Козу физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 19:37, реферат

Описание

Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады.

Работа состоит из  1 файл

Қозу физиологиясы.docx

— 35.28 Кб (Скачать документ)

    -  денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;

    -  организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

    -  сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;

    - денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

    Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.

    Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.

    Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті  болады да, 2-3 жасқа келген баланың  жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде  не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.

    Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің  барлық жерінен миға нерв импульстері  тасылады, ал мидан бүкіл дененің  еттерін козғайтын нерв импульстері  мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында  адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды  зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.

    Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын  сақтайтын организм үшін аса маңызды  рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың  қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын  нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала  алады.

    Ішкі  мүшелердің вегетативтік рефлекстері  де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан  тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).

    Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің  ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім  мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз  қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады. 

Информация о работе Козу физиологиясы