Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 21:08, реферат
Витаминдер (vita- өмір,amin- қажетті) – бұл организмнің тіршілігіне қажетті заттар. Витаминдер организмге қоректік заттармен бірге жеткізіледі. Олар организмде өтетін барлық процестерге қатысады: организмнің қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, өсіп дамуы, қоршаған орта факторларының ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
1.Кіріспе.
2.Витаминдер туралы негізгі түсінік.
2.1. А витамині.
2.2. Д витамині.
2.3. Е витамині.
2.4. К витамині
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
«Астана Медицина Университеті»АҚ
Тақырыбы:
______________________________
_____________________________
Астана
2011 жыл
Жоспар.
1.Кіріспе.
2.Витаминдер туралы негізгі түсінік.
2.1. А витамині.
2.2. Д витамині.
2.3. Е витамині.
2.4. К витамині
3.Қорытынды.
4.Пайдаланылған
әдебиеттер.
Витаминдер (vita- өмір,amin- қажетті) – бұл организмнің тіршілігіне қажетті заттар. Витаминдер организмге қоректік заттармен бірге жеткізіледі. Олар организмде өтетін барлық процестерге қатысады: организмнің қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді, өсіп дамуы, қоршаған орта факторларының ықпалына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2.Витаминдер туралы негізгі түсінік.
Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі. Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, т.б. витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады. Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, т.б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, т.б. витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан
жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады., табиғи шырындарды қабылдаған жөн.
2.1. А витамині.
А витамині - өсу
витамині деп аталады, ол көзге пайдалы,
теріге де әсері бар. Ол жетіспеген жағдайда
адамның көру қабілеті нашарлайды, адам
жұқпалы ауруларға жиі ұшырайды. А витамині
сүт тағамдарында, жұмыртқа, бауыр, сәбіз,
бұрыш, итмұрын, шие, асқабақ, сары өрік,
жасыл жапырақты көкөністерде болады. Бұл топқа жататын витаминдер
суда ерімейді, органикалық еріткіштерде:
спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т.б. жақсы
ериді.
А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық
витамин)
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933
жылы синтез¬делген. А витаминінің бірнеше
витамерлері бар – А1, А2, А3; ішінде ең көп
тарағаны – А1 (теңіз балықтарының бауырында
көп болады).
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы формулада
көрсетіл¬ген, яғни А2 витаминінің β-ионон
сақинасында екінші қос байланы¬сы бар:
Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері
құрамында β-ионон сақинасы, оның бүйірінде
изопреннің екі қалдығы және гидроксил
тобы бар спирттер. А витаминдері сары
түсті, 59-64°-та балқиды, от¬тексіз 100°-қа
дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын
крис¬талды заттар. Организмде ферменттердің
қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік
қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады:
Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі
қышқылдармен (сірке, пальмитин, янтар)
қосылып, күрделі эфир түрінде болады.
А витамині тек жануардан алынған азықтарда
болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада,
сары майда, т.б. Ал өсім¬діктерде А витаминінің
провитаминдері – каротиндер түзіледі.
Каротиндер (лат. carota – морковь) – ең алғаш
сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.
Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара
қарақат, қара жи¬дек, қарлыған, қызыл
бұрыш, қызанақ, т.б. өсімдіктер бай. Осы
кезде зерттелгендері – α-, β-, γ-каротиндер.
Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің
әсерімен β-каротиннен А витаминінің 2
молекуласы түзіледі.
А авитаминозының белгілері
А витамині организмде жетіспесе адам
мен малдың өсуі баяулайды, салмағы азаяды.
Тері мен ішкі органдардың кілегей қабаты
кеуіп, мүйізденеді, көру процесі нашарлайды.
