Орталық жүйке жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 18:43, реферат

Описание

Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.

Работа состоит из  1 файл

Орталық жүйке жүйесі.doc

— 111.50 Кб (Скачать документ)

Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қыртысы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қап-талған нерв клеткаларының аксондарынан түрады.

             Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрон-дардан 10 есе артық болады.

          Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан тұрады:

1. Молекулярлық қабат  ми қыртысының  ең үстіңгі жағында  орналасқан үсақ  нейрондардан қүрылған;                                                                                                                                                                               2. Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бұрышты нейрондардан түрады;                      3. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар;                                                 4. Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар;

5. Терең орналасқан  пирамида қабаты  Бец клеткаларының  жиынтығы;                                                             6. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардай тұрады;                                                                                                                                                                  7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларының кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді.

            Ми қыртысында белгілі бір  қызмет атқаратын бөлімдер сезім,  қозғалыс, байланыс және лимбика.                                                                                                                                                                           Орталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жар-шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады: .

1. Организмнің сыртқы  ортамен баиланысын  қамтамасыз етеді,  яғни адамның мінез-құлқы,  ойлау қабілеті, санасы  ақыл-ойы - бұлардың  бәрі жоғары жүйке  әрекеттері;

2. Организмнің қызметтерін  бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің  қызметтерін қажетті жағдайға қалыптас-тыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.

            Бұдан бір ғасырдай бүрын ми  жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы  айырма-шылығы анықталған болатын.  Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қаты-сы барлығы байқалды.  Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, алсол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды. Сөйтіп адамның миының жарты шарларына тән негізгі қызметтер анықталды. Р. Сперри өзінің пациенттерін бақылау арқылы мидың екі жарты шары екі ми іспетті қызмет атқаратынын байқады.

             Жүйке жүйесіндегі қозу мен  тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да, оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ткаченко Б.И «Қалыпты адам физиологиясы» 2005жыл
  2. Сатпаева К « Адам физиологияясы»
  3. Google.kz
  4. Google.ru
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   Жоспар 

    1. Кіріспе
      1. Орталық жүйке жүйесі
       
    1. Негізгі бөлім
      1. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
      1. Қозу мен тежелу
      2. Нервтер мен нерв талшықтары
      3. Ми мен жұлын
 
    1. Қорытынды

Информация о работе Орталық жүйке жүйесі