Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 20:55, реферат
Мелиоидоз (жалған сап, Уитмор ауруы) —ауыр түрдегі сепсиспен өтетін, әртүрлі ағзаларда көптеген абсцестердің пайда болуымен немесе қатерсіз өкпелік формада өтетін жедел инфекциялық ауру.
МЕЛИОИДОЗ
(MELIOIDOSIS)
Мелиоидоз (жалған
сап, Уитмор ауруы) —ауыр
түрдегі сепсиспен өтетін,
әртүрлі ағзаларда көптеген
абсцестердің пайда
болуымен немесе қатерсіз
өкпелік формада өтетін
жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы
— Pseudomonas pseiidomallei (Уитмор бацилласы).
Грам теріс, биполярлы боялған, ұзындығы
2-6 мкм және ені 0,5-1 мкм таяқша. Қоректік
ортада жақсы өсетін, қозғалмалы, аяқшалары
бар аэроб. Қоздырғыш сыртқы ортаға төзімді.
Ылғалды ортада 30 күнге дейін, іріңді материалдарда
24 күн, суда 1 айдан аса сақталады. Қайнатқанда
және дезинфекциялағанда өледі. Қоздырғыштың
2 антигендік типін ажыратады: I тип (азиаттық),
кең таралған және II тип (австралиялық),
Австралияда кездеседі. Қоздырғыш левомицетин,
тетрациклин, канамицин, кейбір сульфаниламидті
препараттарға сезімтал.
Эпидемиологиясы. Мелиоидоз Оңтүстік
– Шығыс Азия және Солтүстік Австралия
елдерінде эндемиялық болып табылады,
адам мен жануарларда кездеседі. Қоздырғыштың
табиғаттағы негізгі резервуары инфекцияланған
жануарлардың бөлінділерімен ластанған
су және топырақ болып табылады. Жануарлар
қоздырғышты зәр және нәжіспен бөліп,
өздеріне су мен жемді пайдаланғанда жұқтырады.
Мелиоидозды инфекция егеуқұйрық, тышқан
тәрізді кеміргіштер, қоян, сиыр, ит, мысық
және кенгуруда кездесуі мүмкін. Буынаяқтылар
бұл инфекцияны таратпайды. Адамға инфекцияланған
тағам және суды пайдаланғанда, сонымен
қатар аэрогенді жолмен (ауа-тамшылы) жұғады.
Адамнан адамға жұғу сирек.
Патогенезі.
Кіру қақпасы => зақымдалған тері мен асқорыту және респираторлы жол ағзаларының шырышты қабаты
Лимфогенді жол
регионарлы
(көбею, кейде іріңді ошақтың пайда болуы
)
Мелиоидоздың септикалық түрінде қоздырғыш қанға еніп, гематогенді жолмен әр түрлі ағзалар мен жүйелерге таралып, сол жерде казеозды ыдырау және абсцестермен екіншілік ошақтар құрады. Ошақтар көбінесе өкпеде дамиды. Жеделдеу ағымында өкпедегі ошақтар үлкен көлемде, ал екіншілік ошақтар басқа ағзалар мен тіндерде — теріде, теріасты қабатында, бауырда, көкбауырда, бүйректе, сүйектерде, ми қабаттарында, мида, лимфа түйіндерінде болады. Екіншілік ошақтар грануляциялық тінмен қапталған казеозды некроздың орталық зонасынан тұрады. Мелиоидозбен ауырғаннан кейін қанда антиденелер пайда болады.
Клиникасы. Инкубациялық кезеңі 2 – 3 күнге созылады (лабораторлық жұқтырулар бойынша терінің зақымдалуынан бастап, ауру басталғанға дейін).
Негізгі клиникалық түрлері:
Септикалық түрі. Біртіндеп басталады. Ауру басталғанда қоздырғыш енген жерде қабыну инфильтраты пайда болып, регионарлы лимфаденит дамиды. Дене қызуы жоғарылап, тез арада септикалық ағымға ауысады.
Кейбір науқастарда
күрт қалтырау, жоғары қызба, кенеттен
қатты бас ауруы, ентігуден басталады.
Кейбір жағдайларда ауру ауыр ағымда өтіп,
науқас 2 – 4 күнде инфекциялық-токсиклық
шоктан қайтыс болады(найзағай тәрізді
түрі). Басқа жағдайларда біріншілік ошақ
өкпедегі қабыну өзгерістері болып, содан
инфекция гематогенді жолмен әр түрлі
ағзалар мен жүйелерге таралады. Жалпы
әлсіздік, дене қызуы 39°С жоғары, жөтел,
плевралды түрдегі кеудедегі ауру сезімі,
перкуторлы дыбыстың қатаюы, өкпенің зақымданған
бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі.
