Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:53, реферат
Қазіргі таңда медицинада қолданылатын құралдар аппараттардың негізін медициналық электроника құрайды. Электроника өткізгіштерде және жартылай өткізгіштерде өтетін электірлік құбылыстар туралы ғылым саласы болып табылады. Электрондық құралдар көмегімен энергияны бір түрден екінші түрге түрлендіруге болады. Мысалы:жарық сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыруға; жылдамдық және температура сияқты электрлік емес шамаларды электр сигналдарына түрлендіруге болады.
1. Кіріспе бөлім:
• Медико-биологиялық ақпараттар туралы түсінік.
II. Негізгі бөлім:
• медико-биологиялық ақпаратты алудың құрылымы
• датчиктер;
• активті(генераторлық), пассивті(параметрлі) датчиктер;
• датчиктердің қолданылуы;
• электродтар
2. Қорытынды.
• Ақпаратты алу және тіркеудің медицинадағы маңызы
3. Қолданылған әдебиеттер.
Адам ағзасында пайда болатын биопотенциалдар өте әлсіз болатындықтан, оларды диагностиакалауда қолдану мақсатына жеткізу үшін күшейткіштер қолданады. Егер күшейткіштің кірісіндегі ішкі кедергімен сыртқы кедергі тең болса онда күшейтілген сигналдың максималды қуаты күшейткіштің кірісінде төмендейді. Өтпелі кедергінің мәні электрод жасалған металдың табиғатына, адам терісінің қасиетіне, электродтың ауданына байланысты болады. Электрод пен құрғақ терінің арасындағы өтпелі кедергі өте көп болады.
Металл электродты электролитке батырғанда металл мен ерітіндінің арасында қажетсіз потенциалдар айырымы пайда болады. Осы поляризацияны азайту үшін электродтың материалын және электролиттің құрамын мұқият таңдап алу керек. Сондықтан медициналық –биологиялық ақпаратты алуға арналған электродтар алтыннан, күмістен,платинадан, палладийден және басқа металл қоспаларынан жасалынады. Электродтардың конструкциясы әр-түрлі болып келеді. Мысалы: жалпақ, шар тәрізді , ине тәрізді, сорғышқа бекітілген,терінінң астына кіретін түрлері бар.
ЭЭГ-ні алу үшін қолданылатын электрод- сорғыштың сыртқы бетінде желіммен бекітілген жұқа пленка қолданылады. Ол электродты жабыстыруға қолданылады. Сол пленка ішіне хлорлы күмістен жасалған қыл сым торы орналастырылады. Қыл сым торы ілгекке бекітілген. Сол ілгектің екінші бетінде сыртқы аппаратқа қосылатын өткізгіш орнатылған. Осындай электрод адамның жүрек тұсына қойылады. Ал адамның аяқ-қолдарына қосылатын электродтың пішіні жалпақ болады. Жоғарыдағыдай хлорлы күмістен жасалған қыл сымдар қатар-қатар қойып жасалады.
Микроэлектрод аса жіңішке етіп созылған 0,1-0,5 шыны микропипеткадан тұрады. Осыған сәйкес келетін металл электрод иілгіш келіп жасуша мембранасын тесіп өте алмайды, сонымен қатар ол поляризацияланады.
Сонымен мен
өздік жұмысымды
Қолданылған әдебиеттер:
а) негізгі:
б) қосымша:
«Биомед»w.w.w.
«google»w.w.w.kz.
Информация о работе Медико-биологиялық ақпараттар туралы түсінік