Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 03:53, доклад
Перкуссия деп (латын сөзі реrсиssіо — урғылау) ішкі мүшенің тұсына келіп ұрғылап, одан шыққан дыбысқа талдау жасап, диагностика мақсатында қолданылатын әдісті айтады.
Перкуссия әдісін 1761 жылы Л. Ауэнбруггер деген дәрігер ұсынған. Бұл әдістің негізгі мынада: ішкі мүшенің тұсынан ұрғылағанда ішкі мүшелер тербеліске келеді. Ол тербелістер ауа арқылы дыбыс ретінде тарайды. Осылай тараған дыбысты перкуторлық дыбыс дейді. Перкуторлық дыбыстың қасиеттері (жоғарылығы, тембрі және қаттылығы) тербеліске келген мүшенің тығыздығына, созылғыштығына және тонусына тәуелді болады.
ПЕРКУССИЯ ЖӘНЕ АУСКУЛЬТАЦИЯ
Перкуссия деп (латын сөзі реrсиssіо — урғылау) ішкі мүшенің тұсына келіп ұрғылап, одан шыққан дыбысқа талдау жасап, диагностика мақсатында қолданылатын әдісті айтады.
Перкуссия әдісін 1761 жылы Л. Ауэнбруггер деген дәрігер ұсынған. Бұл әдістің негізгі мынада: ішкі мүшенің тұсынан ұрғылағанда ішкі мүшелер тербеліске келеді. Ол тербелістер ауа арқылы дыбыс ретінде тарайды. Осылай тараған дыбысты перкуторлық дыбыс дейді. Перкуторлық дыбыстың қасиеттері (жоғарылығы, тембрі және қаттылығы) тербеліске келген мүшенің тығыздығына, созылғыштығына және тонусына тәуелді болады.
Мысалы, ауасы жоқ тығыз мүшелердің (иық, ортан жілік т.с.с. сүйектер) үстінен ұрғылағанда шығатын дыбыс өте әлсіз қатаң дыбыс шығарады.
Перкуссия әдісінде, көпшілік жағдайда дәрігер өзінің саусақтарының фаланг сүйектерін екінші қолының сұқ саусағының жұмсақ ұшымен ұрғылайды. Сонымен қатар ұрғылау үшін қолдың орнына серпімді жолақ пен резина балға да (плессиметр) қолданылады. Перкуторлық дыбыстар мынандай топтарға бөлінеді: дыбыстың күші бойынша — қатты (немесе анық) және әлсіз (ұяң); жоғарылығы бойынша - жоғары және төмен; тембрі бойынша — тимпаникалық және тимпаникалық емес және металлдан шыққан дыбысқа ұқсас.
Аускультация (латын сөзі аиsсиltаtіоп — тыңдау) — адам ағзасының ішкі мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес шығаратын дыбыстарды тындау әдісі. Оны 1816 жылы француз дәрігері Рене Лаэннек ұсынған. Адам ағзасының түрліше мүшелерінде пайда болатын дыбыстарды жазу (фонография) әдісі аускультацияны жетілдіре түсті. Мысалы, тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің жиырылуы, асқазанның және ішектің жиырылуы ұлпаны тербелтеді. Сол тербелістердің біразы ғана адамның терісіне дейін жетеді. Тербелістің жеткен адам терісінің әр нүктесі жан-жақты бағытта таралған дыбыс толқынының көзіне айналады. Осы дыбысты қабылдау үшін қолданылатын құралды фонендоскоп дейді.
Артериядағы қан қысымын өлшеу
Артерия жүйесінде қан қысымы ырғақты (ритмді) өзгеріп отырады. Ол систола кезінде жоғарғы мәніне жетіп, диастола кезінде төмендейді. Қан қысымының өзгеруін былай түсіндіруге болады.
Систола кезінде аортаға келіп құйылатын қанға артерия кабырғаларының және артерия жүйесін толтырып тұрған қанның кедергісі әсер етеді. Артерияға кан құйылғанда оның кабырғалары созылып, ондағы қан қысымы артады. Диастола кезінде артериядағы қысым төмендейді. Артерия қабырғаларының созылғыштық (эластикалык) қасиетіне сәйкес тамырлар бойымен қан қозғалады. Олай болса артериядағы қан қысымының мөлшері жүректің бұлшықеттерінің бір рет жиырылғанда аортаға құйылған қанның көлеміне және перифериялық қан тамырларының кедергісіне тәуелді болады екен.
Артериялық қысымның өлшем бірлігі —миллиметр сынап бағанасы. Қалыпты жағдайда систолалық (жоғарғы) қысым 100—140 мм сынап бағ., диастолалық (төменгі) қысым 60—90 мм сынап. бағ., мөлшерінде болады. Систолалық және диастолалық қысымның арасы, қалыпты жағдайда 40—50 мм. сынап. бағ., болуы керек. Осы айырманы пульстық қысым дейді.
Қазіргі медицинада артериялық қан қысымын өлшеу үшін 1905 жылы Н. С. Коротков ұсынған аускультациялық әдіс кеңінен қолданылады. Ол үшін сфигмотонометр деген құрал қолданылады.
Сфигмотонометр резина манжетпен
жалғанған серіппелі
Р
Қан қысымын әдетте шынтақ артериясында өлшейді. Ол үшін жалаңашталған қол қарына манжет кигізіледі. Шынтақ буыннан шынтақ артериясын тауып, оның үстіне фонендоскопты кояды да сфигмотонометрдің кранын жауып, манжетаның ішіне резина баллон арқылы ауаны үрлейді. Манжетаның ішіндегі қысымды монометрмен өлшейді. Шынтақ артериясында пульс байқалмайтын болғанда ауаны үрлеуді тоқтатады. Одан кейін вентильді ашып манжетадан ауаны шығара бастайды. Осы сәтте фонендоскоппен шынтақартериясын тыңдап, монометр көмегімен қысымның өзгеруін мұқият бақылайды. Манжетадағы қысым систолалық қысымнан сәл азайғанда шынтақ артериясында жүрек бұлшық етінің жиырылуына сәйкес келетін тон естіле бастайды. Осы қысым систолалық қысымға сәйкес келеді.
Артериялык, кысымды анықтауда бөлініп шығатын дыбысты Н. С. Коротков 4-фазаға бөлген.
І-фаза — артерияда тонның пайда болуы Ол туралы жоғарыда айтылған.
ІІ - фаза. Манжеттегі ауаның қысымы азайған сайын артерияға қан көп келіп құйылады. Артериялардың қабырғаларының тербеліс амплитудалары артады, тон қатты естіле бастайды.
Оған қантамырларының қысылған жерінен шыққан қанның құйынды (турбулентті) қозғалысының шуы қосылады.
ІІІ - фаза. Манжеттегі ауаның қысымы азайған сайын шу жоғалып, тон естілетін болады.
ІV- фаза. Манжеттегі қысым диастолалық қысыммен теңеседі. Қан тамырлар бойымен қанның қозғалысына бөгет болмайды, қан тамырлардың қабырғаларының тербелісі бірден азаяды. Қан тамырларының бойымен қозғалған қан турбуленттік ағыстан ламинарлық ағысқа өтеді. Осыдан кейін тон естілмейді. Соған сәйкес келетін қан қысымын — диастолалық (төменгі) қысым дейді.