Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 20:13, реферат
Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.
Жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабілеті. Тек қозу кезінде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да, оның қызметі өшеді. Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелген. Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ткаченко Б.И «Қалыпты адам физиологиясы» 2005жыл
2. Сатпаева К « Адам физиологияясы»
3. Google.kz
4. Google.ru
Жоспар
I. Кіріспе
1. Орталық жүйке жүйесі
II. Негізгі бөлім
1. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
2. Қозу мен тежелу
3. Нервтер мен нерв талшықтары
4. Ми мен жұлын
III. Қорытынды