Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:07, реферат
Мысалы, жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады, (ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе бәсеңсиді.
1. Кіріспе бөлім.
2. Негізгі бөлім:
2.1 Науқастың төсектегі әртүрлі
функционалды жағдайы;
2.2 Науқастың Симс жағдайында орналастыруы;
2.3 Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру.
3.Қорытынды бөлім.
4.Қолданылған әдебиеттер.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Пән: Мейірбике ісінің негіздері
Тақырып: Науқастың төсектегі әр түрлі функционалды жағдайлары:Симс қалпы, арқасында, ішінде, Фаулер қалпында.
ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Орындаған: 110 топ ЖМФ
Идрисова Е. М.
Семей 2013 жыл
1. Кіріспе бөлім.
2. Негізгі бөлім:
2.1 Науқастың төсектегі әртүрлі
функционалды жағдайы;
2.2 Науқастың Симс жағдайында орналастыруы;
2.3 Науқасты Фаулер жағдайында орналастыру.
3.Қорытынды бөлім.
4.Қолданылған әдебиеттер.
НАУҚАСТЫҢ ТӨСЕКТЕГІ ҚАЛПЫ
Науқастың төсектегі қалпы былайша сипатталады:
1) активті, не белсенді, яғни науқас төсекте еркін қозғалып, отырып, жүре алады;
2) пассивті, не қозғалыссыз — науқас айналасындағы өзгерістерге аса көңіл бөлмей, қозғалыссыз жатады;
3) мәжбүрлік қалпы — бұл жағдайын жеңілдетуге, мысалы, ауыру сезімін, я ентікпені азайтуға бағытталған қалпы.
Мысалы, жүрек ауруымен сырқаттанған адамдар көбінесе оң жақ қырымен жатқанды ұнатады, себебі сол жағында жатқанда жүрек соғысы жиілеп, ентігуі күшейеді. Қан айналысы нашарлаған науқастар жартылай отырады, (ортопноэ), сол кезде жүректің оң жақ бөлімдеріне келетін қан азайып, өкпедегі іркілу де азайып, ентікпе бәсеңсиді.
Тыныс демікпесінің ұстамасы кезінде науқас қолдарын тізесіне қойып, немесе орындықтың арқасын құшақтап отырады. Осындай қалыпта тыныс бұлшық еттері көмектесіп, тьныс алуы аздап та болса, жеңілдейді. Ылғалды плевритпен, өкпенің крупозды қабынуымен, пневмоторакспен сырқаттанған жағдайда адам ауыратын қырына қарай жатады, себебі ол сау өкпеге терең дем алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, басқа да көптеген өкпе ауруларымен (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі, гангренасы) ауыратын науқастар бір қырымен жатады, өйткені сау өкпе жағына бұрылғанда көп мөлшерде қақырық түсіп, жөтел қатты қысады.
Іші қатты ауырған (аппендицит, жедел перитонит) жағдайында науқас адам аяқтарын тізеден бүгіп, шалқасынан қозғалыссыз жатуға мәжбүр болады. Ойық жара сырқаты кезінде науқас ішінің ауыратын жерін алақанымен басып, тізесі мен шынтағына сүйеніп, немесе төмен еңкейіп тұрады. Менингитпен сырқаттанған адамның қалпы осы ауруға тән: науқас тізеден бүгілген аяқтарын ішіне тартып, бір жақ қырымен жатады, желке еттерінің қатаюы нәтижесінде басын кейін қайырып ұстайды.
Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің төрт тәртібі болады
НАУҚАСТЫ СИМС ҚАЛПЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ
Арнайы функциональды немесе жай кереуеттерде орындалуы мүмкін. Бұл қалып алдымен ішпен және бүйірмен жатуының арасында болады. Науқас тек біраз бөлігінде жәрдемдесе алады, екі медбикемен орындалады. КӨРСЕТКІШТЕРІ: мәжбүрлі орналасу, пассивті орналасу, ойықтарды пайда болдырмау.
Процедураға дайындық
Процедураның орындалуы
1. Мейірбике жақтағы жүктемені шешу.
2. Науқастың төсектің дәл ортасында арқасымен жатқанына көз жеткізу және жастықты алып тастау.
3. Төсектің бас жағын горизонтальді қалыпқа қою.
4. Науқасты төсектің шетіне орналастыру.
5. Науқасты бір жағынан ішімен жататындай қалыпқа келтіру.
6. Науқастың басына жастық төсеу.
7. Қолын иық қалпымен бірдей қылып жастық төсеу. Ал бір жақ қолын бос төсекке орналастыру.
8. Науқастың бір жақ аяғын жамбасымен бірдей қалыпта қылып жастық қою керек.
9. Аяқ төсегішке құм салынған мөшек қою керек
Процедураның аяқталуы
НАУҚАСТЫҢ ФАУЛЕР КҮЙІНДЕ ОРНАЛАСУЫ
Бір медбикенің көмегімен, функционалды немесе қарапайым төсекте орындалады
Процедураға дайындық
Процедураның орындалуы
1. Мейірбике жақтағы жүктемені шешіп, жіберіп қою керек.
2. Науқастың төсектің тура ортасында арқасымен
жатқанына көз жеткізу, және жастықты алып тастау.
3. Төсектің басын 45-60 градусқа көтеру және 3 жастық қою.
4. Тізенің астына жастық немесе бүктелген одеял қою керек.
5. Иықтың немесе шынтақтың астына жастық қою керек.
6. Белдің астына жастық қою керек.
7. Науқас сүйеніп тұратындай 90 градус қалыпқа келтіру керек.
Процедураның соңында
Кейбір аурулар жағдайында науқастың мәжбүрлік қалпының өзіне тәндігі соншалық, дәрігер бір көргеннен-ақ тұжырым жасай алады.
Ұзақ уақыт жатқаннан түрлі дене бөліктерінің ауырсынған, әлсіреген науқасты Симс (1813-1883) және Фаулер (G.R. Fowler, 1848—1906, америкалық хирург) қалпында орналастыру науқастың келісімімен жүргізіледі. Науқастың төсектегі мұндай функционалдық жағдайлары науқасқа профилактика мен ауыруды сезінуді біраз болсын басу мақсатында қолданылатын бүгінгі күні тиімді қалыптардың бірі болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Информация о работе Науқастардың төсектегі функционалдық жағдайлары