Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 11:12, доклад
«Біз қазір үшеу боп тұрмыз — мен, сен және сенің ауруың. Егер екеуміз біріксек, ауруды жеңеміз, ал сен ауру жағына шықсаң, мен жеңілемін».
Ғұлама дәрігердің аузынан шыққан осы тәмсіл кейін талай ізбасарының аузымен айтылып, мыңдаған науқастың көкірегіне сенім ұялатты.
Медициналық деонтология
«Біз қазір үшеу боп тұрмыз — мен, сен және сенің ауруың. Егер екеуміз біріксек, ауруды жеңеміз, ал сен ауру жағына шықсаң, мен жеңілемін».
Ғұлама дәрігердің аузынан шыққан осы тәмсіл кейін талай ізбасарының аузымен айтылып, мыңдаған науқастың көкірегіне сенім ұялатты.
«Жақсы сөз — жарым ырыс». Дәрігер, ең алдымен, ауру адамды ықыласпен тыңдай білуі, жылы сөзімен үміттендіре білуі тиіс. Яғни жоғарыда айтылғандай, науқасты «өз жағына» тарта білуі керек.
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:
ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының
практикалық – кәсіби медицициналық
қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді
қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын
Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер – емделуші,
медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және толыққанды медициналық көмек.
Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!
Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзге де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты.
Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
Деонтология (парызтану) бұл медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моральдық-этикалық талаптар, кәсіби деңгейін ұдайы жетілдіру, патриотизмге тәрбиелеу мен қалыптастырудың, халыққа, өз ісі пен парызына берілгендік негізі болып табылады. Сырқатты емдеу барысында дәрігердің деонтологиялық әдістерді оңтайлы қолдануы емделушінің бойында дертінің емге көнетіндігі туралы сенім мен үмітті нығайтады, сондай-ақ медицина қызметкерінің жоғары кәсіби дайындығының дәлелі болып есептеледі.
Деонтологиялық тәрбие мен кәсіби білім беру бір-бірімен іштей байланысты. Моральдық-этикалық нормалар, ережелер мен талаптар дәрігердің сырқатпен, оның отбасымен және туыстарымен, жұмыста қызметкерлермен, әріптестерімен және жұртшылықпен өзара қарым-қатынасының күрделі ілімін игермейінше жүзеге аспайды
Дәрігерді тәрбиелеу оның кәсіби
біліктілігін жетілдіру сияқты диплом
алумен біте салмайды, қайта дәрігермен
өмір бойы жанаса жүретін тұрақты процесс болуға
тиіс. Медициналық деонтология ұдайы дамып
Алғаш рет Гиппократ өзінің
атақты «антында» дәрігер ұстанымының моральдық-этикалық
және адамгершілік нормаларын белгіледі.
Гиппократтың ұлылығы бәрінен бұрын
Адам — әлемдегі барлық құндылықтардың ішіндегі ең жоғарғысы — медициналық деонтологияның маңызды принципі, гуманизмнің принципі осындай.
Бүкіләлемдік Медицина ассоциациясы Бас ассамблеясы қабылдаған Женева декларациясында былай делінеді: «Медициналық мамандық өкілі бола отырып, мен өз өмірімді адамзатқа қызмет етуге арнауға салтанатты түрде ант етемін. Мен өз қызметіммен ар-ұятыммен және лайықты түрде шұғылданатын боламын. Менің негізгі міндетім пациенттердің денсаулығы болмақ. Маған сенім білдірілген құпияларға құрметпен қарайтын боламын. Мен медициналық мамандықтың ізгі дәстүрлері мен ар-ұятын барлық күшіммен ұстанатын боламын. Мен діннің, ұлтшылдықтың, нәсілшілдіктің, саясат пен әлеуметтік жағдайлардың менің парызымды орындауға ықпал етуіне мүмкіндік бермеймін. Адамшылық заңдарына қарама-қайшылықта медицина саласындағы менің білімімді пайдаланбау қаупіне қарамастан, адамның пайда болу сәтінен бастап оның өміріне жоғары құрмет сезімін ұстанатын боламын. Мен бұл сертімді салтанатты түрде, шын жүректен және таза ар-ұятыммен беремін».
Гуманизм мен көзқарас ауқымының кеңдігі дәрігерлік қызметте көп ғасырлық тексеруден өтті. Дәрігер өз әрекеті мен өзін ұстауын «психологиялық кері байланыс» принципі бойынша бақылап, сырқат адамның кішкене де болса ниет білдіруін жедел түрде бағалап, дұрыс түзетулер енгізуі дұрыс. Медициналық техниканы дәрігерлік ойлауға, оның тәжірибесі мен сырқатқа психологиялық ұстанымына, оның рухани қалпына, жеке басының ерекшеліктеріне қарсы қоюға болмайды.
Дәрігердің жұмысында ұсақ-түйек деген
Дәрігер өзімен-өзі қызмет етпейді, ол — медициналық мекеме ұжымының мүшесі. Ол ұжымдағы дұрыс өзара қарым-қатынастар қай тұрғыдан алып қарағанда да маңызды.
Маңызды деонтологиялық принциптердің бірі — шыншылдық. Шындықты талап ету дәрігерлік құпияны сақтауға қарсы келмеуі тиіс, сондай-ақ сырқат адамның тағдыры туралы өз ойларын, кейде барынша қайғылы болса да, оның туыстарынан жасырмауды қажетсінеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Деонтология немесе дәрігердің адами пішіні, Ақтөбе облыстық қоғамдық- саяси газет, 9 ақпан 2012ж, Ізбасқан АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР еңбек сіңірген дәрігері, жоғары категориядағы денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, КСРО және ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. (Мақалада Гиппократ, С.П. Боткин, П.А. Герцен, А.В. Верисаев, А.П. Чехов, академиктер Б.В. Петровский мен Е.И. Чазов, И.П. Павлов, Н.И. Пирогов еңбектері пайдаланылды).
2.http://www.ond.kz/index.php?