. Мысалы: грипп вирусының жаңа антигендік варианттары пайда болғанда немесе халықтың иммундық қабатының ұлғаюына байланысты. Бұл заңдылық көбінесе тыныс жолдары инфекцияларына (менингококкты инфекцияда) және қан инфекцияларына (безгек) сай келеді.
2. Сырқаттанушылық деңгейінің жыл ішіндегі тербелістері.
Мерзімділік- бұл, бір ритмдік мерзімдік кезеңі бар, табиғи және әлеуметтік факторлардың әсерімен негізделген, жылдың белгілі бір айларында заңды түрде қайталанып тұратын көптеген инфекциялардың эпидемиялық процесіне тән жағдай.
Сырқаттылықтың аймақтық таралуы.
ЭП көріністерінің аймақтағы біркелкі емес таралу себептерін анықтау, көптеген инфекциялық ауруларды зерттеуде тиімді.
Жер шары аумағының белгілі бір аймағында үнемі кездесіп тұратын, белгілі бір аурудың себебінен пайда болған сырқаттанушылықты сырқаттылық ареалы немесе оның нозоареалы дейміз. (грекше nosos- ауру + лат.area – алаң, кеңістік)
Сырқаттанушылықтың мынандай түрлерін ажыратады:
әр жерде кездесетін (іш сүзегі, вирустық гепатит, менингококкты инфекция, тұмау, қызылша, АИВ және т.б.) немесе глобальды нозоареалмен сипатталатын космополиттік, убиквитарлық.
Эндемиялық, аймақтық таралу масштабы шектелген. Эндемиялық (эндемия)- қоздырғыштың үнемі табиғи айналымына қажетті, арнайы, локальды табиғи географиялық жағдайларға негізделген, қандай да бір инфекциялардың немесе оның топтарының белгілі бір аймаққа ұштастырылуы.
Зональдық (безгек, оба, сары қызба), белгілі бір табиғи- климаттық жағдайларға ұштастырылған.
Региональды (антропонозды сары қызба, Куру, Ласс, Марбург, Эбол геморрагиялық қызбалары, солтүстік Азияның кенелік бөртпе сүзегі және т.б.)
Өзіндік биологиялық байланыстарымен бекітілген ауруларды табиғи- эпидемиялық немесе табиғи- ошақтық аурулар дейді. (Инфекция көзі немесе тасымалдаушының таралу аумағының, немесе нифекция көзі мен тасымалдаушының өмір сүру жағдайын қамтамасыздайтын белгілі бір климаттық жағдайлардың шектелгендігі).
Олар, зональдық (белгілі бір географиялық деңгейге ұштастырылған) және региональдық (жер шарының белгілі бір аймақтарына ұштастырылған) болып бөлінеді.
Халықтың әр түрлі топтарының арасында сырқаттанушылықтың таралуы
Жасына, жынысына, кәсібіне, белгілі бір тұрмыстық жағдайына байланысты беріліс механизмінің іске асу мүмкіндігіне негізделген зақымдалу қаупінің жоғарылауын;
Халықтың иммунологиялық құрылымын;
Генетикалық бейімділігін (этникалық халық топтары, мысалы, безгек, кейбір гельминтоздар);
Өмір сүруінің арнайы ерекшеліктеріне байланысты, тұратын жерін ( қала және ауыл тұрғындары), сипаттайды.
Эпидемиялық процестің көрінуі |
Интенсивтілік |
| Уақыт бойынша таралуы (қауіп уақыты) |
| Аймаққа таралуы (қауіп аймағы) |
| Халықтың әр түрлі топтарының арасында таралуы (қауіп қатер тобы) |