Маскүнемдік (алкоголизм)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:56, реферат

Описание

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады.

Работа состоит из  1 файл

маскунемдик.docx

— 80.25 Кб (Скачать документ)

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады. 
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі. 
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішугеарланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды. 
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизм

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады. 
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн. ҚР Денсаулықсақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты — маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш кезеңі бар: олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары — республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері қолданылады. Ауылдық жерлердемас күнемд ерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді. 
ССР Одағы мен одақтас республикалардың денсаулық сақтау туралы негізгі заңдарында маскүнемдік қоғамдық ортаға қауіпті ауруғажатқызылған және арнайы емдеу мен сауықтыру шараларын жүргізу міндеттелген. ҚР-де маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия органдары, кәсіодақкомсомол және басқа да қоғамдық ұйымдар белсене араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның ішінде Қазақстанда да) халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді еркінен» тыс ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша дәрігердің қорытындысы болған жағдайда)емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде (профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі. 
Заңда қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не қызу күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу құжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде сииртті ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт арағы, брага) жасағаны, сатқаны, сақгағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген. Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, қайта жаз асын ауырлата түседі. 
Мастықтың әсерінен ауруға шалдыққан адамға аурулығы туралы листок берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем төленбейді. 
Спиртті ішімдікке салыну салдарынан өз жанұясының материалдық жағдайын ауырлатқан адамдарға, сот арқылы жаұясына жәрдем көрсетуі міндеттемеледі.

 

Маскүнемдікті емдеудің негізгі  үш кезеңі бар:

  • алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін қалпына келтіру;
  • ішімдікке әуестікті жойып,
  • оларға жиіркеніш сезімін тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру.

Негізгі емі витаминотерапия, дәрі-дәрмектер (инсулин, атропин, аминазин, т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Г. Айбасова, Ж. Ахметов[1]

 

[өңдеу]Маскүнемдік елірмелер


Пайда болуы маскүнемдікпен байланысты психикалық кесел. Барынша жиі кездесетін түрлері – маскүнем елірмесі (ақыл-есінен айырылу), көру және есіту елестеушіліктері, қозу, жүйке жүйесінің түрліше бұзылуы, қызғаныш қозбасы және т.б.[2]

