Нерв жүйесі.ОНЖ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 22:03, творческая работа

Описание

Нерв жүйесі организмді өзгертіп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.

Работа состоит из  1 файл

срс гиста.ppt

— 1.34 Мб (Скачать документ)

Тақырыбы: 
Нерв жүйесі.ОНЖ
 

                                          Орындаған:Мухаметжанова Анеля Курс:  II

Топ: 228-2

                                     Тексерген:Жанбырбаева А.Қ.

  •   Нерв жүйесі организмді өзгертіп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
  • Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
  • Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді.
  • Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
  • Нерв жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе

    Нерв  жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп  қарастырады:

  • Орталық нерв жүйесі: жұлын мен бас миы
  • Шеткі нерв жүйесі: орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

    Нерв  жүйесі қызметтік  жағынан 2 бөлімге  жіктеледі:

  • Соматикалық нерв жүйесі: тірек – қимыл аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігі
  • Вегетативтік нерв жүйесі: ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігі

Нерв  жүйесінің бөлімдері

Нерв ұлпасын 2 түрлі жасушалар құрайды: нейрон  және глиалдық немесе нейроглия  жасушалары.

Нерв  жасушылырының құрылымдық және  қызметтік бірлігі нейрон болып  табылады.

НЕЙРОН 

  • Негізгі  қызметі: нерв импульстерін өрбіту, ақпаратты қабылдау, өңдеу, сақтау, одан әрі беру үрдістері іске  асырады.
  • Нейрондардың пішіні, көлемі, құрылымы алуан түрлі болып келеді. Нейрон денесінен өсінділер шығад: аксон – ұзын, бір ғана өсінді; дендриттер - қысқа, көп тармақталған өсінділер. Аксон арқылы нерв импульсі бір нейроннан (қозу) келесі бір нейронға өтеді, яғни аксонның ұшы басқа нейронға (немесе атқарушы органдар жасушаларына) сигнал беруге маманданған. Аксонның жасуша денесінен шығатын жері аксон төбешігі (холмик) деп аталады. Ќысқа өсінділер – дендриттер арқылы қозу нейрон денесіне өтеді. Нейронның басқа нейронмен немесе ет талшығымен түйіскен жері синапсты (былайша айтқанда байланысты) түзеді

НЕЙРОННЫҢ  ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҰЙЫМДАСУЫ

НЕЙРОГЛИЯ

Нейроглия  — нерв үлпасының көмекші және  маңызды қүрамды бөлігі. Нейроглияның  клеткалары нерв импуль-старын  өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында  тіректік, трофикалық, қорғаныс және  изоляциялық функциялар атқарады. Сонымен бірге мидың эпифиз  және гипофизінде нейроглия осы  органдардың негізгі массасын  күрайды және секреторлық функция  атқарады.

Нейроглияның  клеткалар саны нейрондарға қарағанда 10 есе көп. Бүл клеткалар орталық  нерв жүйесінің клетка-ларын қоршап, олардын арасындағы кеністікті  толтырып, механикалық тіректік  функция атқарады.

Нерв  ұлпасы

НЕЙРОНДАРДЫҢ  ӨСІНДІЛЕР САНЫНА  БАЙЛАНЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ 

     Әртүрлі нейрондар денелерінен шығатын өсінділердің саны бірдей болмайды. Осыған орай оларды

  • униполярлы, псевдоуниполярлы,
  • биополярлы,
  • мультиполярлы деп бөледі.

Униполярлы  нейрондарда бір ғана өсінді  болады. Мұндай нейрондар омыртқасыз  жануарларда және омыртқалы жануарлардың  эмбриональдық даму кезеңінде  кездеседі.

Псевдоуниполярлық нейрондарда да бір өсінді болады, бірақ ол әрі қарай екі тармақталып кетеді.

Биополярлық нейрондарда екі өсінді бар.

Мультиполярлық нейрон денесінен әдетте жуан, ұзын бір аксон және бірнеше дендриттер шығады. Бұлардың үлкендігі, пішіні, атқаратын қызметтері, орналасқан жерлері әртүрлі болады.