Көз торының таяқша клеткаларында родопсин
пигменті бар. Ол опсин белогы – мен А
витаминінің альдегидтік түрі ретинальдың
қосылысы. Жарықта родопсин опсин және
ретинальға бөлініп, көздің көру қабілеті
жоғарылайды:
Қараңғыда, керісінше екі зат бірігіп,
родопсин түзілген кезде ғана көздің көру
қабілеті жоғарлайды. Егер А витамині
организмде жеткіліксіз болса, родопсиннің
концентрациясы төмендеп, іңірде көздің
көру қабілеті нашарлайды, «ақшам соқырлығы»
немесе «тауық соқырлы¬ғы» деген ауру
пайда болады. Сондықтан, бұл витаминді
«көру витамині» деп те атайды.
Авитаминоз кезінде көздің мүйіз қабаты
құрғап, кеуіп, жас бөлінуі азаяды. Көздің
мөлдір қабатына микробтар еніп, қабынып,
жұмсарып жара пайда болады, көздің көру
қабілеті төмендеп за¬қымданады, ксерофтальмия
(грек. xeros – кебу, ophtalamus – көз) деген ауруға
шалдығады. Бұл жағдайда микробтарды жоятын
ли¬зоцим ферменті түзілмейді, сондықтан
организмнің жұқпалы ауруларға төтеп
беру қабілеті нашарлайды. Осыған орай,
А витаминін «денсаулық витамині» деп
те атайды.
А витамині организмге шамадан тыс көп
түскен кезде гипер¬витаминоз ауруы пайда
болады, егер ол бір рет өте көп мөлшер¬де
организмге түссе – уланады.. А витамині
жетіспеуінен биенің қысыр қалуы, іш тастауы
жиі кез-деседі. Малға қажетті Витамин
көк шөпте, жоңышқа, сүрленген жемшөптерде:
т. б. болады. Қыста авитаминозға шалдыққан,
т. б. түрлі жағдайлармен жүдеген малға
Витамин концентраттарын; немесе жемшөптік
сәбіз, балың майы т. б. Витаминдері мол
азықтар беру керек.
2.2. Д витамині.
Холекальциферол
Витамин D1 | Сочетание эргокальциферола с люмистеролом, 1:1 | |
Витамин D2 | эргокальциферол (производное эргостерола) | |
Витамин D3 | холекальциферол (образуется из 7-дигидрохолестерола в коже) | |
Витамин D4 | 22-дигидроэргокальциферол | |
Витамин D5 | ситокальхиферол (производное 7-дигидроситостерола) |
Д витамині сүйектердің
дамуына және қаңқаның қалыптасуы үшін
қажет. Екі жасқа дейінгі балалар Д витамині
жетіспеген жағдайда «рахит» ауруына
шалдығады. Бұл ауру кезінде тірек- қимыл
аппаратының дамуы бұзылады және ортаңғы
жүйке жүйесі зақымданады. Д витамині
адамның терісіне күн сәулесінің немесе
жасанды ультракүлгін сәулелері әсерінен
түзіледі. Ол балық майында және сүт өнімдерінде
көп болады.
Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)
Д витаминінің бірнеше витамерлері бар.
Олардың ішінде ең көп тарағандары – Д2
(эргокальциферол), Д3 (холекальциферол)
витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан
бұл витаминдер, жо¬ғары молекулалы циклді
спирттер – стеролдардың туындылары:
Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн
сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол
провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы
және 10-шы көміртек атомдары арасындағы
байланыстың үзілуі арқылы активтеліп,
синтезделеді.
Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен
эргостеролдан бірнеше аралық заттар
(люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы
пайда болады.
Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері
таза күйінде бөлініп алынған.
Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз,
иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық
еріткіштерде: хлороформда, бен¬золда,
эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді
де, су мен глице¬ринде ерімейді.
Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен
В сақинасын¬дағы 7-ші және 8-ші көміртек
атомдары арасындағы қос байла¬ныстары
үзіліп, өте тез бұзылады.
Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде
тиісті прови¬таминнен синтезделе береді.
Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта,
қыста кездеседі.