[өңдеу]Сілтемелер


"Қазақ  Энциклопедиясы", 6 том

[өңдеу]Пайдаланған әдебиет


  1. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
  3. Қазіргі заманда адам ғылыми-өнеркәсіптік салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, өзінің материалдық қажеттерін қамтамасыз етуде зор қадамдар жасады. Осылай бола тұра сау және тыныш тұрмысқа жетуде көптеген кедергілер мен келеңсіздіктерге тап болды. Психологтар қазіргі заманда мағыналық және ахлақ дағдарыстың себептерін маскүнемдіктен тауып отыр. Батыстағылар либералистік және материалистік көзқарастарды қабылдауы өз алдына, ондағы кейбір оңтайлы өзгерістерге қарамастан ахлақтық, әлеуметтік және психикалық дағдарыстарға толы әлемді өз қолдарымен жасауда. Неміс психологы Ерик Фром осы орайда былай дейді: "Біз батыста әсіресе АҚШ-та тұлғалық дағдарысқа шалдығып отырмыз. Іс жүзінде өнеркәсіптік қоғамдарда адам машиналық тұрмысқа қызмет ететін құрал іспеттес, сондықтан өз-өзінің тұлғасынан айрыла бастаған. Батыс өркениетіндегі материалдық, яғни жансыз заттарға құштарлық кең таралған. Осының нәтижесінде адами тіршілік пен оның салдарына көңіл аударылмай отыр.
  4. " Батыс ойшылдарының сөздері мен жазбаларында мұндай сыншыл көзқарастардың мысалын көп кездестіруге болады. Бұл орайда көптеген кітаптар да жазылды. Америкалық Елвин Тофлер өзінің "Үшінші толқын" атты танымал кітабында батыс қоғамындағы келеңсіздіктердің егжей-тегжейіне тоқталып, былай деп жазады: "Бай мемлекеттердің барлығында құлаққа таныс айқай естіледі. Жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол салу көрсеткіші ұлғайып, маскүнемдік пен дағдарыс жайылып келеді. Бұзақылар мен нашақорлардың көбеюі және жүйке бұзылуы батыста психикалық дағдарыстың таралғанын аңғартады. Лос-Анжелестен Ленинградқа дейін жасөспірімдер, наразы жұбайлар, жалғызбасты аналар немесе әкелер сондай-ақ қариялар барлығы әлеуметтік оқшаулануға душар болған." Дамыған мемлекеттерде ахлақтық және психикалық келеңсіздіктердің жайылғаны сонша, тіпті кейде біреулер өмір сүруден де шаршайды. Қазіргі таңда өкінішке орай батыста байқалып отырған осындай тығырыққа тірелу тек батыс елдерімен шектелмей, басқа да көптеген елдерге таралған. Ирандық жазушы ұстаз Махмуд Хәкими "Сырқат Батыс" кітабында былай деп жазады: "Мағыналық және адамгершілік тұрғыларға мән бермей, өнеркәсіп пен технологияның дамуы батыс пен шығысқа көп зардап әкелді. Осының барлығы машинизмнің батыс адамының жаны мен тәнін билеуі мен батыста ахлақтық негіздердің ыдырауы кесірінен болып отыр. Біз адамның қасиеттері түкке тұрмайтын ғасырда өмір сүрудеміз. Адам алпауыт машина дүниесінің құрамындағы тетік ғана болып саналады.
  5. Сондықтан адамға қатысты мұндай пікір және оның мағыналық әрі рухани ерекшеліктеріне мән бермеу, адамзат үшін зор нұқсан екені шүбәсіз. Егер бұл жағдай жалғаса берсе, адами қасиеттер құлдырап жойылады." Осындай дағдарыстар нәтижесінде маскүнемдік, нашақорлық, жемқорлық және ахлақтық азғындық секілді келеңсіз құбылыстардың таралуына куә боламыз. Әрине бұл қиындықтар рухани дағдарыстарды одан сайын өрістетеді. Былайша айтқанда маскүнемдік пен психикалық келеңсіздіктер бір-біріне әсерін тигізеді. Алкогольдік ішімдіктер ішу адамның денесіне кері әсерін тигізумен қатар әлеуметтік қарым-қатынастарға да теріс ықпал ететіндігін көптеген зерттеулер мен куәлар көрсетті. Осылайша қазіргі таңда кейбір қоғам маскүнемдіктен туындаған түйткілдерге душар болып отыр.
  6. Америкадағы "Пацифик" зерттеу институтының бір мақаласында Ньюзилендте алкоголь ішімдіктерін тұтыну жасын азайту жөніндегі заңды сынайды. "Алкоголь ішімдіктерін ішу мен оның кері салдары әсіресе жастар арасында бұзақылық пен жол апаттарының көбеюіне себепші болады және қоғамға ауыр шығындар әкеледі. Осындай жағдайда алкоголь ішімдіктерін тұтыну жасын азайту заңына куәміз. Еуропалықтар балаларына ішімдік ішуге рұқсат беріп, бұл істі оларға үйретеді. Алайда денесі мен ой-пікірі қалыптасып келе жатқан балаларға ішімдік ішу шынайы қауіп болып саналады",-деп жазылған бұл мақалада. Еуропалық елдердің мамандары жастар мен жасөспірімдер арасында ішімдік ішу көрсеткіші ұлғаюының себебі туралы түрлі пікірлер айтады. Неміс қоғамтанушысы доктор Рейнхард Берглер Еуропа Одағына ұсынған есебінде жастардың алкоголь ішімдіктеріне үйірлігі жайлы: Бұл мәселеде отбасы күрделі рөл атқарады.