Нейрондар  қызметі жағынан 3 топқа жіктеледі: 

  • Афференттік (сезімтал, ќозуды орталық нерв жүйесіне ќарай(ОНЖ) өткізеді);
  • Эфференттік (моторлы, қимыл-қозғалыс, ќозуды орталық нерв жүйесінен жұмыс мүшесіне ќарай өткізед);
  • Қондырма (қосымша немесе аралыќ нейрон, афференттік нейрондарды эфференттік нейрондармен байланыстырады).

Нерв  талшықтарының қасиеттері.  

Нерв талшықтарының  яғни нерв жасушалы өсінділерінің  ең негізгі қасиеті - өздері арқылы  қозу импульстерін өткізу  болып  есептеледі. Нерв талшықтарының морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе миелинді және балдырсыз деп 2 топқа айырады.

Миелинді  сезгіш және қозғағыш талшықтар  сезім органдары мен қаңқа  еттерін жабдықтайтын нервтердің, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің  құрамына енеді.

Миелин қабығы  миелоциттердің (Шванн жасушаларының) осьтік цилиндрді бірнеше қайтара  орауының нәтижесінде пайда болады. Орамдар бір-бірімен кіргісіп  тығыз майлы қорап - миелин қабығы  түзіледі. Ол талшықтың бойында  әрбір 1-2 мм сайын үзіліс жасайды. Мұндай ашық аймақтыі Ранвье  үзілістері деп атайды, олардың  диаметрі 1 мкм шамасында.

Миелинсіз  талшықтың сыртын тек қана  эндотелий қабығы қоршаған, миелині  болмайды.Миелинсіз талшықтар омыртқалы  жануарларда негізінен симпатиқалық  нерв жүйесіне тән.

Жүйке  жүйесінің маңызы.

  Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:

  • -  мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
  • -  денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жұйелерінің қызметтерін реттейді;
  • -  организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
  • -  сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
  • - денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

Орталық  жүйке жүйесі 

Ж ұ л  ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты  метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның  жоғарғы жағы сопақша мимен  жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып  омыртқа тұсында бітеді. Жұлын  арасы қосылып кеткен симметриялы  оң және сол жақ екі жарты  бөлімдерден тұрады.

Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді.

Жұлын 10 жасқа  келгенде екі есе ұзарады. Оның  өсуі алғашқы жылы өте күшті  болады да, 2-3 жасқа келген баланың  жұлыны 14 г болады (жаңа туған  нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа  келгенде жұлынның дамуы аяқталуға  жақын деуге болады. Дегенмен  оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда  аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе  көбейеді.

Жұлынның  қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады:

  • рефлекстік және
  • өткізгіштік.

Рефлекстік қызметі: жұлынның әр жерінде жүйке орталығы бар. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығын үлкейтетін орталық арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тыныс алу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тыныс алу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

Өткізгіштік  қызметі орталыққа тебетін (өрлеу, қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Орталыққа тебетін өткізгіш жолдармен қозу миға беріледі. Орталықтан тебетін өткізгіш жолдар арқылы қозу мидан жұлынның төменгі бөлімдеріне, одан мүшелерге өтеді. Жұлынның қызметі тікелей мидың бақылауында болады.

Адамның м  и ы орталық жүйке жүйесінің  ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген  ішкі мүшелермен, беттің, мойынның  еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады  және сезім мүшелерінен келетін  мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері  жатады.

Жұлынның  да, мидың да сыртын үш түрлі  қабықша қаптап жатады.

  • Сыртқысы - қатты,
  • ортаңғысы - торлы,
  • ішкісі - жұмсақ қабықшалар деп аталады.

Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбіне сәбилер немесе жас балалар менингит - делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін. Аурудың жалпы белгілері: бас ауырады, құсады, есінен айырылады және т. б

Пайдаланған  әдебиет

1.www.wikipedia.ru

2.www.google.kz

Информация о работе Нерв жүйесі.ОНЖ