Биомедициналық қызметі
Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың
ащы ішектің сілемей қабатының клеткаларында
сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдың
фосфорға қатынасы 2:1 (Ca/P=2/1) болатындықтан,
осы тепе-теңдікті сақ¬тайды, сүйектің
беріктігін қамтамасыз ететін фосфор-қальций
тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша
безі¬нің функциясына әсер етеді. Кальциферол
қанның белоктарымен кешен түзе отырып
тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін
биологиялық тотығудан сақтайды.
Д витамині тағамда жетіспегенде балалар
– мешел (рахит; грек. zhachіs – арқа қыры,
омыртқа бағанасы), ересектер – остео¬маляция
(ostean – сүйек, malatіa – жұмсару), немесе остеодистро¬фия,
ал бөгде адамдар остеопороз (грек. poros
– саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.
Аурудың себептері: азықта Д витаминінің
жетіспеуі, қарбалас қалқанша бездері
қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций
мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің
жетіспеуі.
Д витаминдері балық майында, сары майда,
жұмыртқа сары¬сында, бауырда, сүтте көп
болады.
Организмге Д витамині көп түскен кезде
гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда
ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді,
сүйек ерте минералданады, балалардың
өсуі тежеледі.
1936 жылы Брокман Д3 витаминін балық майынан
бөліп оны холестерин туындысы екендігін
анықтайды. Ғалым Виндаус 1937 жылы шошқа
терісінің үстіңгі қабатынан 7-дегидрохолестеринді
бөліп, оның ультракүлгін күн сәулесінің
әсерінен активті Д3 вита¬миніне айналатындығын
анықтайды. Д3 витаминінің синтезделу
процесі төмендегідей:
Е витамині (токоферол, антистерильдік)
1920 жылы Маттилл мен Конклин аралас азықтың
құрамын¬да жануарлардың қалыпты ұрықтануына
өте қажет бір заттың бар екендігін көрсетеді.
Олар ашытқы қосылған жасанды азық беріл¬ген
жануарлардың бедеулікке ұшырағанын байқаған.
1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан, кейіннен
мақта майынан бензопи¬ранның үш туындысын
– α-, β-, γ-токоферолдарды (грек. tokos – ұрықтану,
phero – әкелемін) бөліп алады. 1938 жылы α-токоферол
синтездік жолмен алынады. Қазіргі кезде
Е витаминінің 7 витамері белгілі. Жеке
токофе¬ролдардың бір-бірінен басты айырмашылы¬ғы
– витаминдік әрекетшілдігі және циклді
компонентіндегі метил¬дік топтың орналасуы
мен саны бойынша.
α-, β-, γ-токоферолдар бір-біріне ауыспайды,
олар ақырғы өнімдеріне дейін ыдырайды.
Осы токоферолдардың ішіндегі ең әрекетшілі
– α-токоферол, оның активтілігі β-токоферолмен
са¬лыстырғанда 2 есе артық. Бидай дәнінің
ұрығындағы токоферол¬дың жалпы мөлшерінің
58% астамы α-токоферолдың үлесіне келеді.
Токоферолдар түссіз, май тәріздес қоймалжың,
бензолда, спиртте, хлороформда, ацетонда
және басқа да май еріткіштерін¬де еритін,
170°-қа дейін қыздыруға төзімді, оптикалық
активті, ультракүлгін күн сәулесі әсерінен
тез бұзылатын зат.
2.3. Е витамині.
Е витамині – организмде
оттегін тасымалдауға қатысады,
улы заттарды залалсыздандырады, көбею
процесіне қатысады. Ол өсімдік майы, соя,
қара құмық (гречка) жармасы, жұмыртқа,
жаңғақтың құрамында кездеседі.
Е витамині табиғатта
өте кең тараған, әр түрлі астық
дәндес¬терде, өсімдік майларында,
күнбағыста, жүгеріде, қытай бұрша¬ғында,
қырыққабатта, салатта, етте, сары майда,
жұмыртқа сары¬сында, т.б. көптеп кездеседі.