  7. Жастар өз-өзіне деген сенімі аз болғандықтан, өзгелердің көңілін аударту үшін және қоғамнан оқшауланбау үшін ішімдік ішеді. Батыс елдеріндегі денсаулыққа байланысты ең күрделі мәселе араққа салынудан туындайтынын зерттеулер көрсетіп отыр. Дәрігерлердің айтуы бойынша, ішімдікке құмар болудан жүрек пен рак аурулары пайда болады. Сонымен қатар егер жол апатынан қаза болуға да алкоголь ішімдігінің кесірін қосатын болсақ, маскүнемдік адамның ең қас жауы болып есептеледі. Өйткені жастар өлімінің көбі арақ ішіп, мас күйде көлік жүргізу кесірінен орын алады,-дейді.
  8. Шарап пен осы тәрізді басқа да ішімдіктердің құрамында "алкоголь" (спирт) болуы себебінен, оның жансыздандыру және мас қылушы қасиеті бар. Адамның химиялық зат алкогольді (спиртті) білгеніне көп уақыт болды. Көптеген ғасырлар бұрын Мұхаммад бен Закария Рази есімді мұсылман ғалым шарапты ажырату арқылы дәрігерлік пайдалаумен қатар химиялық еріткіш ретінде де қолдануға болатын зат ашты. Бұл затты ол "әл-кул" немесе "алкоголь" деп атады. Біздің ғасырымызда спирт өнеркәсіптің түрлі салаларында көптеген қолданысқа ие. Спирт, химиялық еріткіш және зертханалар мен дәрі өнеркәсібінде кең қолданылады. Сонымен қатар спирт алуан түрлі микробтардың көбеюіне тосқауыл қоюда және дәрілік өнімдерде, дәрілердің қабыршығын өндіруде сондай-ақ залалсыздандырушы ретінде зақымдарды емдеуде қолданылады. 
    Таза алкоголь (спирт) – түссіз, от алатын, және суықта қататын ерекше иісі бар зат. Спирт түрлі әдістермен , соның ішінде табиғи немесе ашыту және өнеркәсіптік әдіспен алынады. 
    Ашыту үдерісінде қант ажыратылады. Табиғатта қант түрлі пішіндерде кездеседі. Мысалы, жүзім, мейіз, құрма, арпа, күріш, картоп және жүгерінің құрамында көп мөлшерде қант бар. Сондықтан осы азық-түліктер спирт алу үшін бастапқы заттар бола алады. Саңырауқұлақтар мен ашытқылар, ерекше жағдайда қанты бар заттардан ашытқы, көмірқышқыл газ және этанол немесе спирт өндіреді. Ашыту барысында, көбінесе су мен спирттен тұратын сұйық зат пайда болады. Дегенмен өнеркәсіптік тәсілмен өндірілетін спирт - мұнай, табиғи газ және көмір секілді табиғи заттардан алынады. Түрлі үдерістер барысында бұл заттар спиртке айналады. Қазіргі уақытта спиртті ашыту арқылы алу тиімсіз, сондықтан өнеркәсіпке қажетті спирт мұнай өнеркәсібіне қарасты өндірістердің көмегімен химиялық тәсілдермен өндіріледі.  
    Алкогольдік ішімдіктер – құрамында спирті бар ішімдіктер. Өкінішке орай батыс халықтары арасында және өзге де қоғамдарда алкогольдік ішімдіктер ішу және құрамында спирт бөлшектері бар заттарды тұтыну әдетке айналған. Кейбіреулердің ойлағандай спирттік ішімдіктерді ішу дене мүшелерін нығайтпайды қайта ол, дененің мүшелерін жансыздандырып, түрлі қызметтерді атқарудың дәлдігін азайтады. Спирт- ғылыми кітаптар мен мақалаларда эфир тәрізді жансыздандырушы заттар қатарына кіреді.
  9. Мамандардың айтуынша, мас адамның көбірек жұмыс істеуінің себебі спирттің миға күш беруінен емес, адамның тепе-теңдігіне әсер ететін мидың бақылау орталығы әлсіреуінен.Өзін бақылай алмағандықтан мас адам өз әрекетіне ие бола алмайды. Не болса да, барлық алкогольдік ішімдіктердің құрамында спирт бар және осы зат жансыздандыру әсерін тигізеді. Біз "мастық" деп атайтын осы жансыздандырудың деңгейі әлгіндей ішімдіктердің құрамындағы спирттің мөлшеріне байланысты. Адам шамалы спирт ішсе оның бестен бір мөлшері лезде асқазанға сіңіп, қан айналымына қосылады және оның тек аздаған мөлшері кіші дәрет арқылы денеден сыртқа шығады. Алайда оның басым бөлігі денеде қалып, әлсін-әлсін қышқылданады.  
    "Химиялық дәрілермен улану" кітабында доктор Питер Купер былай деп жазады: "ішілген спирттің 80 пайыздан астамы аш ішекке сіңеді және тек 10 пайызы ғана кіші дәрет жолымен және тыныс алу арқылы сыртқа шығады. Спирт денеде тез таралады және оның 8 грамы бір сағаттан соң қышқылға айналады". Егер қандағы алкоголь мөлшері 0,5 пайыздан асса көздің әлсіреуі және жүрісте тепе-теңдіктің сақталмауы тәрізді келеңсіздіктер сезіледі. Ал егерде қандағы алкоголь 1 пайызға жетсе, тыныс пен жүрек қысылуы басталып, ақыр аяғында өлімге әкеледі. Дегенмен алкогольдің өлімге апаратын мөлшері әр адамда әртүрлі болады. Алкоголь адамның тез қартаюына әсер етеді. Бұл ауру қан тамырларының қалыңдап қатаюы, бауырдың және жүйкенің тозуынан пайда болады және мұның кесірінен дене әлсіреп, өлімге апарады. 
