Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 20:23, реферат
Биосферада тірі ағзалар өте көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды. Макроәлемге жануарлар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер мен басқа да көзге көрінетін организмдер жатады; микроәлемге өсімдік және жануар текті көзге көрінбейтін өте ұсақ тірі организмдер жатады; бұлар негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен вирустар. Жобамен алғанда биосферада бактериялардың саны 1030 -дейін жетеді, ал вирустар мен қарапайымдылардың санын тіпті есепке алу қиын.
Микробиология мен иммунология XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында қарқынды дамыды. Бүл келесі себептерге байланысты:
-молекулярлы
биология, генетика,
биоорганикалық химия
саласындағы маңызды ашылулар;
-генетикалык
инженерия, биотехнология, информатика
сияқты жана
ғылымдардың пайда болуы;
- тірі
табиғаттьщ кұпияларына терең енуге мүмкіндік
беретін жаңа
әдістер мен ғылыми аппаратураларының
жасалуы.
Осылайша, 50-ші жылдары микробиология мен иммунологияның дамуында молекулярлы-генетикалық кезсң басталды, бүл келесі маңызды ғылыми жетістіктер мен ашылулармен сипатталады:
-көптеген
вирустар мен бактериялардың молекулярлы
қүрылымы мен
молекулярлы-биологиялық мағынасының
ашылуы; тіршіліктің қарапайым түрлері
- «жүқпалы ақуыз» - прионның ашылуы;
-бірқатар
антигендердің химиялык
кұрамы мен химиялык
мағынасыньщ ашылуы;
-жаңа
антигендердің, мысалы ісік,
гистосойкестілік (НЬА-жүйе)
антигендерінің ашылуы;
-антидене-
-жануар дақылы мен өсімдік ластаушасының әдістерінің және вирусты антигендерді алу мақсатында өнеркәсіптерде өсірудің өвделуі;
-ата-аналық
даралардың қасиеттеріне және жаңа қасиеттерге
ие
болатын рекомбинантты
бактериялар мен
рекомбинантты
вирустардың алынуы. Вирустар мен бактериялардың
жеке гендерінің
түзілуі.
-моноклональды
антиденелерді алу мақсатында антидененің
өнімі -
иммунды В-лимфоцит пен ісік жасушаларының
қосылу жолымен
гибридтерді жасау;
-иммунды
жүйенің эндогенді
табиғи реттегіштері
иммуномодуляторлар-
сақгандыру мен емдеу үшін қолдану;
-биотехнология
әдістері мен генетикалык инженерияны
қолдана
отырып вакциналарды (В гепатитке, безгекке
қарсы вакцина, АИТВ
(адамның иммунды тапшылық вирусы) мен
басқа антигендер),
биологиялық белсенді пептидтерді (интерферон,
интерлейкин, өсу
факторлары және т.б.) алу;
-табиғи
немесе синтетикалық антигендердің және
олардың бөлшектері
негізінде синтетикалық
вакциналарды, сондай-ақ
жасанды
тасымаддаушы - адъювант (кемекші) - иммунитетті
күшейтуді өңдеу;
-туа
пайда болған және жүре пайда болған иммунды
тапшылықты і
зертгеу және олардыд иммунопатологиядағы
маңызы мен иммунды
түзету емдеуін өңдеу;
Иммунды тапшылықты
тудыратын
вирустардьщ ашылуы.
-жұқпалы
және жұқпалы емес аурулар диагностикасында
жаңа
әдістердің өңделуі (иммунды фермешті,
радиоиммуңды сараптау,
иммуноблоттинг, нуклеин қышқылдарының
гибридизациясы). Осы
әдістердің негізінде
микроорганизмдердің
индикациясы,
идентификациясы үшін, жүқпалы және жұкпалы
емес аурулар (ісік, жүрек-кантамыр, аутоиммувды,
эвдокринді және басқалар) диагностикасы
үшін тест-жүйелері жасалынды, және кейбір
жағдайлардағы бұзылыстардың табылуы
(жүктілік, қан қүю, мүшелерді алмастыру
т.б.).
Осы уақыт кезеңінде бірқатар жаңа вирустар (геморрагиялық Ласса, Мачупо қызбасы; ЖИТС - жүре пайда болған иммунды тапшылық вирусын тудыратын вирус) мен бактериялар (легионер ауруының коздырғышы) ашылды; жаңа вакциналар мен басқа да сақтандыру препараттары (қызылшаға қарсы, полиомиелит, паротит, кене энцефалиті, В гепатитке карсы вакциналар, сіреспеге, газды гангренаға және ботулизмге қарсы полианатоксиндер), жаңа диагаостикалық препараттар жасалынды.
Микробиология мен иммунологияньщ дамуына осы кезеңде шет елдік (Ф.Бернет, Д.Солк, А.Сэбин, Д.Села, Г.Эдельман, Р.Портер, Д.Келер, Ц.Мильштейн, Н.Ерне, С.Тонегава және басқалар), ресей ғалымдары (А.А.Смородинцев, В.Д.Тимаков, П.Ф.Здродовский, Л.А.Зильбер, В.М.Жданов, З.В.Ермольева, М.П.Чумаков, Р.В.Петров және басқалар) және казақстандық ғалымдар (Айкимбаев М.А., Классовский Л.Н., Сарбасова Ш.И. тағы басқалар) үлкен еңбек сіңірді.