Е авитаминозы мен гипервитаминозы организмде
сирек кез¬деседі, себебі, Е витамині әр
түрлі ұлпаларда әсіресе, май ұлпа¬ларында
жиналып, қор жасайды. Бұл витаминнің авитаминозы
көбінесе көмірсулармен қоректенетін
тропикалық елдерде ғана кездеседі. Токоферолдардың
құрылымдық формулалары:
Биомедициналық қызметі
Е витаминінің организмде атқаратын қызметі
екі орай. Біріншіден, токоферолдар биомембраналардың
құрамындағы фосфолипидтердің қанықпаған
жоғары май қышқылдарымен кешен түзіп,
мембраналарды тотығудан сақтайтын антиоксидант.
Екіншіден, сутегіні протон мен электрон
түрінде тасымалдап, биологиялық тотығу
процесіне қатысады:
Организмде токоферол жетіспесе, ет ұлпаларының
қызметі бұзылады, еттердің жиырылуын
қамтамасыз ететін миозин бело¬гының
орнына, оған керісінше әсер ететін коллаген
белогі жина¬лады. Е авитаминозы бұлшық
ет талшықтарының жиырылуына әсер ететін
негізгі қосылыстар креатин мен фосфокреатиннің
түзілу реакцияларына қатысады және ацетилхолиннің
түзілуін нашарлатады.
Токоферолдар организмде жетіспегенде,
немесе жоқ болған¬да жатырдағы ұрықтың
өсуі, жыныс органдарының қалыпты жұ¬мыс
істеуі нашарлайды, бұлшық еттерде миозиннің,
гликогеннің, калийдің, магнийдің, фосфор
мен креатиннің саны азайып, майлар мен
натрий хлориды көбейеді. Қол-аяқ қозғалмай
сал ауруына ұшырайды, бұлшық еттер кеміп,
жұлын зақымданады.
2.4. К витамині
К витамині (филлохинон,
антигеморрагиялық)
Қанның ұю процесіне әсер ететін ерекше
витаминнің бар екендігі алғаш рет 1929
жылы белгілі болды. Кейінгі еңбектердің
нәтижесінде табиғи К1 және К2 витаминдері
анықталып, олардың 1,4-нафтохинон туындылары
екендігі дәлелденді.
К1 (филлохинон) мен К2 (менахинон) витаминдері
бір-бірінен бүй¬іріндегі изопрендік
тізбегі бойынша айырмашылықтары бар.
К1 витаминінде фитол спиртінің (C20) қалдығы
болса, ал К2 вита¬минінде дифарнезилдің
(С30) қалдығы бар. К1 мен К2 витаминдері¬нің
құрылымдық формулалары төмендегідей:
К1 витамині 1939 жылы синтетикалық жолмен
алынды. Наф¬тохинонның басқа туындылары
да К витаминіне тән физиология¬лық қасиеттерге
ие. Солардың ішінде кең қолдану тапқаны
1942 жылы А.П. Палладин синтездеген метилнафтохинонның
суда еритін бисульфидтік туындысы –
викасол.
Филлохинонның жасанды түрде синтезделінген
аналогтары¬на викасолдан басқа метинон
мен фтиокол да жатады. Бұл заттар жоғарғы
биологиялық активті заттар болып есептеледі.
Фтиокол алғаш рет пигмент түрінде бактериядан
бөлініп алынып, 1933 жылы жасанды түрде
синтезделеді.
К1 сарылау түсті қоймалжың, май тәріздес,
115-145°С қай¬найтын, суда ерімейтін, қыздыруға,
сілтілік ортаға, күн сәулесіне төзімсіз
зат.
К2 витамині сары түсті, 540°С балқиды. К1
витаминіненде төзімсіз кристалды зат.
К3 витамині сары түсті 106°С балқитын, суда
ерімейтін, эфир мен спиртте еритін ұнтақ.