    Спирттің адам денесіндегі ең маңызды залалы – орталық жүйкені әлсірету болып табылады. Спирт жүйкеге әсер еткендіктен, тамырларда бір түрлі әсер туады, осылайша дененің сыртқы бетінде қан көп жүреді және шарап ішкен адамның терісі қызарып кетеді. Бастапқыда спирт денеде жылу тудырады, бірақ ол көпке ұзамайды. өйткені аз уақыттан соң дененің жылуы екі есе азаяды.
  10. Арақ ішкен кісінің алдымен қимылы көбейеді, жүрек соғысы жоғарылап, тынысы ұлғаяды. Сонан соң алкоголь мидағы сөйлеу орталығына әсерін тигізіп, адам еріксіз көп сөйлейді. Одан кейінгі кезеңде мидың еститін орталығы әсерленіп, кісі түсініксіз дыбыстар естиді. Содан кейін мидың көру орталығына зиян келіп, қиялдағы суреттер көрінеді. Ақырында дененің тепе-теңдігін сақтау орталығы да өзгеріске ұшырап, тепе-теңдіктен айрылады. Алкогольдің кесірінен адамның жүрісі әлсіреп, ол денесі мен психикасын бақылай алмайды. Осының салдарынан тұлғаның қоғамдық мінезі өзгереді. Ол уақыт танымайды, қоғамдық ережелерді сақтамайды, сондықтан алкогольдің зияны тек денеге және оның ойы мен сезімдеріне ғана тимейді. Мас адам ар-ұяттан айрылып, келеңсіз және жаман әрекеттер жасайды. Алкогольдік ішімдік ішумен адам ақыл- ойдан адасады. Мамандар мұндай тепе-теңдіксіз жағдайды "алкогольдік есалаңдық" деп атайды. Докто Саид Хекмат "Қылмыстық психотерапия" кітабында былай деп жазады: "Көптеген қылмыстар мен арсыз әрекеттер алкоголь ішудің салдарынан пайда болады. Әлемде қылмыстардың көбі әсіресе ұрып-соғудың 70 пайызы және кісі өлтірудің 80 пайызы алкоголь ішімдіктерін шектен тыс тұтыну салдарынан болған. Сонымен қатар алкогольдік ішімдіктер ішуге рұқсат етілген елдерде жол апаттары, жүргізушінің мастығы кесірінен болады".
  11. Исламның мәңгілік тағылымдары мен ерекшеліктерінің бірі- адамның пәк табиғатымен сәйкес болуы. Діни тағылымдар, тәңір елшілері құдай тарапынан адамзатты бақытқа жеткізу үшін әкелген кешен болып табылады. Дінде рұқсат етілген және тыйым салынған заттарға ой салсақ, діни үкімдер және ондағы бұйрықтар мен тыйымдарда адамзатты жақсылыққа жұмылдырып және жамандық пен азғындықтан алшақтататынын түсінеміз. Осындай түсінікпен ешбір зат бекерден халал немесе уәжіп етілмеген және ешбір зат себепсіз харам етілмеген. Бір құдайға құлшылық ететін адам бұл үкімдер құдайдың таусылмас білімінен бастама алатынына сенеді. Құдай барлық істің басы мен аяғын және адамның денесі мен рухын толық біледі. Сондықтан оның хикметі мен ақылы пенделердің саулығына зиян келтіретін заңдар мен ережелер шығартпайды. Ислам пайғамбары(с)-нің әулетінен болатын Имам Реза(ғ)өз хадистерінің бірінде былай дейді: "Құдай адам үшін пайдасы бар кез-келген тағам мен сусынды халал етті және зияны бар кез-келген затты харам етті".
  12. Ислам тағылымдарында адамзаттың бітіміне, рухани, тұлғалық және әлеуметтік аспектілеріне көңіл аударады. Көптеген діни нұсқаулар адамның тек рухын тазартып қана қоймай, тіпті оның денесін де түрлі зияндар мен зарарлардан қорғайды. Солардың бірі- алкогольдік ішімдіктерге тыйым салу үкімі. Исламда алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынған, өйткені ол адамның денесі мен рухына және қоғамның саулығына қауіп төндіреді. Қазіргі таңда дәрігерлер және психология саласының ғалымдары мен мамандары алкоголь адам өмірінің түрлі аспектілеріне кері әсерін тигізетіндігі туралы айтуда. Бірқатар зерттеу орталықтары осы салада практикалық ізденістер жүргізіп, маскүнемдік – адамзат қоғамына төнетін қауіп деген қорытындыға жеткен. Жуықта Американың нашақорлықпен күрес ұлттық орталығы америкалық мектеп оқушылары арасында алкогольдік ішімдіктер тұтынуы туралы есеп жариялады. Осы орталық жариялағандай, америкалық 13 млн оқушы кем дегенде бір рет есірткі заттарын немесе алкогольдік ішімдіктің дәмін татқан. Бұл мәлімет бойынша, 2002-2005 жылдар аралығында америкалық оқушылар арасында алкогольдік ішімдіктер ішу көрсеткіші ұлғайған.
  13. Осы орталық Америка мектептерінде нашақорлық құбылысының тез жайылуына байланысты отбасылардан, білім саласының қайраткерлері мен саясаткерлерден өз пікірлерін білдіруін сұрады. Мамандардың зерттеулері бойынша, алкогольдік ішімдік ішудің түрлі себептері бар. Солардың қатарында – торығушылық, көңіл күй мен өз-өзіне сенімнің жоқтығы және жүйке қысымдарынан құтылуға тырысу бар. Кейбір кісілер торыққан кезде тынышталу үшін алкогольдік ішімдік ішеді. Оны ішкен кезде бастапқыда торығудан құтылған сияқты жалған сезім болуы мүмкін бірақ аз уақыттан соң әлгі ішімдіктің нағыз және зиянды әсері байқала бастайды. Мұндай кері әсерлерге дене тепе-теңдігінің жоғалуы, шешім қабылдаудағы келеңсіздік, ойлаудың тежелуі және қатігездіктің күшеюі жатады.