Процесс көбіне жоғарғы бөліктерінде
дамиды. Кейін ауру ағымы күшейеді. Теріде
көптеген пустулалар пайда болып, бұлшықеттер
мен ішкі ағзаларда абсцестер дамиды.
Ауру 8 – 12 күнге созылады.
жеделдеу және созылмалы түрінде абсцестердің
дамуы ұзақ ағымда өтеді. Бұл формалар
қайталамалы ремиссия береді. Этиотропты
терапиясыз науқастар 1 ай ішінде (жеделдеу)
немесе бірнеше айда (созылмалы) қайтыс
болады.
Өкпелік түрі кенет басталуы мүмкін, бірақ бұл ауру бірте-бірте дамып, аяқ астынан рентгендік тексеруде айқындалуы мүмкін. Негізгі белгілері — дене қызуының жоғарылауы, іріңді, кейде қанды қақырықпен жөтелу, айқын әлсіздік, арықтау, сұққылаған кеудедегі ауру сезімі, тәбеттің төмендеуі. Интермиттеуші қызба тершеңдікпен бірге. Дене салмағының жоғалтуы 10 – 15 кг-ға дейін. Гемограммада: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Рентгенологиялық тексеруде өзгерістер туберкулезге ұқсас келеді. Көбіне жоғарғы бөліктер зақымдалады.
Рецидивті мелиоидоз. Қоздырғыш ағзада латентті инфекция түрінде сақталуы мүмкін. Рецидив біріншілік инфекцияланғаннан көп уақыттан кейін дамиды. Рецидив хирургиялық араласулар, ауыр гриппозды пневмония, сәулелік терапиямен шақырылуы мүмкін. ЖИТСпен науқастарда латентті мелиоидозды инфекцияның активтелінуін ескеру керек.
Диагноз и дифференциалды
диагноз. Септикалық түрінде эндемиялық
аймақта болу, аурудың ауыр ағымы, үдемелі
тыныс жетіспеушілігі, терідегі көптеген
пустулезды элементтер, теріасты клетчаткасында,
бұлшықеттер мен ішкі ағзаларда көптеген
абсцестер болу маңызды мәлімет береді.
Пневмониялық түрінде жеделдеу ағымды
пневмонияның өкпенің жоғарғы бөліктерінің
зақымдануымен, жұқа қабырғалы қуыстардың
ерте пайда болуы, іріңді немесе қанаралас
қақырықты жөтел, арықтау, қызбаның болуы.
Лабораторлық әдісінде қоздырғышты бөліп
алу (қаннан, абсцесс іріңінен, қақырықтан).
Серологиялық реакцияларды қолданады.
РСК спецификалық антигенмен титрі 1:8
және жоғары кезінде мәліметті. Гемагглютинация
реакциясы 1:16—1:64 титрінде оң нәтижелі.
Саппен, өкпе туберкулезімен, терең микоздармен
салыстырмалы диагностика жасайды.
Емі. Ұзақ этиотропты терапия тағайындалады.
Ең тиімдісі тетрациклиндер, левомицетин
және бактрим (бисептол). Тетрациклин 3
г тәулігіне(40 мг/кг), левомицетин 0,75 г
6 сағат сайын (40 мг/кг тәу) ұзақтығы 30 күн.
Co-trimoxazoie (триметоприм — сульфаметоксазол)
4 мг/кг триме-таприм және 20 мг/кг күніне
сульфаметоксазол ұзақтығы 60-150 күн. Ауыр
септикалық түрлерінде күніне 4-6 г тетрациклин
(80 мг/кг), 4~6 г левомицетин (80 мг/кг тәу)
және келесі препараттардың біреуін тағайындайды:
триметоприм — сульфаметоксазол (9 мг/кг
триметоприм және 45 мг/кг сульфаметоксазол),
канамицин (30 мг/кг) немесе новобиоцин
(60 мг/кг). Антибиотиктерді парентералды
енгізеді.
Болжамы.
Септикалық түрінде 50% және одан жоғары
өлім бар. Мелиоидоздың басқа түрлерінде
болжамы жақсырақ. Рецидивтер ықтимлдылығы
20% жуық.
Алдын алу. Спецификалық алдын алуы
жоқ. Науқастарды жекешелеп, госпитализациялау
қажет. Эндемиялық аймақтарда егеуқұйрықтарды
жойып, олардан тағамдарды қорғау керек.
Шикі суды пайдалануға, тұрып қалған суқоймада
шомылуға тиым салынады.