Биомедициналық қызметі
К витамині химиялық құрылысы жағынан
хинондар тобына жатады, организмде хиноидты
құрылым гидрохинонға айнала алады, сутегіні
тасымалдап, биологиялық тотығу процесіне
қаты¬сады:
К1 витамині қан тамырларының қабырғасын
тығыздап, берік¬тендіреді, ол бауырда
фибриноген, протромбин, конвертин сияқ¬ты
қан ұюына қатысатын белоктардың түзілуіне
әсер етеді.
К витамині авитаминозында қанда жоғарғы
аталған белок¬тардың, бұлшық еттерде
АТФ-тың мөлшері азайып, қан ұю проце¬сіне
қатысатын ферменттердің активтігі төмендейді.
Қанның ұюы төмендеп, қан тамырлары қабырғаларының
бе¬ріктігі нашарлауынан ішкі органдарға
қан құйылып, тері жарақат¬танғанда қан
көп кетіп, қан азаю (малокровие) ауруына
шалдығу қаупі төнеді.
К витамині жетіспегенде организмдегі
тыныс алу процесі тө¬мендейді.
Адам үшін К витаминінің негізгі көзі
қырыққабат, қызанақ, асқабақ, өсімдіктердің
жасыл бөлігі, бауыр, т.б. тағамдар.
К витамині ішек микроорганизмдері әрекетінің
нәтижесін¬де түзілетіндіктен авитаминозы
сирек кездеседі, тек ішектің сіңіру процесі
төмендеп, бауыр және өт жолдары зақымданғанда
ғана байқалады.
Q витамині (убихинон)
Коэнзим - Q (кофермент Q; KоQ), өте көп тараған
кофермент болып есептеледі, сондықтан
убихинон (желаяқ хинон) деп те аталады.
Химиялық тұрғыдан убихинон: 2, 3 – диметокси
– 5 – метил – 1,4 – бензохинон. 6-шы көміртек
атомында изопрен тізбегі бар, бұл тізбектегі
изопреннің саны әр организмде 6-дан 10-ға
дейін болады.
Адам және жануар организмінде 10 изопрендік
тізбегі бар убихинон кездеседі. Убихинон
суда ерімейді.
Убихинон барлық тірі организмдерде кездеседі.
Клеткада ми¬тохондрияда шоғырланған.
Бұл кофермент ұлпалардағы тыныс алу процесінде
электрондар мен протондарды тасымалдауға
қатысады:
КоQ негізгі витаминдерге жатпаса да, нашар
тамақтанудың салдарынан авитаминозы
пайда болатыны белгілі болды. Бала¬лардың
асында белоктардың жетіспеуінен туындайтын
анемия, В12 және фоль қышқылы витаминдерін
қолданғанда оңалмаса, КоQ берген кезде
ғана жазылады. Убихинон бұлшық ет дистро¬фиясында,
жүректің қалыпты жұмыс істеуі нашарлағанда
да қол¬данылады.
Қорытынды.
Майда еритін витаминдер
Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді,
органикалық еріткіштерде: спирт, бензин,
хлороформ, ацетон, т.б. жақсы ериді.
Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, т.б.) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан
жасалған
нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына
әкелуі мүмкін. Тағамда витаминдердің
жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді.
Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды.
Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы
лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ
гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,
т.б. аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік
болғанда организмде зат алмасу процесі
бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы
тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның
көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының
құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі
не сәбиін емізуі, т.б. жағдайларда организмде
витамин жетіспеушілік артады. Мұндай
жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер
қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек
пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік
және гиповитаминоз жануарларда да болады.
Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде
ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық
мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы,
В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен,
шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині
жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек
ауруына шалдығады., табиғи шырындарды
қабылдаған жөн.
Пайдаланылған
әдебиеттер.
http://www.bazernet.kz
http://kazakh.clan.su
http://www.smskazakhstan.com