  14. Бұл келеңсіздіктердің әйелдерге жағымсыз әсері әлдеқайда жоғары. Жаңадан жүргізілген зерттеулер бойынша алкогольдік ішімдіктер еркектерден гөрі әйелдердің миына көбірек зиян келтіреді. Алкогольдің кері салдарының бірі – адамның ішкі мүшелеріне әсіресе бауырға нұқсан келтіру болып табылады. Ішкі мүшелер маманы, доктор Шахин Мераттың айтуынша, "алкогольдің бауырға тигізетін зияндарын үшке бөлуге болады, біріншіден, бауырда май мөлшері ұлғаяды. Алкоголь ішуді қойған жағдайда бұл келеңсіздікті емдеуге болады. Алкогольді көбірек ішкен кезде адам бауыр гепатитіне және бауыр қабынуына шалдығады. Алкогольді тоқтатумен бауыр гепатиті қалпына келеді, алайда барлық жағдайда емес, жазылмауы да мүмкін".Алкогольдік ішімдіктерді көп пайдаланудың соңы бауыр рагына ұшыратуы мүмкін және бұл ауру емделмейді. "Бауырдың ең маңызды міндеті ішек ішіндегі уларды кетіру болып табылады, ал алкогольдік ішімдік бауырды әлсіретіп, оның уларға қарсы қабілетін азайтады",-дейді ол.
  15. Адамдардың көбі алкогольдің бауырға кері салдарын білгенімен, бірақ бұл ішімдіктің сүйекке тигізетін зиянынан бейхабар болуы да мүмкін.. Осы орайда "Рейтер" ақпарат агенттігі зерттеулерге сүйеніп, былай деп жазады: «Алкогольдік ішімдіктер сүйекті әлсіретіп, оның сынуына себепші болады. Ішімдікке құмар адамдардың сынған сүйектерінің емделуі, бастапқы қалпына түсуі өте қиын және ұзаққа созылады. Өйткені алкоголь денедегі сүйекті қалыптастыратын бөлшектерге нұқсан келтіріп, сүйектің әлсіреуіне әкеп соғады,-деп жазады. Алкогольдік ішімдіктердің тағы бір зиянды әсері – қан құрамындағы ақ түйіршіктерді азайтады. Ақ түйіршіктер сарбаздар тәрізді денедегі микробтарға қарсы күреседі. Ал алкоголь олардың санын азайтады. Алкоголь сондай-ақ құрамында темір бар гемоглобинге де кері әсерін тигізіп, қан аздығының пайда болуына әкеледі. Иран медицина мамандарының зерттеулерінде алкогольдік ішімдік ішу – "Б, "С" дәрумендеріне және фолий қышқылына кері әсер ететінін көрсетті. Осы зерттеулер негізінде "В" дәрумендерінің жетіспеуі бас айналу, көздің әлсіреуі және тепе-теңдіктен айрылу тәрізді келеңсіздіктерге апарады. Кейбір исламдық руаяттарда алкогольдің денеге тигізетін бірқатар кері әсерлері жайлы баяндалған. Имам Садық(ғ) шарапқа тыйым салудың себебі жайында: шараптың жаман әсері мен адамды аздыратын қасиеті үшін құдай оған тыйым салды, өйткені мас адамның денесі тепе-теңдіктен айрылады,-дейді.
  16. Өткен бағдарламаларда айтқанымыздай, бүгінде түрлі қоғамдарда тіпті кейбір заңды шектеулерге де қарамастан алкогольдік ішімдіктер өндіріліп, тұтынылады. Пәк Ислам дінінде алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынған және исламдық хадистер мен руаяттар алкогольдің харамдығын көп қуаттайды. Алкоголь адамның ақылы мен ойына кері әсер еткендіктен және оны мас қылып оның мінез келеңсіздіктеріне себепші болғандықтан Ислам мұндай ішімдіктердің харамдығын баса айтады. Алкогольдік ішімдіктер сондай-ақ адам денесіндегі түрлі мүшелерге атап айтқанда ас қорыту жүйесіне, бауыр мен орталық жүйке жүйесіне кері және зиянды әсерін тигізеді. Бұған қоса маскүнем адамдардың кейбір балалары небір кемшіліктермен туады. Бұл мәселелерге біз өткен бағдарламаларда тоқталғанбыз. Алкогольдік ішімдіктер ішудің зардаптарын басқа да тұрғылардан зерттеуге болады. Көптеген ақпараттар мен куәлар, алкогольдік ішімдіктер ішу жанұялар мен қоғамға тіпті есесі толтырылмайтын зиян да келтіретінін көрсетеді.
  17. Алкогольдік ішімдік ішу – бұзақылық, қылмыс, кісі өлтіру, өз-өзіне қол салу және көлік жүргізу барысында қазаға ұшыраудың негізгі себептерінің бірі. Неге десеңіз алкогольдің психика мен ағзаға зиянды әсері адамның жүріс тұрысы мен мінезін бұзады. Алкоголь адамның ойлау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін азайтқандықтан, көптеген қылмыстар мен апаттарға жол ашады. Дүниежүзінің түрлі аймақтарында жылына ондаған мың отбасылар, мас адамдар көлік жүргізу кезінде олардың туыстарын қағып кетіп өлтіргені үшін заң мекемелеріне барып оларды жазаға тартуын сұрайды. Бұдан бұрын айтқанымыздай, алкоголь ішу, адамның физикалық әрекеттерін тежеп, оның дене қозғалысын бақылау қабілетін жояды. Осының салдарынан арақ ішкен адамның қоғамдағы әрекеттері өз-өзінен өзгереді. Ол ережелерді орындамай, маңайындағы жағдайды дұрыс түсінбейді. Арақ ішкен адам мас болып, қоғамдық және әлеуметтік ережелер мен қағидаларға мән бермей оларды орындамайды. Осының нәтижесінде ол лезде ашуланып, тәртіпсіздік жасаумен балағат сөздер айтады. Осыған байланысты Исламның қасиетті пайғамбары хазірет Мұхаммад(с) өз сөздерінің бірінде былай дейді: "шарап күнәларды жинайды, ол жамандықтың көзі және жексұрындықтың кілті". Осылайша шарап, көптеген бұзақылықтар мен қылмыстардың бастамасы бола алады.
  18. Америкада балаларға зорлық жасаудың 30 пайызында және әйелдерге әлімжеттік көрсетудің 75 пайызында арақ ішу негізгі себеп болғанын статистикалар көрсетеді. Ірі апаттарға да алкогольдің қатысы бар. Мысалы мұндай ірі апаттардың бірі, Аляскада "Эксон" компаниясының "Уолдиз" мұнай танкерімен болған апат. Осы оқиғада танкердің капитаны мас болғандығы себебінен, әлгі компанияға милиардтаған доллар зиян тиіп, Аляска табиғатына есесі қайтарылмайтын ауыр нұқсан келтірілді. Батыс елдерінде атап айтқанда Америкада осындай апаттар орын алып жатқанына қарамастан, алкогольдік ішімдіктер тұтынуға және мұндай ішімдіктерді өндіруші кәсіпорындарға қарсы ешқандай шара қолданбақ түгіл, көптеген спорт сайыстары мен теледидар бағдарламаларында, алкогольдік ішімдіктердің қымбат және қызықты жарнамалары көрсетіледі. Ресейде халықтың көбі "водка" немесе басқа да алкогольдік ішімдіктерсіз тіпті күнделікті жаңалықтарды да көре алмайды. Кейбір мамандар алкоголизм түйткілін тіпті "орыс ауруы" деп атайды. Ресейде полиция күштерінің маскүнемдерді аулауы жиі кездеседі. Статистикалар бойынша, әр ресейлік азамат орташа есеппен бір жылда 18 литр алкогольдік ішімдіктер ішеді. Әлбетте орыс сәбилері мен жас балалары алкогольдік ішімдіктер ішпейтініне назар аудара ересек адамдардың нақты тұтыну мөлшері әлдеқайда жоғары. Ресей қайраткерлерінің айтуына қарағанда, 2009 жылдың алғашқы алты айында өлімге ұласқан 5 мың жол апатының негізгі дәлелі көлікті мас күйде жүргізу болған және осы оқиғалар кесірінен кем дегенде 8 мың адам қаза болған. Осының салдарынан ресейлік қайраткерлер алкогольдік ішімдіктер тұтынысын шектеу үшін оның бағасын ұлғайтқан.
  19. Алкогольдік ішімдіктер тұтынудан ең көп зиян көретін орталардың бірі – жанұя. Көптеген мәліметтер мен есептер, жанұяның бір мүшесі алкогольдік ішімдік ішетін болса осы қасиетті ортаның құрлысы бұзылуына себепші болатынын көрсетеді. Өздеріңіз білетіндей, жанұя қоғамның тұңғыш бөлімі болып саналады және бала осы ортада дүниеге келіп, тұлғаға ие болады. Салт-дәстүрлер, үлгілер, ата-аналардың көзқарастары мен пікірлері және тәрбиелеу әдістері баланың мінезіне зор әсер етеді. Бала үйде көп нәрсені үйренеді және осы ортада ахлақтық негіздер мен өмір жолын игереді. Сондықтан балаға жақсылық пен жамандықты және құндылықтар мен келеңсіздіктерді түсіндіруде ата-аналар күрделі рөл атқарады. Егер жанұя кеңістігі сау болмаса әрине көптеген келеңсіздіктер мен жағымсыз мінездердің бастамасы болатыны шүбәсіз.
  20. Осы тұрғыдан, жанұядағы маскүнем балаларға тым қолайсыз үлгі болады. Сонымен қатар жанұядағы қолайсыз орта ондағы мүшелердің әсіресе жастардың бұзақылыққа және алкогольге әуестенуіне септігін тигізеді. Швецияда 645 маскүнеммен жүргізілген зерттеуде, әлгілердің бауырлары мен қарындастарының 25 пайызы да алкогольдік ішімдікке құмар екендігі анықталған. Осылайша маскүнемі бар жанұяда басқа мүшелердің де алкогольға әуестену ықтималы жоғары болады. Кейде маскүнем еркектер өзінің жаман әдетін жалғастыру мақсатында, жұбайларын да осы жағымсыз әдетке үйретуге тырысады. Ата-аналардың өзара тату болмауы және әке мен ананың ажырасуы, күйеу мен әйелінде және оның балаларында үмітсіздік сезімі мен қоғамдық қысымдарға шалдықтырады. Бұл қысымдар оларда алкогольдік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына әуес болуына апаруы мүмкін.
  21. Алкогольдік ішімдік ішу отбасының экономикалық жағдайына да зиян келтіреді. Жанұя, ондағы мүшелердің экономикалық қажеттерін қамтамасыз етеді. Жанұядағы әке және кейбір жағдайларда ана жұмыс істеп, отбасының қаржы және материалдық қажеттерін қамтамасыз етеді. Сондықтан егер жанұядағы әке немесе ана алкогольге әуестенсе отбасының экономикасына және қаржылық құрлысына орасан зор соққы береді және табысты алкогольдік ішімдіктерге жұмсайды. Осылайша жанұяның экономикалық талпыныстары отбасының жағдайын жақсартудың орнына жеке бастың әуестерін ғана қанағаттандырады.
  22. Құдай қаласа келесі бағдарламада алкогольдік ішімдік тұтынудың отбасы құрлысына кері әсерлерін көбірек талқылаймыз. Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.
  23. Бұдан бұрын айтқанымыздай жанұя құрылымына түрлі факторлар қауіп төндіреді. Көптеген зерттеулердің қорытындылары көрсеткендей, адамның жеке және қоғамдық тұлғасын қалыптастыруда жанұя маңызды және күрделі рөл атқарады. Сондықтан жанұя ортасы дұрыс болмаса балалар мен жасөспірімдердің көптеген келеңсіздіктеріне соның ішінде үйден қашуына себепші болатыны сөзсіз. Кейбір факторлар жылы және тыныш жанұя ортасын қарама-қайшылықтар мен жанжалдар кеңістігіне айналдыра алады. Осындай жағымсыз факторлардың бірі әсіресе әкенің немесе ананың жаман әуестері. Алкогольдік ішімдіктерге әуес болу, отбасы жүйесіне есесі толтырылмайтын зардаптар тигізе алады. Алкогольдік ішімдіктерге әуестену жанұяның экономикалық ахуалына ауыр соққы берумен қатар, отбасы мүшелерінің қарым-қатынастарында да алуан түрлі түйткілдер тудырады.
  24. Отбасының ең маңызды қызметтері – отбасы мүшелерінің әсіресе әйелдер мен балалар және қариялардың тіршілігіне, сезімдеріне және мінездеріне қолдау көрсету болып табылады. Алкогольдік ішімдік ішетін әкелер, арақ ішуді жалғастырып әйелі мен балаларын бағып-қағуда әлсіз болады. Осылайша үйдегі балалар әке мейірімінен мақрұм қалады. Осының салдарынан балада психикалық өкініштер мен ашулар және әлеуметтік қысымдар пайда болады. Мұндай жағдайда бала өзін қолдаушысыз сезінеді және оны қоршаған қоғамда оған жанашыр адам табылмайды. Отбасының әкесі араққа салынған кезде оның жұбай әдетте қарсылық білдіреді, сондықтан ол алкогольмен байланысты жанжалдарды азайту үшін түрлі әдістермен соның ішінде алдау немесе оны қорқыту арқылы  жұбайын да араққа әуестендіруге тырысады. Осылайша жұбайы қарсылық көрсеткенде жанжалдар тіпті төбелестер пайда болып, ақырында ажырасуы да әбден мүмкін.
  25. Арақ ішкіш адамның өз жұбайына көрсететін әлімжеттіктері – оған жаман сөз айту, ұрып соғу, оған күмән ойлау тәрізді әрекеттер. Еркектің араққа салынып, үйде де сыртта да жағымсыз қылықтар көрсетуі, оның жұбайын ана міндеттерін атқаруда әбден үмітсіздендіріп, ренжітеді. Мұндай жағдайларда ол жанұядан кетеді немесе шарасыздықтан оның жағымсыз қылықтары мен әлімжеттіктеріне шыдауға мәжбүр болады. Тіпті күйеуінің бей-берекеттігі мен жанұяны басқарудағы әлсіздігі себебінен үйдің экономикалық қажеттерін қамтамасыз етуді өз мойнына алады. Өйткені көп жағдайларда еркек шектен тыс араққа салынып жұмысы мен әлеуметтік жағдайларынан айрылады. Мұндайда әйел отбасындағы істерді атқаруда үмітсізденіп, жүйкенің тозуына шалдығады. Әйелдің психикалық саулығы зардап шеккесін отбасының негізіне де қауіп төнеді.
  26. Алкогольдік ішімдік ішетін ата-аналар балаларының сырттағы жүріс тұрысын мұқият бақыламайды және өз балаларына жақсы үлгі болмай оларға оң тәжірибелерін бере алмайды. Осының салдарынан бір дұрыс және қолайлы тұрмыстан бейхабар бала, өзгелермен әлеуметтік қарым-қатынастарда қиындықтарға кездеседі. Ол басқалармен дұрыс байланыс орната алмай, қоғамнан шеттетіледі. Сондықтан көп жағдайларда ата-анасы алкогольдік ішімдікке әуестенген отбасының балалары қоғамның түрлі саласында өзін лайықты түрде көрсете алмайды. Кейде баланың ата-анасы маскүнем болғандықтан, ол сырттан көп сындар естіп, жаман атаққа ие болады.
  27. Әкесі және шешесі немесе екеуі де маскүнем болған жанұяда балалардың да алкогольдік ішімдікке үйренуіне жағдай пайда болатыны шүбәсіз. Өйткені біреудің оң немесе кері әдеттері қайталана берсе, басқаларға әсерін тигізеді. Сондықтан алкогольді үнемі тұтына беру, жанұяның өзге мүшелерін де бұл ішімдікке оңай үйренуіне септігін тигізеді. Дегенмен кейбір жағдайда ата-аналардың жағымсыз қылықтары, балаларда кері әсер тудыруы мүмкін, яғни мұнай бала өмір бойы алкогольге жоламауы ықтимал.
  28. Көп жылдар бойы алкогольдік ішімдіктер ішіп, енді міне осы жаман әдетін тастаған германиялық азамат Фридрих былай дейді: "Арақты қоймақшы болған кезде, алкогольдік ішімдік ішіп әкемнің жолына түскенімді түсіндім. Ол маскүнем еді сондықтан біз күнәра оның жанжалы мен әлімжеттіктеріне куә болатынбыз. Осылайша мен де араққа әуестенген соң тұрмысым дағдарысқа ұшырады, арақты көп ішкенім сонша тіпті арақ пен жұбайым, жұмысым және өмірім арасынан біреуін таңдауға дейін жеттім. Сол кезде жолдың соңына келдім, сондықтан бұл қиратушы әуесіміді қоюға шешім қабылдадым. Әрине маған жәрдем берген Құдай, мен бақыттымын". Фридрих сөз сөзін жалғастыра келе: маскүнеммен бірге тұру өте қиын. Оның өтіріктері және жасыруларына кезігу қиын. Егер үйде біреу маскүнем болса және ол тек арақты ойласа, психологпен кеңесіп, оған көмектесуге тырысыңдар. Кейбір жағдайда алкогольдік ішімдікке әуестенген кісіге көңіл аударып, оған жанашырлық білдіру оны осы жағымсыз құбылыстан құтқара алады. Мен де осындай ауыр жағдайға кезігіп, әйелімнен айырылып бара жатқанымды сезген шақта есімді жиып, алкогольді қойдым,-деді.
  29. Бүгінгі әңгімеміздің соңында, әр қоғамның негізі – сол қоғамдағы дін мен мәдениет өз мүшелеріне белгілеген құндылықтар мен салттарды сақтауға сүйенеді деу керек. Осы құндылықтар қоғамға тәртіп пен ынтымақ сыйлайды және келеңсіздіктерді кетіріп, қоғамның істерін өзінің негізгі жолына түсіреді. Зерттеулер көрсеткендей, алкогольдік ішімдіктер ішу әлеуметтік және діни құндылықтарды орындамауға және жағымсыз қылықтар орындауға апарады. Арақ адамның құдаймен және халықпен байланысына нұқсан келтіретін болғандықтан, жеке және қоғамдық адасушылыққа жол береді. Сол себептен де Ислам пайғамбары(с)-нің ұрпағы Имам Садық(ғ) бір хадисте: Құдай шарапты харам қылды, өйткені шарап ішкен адамда мейірім мен нұр жойылады. Ол күнә мен қылмыс және харам әрекеттер жасауда ұялмай батылы көбейеді, және мас күйде өзіне жақын адамдарға да зорлық көрсетуі мүмкін. Шарап жаман нәрсе ғана әкеледі, сондықтан шарап ішкен адамның дініне зардап тиеді,-дейді.
  30. Cіздердің назарларыңызға "Маскүнемдіктің зардаптары мен салдары" атты тізбекті бағдарламамыздың соңғы бөлімін ұсынамыз. Осы бағдарламаларда біз маскүнемдік құбылысын түрлі тұрғыдан талқылауға ұмтылдық. Өткен бағдарламаларға құлақ салсаңыздар, алкогольдік ішімдік ішу адамның денесі мен рухына зиянды әсер етеді деп айтқанымыз естеріңізде болар. Кейбір әлгіндей зардаптардың есесі толтырылмайды. Қазіргі таңда түрлі қоғамдарда алкогольдік ішімдіктер күрделі апатқа айналып, қоғам ішінде осы зиянды құбылыстың зардаптары етек жаюда. Көптеген зерттеушілердің ойынша, адамдардың алкогольге әуес болуына сан алуан әлеуметтік және мәдени факторлар әсер етеді. Америкалық зерттеуші Хортон 40-шы жылдары бірнеше қоғамда зерттеулер жүргізіп, қайсыбір қоғамда мәдени келеңсіздіктер мен тұрақсыздықтар мөлшері неғұрлым жоғары болса, сол қоғамда алкогольдік ішімдікке деген құштарлық соғұрлым жоғары болатынын түсінген. Бұл зерттеуде, егер қоғамдағы басым мәдениет пен құндылықтар арақ ішуге ынталандырса, алкогольдік ішімдіктер тұтынысының ұлғаюында рөл атқаратыны анықталды. Тағы басқа зерттеушілер, қоғамдағы құрылымдардың немесе тұлғалардың әлеуметтік жағдайының тез өзгеруі бірқатар келеңсіздіктердің соның ішінде маскүнемдіктің ұлғаюында әсерлі деп санайды. Бұл мәселе дәстүрлі қоғамның жаңа ғасырға өзгеруі кезінде көп байқалады.
  31. Жалпы алғанда зерттеушілер, адамдардың маскүнемдікке бет алуына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы екі топқа бөледі. Ішкі факторларға – уайым, стресс, діни және моральдік ережелерді ұстанбау және сезімдегі күрт өзгерістер жатады. Келесі жағынан – кедейлік, қиын әлеуметтік және экономикалық жағдай, мәдени тұрақсыздық, отбасындағы түйткілдер, ахлақтық азғындық сыртқы факторларға жатады. Осы факторлар жиынтығы, алуан түрлі келеңсіздіктердің соның ішінде маскүнемдік пен нашақорлықтың пайда болуына зор әсер етеді.
  32. Алкогольдік ішімдікті тұтынуға әсер ететін факторлар сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінген тәрізді, осы жағымсыз құбылыстың алдын-алуда және күресуде де осы екі топқа көңіл аудару қажет. Соның қатарында діни сенімдерді нығайту, адамның түрлі келеңсіздіктерге қарсы тұруына көмектесетін тақырыпқа жатады. Діни сенімдердің жайылуы, қоғамдық байланыстарға мағыналық құндылықтарды енгізіп, қоғамда адамгершілік қасиеттерді таратады. Жүргізілген зерттеулер, адамдардың діни сауаты мен оған берік болу деңгейі, психика мен мінез қылқтың саулығына тікелей әсер ететін факторлардан екенін көрсетеді. Өйткені дін мен діни сенімдер өмірге мағыналық сайлап, адамның өмірін мақсатты қылады. Бұл тақырыпты, 1992 жылы Американың Нью-Хавен тұрғындарымен жүргізген зерттеуде Вейзман атты ғалым мен оның әріптестері дәлелдеді. Сонымен қатар Канаданың Альберта штатында жүргізілген келесі бір зерттеу, адамдар діни рәсімдерге неғұрлым көбірек қатысса олардың алкогольдік ішімдік тұтыну мөлшері де соғұрлым азайғанын көрсетеді.

Информация о работе Маскүнемдік (алкоголизм)